Сабақтың тақырыбы: Д. Исабеков



Дата19.12.2016
өлшемі114,08 Kb.
#4185
түріСабақ
Серікболова Айзат Серікболқызы
Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы

Дүкен негізгі мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков «Ата үміті» әңгімесі.


Сабақтың мақсаты: шығарма мазмұны арқылы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау.

Сабақтың міндеттері: білімділік – әңгіменің идеясын ашу, кейіпкерлердің мінез – құлықтарын бағалау, әңгіме құрылысына талдау жасау;

Дамытушылық: - кейіпкерлердің іс – әрекетіне баға беріп, пайымдаулар жасауға үйрету;

Тәрбиелік: - кейіпкерлер әрекетіне баға беру нәтижесінде оқушы бойындағы адамгершілікті қалыптастыру, экологиялық, құқықтық тәрбие беру.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Оқытудың әдісі: түсіндірмелі, практикалық, көрнекілік.

Көрнекілік: кесте – сызбалар, оқу лық, үлестірмелі қағаздар.

Оқытудың технологиялары: Сатылай кешенді талдау мен ақпаратты технология

лардың элементтері.



Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, биология.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру: 1) оқушылармен амандасу; 2) бөлменің тазалығы; 3) оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау; 4) оқушылардың бір – біріне тілке айтуы.

Ойшақыру. Эпиграфтағы ұлы ғұламаның ұлағатты сөзін оқи отырып оқушыларға мағынасын ашқызу.

Байлық іздеп отқа түспе түбінде,

Аттамағын жаттың ала жібін де,

Кісі жібін аттама да, қан төкпе,

Бұл екеуден қиналады жан текке. Жүсіп Баласағұни.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. « Ата үміті » шығармасының мазмұнын айту.

Мәтін бойынша оқушыларға сұрақтар:

1.Үзінді кімдер туралы, оқиға неден басталады? 2. Бейтаныс адамды Тоқсанбай қарт неліктен ұнатпады? 3. Омаштың қатыгездігін неден көруге болады? Кім мәтіннен тауып оқып береді? 4. Омаш өзіне деген Тоқсанбайдың сенімін қандай ісімен жоғалтып алды? 5. Қауқарсыз шалдың алпамсадай Омаштан артықшылығы неде? Ол мәтінде қандай ісі арқылы берілген?


Оқушыларға дермене туралы мәлімет беріледі.

Өсімдік туралы

Өсетін жері

Құрамы

Емдік қасиеті

Дермене – күрделігүлділер тұқымдасы, жусан туысына жатады. Биіктігі 50 – 70 см – ге дейін жететін көпжылдық шала бұта. Тамыры ағаштанған, қатты, жуан, кіндіктамыр. Сабағы көп ( 25 – 35 см-ге дейін ), түп жағы ағаштанып кеткен. Сабағының төменгі жағы қатайып кетеді де, жоғары бөлігі шөптекті болғандықтан жыл сайын қурап түсіп қалып отырады.

Дермене – Оңтүстік Қазақстан мен Тәжікстаннан басқа дүние жүзінің еш жерінде кездесрейді деп саналуда. Бір кезде Жерорта теңізі, Қара теңіз, Каспий теңізі жағалауында, Солтүстік Америкада, Орта Азияда мол кездесетін бұл өсімдік бүгінде Қазақстанның оңтүстігінде өте сирек кездесетін өсімдікке айналып отыр.

Дермене гүлінің құрамында мына заттар бар: макроэлементтер калий – 13,4; кальции – 7,5; магний – 2,9; темір – 0.4 марганец – 0,2; мыс – 0,52; мырыш – 0,29; хлор – 0,29; алюминий – 0.28; никель – 0.59; қорғасын – 0.06; бор – 106,4

Дермене – халық медицинасында ауру түрлерін емдеуге пайдаланылады. Өсімдік улы болғандықтан одан жасалған дәріні дәрігердің рұқсатынсыз пайдалануға болады. Дермене дәнінің бір ас қасық ұнтағын 0.5 л қайнаған суға салып демдейді. Күніне 30гр үш рет ішсе, созылмалы бронхит пен демікпеге таптырмайтын ем. Сондай – ақ осы рецепті ішінде құрты бар балаға ішкізсе, бір – екі күнде құртты айдап түсіреді. Дәрмене дәнінің 100гр 200гр сары мейізге қосып, темір келіге жақсылап жаншып араластырады. Соны бас бармақ көлеміндей етіп домалақтап, мұздатқышқа қойып сақтайды. Күіне таңертең, кешкі мезгілде бір – бірден қабылдап жүрсе, өкпе туберкулезіне жақсы ем.


ІІІ. Әңгіме құрылысына талдау жасалынады.
Әңгіменің басталуы Дермене жинауға келуі

Дамуы Омаштың келуі

Байланысуы Омаштың ұрлық жасауы

Шиеленісуі Омаштың өтірік айтуы

Шарықтау шегі Тоқсанбайдың Омашқа сенім артуы

Шешімі Тоқсанбайдың базарға келуі

Қорытынды Адамгершілікке үндеу

Мәтін мазмұны бойынша кесте – сызбалар оқушыларға ұсынылып толтырылады.

Кейіпкерлер

Келген мақсаты

Кәсібі

Іс әрекеттері

Мінезі


Тоқсанбай

Дермене теру үшін.

Зейнеткер

Адал еңбек етеді

Ақылды, мейірімді.

Ергешбай

Атасына көмектесу үшін.

Оқушы

Атасына қолғабыс беру.

Еңбекқор

Омаш

Ақша табу үшін.

Жұмыссыз

Ұрлық жасайды.

Дүниеқоңыз қатал, қайырымсыз.




Омаштың сөзі

Мінездеме

1.« Шал, бұл дүниеде жарымағанда, о дүниеде жаримын » деп жүрсің бе?

Неужели мені какой – нибудь торғай үшін ақиретке сотқа тартады?

2.Жылама иттің күшігі ! Сендерге жақсылық жасап түн ұйқымнан безіп жүрсем, оны жамандық деп ұққан екенсіңдер. Мен сендермен басқа тілде сөйлесейін.

3.Шын! Шын, ойбай! Алдап нем бар! Тонап кетті. Аяқ қолымды байлап тұрып әкетті – ау! Кешеден бері соның соңында жүрмін...









Тоқсанбайдың сөзі

Мінездеме

1.- Бұл неғылғаның, балам... Мені қойшы, мен талайды көргем, қоңыз жеп, бақа жұтқанды да көргем. Ана баланы аясаңшы.....

2.- Аулақ! Мілисаң өзіңе! Сенейін, сенбейін, болар іс болды. Іздесең өзің іздей берерсің. Тапсаң қайтып келген малдың қайыры бар. Маған бір тиынның да керегі жоқ. Араммен келген мал еді, араммен кеткен екен. Бәрі сонымен бірге кетсін!



3.- Шырағым, ақша қалай жоғалды деп қазбаламаймын. Саған әу баста сеніп ем, сол сенген күйімде кете берейін.





ІҮ. Сөз тапқыштар кейіпкердің іс – әрекеті мен портретін сәйкестендіреді.

Р/с

Мінез машығы

Тоқсанбай

Ергешбай

Омаш

1

мейрімді

+







2

қатыгез







+

3

есті




+




4

қонақжай

+







5

қомағай







+

6

арсыз







+

7

иманды

+







8

тойымсыз







+

9

көргенсіз







+

10

төзімді

+







11

ұғымды




+




12

елгезек




+




13

имансыз







+

14

ақпейіл

+







15

балажан

+







16

тәрбиелі




+




17

әдепсіз







+

18

ұры







+

19

қанағатшыл

+







20

арлы, адал

+







21

арам ойлы







+

22

өнегелі




+




23

еңгезердей







+

24

қағылез







+

25

мейрімді

+







Ү. « Ата үміті » атты шығармаға сатылай кешенді талдау жаса.
Д.Исабеков


Авторы
Ергешбай, атасы,әжесә, Омаш


Кейіпкерлері

Оқиға желісі немен аяқталды ?
Алданған Тоқсанбай ата немересін мектепке апару үшін сиырын базарға шығарады.


Омашқа мінездеме бер
Дүниеқоңыз, мейірімсіз, алаяқ.


Өзіңнің әңгімеден түйген ойың
« Ақтың отын ақымақ өшіре алмайды »



ҮІ. Сұрақтарға жауап беру.

А) Тоқсанбай мен Ергешбайға Омаш неге қосылды, Омаштың қандай қылықтары оларға ұнамады?

Ә) Тоқсанбай неден секем алды, кім үшін Омашқа кіріптар болды?

Б) Бала Омашты неге қабылдамады, Ергешбайдың ол мінезін кім қалай түсінеді?

В) Торғай ұясын бұзған, жұмыртқасын жеп, балапанның отқа тастаған Омаштан не күтуге болады?

Г) Омаш портретін мәтіннен табу.


Ой қозғау: « Обал мен сауап »

А) Обал – ұғым атауы. Дерексіз зат есім. Көзбен көрмейміз, қолмен ұстамаймыз.



Обал сөзінің мағынасын қалй түсінесіңдер?

« Ұя бұзған оңбайды ». Ұяны, омартаны, илеуді бұзуға болмайды, өйткені олар құстың, араның, құмырсқаның Отаны. Олар сонда өсіп өнеді. Сенің бұзғаның - олардың өміріне балта шапқаның, бастарына қайғы – қасірет әкелгенің, қиянат жасағаның. Үлкендердің « Обалына қалма, тиіспе » деуі сондықтан деп білемін.

Әлімжеттік жасап әлсіз адамды ұрып соғуға, қиянат жасауға, зорлықпен біреудің ақысын бермеуге затын тартып, не болмаса ұрлап алуға болмайды. Мұндай жағдайда әлсіз жандардың көз жасына қаласың, наласына батасың. « Обал болады » деп осындай жағдайда айтылады.
Ә) Сауап сөзінің мағынасын қалай түсінесің ?

1. « Дұрыс болды, оған сол керек » деген мағынада жұмсалады.



2. Алғыс, ықылас, қошемет, рахмет ұғымын білдіреді. Мысалы: сауабын алды ( алғысын алды, рахметін алды ).

ҮІІ. Сабақты бекіту. Жұбан Молдағалиевтің өлеңінен алынған үзіндіні оқушыларға оқытып, оның мағынасын осы сабақпен байланыстырып ашу көзделеді.

Ұят та – зор парыз, зор сүндет,

Секілді биіктің қиялы.

Бөбегі ғұмырлы болсын деп

Ата – ана құлаққа құяды.

Өлгендер өлсін тек ажалдан,

Өлмесін тірілей ұяттан.
ҮІІІ. Үйге тапсырма. « Адамгершілік – асыл қасиет » тақырыбына эссе жазып келу. ХІ. Оқушыларды бағалау.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет