Сабақтың тақырыбы Бөлім: Жастар және мәдениет Интернет және әлеуметтік желілер



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі448,29 Kb.
#24290
түріСабақ
  1   2
Смагулова Саягуль Серикболовна

Алматы қаласы, ФМБ НЗМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жастар және мәдениет


Сынып: 7 Т1







Сабақтың тақырыбы

Бөлім: Жастар және мәдениет

Интернет және әлеуметтік желілер



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу.

Т/А5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау.



Сабақтың мақсаттары

  • Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру.

  • Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты таба алды;

  • Нақтылау сұрақтарын құрастыра білді;

  • Жалпы және нақты сұрақтарға креативті түрде жауап берді;

  • Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырып, сыни көзқарасын білдірді;

  • Топты, жұпты әділ бағалай алды.

Құндылықтар


Сабақ барысында бірін-бірі тыңдай білуге, ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге үйренеді. Бұның өзі ауызбіршілікті білдіретін адами құндылықтардың бірі.

Пәнаралық байланыс

Информатика, география

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

компьютер, монитор, ғаламтор



Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері;

  • Яғни, сенің айтуың бойынша ол…?

  • Егер мен дұрыс ұқсам, онда …?

  • Мен қателесуім мүмкін, бірақ, Сіздің ойыңызша…?

Осыған дейін меңгерілген білім

Интернет және әлеуметтік желілер.

Жоспар

Жоспарлана-тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз-дер

Сабақтың басы

5 минут


1.Оқушылармен амандасу.

2.«Бес бармақ» әдісі бойынша 5 топқа бөлу.



Сабақтың ортасы

30 минут

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

25 минут


1. Топтарға екі мазмұндағы қысқаша мәтіндер беріледі. Олар топта ақылдасып, негізгі және қосымша ақпаратты табады. Кестеге салып жазады. ТЖ

Мәтіндер

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

№ 1







№ 2







1.Адамзатқа ғаламтордың пайдасы 

Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолдауншылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол. 

Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббатарын да тауып жатады.

Танымдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықытру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. ей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаамтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған. 



2. Ғаламтордың денсаулыққа зияны

Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанды ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алынған термин емес. 

Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады.      

Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс әсер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. 

Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды. 

Әрине, ғаламтордың пайдасы мен зияны да жетерлік. Алайда оның пайдасы басымырақ. Ал егер әр әрекетіңізді ақылға сала отырып жасасаңыз, ғаламтордың зиянын көрмессіз деген пікірдеміз. 



2. Оқушылар жұппен көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады. «Қар кесегі» әдісі бойынша оқушылар сұрақтарды бір-біріне лақтырып, сергіп алады да, сұрақтарға жауап береді. ЖЖ

Нақтылау сұрақтары төмендегідей сөздерден басталуы керек:



  • Яғни, сенің айтуың бойынша ол…?

  • Егер мен дұрыс ұқсам, онда …?

  • Мен қателесуім мүмкін, бірақ, Сіздің ойыңызша…?

3. Бағалау критерийі:

  • Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты таба алды;

  • Нақтылау сұрақтарын құрастыра білді.

4. Кері байланыс


Смайликтің мазмұнына қарай сөйлеңіз.

Мен сабақтан қандай әсер алдым?



Мен қандай ойға қалдым?



Менің сізге деген жылы лебізім...



2 сабақ



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет