Сабақтың тақырыбы: Азот, фосфор,калий тыңайтқыштары Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі16,09 Kb.
#30277
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Тыңайтқыш түрлері туралы,шаруашылықта сапалы өнім алудағы маңызы туралы білім беру:
  • Дамытушылық : Тыңайтқыштардың ерекшеліктерін айтып дамыта оқыту,оқушыларды қосымша әдебиеттермен
  • жұмыс жасауға , тыңайтқыштарды дұрыс тани
  • білу дағдысын қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: Кез-келген жағдайдан жеңіл шыға білуге,қорытынды жасауға, туған жерге
  • деген сүйіспеншілікке баули отырып,табиғат байлығын қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

  • Тірек- сызба, буклет, суреттер, тест тапсырмалары, қима қағаз.
  • Пәнаралық байланыс:
  • география,биология
  • Сабақ түрі: аралас
  • Қолданылатын әдіс: түсіндіру,
  • сұрақ- жауап,РАФТ әдісі
  • Оқыту формасы: интегративті
  • (кіріктіре)

Сабақ барысы:

  • Сабақ барысы:
  • І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу. Зейінін сабаққа аудару.
  • ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Есеп-5 дәптер тексеру
  • §18§19 ауызша сұрақтар
  • а) Фосфор элементіне сипаттама.
  • ә) Фосфордың қандай аллотропиялық түрөзгерісін білеміз?
  • Б) Фосфор оксиді қандай оксидке жатады?
  • В) Химиялық қасиеттері Р, Р О Н РО

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

  • Венн диаграмма
  • Фосфор
  • Азот
  • IV. Жаңа сабақ :
  • а) Міне,балалар біз озат,фосфор жайлы осындай
  • мағлұматтарды білеміз. Ендеше бүгін жаңа сабағымызда осы элементтердің
  • адам ағзасына,өсімдік пен жануарға қаншалықты қажет екенін
  • білетін боламыз. Өсімдіктердің толық өсіп-жетілуіне қажетті элементті
  • коректік элемент дейді. Өсімдіктердің құрамына 50-шақты химиялық
  • элемент кіреді. Құрамына қоректік элемент болатын заттарды
  • тыңайтқыштар дейді
  • Қоректік элементтің болуына қарай
  • Азотты,фосфорлы, калийлі.
  • Агрегаттық күйіне қарай
  • Сұйық,қатты
  • Тыңайтқыштар
  • Органикалық,
  • бейорганикалық
  • Юстус фон Либих
  • (1803-1873)
  • Неміс химигі, академик. Агрохимияның негізін қалаушылардың бірі. 1840ж. Өсімдіктің миниралды қоректену теориясын ұсынды. Ол көптеген анализдер негізінде әрбір өсімдікке қалыпты тіршілік ету үшін он элемент: С,H,O,N,S,K,Ca,P,Mg,Fe қажет екенін дәлелдеді. Ол бұл элементтердің үшеуі N,P,K ең маңыздысы болып табылатынын да анықтады.
  • KCE,K2 SO4 өсімдік күлі
  • Калий селитрасы KNO3 калий фосфаты K3PO4 аммофос NH4 H2 PO4
  • в) Азот тыңайтқышы. Азот- селитра тудырушы (грекше) құрамында қоректік элемент-азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот жетіспесе орамжапырақ пен жүгерінің жапырағы бозғылт жасыл болып,бойы өспей,жапырағы жұқа,шырыны аз,гүлі майда болады.Ақуыз құрамына кіреді.Көктемде аса қажет.Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе,өсімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып ,өнім беруі жоғарылайды.
  • Селитраларда KNO, NaNo NH NO-15-16% азот бар.
  • Аммоний сульфатында (NH) SO-21%
  • Карбамид CO(NH) -46%
  • Аммиак суында NH HO -80% азот бар.
  • г) Калий тыңайтқышы
  • Калий-арабша сақар дегенді білдіреді. Калий жетіспесе,фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса,өсімдікте крахмал,қантты зат,май түзілуі жоғарылайды және картоп,күнбағыс ,жоңышқа,қызылша сияқты өсімдіктердің өнімділігі артады. Астық тұқымдастардың сабағын қатайтып,жатып қалудан сақтайды.
  • Калий тыңайтқышы:
  • Жай Кешенді

Фосфор тыңайтқышы. Фосфор-барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Ферменттердің,витаминдердің құрамында болады.Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді,онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Фосфор әсіресе ұдайы жетілетін мүшелері гүлі,жемісі өскенде, дамығанда қажет.

  • Фосфор
  • тыңайтқыштары
  • Суда еритіндер
  • Суда нашар
  • еритіндер
  • Суда ерімейтіндер
  • д) Ә.Б. Бектуров туралы оқушы рефераты.
  • А.Ә.Бектұров
  • (1901-1985)
  • Техника ғылымдарының докторы, профессор. ҚазКСР Ғылым академиясының академигі.
  • Ғылыми еңбектері миниралды тыңайтқыштар өндірісі мен миниралды тұздарды өңдеу технологиясы мен химиясына арналған.
  • е) Біздің Жамбыл облысында қандай өнеркәсіп жақсы
  • дамыған?
  • Жауап: Химия өнеркәсібі,минералдық тыңайтқыштарды өндеу.
  • ж) Қандай зауыттар бар?
  • «Химпром» , «Суперфосфат», «Нодфос», «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты», «Қаратауда кен өңдеу кешенінің байыту фабрикасы»
  • Біздің Қаратауда 1935 жылдан фосфорит бар екені белгілі.1935 жылдан бері оны өңдеу іске асты. Экспед-бастығы Гиммельфарб.Борис Михайл.....
  • 1936 ж геолог И.И. Машкара Қаратау фосфорит алабын ашты.
  • 1939ж Қаратау Көкжон фосфорит кені ашылды.
  • 1946 ж. Шолақтау кен-химия комбинаты салынды.
  • 1952 Жамбыл суперфосфорт зауытының бірінші кезегі пайдалануға берілді.
  • 1979 ж. Жаңа Жамбыл фосфор зауыты салынып бітіп,қала «Үлкен химияның астанасына» айналды. Минер. тың 78%-ын.
  • Қазіргі негізгі тұтынушылары: Ресей,Германия,Венгрия,Молдова,Чехия,Польша.

“Химпром” АҚ

Жаңа Жамбыл фосфор зауыты (НДФЗ)

V. Сабақты бекіту.

  • 1) Тыңайтқыштарды орнына қою әдістемесі.
  • 2) Экология.
  • Әрине химия заводтары,өнеркәсібі бар жерде табиғат тазалығын сақтаудың маңызы арта түседі.
  • Сұрақ:
  • Қоршаған ортаны ауаны,суды ластанудан сақтаудың қандай тиімді жолдарын ұсынар едіңдер?
  • Рафт әдісі бойынша оқушыларға хат жазғызу.

VI. Сабақты қорытындылау.

  • Тест тапсырмасы. Бірін-бірі тексеру.
  • 1. Химиялық құбылыс туралы айтылған сөйлемді көрсет:
  • а) Найзағай ойнап, жаңбыр жауды
  • ә) электр пеште бәліш қоңырланды
  • б) терезеден бұлбұл үні естілді
  • 2. Р О пен РН қосылыстарындағы фосфордың валенттілігі тең:
  • а) ІІІ және І ә) V және ІІІ б) ІІІ және ІІ
  • 3. Құрамында азоты ең көп минералды тыңайтқыш?
  • а) Натрий селитрасы NaNO
  • ә) аммоний селитрасы NH NO
  • б) Карбамид CO (NH )
  • 4. Калий мен оттектің арасындағы реакция теңдеуіндегі тотықтандырғыштың формуласының алдындағы коэффициент тең:
  • а) 1 ә) 2 б) 3
  • 5. Құрамында қоректік элементтері бар заттар:
  • а) тыңайтқыштар
  • ә) қышқылдар
  • б) гидридтер
  • 6. Фосфор тыңайтқышы:
  • а) селитра
  • ә) калий сульфаты
  • б) суперфосфат
  • 7. Қаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалаған Қазақстандық ғалым:
  • а) Ә. Бектұров
  • ә) Н. Нұрахметов
  • б) Қ.Сәтбаев
  • А
  • Ә
  • Б
  • 1
  • Х
  • 2
  • Х
  • 3
  • Х
  • 4
  • Х
  • 5
  • Х
  • 6
  • х
  • 7
  • х
  • Тест жауаптары.
  • Қорытынды сөз
  • Ел Президентінің « Қазақстан-2030» жолдауында былай деп жазылған:
  • «2030 жылғы Қазақстан ауасы таза,мөлдір сулы,жасыл желекті елге айналуы тиіс.Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Барыс өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, ал өз аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады» демекші,өз денсаулығымыз өз қолымызда, сондықтан да табиғатты қорғауымыз керек.
  • VII.Үйге тапсырма: §20.
  • «Қаратау байлығы», «Туған жер тарихы» «Минералды тыңайтқыштар өндірісі», т.б тақырыбына реферат.
  • VIII.Бағалау.

Каталог: uploads -> doc -> 0fa2
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fa2 -> Сабақтың тақырыбы Рим ежелгі дүниенің ең қуатты империясына қалай айналды
0fa2 -> Хуш келибсизлар Мусобақа дарс Дарсимиз мавзуси
0fa2 -> Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» роман эпопеясы. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет