Сабақтың тақырыбы Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. 4-сабақ. Дайындықсыз келген бір күн



Дата07.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#92705
түріСабақ
Байланысты:
sabaq-kz attachment mzh-5-synyp-aza-debiet



Сабақ жоспарының үлгісі



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Адамгершілік – асыл қасиет

Мектеп: Абай атындағы №2 ҚОМ

Күні: 06.03.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Н.А.Уразова

Сынып: 5

Қатысқандар: 23

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді.
4-сабақ. Дайындықсыз келген бір күн

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу (5. Т/Ж3);
Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
(5. Б/С2)

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Шығарманың мазмұнын түсінеді, кейіпкерлерді салыстырады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Іс-әрекеттері арқылы кейіпкерлер образына талдау жасайды

Кейбір оқушылар орындай алады:

- шығарма кейіпкерін шынайы өмірмен салыстырып бағалайды, оның іс-әрекетінің дұрыс не бұрыстығын дәлелдейді

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды

Тілдік мақсаттар



Оқушылар орындай алады:




Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Портрет, суреттеу, образ, кейіпкер

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Түбінде адам болатын бала, маңдайдан терім бұрқырап есік алдына шықтым, мұрнысды көкке шүйіріп

Құндылықтарға баулу


Адамгершілікке, жауапкершілікке баулу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі - көркем мәтінді талдау жүйесі болып алынып отыр.

Тақырып бойынша алдыңғы білім



Шығарманың идеясын біледі, шығармадағы теңеу, эпитеттерді, кейіпкерлерді




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы
Білу: (5 мин)


Түсіну:(8 мин)

Психологиялық ахуал:
Дайындықсыз келген бір күн
Тапсырма: Жалпы сыныпқа видио жазбадан эпизод тыңдалады, есінде сақтайды, тақырыпты ашады. Жазбада Қожаның сабаққа дайындықсыз келгендігі айтылған.
Шынайы өмірмен салыстыру мақсатында сұрақ қойылады.
Жетекші сұрақ: «Сіздің басыңыздан осындай бір сәт өтті ме?» Оқушылар өз өмірінде өткен сабаққа байланысты сәттерді есіне түсіреді. Сабақ тақырыбын анықтаймыз.
Тапсырма: Жеке тапсырма. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы кейіпкерлердің образын ашып көрсетуге дайындық сұрақтары. Оқушыларға 20 сұрақ беріледі, олар:
Тапсырма:

  1. Қожаның шын есімі - Қожаберген.

  2. Жанардың фамилиясы – Қадырова.

  3. Түбінде адам болатын бала – деді анасы.

  4. Анфиса Михайловна бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды- Қожаның сөзі

  5. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет, - деді Сұлтан.

  6. «...маңдайымнан терім бұрқырап есік алдына шықтым...» - қоңырау соғылған кездегі Қожаның сөзі.

  7. «Мұрнымды көкке шүйіріп» - Сұлтанның сөзі

Осы тапсырманы орындау барысында бүгінгі сабақ мақсатын айтып көріңдер. Барлық сұрақтардың жауаптарына назар аударыңдар?
Жауаптар кім? деген сұраққа жауап береді ме әлде не? деген сұраққа ма?
Сабақ тақырыбын оқушылармен бірге анықтағаннан кейін сабақ мақсатын түсіндіріп өтемін.

Сабақ мақсатына жетудегі әрбір оқушының даму деңгейін байқау, қалыптастырушы бағалау жүргізу және оқушыларға қай мақсат бойынша көбірек жұмыс жасау қажет екендігін көрсету мақсатында кесте ілемін.


Жасыл, қызыл, сары

Мен

Кейіпкер образын таба білдім

Кейіпкерлер әрекетін салыстырдым

Қожаның бейнесін бағаладым

































































Интернет желісі

Видео материал https://www.youtube.com/watch?v=XsLPJawkm0k


МӨД

МӨД


Сабақтың ортасы
Қолдану:
(7 мин)


Талдау:
(10 мин)



Тапсырма: Жеке жұмыс: «Ыстық орындық» әдісімен аудио жазбаны тыңдау арқылы кейіпкерлердің образын табады.
Қожа, Жанар, Анфиса Михайловна, Сабира Майқанова, Милат, Жантас.






Кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті

Бұл кім?

Кейіпкердің образын өз сөзіңмен суреттеп сипаттаңыз

Ох, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес







Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың дейді.






Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш







Тапсырма нәтижесін тексеру:
- Кейіпкерлердің образдарын ашу арқылы қандай адам тұлғасын елестеттіңдер?
- осындай мінезді адамдарды кездестірдіңдер ме?
- қай мінезді кейіпкер сендерге ұнайды?

Дескриптор

Білім алушы




  • үзінділердің қай кейіпкерге қатысты

екенін анықтайды;

  • кейіпкерлердің образын өз сөзімен

сипаттайды.



Тапсырма: Жеке жұмыс: Шығарма кейіпкерлерінің бірін таңдаңыз. Кесте арқылы кейіпкердің шығармадағы әрекеттерін жазып, ол әрекеттердің
қазіргі өмірде көрініс табуын өз сөзіңізбен талдаңыз.
Мысалы (оқушыларда мынандай жауаптар болуы мүмкін)

Шығармада

Қазір

Мейлі, біздің класс жетекшіміз Майқанова мені жамандай берсін, сотқар деп, ұрса берсін. Мен өзімнің көкейтесті арманымды, жанымның түпкірінде маздап жанған құпиямды Жанарға бір жөні келгенде ақтарып айтып берсем, менің кім екенімді ол таныр еді...

Қазіргі уақытта мұғалім мен оқушы арасында мұндай түсінбестік жоқ, мұғалімдер оқушылардың білім алуы мен тәрбиесіне белсенді қатысып отырады, мұғалімдер оқушыларды жамандамайды, қатты ұрыспайды, тек ненің дұрыс, ненің бұрыстығын түсінуге көмектеседі, ата-аналар да мектеп жұмысына қатысады...




  • Шығармадағы кейіпкерлердің әрекетін талдағанда қандай ой түйдің?

  • Бұл әрекеттерді шығарманың жазылу уақыты мен қазіргі заманмен салыстырғанда айырмашылықтар не ұқсастықтар болды ма?



Дескриптор Білім алушы
-бір кейіпкерді таңдайды;
-шығармадан кейіпкердің 3 әрекетіне таңдау жасап,
кестеге орналастырады;
-таңдалған әрекеттердің қазіргі өмірде көрінісіне дәлел келтіреді.


Аудио жазба https://www.youtube


Қалыптастырушы бағалау материалдарынан

Қалыптастырушы бағалау материалдарынан





Сабақтың соңы
Жинақтау:
(5 мин)
Бағалау:
(3 мин)

Кері байланыс


Ж/Ж . «Пікірталас картасы»

ия

Жоқ

дәлелдемелер

дәлелдемелер

Оқушылар Қожа бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің тізбесін
жасайды. Оның ішінде қай қыры басым екенін шығарма мазмұнына сүйене отырып түсіндіреді. Оқушыларға сұрақтар беру арқылы Қожаға мінездеме беруге көмектесемін, шынайы өмірдегі адамдармен салыстыруды тапсырамын.
Осы тапсырма негізінде негізгі кейіпкер Қожа туралы пікірлесіп көрейік.
Қожа туралы пікірлерің қандай?
Оның қай әрекеттеріне мінездеме берер едің?
Осындай оқушы сыныптастарың не достарыңның арасында кезедеседі ме?
Өздеріңді Қожаның сыныптасы ретінде сезініп, Қожаға мінездеме беріп көріңдер.
Қожамен дос болар ма едіңдер?
«Бес жолды өлең» әдісі Қожаға байланысты

« Өзін-өзі бағалау» әдісі арқылы бағалау:


(+ түсіндім; - толық түсінбедім)



Критерий

« + », « - » таңбалары арқылы белгіле

1

Кейіпкер портретін аша алдым




2

Кейіпкер іс – әрекеті арқылы образды талдай алдым




3

Шынайы өмірмен салыстырып, жаза алдым










Үш «+» жасыл шляпа
Екі «+», бір - қызыл шляпа
Бір «+», екі - сары шляпа


Ш ығу билеті
Сіз бүгін не үйрендіңіз?
Сіз тағы не білгіңіз келеді?


Әдіс-тәсілдер жинағы


МӨД


МӨД


Үй тапсырмасы

«Маған ұнаған кейіпкер образы» тақырыбына суреттеу эссесін жазу
Шығарма кейіпкерлерінің образын қолдана отырып фильм сценарийін жазу
« Қожа және мен» деген тақырыпта ой толғау жазу






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет