Сабақтың тақырыбы: Бірлік пен ынтымақ елі Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата08.09.2017
өлшемі62,37 Kb.
#30655
түріСабақ
Қазақ тілі, 8 – сынып .

Сабақтың тақырыбы: Бірлік пен ынтымақ елі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білім, сөз қорларын пысықтау,  түсініктері мен білімін тиянақтау, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларға Қазақстан халқының ерекшеліктері мен ұлт өкілдері туралы түсінік бере отырып, берілген мәтіндегі негізгі түйінін түсінуге дағдыландыру. Еліміздің ынтымағы туралы мәліметтерін жан-жақты талдау, «Карта Казахстана» деген өлеңді мәнерлеп оқу, оқушылардың пікірін, көзқарастарын білуге, өз ойларын еркін айта білуге үйрету.

Дамытушылық: Бірлік пен ынтымақ елі туралы тіл байлығын дамыту және сөйлеу, жазу ше-берліктерін арттыру . Оқушылардың лексикасын байыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сыни тұрғысынан ойлауға, өзінше ой түюге баулу, танымдық түсініктерін дамыту.

ТәрбиелікӨз Отанын, Қазақстан халқын, ұлт өкілдерін, жерін сүюге, өз халқына мақтаныш етуге тәрбиелеу. Оқушыларды Бірлік пен ынтымақ елі мазмұны арқылы негізгі маңызын түсінуге тәрбиелеу. Ұжымдық шығармашылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сыни тұрғыдан ойлау, дәстүрлі, жаңа сабақ.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, іздендіру, дұрыс – бұрыс жаттығу, түсіндіру, аударма, мәнерлеп оқу, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, әңгімелеу,жоспар құру.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан ұлт өкілдерінің суреттері, сөздер, оқулық, интерактивті тақта, презентация, өлең, мәтін, текшелер, компьютер, жұмыс дәптерлері.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, география, философия.

Технологиялар: педагогика, сын тұрғысынан, компьютерлік, дамыта оқыту.

Сабақтың ұраны : «Бірлік бар жерде тірлік бар»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Түгендеу.

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Халық, халқым, халқың» сөздерін септеп келу. (Интербелсенді тақта арқылы тексеру)

Үй тапсырмасын бекіту.

1. Республикадағы негізгі ұлт кімдер?

2. Халықтың қанша бөлігін балалар құрайды?

3. Мемлекет негізі кім?

4. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанға қанша орыс шаруалары көшірілді?

5. 2009 жылғы халық санағы қорытындысы бойынша елімізде қанша тұрғын бар?

6. Елімізде саны жағынан көбірек ұлттар кімдер?
ІІІ. Жаңасабақ. Кіріспе сөз.


  • Балалар,біз өткен сабақта «Халықтану» туралы әңгімеледік.

  • Бүгінгі сабақта Бірлік пен ынтымақ елі деген лексикалық тақырыпты өтеміз.

  • Оқулықтағы 113бетте Г. Малдыбаев «Карта Казахстана» деген өлеңді оқимыз. Не туралы өлең?


Арнайы тапсырмалар:

1-кезең. Сөздік жұмысы. (оқу, аудару, СӨЗТІРКЕСІН, СӨЙЛЕМ ҚҰРУ)

Ұлт өкілдері - представители нацональностей,

Байырғы - коренной ...,

Тұлға - личность

Қайырымды - благородный, доброжелательный

Қонақжай - гостеприимный



ынтымақты (тату, тату-тәтті) - ..дружелюбный. .
2-кезең. Мәтінмен жұмыс. 113-115 бет

Бірлік пен ынтымақ елі.

Қазақстанның байырғы халқы – қазақ халқы. Қазақ халқының тарихы бай, аса ірі тарихи тұлғалары көп.

Халық туралы білу үшін, алдымен оның тілін, салтын, тарихын, ұлы адамдарын білу керек. Тарихи тұлғалардың өмірін, ойларын, ісін білсең, қазақ халқы туралы да білгенін.

Қазақ халқы – қайырымды халық. Ол әрқашан мейірімді, қонақжай.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Онда 130-дан астам ұлт өкілдері бір-біріне көмектесіп, өзара тату, ынтымақты тұрады.
Оқылым: А) Жұппен жұмыс. Бірлік пен ынтымақелі 113-115бет оқу, аудару. Жоспар құрастыру.

Жоспар.

І. Тарихты білу – парыз.

ІІ. Қазақ халқы – қонақжай халық.

ІІІ. Қазақстан – көп ұлтты мекмлекет.

Б) Сұрақ – жауап:
3-кезең. Жазылым: Жаттығу жұмысы.114 бет.

Берілген сөздерден танысып шығып, түбірлес сөздерді теріп жазыңдар:

Ұлт ,өмір, тату, өміршең ,көмектесіп, ұлтжанды, өмірлік, көмек, бір, өмірбаян, татуласу, бірлескен, ұлтшыл, көмекші, татуластырушы, бірлік, ұлтаралық, татулық.
Cөздік дәптерге: Сөз мағынасы: ынтымақты, тату – тәтті, тату --- дружелюбный
ІV. Пысықтау кезеңі.

Бүгінгі сабақта алған білімдерін Қазақстан картасымен жұмыс арқылы диалогтік оқыту.
V.Қорытынды. Сызбаны толықтыру. «Дұрыспа,бұрыс па?» (Кестені сызып қой)



Сөйлемдер

Дұрыс +

Бұрыс -

1

Қазақстан – бір ғана ұлтты мемлекет.




2

Халық туралы білу үшін, алдымен оның тілін , салтын, тарихын білу керек.




3

Қазақ халқының тарихында ірі тұлғалар мол.




4

Қазақстандағы халықтар бір-біріне көмектесіп, тату тұрады.




5

Біздің мақсатымыз - бірлік, ынтымақ.





Инсерт картасы. Синквейн ойыны. « адам, оқушы, мұғалім».

1. Зат есім.Сұрағы.

2. Сын есім.

3. Етістік.

4. Сөйлем.

5. Синоним.
VІ. Бағалау. Сабаққа жақсы атсалысқан оқушыларды бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы.
Каталог: uploads -> doc -> 1082
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1082 -> Тақырыбы №15 Спортшының жеке басының ерекшелігінің оқу – жаттығу жұмыстарын жүргізу
1082 -> Сабақтың тақырыбы «Білімділер аралы»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет