Сабақтың тақырыбы Бағдарламалау жүйелері



Дата04.07.2018
өлшемі31,86 Kb.
#47065
түріСабақ

Сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.3A-тарау: Шешімдерді бағдарламалау

Мектеп: Керімбай атындағы 12 мектеп гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбердиева Лаззат

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бағдарламалау жүйелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.1- «Бағдарламалау жүйесі» және «бағдарламалау тілі» ұғымдарын айыру



Сабақтың мақсаты

Оқушылар бағдарламалау тілі және бағдарламалау жүйесі туралы ұғымды білу

Бағдарламалау тілдерін типіне қарай жіктеу

Бағалау критерийі

- Бағдарламалау жүйесі мен бағдарламалау тілі туралы біледі

- Бағдарламалау тілдерін типіне қарай жіктейді

Тілдік мақсаттар

Тілдік емес пәндер үшін қалыптастырылады.

Программалау жүйесі анықтамаларын тұжырымдайды;



Пәнге тән лексика және терминология.

Алгоритм, программа, программалау жүйесі, программалау тілі, ассемблер, транслятор

Бірлескен оқу кезінде топ ішінде жаңа сөздік терминдердің оқушылар идеясын терең түсініп, тілдік дағдылары қалыптасады

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:


  • Бағдарламалау тілі - бұл…

  • Программалау жүйесі - ……..

  • Синтаксис – …жинағы.

  • Семантика - … жинағы.

  • .. … программа деп аталады


Құндылықтарға баулу
Жауапкершілік;

Қарым-қатынас жасау қабілеті;

Өмір бойы білім алу
Пәнаралық байланыс

Тарих, ағылшын тілі, қазақ тілі

Алдыңғы білім
Алгоритмнің негізгі түрлері: сөздік, кестелік және графикалық .
Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу

Сыныпты 3 шағын топтарға біріктіру: алгоритм, программа тілі, программалау жүйесі

«Сəлемдеме жіберіңіз» ширату жаттығуы

1. Алгоритмнің негізгі түрлері қандай?

2. Программалау тілі дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Бағдарламалау тілдері не үшін керек?

4. Олардың көмегімен қандай тапсырмаларды орындауға болады?

Түрлі-түсті стикерлер

Сұрақтар жазылған стикер, программалау тілінің дискісі

Сабақтың ортасы

«Таңдап ал» әдісі (бұл әдісте А4 форматындағы 3 қағазда жаңа сабаққа қатысты анықтамалар тақтаға ілінеді.Әр топтан 1 оқушы келіп қалаған анықтаманы алып,тобымен талқылап,түсінуге беттейді) бойынша әр топқа:

1.Программалау - нақты программалау тілінде жаңа программаны жасау жүйесі.

Программалау – қадам бойынша әрекеті орындалатын программаны

құру процесі:

– программаға қойылатын талаптарды анықтау;

– есепті шешу алгоритмін жасау немесе таңдау;

– командаларды жазу;

– түзету;

– тестілеу.

2. Программалаудың құрылымдық жүйесі:

– компилятор немесе интерпретатор;

кіріктірілген ортаны әзірлеу;

– программаның мәтінін түзету және құру ортасы;

– стандартты программаның бірнеше кітапханасы;

– қателерді іздеу және жою үшін түзететін программалар;

– пайдаланушыға «ынтымақтастық» диалогтік орта;

– көптерезелі жұмыс тәртібі;

– мықты графикалық кітапхана;

– кіріктірілген анықтама қызметі;

– басқа да арнайы ерекшеліктері.

3. Транслятор — бұл белгілі бір тілде берілгенді (жазылған) екінші тілге аударатын – аударғыш-программа, жоғарғы деңгейдегі тілдерде жазылғанмашиналық команда тілдеріне аударады. Жүзеге асыру тәсілдеріне байланысты аударғыш-компилятор және аударғыш-интерпретатор болып екіге бөлінеді. Орындау тұрғысынан компилятор және интерпретатор айтарлықтай өзгереді.

«Микрофон» әдісі

Сұрақтар қояды



«Ойлан, жұптас, талқыла»

(Жеке) 1. Тапсырма. Жалғастырып жаз.

Программалау тілі - ..............................................

Программалау жүйесі - ........................................

Синтаксис – ……………………………………

Семантика - …………………………………….

........................................программа деп аталады

Дескриптор: білім алушы



  • Программалау тілі мен программалау жүйесі туралы жазады;

(Жұп) 2. Тапсырма. Программалау тілін деңгейлер бойынша топтауды төмендегі сұлба бойынша сипаттаңдар және әрекеттеріңді түсіндіріңдер.

Дескриптор: білім алушы



  • Программалау тілінің деңгейлері бойынша топтайды

  • Программалау тілдерін жазады

(Топтық) Тапсырма

Сөйлемді түзетіңдер:

1. Алгоритмдік Паскаль тілі ғана төмен деңгейдегі тіл болып табылады.

2. Объектіге бағдарланған тілінде программалау алфавит пен синтаксисті таңдаудан басталады.

3. Компилятор – бұл машиналық кодта жазылған программалау тілінің программалар интерпретаторы.

4. Компилятор ешқашан транслятор болмайды.

5. Программалау тілінің қандай типке жататынын анықтай отырып, төмендегі сұлбаны толықтырыңдар.

Дескриптор: білім алушы



Кері байланыс «Бағдаршам»

Көрсетілім

Үлестірме қағаздар

Үлестірме қағаздар

Үлестірме қағаздар

Үлестірме қағаздар

Түрлі-түсті стикер

Сабақтың соңы

Рефлексия

Үйге тапсырма




Тапсырмалардың дескрипторлары арқылы («Көршіні бағала» әдісі бойынша) бағаланады: А, Б болып бір-бірінің шығармасын оқып тексереді, жариялайды.

Сабақтан мен _______________________білдім

Маған _____________________қызық болды

Маған _____________________қиын болды

Мен ___________тапсырмалар орындадым

Енді мен _________________жасай аламын

Мен ____________________________сездім

Мен _________________________үйрендім

Мені _____________________таңқалдырды

Мен _______________________қолданамын

«Программалау жүйелері» тақырыбына эссе жазу

Қима қағаздар

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Өкіл» әдісі саралаудың тапсырма, дереккөздер әдісі арқылы оқушыларда ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдылары жетілдірілді.

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі саралаудың қорытынды, диалог және қолдау көрсету әдісі арқылы тапсырма берілу барысында жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырды, себебі оқушыларды тексеріп, түсініктерін жетілдіруге жол ашты. Оқушылардың бір-біріне білім мен дағдыларды үйретуіне жетеледі, тақырыпты терең түсінуіне жол ашты, тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары жетілдірілді. Пәнаралық байланыс жасау арқылы тереңірек білім алуға мүмкіндік берді, себебі оқушы бойында жауапкершілік,

қарым-қатынас жасау қабілеті, өмір бойы білім алу құндылығы қалыптасты. Кері байланыс арқылы өзінің қай деңгейде түсінгенін білді. Сонымен қатар қай оқушыға көмек керек екенін бақыладым.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау арқылы дескриптормен бағаланады.

Осылай рефлексия жүргіземін



Сабақтан мен _______білдім

Маған _______қызық болды

Маған ________қиын болды

Мен _тапсырмалар орындадым

Енді мен ____жасай аламын

Мен _______________сездім

Мен ____________үйрендім

Мені ________таңқалдырды

Мен __________қолданамын

Осы сабақта қолданылатын



Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Оқушылардың 15 минуттан артық компьютерде отырмауын қадағалау

Сынып бөлмесін желдетіп алынады, көзге арналған жаттығулар жасалынады.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия

Информатика пәні мұғалімі Иманбердиева Лаззат Базарбекқызы




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет