Сабақтың тақырыбы д әреже Сабақтың түрі Жаңатақырып пен танысу сабағы



Дата09.10.2019
өлшемі37,9 Kb.
#49546
түріСабақ
Байланысты:
1 1 Математика 5сынып Санның дәрежесі Сабақ жоспары 1


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:Қоңырбаева А.А.

Сынып:5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дәреже

Сабақтың түрі

Жаңатақырып пен танысу сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.1.1.3натурал сан дәрежесінің анықтамасын білу;

5.1.1.4натурал санды ондық жазылу түрінде көрсету;


Сабақтың мақсаттары

Оқушыларды санның дәрежесі, дәреженің негізі және санның көрсеткіші түсінігімен таныстыру. Дәрежеге келтіру түсінігін есеп шығаруда бекіту

Жетістік критерийлері:

Оқушылар көбейтіндіні дәреже түрінде елестете алады,

Натурал сандарды ондық жазба түрінде жаза алады.



Тілдік мақсаттар:


Оқушылар:

  • тең көпмүшелердің көбейтіндісін дәреже түрінде жазбаша және ауызша орындай алады.

  • пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.

Бөлім бойынша лексика және терминология:

  • санның дәрежесі;

  • дәреженің негізі;

  • дәреженің көрсеткіші;

  • дәреженің мәні;

Диалогқа және жазылымға қажетті тіркестер:

  • Тең көпмүшелердің көбейтіндісін келтіруге ........ болады;

  • Санның екінші дәрежесін …, санның үшінші дәрежесін атайды ......;

  • Егер көпмүшелер арасында бірдей әріптік көбейткіштер бар болса, онда …

Құндылықтарды дарыту

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс




АКТ қолдану дағдылары




Бастапқы білім

Натурал сандарды көбейту және бөлу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут


Сабақтың басын ұйымдастыру

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру, қиын тапсырмалармен жұмыс жасау



Сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын тұжырымдау және жазу.
Қосындыны көбейтумен алмастырыңыз:

  1. 5+5+5+5+5+5+5+5+5+5

  2. 3+3+3+3+3

  3. 7+7+7

  4. 4+4+4+4+4+4

Жауабы: 5∙10; 3∙5; 7∙3; 4∙6
Көбейтіндіні тиімді тәсілмен жазудың жолы бар ма?Мысалы, 5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5 көбейтіндіні қысқаша қалай жазуға болады?
Мынадай жолы бар 5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5=510

510 - “бестің он дәрежесі”деп оқылады.

5 – дәреженің негізі

10 – дәреженің көрсеткіші, көбейтіндіде қанша көбейткіш болғанын көрсетеді.

Математикада бірдей көбейткіштердің көбейтіндісін дәрежеге келтіру деп атайды.

Дәрежеге келтірудің шешімін дәреженің мәні деп атайды.



Білімді жетілдіру (5 мин)

Сұрақтарға жауап беріңіз («иә» –  плюс, «жоқ» – минус)

1. 32 9-ға тең (+)

2. 23дәрежесінің негізі 3-ке тең (–)

3. 23дәрежесінің көрсеткіші 3-ке тең (+)

4. 25 саны дәреже түрінде 62-қа тең (–)

5. 16 = 42 (+)

6. 33=27 өрнегінің мәні 3-ке тең (–)

7. 9∙9∙9∙9∙9∙9 тең 94-не(–)

8. 1∙1∙1∙1∙1=1. (+)





Сабақтың ортасы

30 минут


Өтілген тақырыпты есеп шығаруда қолдану.
Жұппен жұмыс

Оқушылар жұмысты жеке орындайды. Жұмысты аяқтағаннан соң, парталас көршілерімен жауаптарын салыстырады. Қандай жауаптары бірдей немесе өзге екендіктеріне.

  1. тапсырма 197.

Кестені дәптерге салып, толтырыңыз.

n

2

3

4

5

6

7

8

9

10

2n




























3n



























Топпен жұмыс(10 мин)



Топпен жұмыс келесі бағытта оздырылады.

Әр партада отырған оқушылар артындағы партада отырған оқушылармен бірігіп топ құрайды. Солай әр топта 3-4 оқушы болады. Есептерді талқылап, талдап бір шешімге келеді. Содан соң, топтар арасындағы жауаптар тексеріледі.



1-тапсырма.

Бірлік разрядтарды негізі 10 болатын дәреже түрінде жазыңыз.

а) 100 000 б) 1000 000 в) 10 000 000 г) 100 000 000

Үлгі:

10000 = 104 (санның дәрежесі нөлдер санына байланысты)



2-тапсырма.

4836, 10344, 8505, 9657, 157, 1598 сандарын разрядтық қосылғыштар түрінде жазыңыз.



Үлгі:

3457 = 3000 + 400 + 50 + 7 = 3∙1000+4∙100+5∙10+7∙1= = 3∙103 + 4∙102 + 5∙10 +7

Берілген жазылу түрі натурал санның ондық жазбасы деп аталады.





Сабақтың соңы

5 минут


Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысының құрылымы

Тапсырмаларды талқылау, керекті бағыт-бағдар беру. Қорытынды жасау, кері байланыс жасау. №202, №203






Саралау – қандай жолмен көбірек көмек көрсетуді жоспарлап отырсыз? Мүмкіншілігі жоғары оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың материалды түсіну деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

ҚТ және денсаулық

1) Жақсы оқитын оқушылар басқаларына көмектеседі. Түсінбей қалған оқушылар сұрақ қоюға және түсіндірме алуға мүмкіндіктері бар.

2) Тапсырмаларды орындау кезінде оқушыларға бірін-бірі үйретуге көңіл бөлу

Қабілетті оқушыларға сыныптарына қолдау көрсете алатындай және өз тұжырымдамаларын дәлелдей алатындай жағдай жасау.

Сабақта формативті бағалау

  • өзін-өзі бағалау

  • өзара бағалау

критерийлері бойынша, сонымен қатар мұғалімнің бақылауы бойынша жүргізіледі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезінде өзін-өзі бағалау жүргізіледі.

  2. Сабақ мақсатын ашу кезінде – оқушылардың жауаптарын бағалау

  3. Топтық жұмыс кезінде – оқушылардың жауаптарын қағазға түсіріп отыру

  4. Формативті бағалау: егер оқушылар қателескен жағдайда бағыттаушы сұрақтар қою

  5. Бағалау критерийлері арқылы оқушылардың бірін-бірі бағалауы

  6. Жауаптарын салыстыру арқылы оқушылардың бірін-бірі бағалауы

Сабақта интерактивті тақтаны қолдану 15 минуттай уақыт алады.Сабақ барысында физминутка жүргізіледі. Оқытудың белсенді тәсілдері қолданылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет