Сабақтың тақырыбы Қазіргі замандағы физиканың ролі



бет14/40
Дата08.11.2019
өлшемі6,89 Mb.
#51264
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
10 сын КМЖ 1 ток Физ-1

Соқтығысу түрлері: серпімсіз, серпімді.
WЖаңа ұғымдарды енгізу

  1. Соққышексіз аз уақыт ішінде дененің нүктелерінің жылдамдығының шектелген шамаға өсу құбылысы.




  1. Абсолют серпімсіз соққы – соққы нәтижесінде денелер бірігіп, одар әрі біртұтас дене ретінде қозғалатын екі дененің соқтығысуы. Механикалық энергияның бір бөлігі соқтығысатын денелердің ішкі энергиясына ауысады.




  1. Абсолют серпімді соққы – соққыдан кейін әрбір дене жеке қозғала бастайды.Тұйық жүйенің импульсі мен кинетикалық энергиясы сақталады.

Денелердің соқтығысуы кезінде қысқауақыттық соққы күштері әсер етеді, әдетте, олардың шамалары белгісіз. Сондықтан соққылы әсерлесуді тікелей Ньютон заңдарымен қарастыруға келмейді.

Сондықтан соққы күштері белгісіз, әсерлесу уақыты өте аз болғанда, механикалық энергияның және импульстің сақталу заңыдары осындай жағдайлардағы механикалық есептердің шешімін табуға мүмкіндік береді.


  1. Денелердің тұйықталған жүйесі - қоршаған денелермен әсерлесуі болмайтын физикалық денелердің жиынтығы.  

Рефлексия. Соққы, абсолют серпімді және серпімсіз соққы ұғымдарын енгізуде қандай қажеттілік болды?
Денелер әсерлескеннен кейін біртұтас дене ретінде немесе жеке қозғалуы мүмкін болғандықтан, бұлай болу не себепті екендігін анықтауымыз қажет. Аталған ұғымдарды сол себепті енгіздік.

Энергияның және импульстің сақталу заңдарын қолдану соқтығысу процесін, сол мезеттегі аралық өзгерістерді қарастырмай, соқтығысуға дейінгі және одан кейінгі жылдамдықтар арасындағы байланысты алуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, механиканың басты мәселесінің шешімін, яғни кез келген уақыт мезетіндегі дененің орнын анықтай аламыз.


I Жеке жұмыс.

Тапсырма. Импульстің сақталу заңын қорыту
(Конспект жасау)
Рефлексия.

Күнделікте өмірде импульстің сақталу заңына мысалдар келтіріңдер.
Импульстің сақталу заңын денелердің әсерлесу жағдайларында қолдануға болады: дайындық кезінде доптар, бильярд шарлары, көліктердің соқтығысуы және т.б. мысалдар.
G Көрсетілген видеоматериал бойынша ақпаратты талдау және синтез.

Тапсырма:
1. Түсіндірме суретін салу.
2. Импульстің сақталу заңын векторлық түрде жазу
3. Импульстің сақталу заңын скалярлы түрде жазу
4. Тапсырманы қорғау
Қарастырылатын жағдайлар:


Серпімсіз соққы

1 топ – бірінші дене екінші денеге жетіп алады (видео 1)

2 топ – денелер бір-біріне қарама-қарсы қозғалады (видео 2)

3 топ – бір дене тыныштықта, екіншісі қозғалыста (видео 3)
4 группа – серпімді соққыденелер бір-біріне қарама-қарсы қозғалады (видео 4)
G Қорғау (конспектілеу)

Осы тапсырмаларды орындауда қай жерлерінде түсінбеушілік болды?





Видео5

Фото

Ноутбуктер,интернет-ресурстер+

Видео 2

Видео 4

Сурет



Ноутбук


78-80

Рефлексия

Молекулалар әлемінде импульстің сақталу заңы қалай орындалады?
Үй тапсырмасы

  • Дененің импульсі. Күш импульсі

  • Импульстің сақталу заңы




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?


Тапсырма: бақылауларыңды жазып, талдау жасаңдар.

Қорытынды:күнделікті өмірде біз денелердің әсерлесуін жиі бақылаймыз және бұл жағдайларда әсерлесу өте аз уақытты құрайтындықтан, одан механикалық қозғалыстың сипаттамаларын, әсерлесу энергиясын анықтау мүмкін емес.

Қарастырылатын мәселе:механиканың басты мәселесін қалай шешуге болады (кез келген уақыт мезетіндегі дененің орнын анықтау), егер әсерлесуқысқамезеттік болса?
I, G, WЖаңа ақпарат.Ньютонның екінші заңын импульстік түрде жазу.

Тапсырма: «Кинематика» және «Динамика» бөлімдерін оқып-үйренгенде алған білімдеріңді қолданып, импульстік түрдегі Ньютонның екінші заңын алыңдар

(Формуланың қорытылуы және қорытынды формуласын сыныптағы оқушылардың бірі тақтаға жазады)



W Ұғымдарды енгізу:

Импульс (қозғалыс мөлшері) – дененің механикалық қозғалысының өлшемі болып табылатын векторлық физикалық шама.

Күш импульсі – күштің, осы күш әсер ету уақытына көбейтіндісіне тең, берілген уақыт аралығында күштің денеге әсер ету өлшемі болып саналатын векторлық физикалық шама.

W Жуан және жіңішке сұрақтар.

  1. Ұшып келе жатқан оқ терезенің шынысын сындырмайды, тек онда дөңгелек саңылау түзеді? Неге?



  1. Сіздің қолыңызда үрленген шар бар және оның ауызы байланбаған. Егер шариктің жібере салса не болады?



  1. Метеорит Жер бетіне жетпей атмосферада жанып кетеді. Осы кезде оның қозғалыс мөлшері (импульсі) қайда кетеді?

W Есептер шығару.

1.

Материалдық нүктенің қозғалысы х = 25 – 10t + 2t2 теңдеуімен сипатталады. Нүктенің массасы 3 кг деп есептеп, алғашқы 8 с-тағы қозғалыс үшін импульсінің өзгерісін табыңдар. Осы уақыт ішіндегі өзгерісті тудырған күш импульсін анықтаңдар.

2.

Массасы 200 кг лифт орнынан үдемелі 2 м/с2 үдеумен қозғалады. Лифт 1 м жүріп өткенде қандай импульске ие болады?

3.

Бірдей көлемді, болат және қорғасыннан жасалған денелер бірдей жылдамдықпен қозғалып келеді. Осы денелердің импульстерін салыстырыңдар.

I Есеп шығару. Соңында түзету жұмысымен қатар.

Массасы 160 г хоккей шайбасының жылдамдығы, массасы 8 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсімен бірдей болуы үшін қандай болуы қажет?




Сабақтың тақырыбы:

Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі.

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 10


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспағаноқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

  • 10.2.2.6 айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолдану;

  • 10.2.2.7 айналмалы және ілгерілемелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалардың арасындағы сәйкестікті жүргізу;




Сабақ мақсаттары:


Оқушылардың барлығы: Айналмалы қозғалысты сипаттайтын кинематикалық және динамикалық шамалардың арасындағы ұқсастықтарын салыстыра біледі.

  1. i=0 шарты кезінде кез келген үдемелі ілгерілемелі қозғалыс болмайтындығын;

i=0 шарты кезінде оның үдемелі айналмалы қозғалысы болмайтынын түсінеді.

Оқушылардың көбі: айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолданады;

Оқушылардың кейбірі: Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін түрлендіреді және есеп шығаруды жақсы меңгереді.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Қазақша

Орысша

ағылшынша

Инерция моменті

Момент инерции

Moment of inertia

Күш моменті

Момент силы

Moment of power

Импульс моменті

Момент импульса

Moment of impulse

Кеңісік изотропиясы

Изотропность пространства

Isotropy of space

Кеңістік симметриясы

Симметрия пространства

Space symmetry




Ресурстар

Презентация, музыка, https://www.youtube.com/watch?v=zjY9PqvuluM

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, ағылшын тілі, математика, авиация, өнер.

Алдыңғы оқу

Инерция моменті. Айналмалы қозғалатын дененің кинетикалық энергиясы.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

ресурстары

Басталуы

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Формулалар арқылы топтарға бөлінеді.



1-топ «»

2-топ «»

3-топ «»

Бағалау парағы (Тапсырманы орындаған әр бала өзіне бір ұпайдан қойып отырады).



Білу

Үй тапсырмасын сұрау. (5 мин)

Қарсы топ оқушылары жұптасып пікір таластырады

  • Айналмалы қозғалатын қатты дененің кинетикалық энергиясы

  • Инерция моменті

  • Штейнер теоремасы

  • Шардың, цилиндрдің, стерженнің, дискінің, сақинаның инерция моменттері




Слайд




психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Манерлеп сырғанау» би




«Манерлеп сырғанау» бейнеролик



Мағынаны тану кезеңі (жаңа білім): түсіну

12 минут



Қызығушылығын ояту:

  • Неліктен фигурист қолы мен аяғын денесіне жақындатқанда оның айналысының шапшаңдығы артады?




  • Оның айналмалы қозғалысын сипаттайтын шамалар қалай байланысқан?



ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ МЕҢГЕРТУ:

Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі мен импульс моменті, импульс моментінің сақталу заңын мұғалім оқушылармен бірлесе отырып қорытып шығарады.


Презентация

СЛАЙД

Сурет бойынша жауап береді.

https://www.youtube.com/watch?v=zjY9PqvuluM



Ортасы

12 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет