Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»



Дата18.03.2017
өлшемі60,37 Kb.
#11902
түріСабақ
Сарсенов Серік Сағынбайұлы
Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы

Дүкен негізгі мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев « Менің атым – Қожа».

Сабақатың мақсаты: білімділік – оқушыларға Б.Соқпақбаевтың өмір жолы және оның барлық адамдарға танылған « Менің атым – Қожа » шығармасының мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру, мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету;

Дамытушылық – ой – өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту;

Тәрбиелік – Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі – өнеге алуға шақыру, жағымсыз қасеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Түрі: жинақтау, қорытындылау.

Әдісі: түсіндіру, суреттеу, пікірталас, сұрақ – жауап

Көрнекілігі:электронды оқулық

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

Оқушылармен амандасу, кезекші мәлімдемесі, журнал бойынша түгендеу.



Психологиялық дайындық.

Сабақтың нәтижесі: өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға, өзгенің пікірімен санасуға үйренеді; өз пікірін қорғай, дәелдей алады; әртүрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Үй тапсырмасын пысықтау: « Бәйге » ойыны


10

20

30

40

50

60

70

80

90

Сол жақтағы « 10 ». Сәйбек қарт Қожаға әкесі туралы не айтты?

Ортадағы « 20 ». Қай уақыттан кейін Майқанова сабаққа келмей қалады?

Оң жақтағы « 30 ». Қожа өз әкесіне деген сағынышын қалай білдіреді?

Сол жақтағы « 40 ». Майқанова мен Қожаның арасындағы кикілжің неден басталады?

Ортадағы « 50 ». Орыс тілі мұғалімі кім?

Оң жақтағы « 60 ». Повесть қалай басталады?

Сол жақтағы «70 ». Мектеп жанындағы Жантас Қожаға не деп айтты?

Ортадағы « 80 ». Майқанованың сөмкесіне не салады?

Оң жақтағы « 90 ». Балабекова кім?



Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.

Қызба




Бұл сөздер кімдерге арналған?




Ұрыншақ

Сотқар

Түбі адам болады


Ой қозғау.

V – « білемін »

-« Менүшін жаңалық »

+ « Мен үшін жаңа ақпарат »

? « Мені таңғалдырғаны »

Киносы бар екенін білем. Қожаны сомдаған актердің орыс тілді азамат екенін білетінмін.

Қожаның өз өзіне есеп беруі.

Майқанованы иентек Қожаны оқу жылында төрт бағалауы.

Мұғалімнің сөмкесіне бақа салуы.

Пікірталас.

« Менің атым – Қожа » фильмінен үзінді көрсетіледі.

Жақтаушы топ « Қожаның іс – әрекеті дұрыс » деп өз ойларын дәлелдейді.

Даттаушы топ «Қожаның іс – әрекеті дұрыс емес » деп өз ойларын дәлелдейді.

Пікірталасты өзім бағалаймын. Қай топ жеңгенін хабарлаймын.

Тақтаға « Қожа құпия кеңес өткізді » сөйлемін ілемін және оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын.



  1. Қожаның өз қателіктерін түзетуге мүмкіндік бар ма?

  2. Қожаның өз мінез – құлқы жайында не мәжбүр етті?

Осы сөйлемнен « Менің атым – Қожа » фильмінен үзінді көрсетемін. Үзіндіні көргеннен кейін оқушыларға « Мен Қожаның орнында болсам....» тақырыбында эссе жазғызамын.

Ортадағы « Ыстық орындықта » екі топтан екі оқушы эссені оқиды.


Топтастыру стратегиясы :
Қожа – алғыр, пысық, ақылды сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, әзілқой, тапқыр, қателіктерін

түсіне біледі.


Жантас – өтірікші, қу, зымиян,ии шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз.
Сабақты бекіту. Шағын тест.

  1. « Атымды айта бастасам тілім таңдайыма жабысып қалатындай » деген кімнің жолдары? А) Жантастың Ә) Сұлтанның Б) Қожаның

  2. Қай елдің ат қоюы қызық болады екен деп Қожа таңданады?

А) Қытай Ә) Америка Б) Жапония

3. Бір сыныпта неше Қожа?



А) Екі Ә) Төрт Б) Үш

4. Сыныпта Қожабергенді кім деп атайды?



А) Қожа Ә) Қара Қожа Б) Сары Қожа

5. Жантас Қожаны сыныпта келемеждеп кім деп атайды?

А) Қадыров Ә) Қара Көже Б) Қожа

6. Қожаның тегі кім?

А) Балабекова Ә) Майқанова Б) Қадыров

7. « Жолдама беріп жатыр » дегенде Қожа кімге келеді?

А) Ахметовке Ә) Оспановқа Б) Майқановаға

8. Мектептен шыққан Қожа сарт еткізіп кімді ұрды?

А) Жанарды Ә) Жантасты Б) Сары Қожаны

9. Ең алғаш Майқанова мен Қожаның кездесуі қай жерде болады?



А) Дүкенде Ә) Мектепте Б) Сыртта

10. « Оқулығы сай бала – көңілі жай бала ». Кімнің сөзі?

А) Балабекова Ә) Майқанова Б) Қадыров
Сабақтың қорытындысы: Сабақ соңында тестті қорытындылаймын және сұрақтар қоямын.

Үйге тапсырма. Төмендегі консептуалдық кестенің үлгісін сол кестені толтырып келу.



« Менің атым – Қожа » шығармасы бойынша.




Кейіпкерлер

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкелерге беретін өз бағаңыз




Қожа










Жантас










Майқанова










Жанар










Қадыров ағай










Әжесі










Анасы Миллат








Оқушыларды бағалау.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет