Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев Ағаштар неге ашуланды? Мақсаты: Білімділігі



Дата25.12.2016
өлшемі63,2 Kb.
#5090
Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев Ағаштар неге ашуланды?

Мақсаты:

Білімділігі: Қазақтың көрнекті балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі

мен шығармалары туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақыры-

бы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.

Дамытушылығы: Оқушы ой-өрісін кеңейту,өз ойларын әдеби тілмен өрнектей

білуге машықтандыру.



Тәрбиелігі: Әңгіме арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Ағаш-

тарды күтіп баптауға үйрету.



Түрі: саяхат сабақ

Әдісі: сұрақ – жауап

Көрнекілігі: Жазушы суреті, Астана суреттері т.б.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа әзірлеу


Біз қандаймыз,қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

-Бугін біз сабағымызда саяхатқа шығамыз. Бас қаламыз- Астана қаласының көрікті жерлерімен танысамыз. Ол үшін барлық тапсырмалардан сүрінбей өтуіміз керек. Саяхатқа пойызбен шығамыз. Үй тапсырмасына жаксы жауап берсек Хан шатырымен танысамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Әңгіме мазмұнын айту

2. Сұрақтарға жауап беру

1. Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар?

2. Балалар қайда барды?

3.Боданның компасқа қызыққанын оның қай сөздерінен байқауға болады?

4.Бодан компасты не істеді?

3. Әңгіменің соңғы бөлігін оқып, өз ойын жазып келу.

«Егер мен Боданның орнында болсам......»

«Хан Шатыры» сауда ойын-сауық орталығы – атақты сәулетші Норман Фостердің қолымен жасалған кезекті өнер туындысы. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орта­лық­тары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар.

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Жазушы жөнінде білетіндерін еске түсіру

1924ж 13қазанда туған

Абай атындағы педагогикалық институт

Б. Соқпақбаев Мұғалім

Балалар жазушысы

«Менің атым-Қожа»,«Жекпе жек» кітабы



2. Жаңа сабақты түсіндіру Б. Соқпақбаев Ағаштар неге ашуланды?

1. Мәтінді таныстырмас бұрын оқушыларға ағаш сөзін көрсеткенде ойларына не келетінін топтастыру.
2. Ағаштар ашулана ма? Оқушы пікірін білу

3.Мәтін мазмұнымен оқушыларды таныстыру, мәнерлеп оқу.

1.Алмабектің ағаш отырғызуы.

2.Ағаштардың мұңға батуы

3.Ормандағы оқиға

4.Ағаштардың бой түзеуі

«Думанның» океанариумы «мұхитарал» деп те аталады. Ол – мұхит атаулыдан 3000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан бірден-бір океанариум. "Думан" ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан.. Мұхитаралдың су қоры - 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2 000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда.

4. Оқулықпен жұмыс

а) мәнерлеп оқыту

ә) тізбектей оқыту

б) мәтіннен кәрі еменнің сөзін тауып оқу



5. Дәптермен жұмыс

Мәтіндегі ағаштардың Алмабекке қойған кінәсін жазып шығу


Алмабектің айыбы


Нұр-Астана» мешітінде 5 мың адам дұға жасай алатын үлкен залы бар .Мешіт көлемі 4000 шаршы м тең. 2005 жылы ашылды.

6. Семантикалық кестемен жұмыс «Ағаштар сыры»

Ағаштар аттары

Қайың

Бәйтерек

Емен

Терек

Жарықты жақсы көретін, тез өсетін,

Гүл шоғы сырға тәрізді, қабығы ақ, көрікті ағаш. Оның діңін құрылыс-қа, үй жиһаздарын жасауға пайдала-нады.















1000жылдан астам өмір сүре алады. Ағашы өте мықты. Сондықтан оларды үйлер мен кемелер салу үшін пайдаланған.













Әдейілеп адам қолымен отырғыз-ғандай түп-түзу болып биікке бойлап өседі













Суды тамыры арқылы сіңіріп, бір өзі бір жазда 2000 литрге жуық суды жапырағы арқылы буландырады.













Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 м2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті. 1-қабатта салтанатты хол орналасқан. 2-қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан. 3-қабатта киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы; сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы; екі жақты кездесулерге арналған “Алтын зал”; камин залы; қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан. 4-қабатта қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары; Саммиттің Үлкен залы; кітапхана; кіші Шығыс залы орналасқан.

7. Мақалды толықтырып жазу

1. ........ еңбегімен озады, (ер)

........ езілумен тозады. (еріншек)

2. ........ ертеңі бітпейді.



«Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Қазақша аудармасы «бәйтерек» дегенді білдіреді. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманай қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.

ІV.Сабақты сұрақтар қою арқылы қорытындылау

1.Алмабектің жіберген кемшілігі неде?

2. Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?

3. Алмабек өз кемшілігін қалай түзеді?

4. Егер Алмабек ағаштардан кеірім сұрамағанда не болар еді?

Сабақ қорытындылап болғаннан кейін Б.Аманшин орта мектебіне қайта оралу.



V.Үйге тапсырма: мәтін мазмұнын айту, жазушы шығармаларын талдап, салыстырып келу

VІ.Бағалау
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет