Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері



Дата25.11.2016
өлшемі28,99 Kb.
#2496
түріСабақ
Астана қаласы

№16 мектебінің музыка мұғалімі

Пирмаханова Жазира Сериковна
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері.

Сабақтың мақсаты: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнерімен таныстыру. Ұлан - байтақ еліміздегі дәстүрлі әншілік өнер және мектептер туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеті: Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу.
Әнді таза, мәнерлі орындай білуін, музыкалық ырғақты сезінуін, есте сақтауы мен ести білу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты көркемсуреттер, композитор портреттері.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру сәті: Оқушылармен амандасу. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын дайындауын ескерту. Дауыс жаттығуына «Дыбыс қатарын» орындайды.

2. Жаңа сабақ: - Балалар, қазақ халқы әнші халық екенін жақсы білеміз, яғни әнші атаның әлем халықтарына таратып жүрген әнінен үлесімізге көптеп алып, әнші халық атанғанбыз. ән айтпайтын, «әу» демейтін қазақ жоқ. Ал енді әнді қалай айтамыз, немен айтамыз?

Дұрыс, балалар әнді домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып орындаймыз.

Қазақтың  домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып айтатын әншілік дәстүрін қазақтың дәстүрлі ән айту өнері дейміз. Жаңа сабағымыздың тақырыбы – Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері.

Атадан балаға ауысып келе жатқан ән айту өнері ғасырлар бойы қалыптасып, дамып ән айту шеберлігі барынша жетіліп, классикалық үлгіге дейін жетті.

Дәстүрлі ән өнерінде халықтың салт – дәстүрі, әдет –ғұрпы, тарихы мен өмірі, тұрмыс тіршілігі, қоғамдық әлеуметтік қатынастары, жалпы ұлттық болмысы көрініс тапқан.

Өнерлі ортада өскен жас талапкер ұстаз жанында айлап, жылдап жүріп,  шеберлігімен бірге, тәжірибесі мен орындау тәсілін үйренетін болған.

Дәстүрлі әншілік өнер айтылуы және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мектептерге бөлінеді.

1.Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп.

2.Оңтүстік және Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп.

3.Батыс өңіріндегі әншілік мектеп

4.Шығыс өңірлердегі әншілік мектеп.

5.Сыр бойындағы әншілік – термешілік мектеп.

Бұл әншілік өнер әр  өңірдегі өзіне тән әншілік мәнеріне, табиғат – танымына, ойын-сауық үрдістері мен тұрмыс –салт ғұрыптарына байланысты алуан түрлі.

Дәстүрлі әніміз бізге Күләш, Манарбек, Құрманбек,  Әміре, Жүсіпбек, Иса, Ғарифулла, Кенен сияқты дарынды әншілер арқылы жетті.

3. Музыка тыңдау.

1.«Кәнекей, тілім сөйлеші». Нұртуған Кенжеғұлұлы.

-Тыңдаған термеміз қандай әншілік мектепке жатады деп ойлайсыздар?

2. «Ақбақай» Сегіз серінің әні.

-Солтүстік өңірге тән әншілік мектеп.

4. Ән үйрену.«Ақбақай», Сегіз сері.

5. Музыка сауаты. Гамма.

Ладтың тоникасынан басталатын биіктігі бойынша құрылған дыбыс қатарын гамма дейміз. Гаммалар да, тональдіктер сияқты тониканың атымен аталады.



6.Сабақты қорытындылау: Сабақты сұрақ-жауап арқылы бекіту.Қандай музыкалар тыңдалғаны, ән үйренгендерін сұрау.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

7.Үйге тапсырма: Өтілген тақырыпы, әнді қайталау.
Каталог: uploads -> doc -> 04c3
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04c3 -> Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы Бағдарлама тараулары: Тақырыбы: «Менің өлкем» Мақсаты
04c3 -> Сабақ жоспары №4 Мамандығы: 0518000 «Есеп және аудит»
04c3 -> Сабақтың тақырыбы: Ұзындықты өлшеу. Километр. Мұғалімнің аты-жөні : Мирзаханова Н
04c3 -> Сабақтың мақсаты: а Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту және қазақша атауларымен таныстыру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет