Сабақтың тақырыбы: «Батырлары елімнің»



Дата29.04.2018
өлшемі34,88 Kb.
#40306
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: « Батырлары елімнің» М.Жәутіков

Мақсаты:

А) Білімділік: Жаңа тақырыпты игеруге қажетті білімділік дағды деңгейлерін анықтап,музыкалық сауаттылық ұғымдарын кеңейту.

Ә) Дамытушылық: Дауыс диапазондарын және дыбыс биіктіктерін және музыкалық қабілеттілігін қалыптастыру,ән айту,музыка тыңдау,есту,есте сақтау қабілеттерін дамыту арқылы әнді нақышына келтіре орындауды,дұрыс тыныс алып,үн тазалығын сақтауды дамыту.

Б) Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа,бірлікке,достық қарым-қатынасқа,өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері, сұрақ-жауап,әңгімелеу,ән тыңдау,ән орындау,ойын түрлері,слайд.

Пән аралық байланыс: тарих,сурет,әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру:

Сәлемдесу,түгендеу.

Ал,қанеки, балалар,

Сәлемдесіп алайық.

Сабағымызға керекті,

Кітап,дәптер алайық

Тыныштықты сақтайық
Ән сабағын бастайық.


2.Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап алмасу,арнайы тапсырма берген оқушыларды тексеру.

  1. Бұқар жырау кім? 2) Туып-өскен жері? 3) Оның қандай термесімен таныстық? 4) Базар жырау кім? 5) Туып-өскен жері? 6) термесі

Жаңа сабақ барысы:

1.Әнді қабылдауға дайындық.

2. Әнді сипаттап,мағлұмат беру.

3.Әнді үнтаспадан тыңдату.

4.Әнді орындату, хормен немесе жеке орындату.

5.Сергіту сәті: «Жасырын нотаны тап»

6.Тапсырма орындату: «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына сурет салып,әңгімелеу.

7.Әнді қайталап сабақты бекіту: «Кім жылдам?» сұрақтарға жауап беру.

Батырлары елімнің М.Жәутіков

Сендердің туып өскен жерлерің- егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар мекендейді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.



Әнді хормен шақышына келтіре орындаймыз және «Менің болашақтағы Қазақстаным» тақырыбына сурет салып әңгімелейміз.

Сабақты бекіту:

1.     Қазақтарды хан дәуірінде билеген кім? (хан)

2.     Қазақ халқының ұлттық аспабы не? (домбыра)

3.     Киіз үйдің күмбезі не? (шаңырақ)

4.     Қазақша жаңа жылды қашан тойлайды? (наурыз)

5.     Қазақтың ұлттық , ат жарысын қалай атайды? (бәйге)

6.     «Абай жолы» роман –эпопеясының авторы кім? (М. Әуезов)

7.     Атақтыкүйшікім? (ҚұрманғазыСағырбаев)

8.     «Жетіжарғы» заңжобасынжасағанкім? (Тәуке хан)

9.     Шоқанныңшынатыкім? (Мұхамедқанафия)

10.           «Сәукеле» деген не? (ұлттық бас киім)

11.Қазақтардың бұрынғы баспанасы  (киіз үй)

12. Ханнан кейін екінші орынды басатын кім? (би)

13. Мұсылмандардың қасиетті кітабын қалай атайды? (құран)

14. «Беташарды»  қай уақытта айтады? (келінтүскенде)

15. Бие сүті не? (қымыз)

16. Қазақстанмемлекетініңтәуелсіздіккүніқашан? (16 желтоқсан)

17. Еліміздіңрәміздеріната. (елтаңба, ту, әнұран)

18. Төлебиқайжүздіңбиі? (Ұлыжүз)

19. Мемлекеттікелтаңбада небейнеленген? (шаңырақ)

20. Абайдыңтуғанжері (Шыңғыстауыныңетегінде)

Сабақты бағалау:

Үйге тапсырма: «Батырлары елімнің» әнін жаттау және « Егемендікке қалай қол жеткіздік» тақырыбына шығарма жазу.



Каталог: uploads -> doc -> 0652
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0652 -> Сабақтың тақырыбы: Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы. Фотоэффект құбылысын пайдалану. Сабақтың мақсаты
0652 -> Мектепалды даярлық топтың тақырыптық-перспективалық жоспары 2015-2016 жыл Қыркүйек
0652 -> Сабақтың тақырыбы: Квиллинг техникасымен «Құттықтау ашықхат»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет