Сабақтың тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы»



Дата25.08.2017
өлшемі486,14 Kb.
#27277
түріСабақ

Топ

Күні

ДШ-31

21.09.15
4 Сабақ жоспары

Пән: Психология және спорт

Сабақтың тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының

жалпы сипаттамасы



Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелей отырып, әр жас кезеңдегі балалардың психологиясына сай тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық үрдістерін және ақыл- ойын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: топтық технология, алдын-ала оқыту технологиясы, «Спорт алаңы» ойыны, «Рефлексия».

Пәнаралық байланыстар: философия, жас ерекшелік психологиясы, педагогика.

Сабақтың жабдықталуы: суреттер, карточкалар, сызбалар.

Қолданылатын әдебиеттер: Жарықбаев Қ.Б. «Психология» 1989., С.Б.Бабаев «Жалпы психология»., Ә.Алдамұратов «Жалпы психология»., Жұбаназарова Н.С. Жас ерекшелік психологиясы: оқу құралы. – Алматы.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі 4 мин

ІІ. Студенттердің білімдерін өзектендіру кезеңі 15 мин

ІІІ. Жаңа сабақ 40 мин

ІV.Жаңа материалды бекіту 10 мин

V. Бағалау 3 мин

VI. Үйге тапсырма 1 мин

VII. Рефлексия 6 мин



Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин

А) Студенттермен амандасу

Б) Студенттерді түгендеу

В) Студенттердің назарын сабаққа аудару



ІІ. Студенттердің білімдерін өзектендіру кезеңі 15 мин

«Спорт алаңы»ойыны
Топты екіге бөліп, үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинау (екіге бөлінген топтың атауы футболшылардлың есімімен аталады)



ІІІ. Жаңа сабақ 40 мин

Жоспары:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы

  2. Кіші мектеп оқушыларының зерттеу объектісі мен әдістері

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жас ерекшеліктері 6 жастан 10 жасқа дейін деп қазіргі кезде қарауға болады.

Мектепке дейінгі кезеңді алсақ, онда «ойын» негізгі әрекет екенін білеміз. Ал бастауыш мектеп оқушыларының мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, бастауыш сыныпты бітіргенге дейін оқу материалдары ұқсас келуі, көпшілігіне тән ұқсас психикалық қасиеттер тудырады. Сол себепті осы кезеңге «бастауыш мектеп жасы» деп бөлінуінің бірден бер себебі. Олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі. Дейтін Ж. Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр.

Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға деген көзқарастары үлкен роль атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып, баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңде оқуға деген талабы өсіп, сыныптағы құрбыларымен қарым-қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамыиып, жаман-жақсыны айыра бастайды. Сонымен қатар әуелі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстіне мына сияқты қиыншылықтар кездеседі:


  1. Режимдегі өзгерістер. Сабақтан қалмау. Сабақ үстіндк тыныш отыру, т.с.с. қиналады.

  2. Мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, соны білмей қиналады. Бірақ, көп ұзамай бала үйреніп, жатырқауын тоқтатады.

Сонымен қатар бала, оқуға кіргеніне мәз болып, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Осы кезде әке-шешесі баланы көп еркелетпесе, осының өзі қиыншылықтан бас тартпауға, қиыншылықты жеңуге пайдасын тигізеді.

Оқу арқылы бала біртіндеп білім, дағды, икемділіктерді, тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның жан қуаттары (ес, ойлау, қиял) эмоция, ерік-жігер т.б. процестері дами түседі.

Оқу материалдары адам психологиясына зор талап қоятыны белгілі. Өйткені, шындықтағы құбылыстардың сыр-сипатын, мән-жайын ұғыну өте күрделі әрекет. Баланың білімге деген қызығушылығы тапсырманы біртіндеп қиындату қажет, себебі, азды-көпті қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл-ойының алға қарай өрістеуіне жағдай туғызады.

Бастауыш мектеп оқушыларының таным процесіне келсек, ол: қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану. Мектепке барғаннан бастап өзгерістерге ұшырай бастайды.

Қабылдауды алсақ,қабылдау қабілеті мектепке дейінгілерге қарағанда недәуір қалыптасып қалған,мектепке түскен 7 жасар баланың бойы әрі қарай өсе береді, салмағы артады, бұлшық еті дамиды, сүйегі қатая түседі. Біраз уақыт шаршамай жұмыс істеуге шамасы келеді, жүріс-тұрысы оңтайлана , жылдамдыққа бейімділігі бұрынғысынан әлдеқайда артады. Баланың үй іші жұмыстарын орындауға да шамасы келеді (үйді жинастыру, өсімдіктерді баптау). Осы жастағы балалар қимыл-қозғалысқа өте бейім келеді. Баланың осы табиғи қажетінің орындауына ылғи да мүмкіндік беріп отырған дұрыс. Оған үзіліс кезінде де, сабақтан келгеннен кейін де, сабақтан келгеннен кейін де жүгіріп ойнауына тыйым салуға болмайды. Мұғалім мен әрбір ата-ана 7 жастағылардың қимыл-қозғалыстарының әлі де болса, тәртіпке түспегендігін, ескеруі тиіс. Бұлардың жүрісі, мәнерлі қозғалыстары әбден оңтайлы, ширақ бола тұрса да, саусақтарының уақ еттері әлі де толық дамып жетіспеген. Сондықтан да олар дәл қимыл-қозғалыстарға шорқақ (инені сабақтай алмау, қайшы мен пышақты ұстаудағы епсіздіктер). Балаға саз бен пластилиннен мүсіндер жасату, сурет салдыру, доппен ойнату, ине , түйреуіш, пышақ, қайшымен жұмыс істеуді үйрету арқылы мұғалім оның қолының уақ еттерін шынықтыра түседі. Бірақ балаға тым ұзақ уақыт жаздырудың да қажеті шамалы.Бастауыш мектеп жасындағы балаларда миының дамуы да жедел жүріп отырады. Мысалы, 8-9 жаар балалардың миы анатомиялық жағынан ересек адамның миының структурасына жақындайды. Мидың маңдай тұсы жедел өседі, онда нервтік жаңа жолдар пайда болады. Жоғары нерв жүйесінің процестері нақтылана, тәртіпке түсе бастайды. Екінші сигнал жүйесінің мәні артады, мидың анализдік, синтездік қызметі күрделенеді, тежелу процесі (оның актив, шартты түрлері) нығая түсетін болады. Осы айтылғандардың бәрі оқушылармен оқу процесін күрделендіре жүргізуге болатындығын жақсы көрсетеді. Мектепке жаңадан түскен баланың психикасы алғашқыда әлі мектеп көрмеген баланың ерекшеліктеріне ұқсас болып келеді. Өйткені аз уақыт ішінде бала психикасында қауыртөзгерістердің пайда бола қоюы қиын. Дегенмен, мектеп есігін ашқаннан-ақ бала психикасы белгілі арнамен дами бастайды. Бала психикасының дамуында мектеп елеулі кезең екендігі даусыз.

Балаға әр кез тиісті нұсқау беріп отырмаса, онда арнайы түрде байқай алу, байқағыштық қасиет қалыптаспайды. Егер мұғалім баланың қабылдауын ұдайы бағыттап отырмаса, оның дамуы жүйемен жүріп отырмайды. Мысалы, балалрды экскурсияға шығарғанда, мұғалім осы арадағы көріністерді байқаңдаршы дер тапсырманы жиі берсе, олар көзіне не ілінсе, соны ретсіз айта береді. Кейін 2-ші экскурсияда мұғалім осы арада қандай өсімдіктер өседі екен, соны байқаңдаршы деп арнаулы тапсырма бергенде, балалардың жауабы нақтылана түсетін болады. Мұндай жағдайда оқушылар түрлі өсімдіктердің атын айтып береді, ол өсімдіктерді бұрын көрген өсімдіктермен салыстырады. Бақылаған заттың суретін салады. Мұндай әдіс затты жан жақты танып білуге мүмкіндік береді, оқушыларды байқағыштыққа үйретеді.

Заттың нақты бейнесіне сүйену-осы жастағы бала психикасының басты ерекшелігі. Сабақты үнемі көрнекілікке негіздеуге де болмайды. Сондықтан сөз бен көрнекілік ұштасып келгені дұрыс. Кіші сынып оқушылары оқығанын, көрген-білгенін есте жақсы сақтай алады. Олар көбінесе ашық боуялы, қимыл-қозғалысты, нақтылы нәрселерді ұмытпайды. Ол өзіне қажетті (әсіресе, ойынға байланысты) нәрселерді есніе сақтауға тырысады. Бірінші, екінші сыныпта оқушылар әдейілеп есте қалдырудың жолын білмегендіктен, олар материалды түгелдей жаттап алады. Мұндай жаттап-алушылық оқу тәсілін білмегендіктен, нені қалайша есте қалдыру қажетін сезінбегендіктен туындайтын қасиет.

Бірінші сынып оқушылары көбінесе, сабақта өздерін ұстай алмайды, кейде дауыстап сөйлеп жібереді, не қатты күледі, оның жылауы да мүмкін, басқа балалардың үстінен шағым айтқыш келеді. Кейбір мұғалімдер сабақ үстіндегі осындай айқай-шуды басамын деп балаларға ұрсып зекиді. Бұл-осы жастағылардың психологиялық ерекшеліктерін білмеуден туған қателік. Осындай қимыл-қозғалыстағы балаға мұғалім кейде: «Айтқанға көнбейтін қандай жаман баласың»-деп те ұрсады. Бұл да дұрыс емес. Мұның орнына мұғалім сабақ үстінде дұрыс отыруды, өзінің нұсқауын орындауды сол баладан байсалды түрде талап етсе, сөйтіп педагогтық тактіні сақтаса, бұл әдіс әлдеқайда тиімді болады. Мұғалім баланың білімін бағалауда өте әділ және өте әдіской болуға тиіс. Сабақты нашар үлгіретін баланы да көтермелеп, оның жақсы оқуға талаптана түсуіне жағдай жасауы қажет. Сынып ішіндегі қоғамдық жұмыстарды (санитар, староста, кезекші т.б.) балалардың икемділіктеріне қарай бөлу де өте ойластырылып істелгені жөн.


IV. Жаңа материалды бекіту 10 мин

«Телекөпір» ойыны
Жаңа сабақты түйіндеу ретінде оқушылар жұп болып бір бірімен сұрақ алмасады.
V. Бағалау 3 мин

(Үйге берілген тапсырма бойынша балаларды бағалау)



VI. Үйге тапсырма 1 мин

Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы тақырыбы бойынша екі топқа бөлініп кроссворд құрастыру.



VII. Рефлексия 6 мин

«Бағдаршам»

.



Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бағдаршамның үш түсіне белгілеу.

Каталог: uploads -> doc -> 0ce6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ce6 -> Сабақ жоспары «Менің атым Қожа»
0ce6 -> Сабақтың тақырыбы «Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен»
0ce6 -> Сабақтың тақырыбы: §15.Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. (1921-1925 жж) Сабақтың мақсаты
0ce6 -> Тақырыбы: «Ал, қанекей Әжелер!» сайысы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет