Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау Қалқаманұлы



Дата13.08.2017
өлшемі15,29 Kb.
#23483
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау Қалқаманұлы

  • Қазақ әдебиеті 9 “Б” сынып
  • Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Садықова Лаура Жұманқызы

Сабақтың мақсаты:

  • Сабақтың мақсаты:
  • А) Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі жайлы әңгімелеу, шығармаларына тән ел бірлігі мәселесіне тоқталу. Хронологиялық кесте арқылы тарихи кезеңдерге сипаттама беру. Ой қозғауға, өз пікірлерін ортаға салуға дағдыландыру.
  • Ә) Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өз ойларын жүйелі сөзбен жеткізуге бейімдеу. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту.
  • Б) Туған жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу, бірлікке, татулыққа шақыру. Адамгершілік қасиеттерді әрқашан жадында ұстауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Күтілетін нәтиже:
  • Оқушылар жырау өмірі мен шығармашылығы туралы
  • біледі, пікірлерін жүйелі түрде жеткізеді, ойлау қабілеттері
  • артады, сөздік қорлары дамиды. Адамгершілік қасиеттері
  • жадында ұстай алады.
  • Сабақтың көрнекілігі:
  • Интерактивті тақта,слайдттар,суреттер,үлестірмелер

  • Сабақ бөлімдері:
  • Кіріспе бөлімі
  • Таныстырылым
  • Негізгі бөлім
  • А) “Жыр жұмбақ”
  • Ә) “Әдеби теориялық талдау”
  • Б) “Тілім барда айтылар сөз ойдағы”
  • В) “Шығармашылық жұмыс”
  • 4. Қорытынды
  • Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.
  • Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл. "ҚараҚ" деген жер.
  • Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:
  • “Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.
  • Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады.
  • Бұқар
  • толғауларын
  • үлкен 4 топқа
  • бөлуімізге
  • болады
  • Өмір
  • жайлы
  • толғаулары
  • Адам
  • өмірінің
  • кезеңдері
  • жайлы
  • Ел
  • бірлігі
  • жайлы
  • Абылай
  • Ханға
  • арнаған
  • толғаулары
  • жайлы

“Жыр жұмбақ”

  • 1-топ:
  • Бір жақсымен дос болсаң,
  • Азбас-тозбас күлкі етер
  • ..........................................
  • 2-топ:
  • Әділ туған жақсыға
  • Екі даугер жүгінер
  • ......................................
  • 3-топ:
  • Арғымаққа міндім деп
  • Артқы топтан адаспа
  • .............................................

Әдеби-теориялық талдау

  • р/с
  • Көнерген сөздер
  • Мағынасы
  • 1
  • Дулыға
  • 2
  • Ақберен
  • 3
  • Алдаспан
  • 4
  • Арғымақ
  • 5
  • Желмая
  • 6
  • Бидайық
  • 7
  • Ебелек
  • 8
  • Буыршын
  • 9
  • Жабы
  • 10
  • Қорамсақ
  • “Тілім барда айтылар сөз ойдағы”
  • Біздің қоғамда Бұқар жыраудай тұлғалар бар ма?
  • Өзің білетін қай тұлғаны Бұқар жыраумен қандай ісі, қоғамдық қызметі, елі үшін жасаған жұмысы бойынша айрықша айтар едің?
  • Қазір “ел бірлігін” арман еткен Бұқар жырау тілегі орындалған деп есептейсің бе?
  • Бұқар толғауларында хан Абылай бейнесі қалай ашылған?
  • Абылай ханның ел басқарудағы қандай мінезін, қандай істерін үлгі етер едің?
  • Мұхтар Әуезов
  • “Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден соң қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас”.
  • Абылай есімімен байланысты өлендерінен де ел бірлігін көздеген ойымен қатар, ханға айтқан ақылын, ханның ел басқарудағы жақсы істері мен кемшіліктерін жырлағанын көреміз.
  • Абылай
  • Өмір сүрген жылдары
  • 1711-1781 жж
  • Билік құрған жылдары
  • 1771-1781 жж
  • Қолбасшы, саяси дипломат, реформатор, халық мәдениетінің жанашыры
  • Ішкі саясаты-
  • Бір орталықтан басқаратын мемлекет құрды.
  • Сот билігін күшейте түсті.
  • Қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты.
  • Сыртқы саясаты-
  • Ресей, Қытай, Орта Азия елдерімен экономикалық және сауда байланысы.
  • Қазақ жеріне ешкім қол суға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағыттады.
  • «Елбасымыз Н.Назарбаев тұлғасында, ел басқару ерекшелігінде хан Абылаймен қандай үйлесімдіктер, ұқсастықтар не болмаса ерекшеліктер бар?» деген тақырыпта пікір алмасу жүргізу.

Рефлексия, бағалау: “Бес саусақ” әдісі

  • Үй тапсырмасы
  • Жырау толғауларынан теңеулер жазу.
  • Қандай жетістікке жеттім? Не қиындық туғызды? Көңіл-күйім? Кімге көмектестім? Өзіме берер бағам, әсерім.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет