Сабақтың тақырыбы: Дала жайлы әңгімелер Оқу бағдарламасына сілтеме



Дата22.02.2018
өлшемі175,72 Kb.
#38075
түріСабақ
БӨЛІМ АТАУЫ: 5-бөлім. Жер планетасы. Дала

Пән: Қазақ тілі (L2)

Мектеп: Шымкент қаласы ФМБ НЗМ

Күні:19.-24.01.2015ж

Мұғалімнің аты-жөні: Нурмагамбетова Н.А.

Сыныбы: 9 «Н» (L2)

Қатысқан оқушы саны: 11


Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Дала жайлы әңгімелер

Оқу бағдарламасына сілтеме

Т4 Әдеби нормаларды анықтау

О5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу

А4 Сенімді және еркін жауап беру


Оқу мақсаты

Әдеби тіл нормасы сақталып жазылған мәтіндердің астарлы мағынасын табады және қазіргі өмірмен байланыстырады.

Медиақұралдар мен ғаламтор көздерінен алынған таныс емес ақпараттарға анализ жасайды.

Кез келген тақырыпта өз ойын жеткізеді.


Тілдік мақсаттар:

Қадап айтты, жалғасын табады, қазық қағылды, ұйытқы болу, үдере көшті, т.б.

Алдыңғы тақырып:

Дала жайлы әңгімелер

Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары

Сабақ барысында қамтылатын білім беру құндылықтары:

• Құрмет;

• Азаматтық жауапкершілік;

• Өмір бойы білім алу;

• Патриотизм.


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

10минут

5 минут


Оқушыларды топқа бөлу

ҚАЗАҚ ЖЕРІ (Мұқағали Мақатаев)

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда

Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға,

Тағзым жасаймын қырларға!

Шүкірлік етемін қашан да

Осы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,

Қысы бар аязға қандырған.

Көктемі — балауса, балдырған,

Ал күзі — алып бір ақ қырман,

Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,

Күрең нан жаңа алған тандырдан.

Көлденең көлбеген көкжиек

Қыранның қанатын талдырған.

Мұқағали Мақатаевтың өлеңі талданады.

«Қоңыр» тобының «Қазақ елі» әні тыңдалады.



Ой қозғау

Балалар, мына әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңыздар?

Сабақ тақырыбы мен мақсаты айтылады.


Презентация, үлестірмелі кеспе

https://www.youtube.com/watch?v=s2fnDArg5Ks




Мағынаны тану

10 минут


5 минут


10 минут


Тыңдалым.«Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» жаңалығының бастапқы бөлігін (0:19) көріп, аяқталуын өздері болжап, ерекшелігін кестеге толтырады:

Қандай мәселе көтеріледі?

(не болады?)



Шындығында, қандай

мәселе көтерілді?

(Не болды?)


2 сөйлемнен кем емес болжау

2 сөйлемнен кем емес ақпарат













Алдын-ала болжайды, бейнебаянды көргеннен соң, 2 сөйлемнен кем емес ақпарат жазады.

1-тапсырма. Ж. «Төрт сөйлем» тәсілі

1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңізді білдіріңіздер.

2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді дәлелдеңіздер.

3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды ойды түйіндеңіздер.
2- тапсырма

Төмендегі әдеби нормасы сқталып жазылған сөздердің астарлы мағынасын табыңыздар:

қадап айтты – (нығыpлай, тәптiштеп айтты);

жалғасын табады – (әлі де жалғасады);

қазық қағылды – (аумақ бекітілді);

ұйытқы болды – (себепші болды, негізін қалады);

үдере көшті – (барлығы көшті).



Жұмыс аяқтаған соң, топпен талқыланады.

Жетістік критерийі: Т4

жетті

талпынды

Егер ...әдеби тіл нормасымен сақталған сөздердің астарлы мағынасын таба алса...

Егер ... пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіре алса...



Егер ...әдеби тіл нормасы сақталған сөздердің астарлы мағынасын таба алмаса...

Егер ... пікірін өмірмен байланыстырып мысал келтіре алмаса...



Кері байланыс. «3-2-1»

https://www.youtube.com/watch?v=uORwOkoRcTc

Презентацияда


үлестірмелі кеспелер




Қызығушылықты ояту

5 минут


10 минут
7минут

15 минут


2-кезең

Маржан Арапбаеваның «Қазақ жері осындай» әнінің сөзі таратылады, балалар қосылып айтады.



О5. 1-топқа: Е. СҰЛТАНМҰРАТТЫҢ «Қазақстан «Қазақ елі» деп аталуы керек!»


ІІ топқа: Ғ.ХАБИРОВТЫҢ «МЕН НЕЛІКТЕН ЕЛ АТАУЫН ӨЗГЕРТУГЕ ҚАРСЫМЫН?» мақалалары

оқуға ұсынылады.


БАЛАЛАР, АЛ СІЗДЕР ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗДАР?

Оқыған мәтіні бойынша«Дербес пікір» айту тәсілімен пікірлерін білдіреді. Кеспе қағаздар арқылы оқушылар өзіне берілген тапсырманы орындайды. 1 оқушы пікір білдіресе, 2-оқушы оған дәлел айтады; 3-оқушы оған мысал келтіреді; 4-оқушы оған қарсы дәлел айтады; 5-оқушы 4-оқушының ойына қарсы мысал айтады, 6-оқушы қорытындылайды.

1. Өзіндік пікір (ой, идея);

2. Дәлел;

3. Өз пікірін айғақтайтын мысал;

4. Өз пікіріне қарсы дәлел;

5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал;

6. Қорытынды.


Дебат

Топ екіге бөлінеді: Үкімет, Оппозиция

Үкімет «Қазақстан Республикасы Қазақ елі деп өзгертілсін» десе, Оппозиция бұл пікірге қарсы болады.

Шарт бойынша өз пікірін мейлінше дәлелдеу керек.



https://www.youtube.com/watch?v=F5qTSzqBvuk
http://zhebe.com/index.php/o-am/item/434-kazakstan-kazak-eli-dep-ataluy-kerek.html
презентация

Ой толаныс кезеңі

3 минут

Кері байланыс.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Презентация

Үйге тапсырма:



Мұқағали Мақатаевтың өлеңін жаттау







Бөліп оқыту, Көбірек қолдау көрсету үшін Сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?


Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша тексеруді көздейсіз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық пен қауіпсіздік ережелері

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)



Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап ( диференциация) даярлау.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Пәнаралық байланыс – география, музыка пәндері.

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет құндылықтары көзделеді.


Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қол жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Берілген бөлімді өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні ӘБ жетекшісі: Турлыбекова С.К.

Оқылымды мұқият, түсініп оқыңыздар.

1-мәтін. Қазақстан «Қазақ елі» деп аталуы керек!

Ғаламторда еліміздің атауын «Қазақстан» емес «Қазақ елі» деп атау туралы ұсыныс  жарық көрді. Авторы – Диас Азимжанов деген блоггер. Бұл бастаманы қолдағандар саны да аз емес. Солардың қатарында  академик Ерментай Сұлтанмұрат та бар. Біз ғалымның пікірін ұсынғанды жөн көрдік.

Диас Азимжанов деген ініміз қазақ елінің қазіргі аталуын өзгерту жөнінде мәселе көтеріпті. Осыған байланысты тек Диасқа емес баршаңызға төмендегі пікірімізді ұсынып отырмыз.
Диас інім! Бастамаңыз дұрыс, өте орынды. "По своему опыту знаю, что нас часто путают с Пакистаном и Афганистаном. Многие иностранные подданные не видят разницы и в политической обстановке между нашей и вышеперечисленными странами. И сколько бы мы не одерживали побед на мировых аренах, сколько бы имиджевых реклам не было снято про нашу страну, созвучие с вышеназванными государствами (именно с приставкой "стан") портит всю общую картину о нашей Родине", – дегеніңіздің шындық екенін Біріккен Ұлттар Ұйымының "Мыңжылдық" форумының Орталық Азия мен Кавказ елдері бойынша экс-үйлестірушісі ретінде растай аламын. Алғашқы кезде инглшите "Каzakstan"  деп аталып едік, оны кейінірек биліктегі мәңгүрттердің бірі – өзі қазақ жазушысының "продуктысы", "Каzakhstan"-ға айналдырды. "Қазақ елі", "Қазақ Орда" деген атауда мән бар. Бірақ тек осы ғана деп келте қайырып, бұл жолы да жаңылыспайық.

Және де қандай атауды қабылдасақ та, ол атау қай тілде болсын, қазақшасының  аудармасы емес, көшірмесі болуы тиіс. Басқаларға еліктеп республика деп атаудың қазіргі дәуірде қажеті жоқтың қасы. Мемлекеттік құрылымымыз Ата заңымызда көрсетіледі. 

Осы айтылғандарды да ескере отырып, Диас інім көтерген мәселеңізді БАҚ құралдарының барлық тармақтары арқылы негізінен қазақ тілінде талқылағанымыз жөн. Қазақша талқылауымыз арандатушылардан шамалы болса да оқшаулап, талқылауды байыпты жүргізуге мүмкіндік бермек. Қазірше "Каzakhstan" деген кличкамен жүрген қазақ түріктерінің елі осылайша бірнеше ай бойы пікір алмасудың, саралаудың нәтижесінде көңілге қонар, бүгініміз бен болашағымызға қызмет етер аталуға қол жеткізер деген үміттеміз және көтерілген мәселенің баянды болуына барынша атсалысамыз.

Құрметпен,

Ерментай СҰЛТАНМҰРАТ,  академик

Түрік Халықтарының Дүниежүзілік Ассамблеясының президенті.
"Тұран" қалашығы, 28 наурыз 2013 ж.


2-мәтін. МЕН НЕЛІКТЕН ЕЛ АТАУЫН ӨЗГЕРТУГЕ ҚАРСЫМЫН


Қазір Қазақстанды «Қазақ елі» деп қайта атау туралы идея қызу талқылануда. Мен мұны қолдамаймын. «Қазақ елі» деген атауды жақтаушылардың басты дәлелі – атауды өзгерту ҚР-на инвестициялық тартымдылықты күшейтеді екен. Шынымен де, солай ма? Осыған тоқталып көрелік.

«Дүниежүзілік инвестициялар-2013 туралы баяндамалардағы» ақпаратқа сүйенелік. Тікелей шетелдік инвестициялар Қазақстанда 2007-2012 жылдары 78 млрд 160 млн доллар құрады. Атауында «стан» деген жалғамасы бар Өзбекстан осы кезең ішінде тек 6 млрд 447 млн доллар тарта алды. Ал Қырғызстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар болмашы ғана - 2 млрд 278 млн теңге. Сонда елдің атауының бұл жерде қатысы жоқ болғаны ғой.

Инвестициялар Қазақстанға құйылып жатыр, өйткені бұл жерде анағұрлым ашық әрі тиімді экономика, анағұрлым түсінікті заңдар, анағұрлым тұрақты саяси құрылым, Өзбекстан мен Қырғызстанға қарағанда анағұрлым болжамды ойын ережелері бар. Өте маңызды фактор – Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарға бай, бұл салымнан пайда түсетіндігіне кепілдік береді.

Түйіндеме: шетелдік инвесторларға елдің қалай аталатындығы бәрібір. Оларға бизнес жүргізу үшін шарттар, белгілі бір жобаның тиімділігі маңызды.

Психологиялық сәт те маңызды. Қазақ емес жандар үшін «Қазақстан» атауы жеткілікті мөлшерде бейтарап болып табылады. Дегенмен «стан» сөзі парсы тілінде ел деген мағынаны білдіреді деп жазады. Сонда Қазақстан онсыз да «Қазақ елі» дегенді білдіреді ғой. «Қазақстан» атауында бұл бүркеншікті түрде айтылып тұр. Елді ашық түрде «Қазақ елі» деп атаса, бұл басқа этностарға да психологиялық тұрғыда қолайсыздық тудыруы мүмкін. Бұл – қазақтың елі, ал қалғандары ешбір қатысы жоқ бұратаналар дегендей болады. Жағымсыз ғой...

Егер «стан» деген жалғаудан құтылу керек болса, онда «Қазақ Республикасы» деп өзгертуге болады. Оның үстіне ел құрылған жарты ғасырдан астам уақыт бойына (1936-1990 жж.) «Қазақ Республикасы» деп аталды. Рас, «Кеңестік Социалистік» деген сөздермен бірге. Егер ҚазАКСО құрылған кезден бастап алып қарасақ, 70 жыл бойына осылай аталды.

Бұл жағдайда ешкім бізді басқа «стандармен» ұқсастырмайтын болады. Егер батыс карталарында ҚР қазір «Republic of Kazakhstan» деп белгіленсе, кейін атауы өзгертілгеннен кейін «Kazakh Republic» деп жазылатын болады.

Ғабдібек Хабиров, Атырау қаласының тұрғыны


Қазақ елі осындай

  1. Қарашы қазақ еліме

Қарашы қазақ жеріме

Кең өлкесі Сарыарқасы

Берекенің алқасы

Мерекенің арқасы

Арайлы алтын таңдарың

Жайдары жарқын жандары

Асқарлы арманы бар

Аспаны таулары бар

Бақшалы баулары бар
Қайырмасы:

Иә солай, Иә солай Қазақ жері осындай

Иә солай, Иә солай Қазақ елі осындай
2.Алатау, Алтай арасы

Еділ мен Ертіс жағасы

Түсік пен терістігі

Көрінбес тегістігі

Қиысып кеңестігі

Алақай дархан бейілі

Анадай айтай бейілі

Бір тұтас халқымыз бар

Мызғымас халқымыз бар

Әлемге даңқымыз бар


Қайырмасы:

Иә солай, Иә солай Қазақ жері осындай

Иә солай, Иә солай Қазақ елі осындай
3.Көгінде күлген ай, күні

Шалқыған шалқар қылығы

Сарқымаз еліміз бар

Алтылды көліміз бар

Айтылды еліміз бар
Қайырмасы:

Иә солай, Иә солай Қазақ жері осындай

Иә солай, Иә солай Қазақ елі осындай


Қазақ елі осындай

1.Қарашы қазақ еліме

Қарашы қазақ жеріме

Кең өлкесі Сарыарқасы

Берекенің алқасы

Мерекенің арқасы

Арайлы алтын таңдарың

Жайдары жарқын жандары

Асқарлы арманы бар

Аспаны таулары бар

Бақшалы баулары бар
Қайырмасы:

Иә солай, Иә солай Қазақ жері осындай

Иә солай, Иә солай Қазақ елі осындай
2.Алатау, Алтай арасы

Еділ мен Ертіс жағасы

Түсік пен терістігі

Көрінбес тегістігі

Қиысып кеңестігі

Алақай дархан бейілі

Анадай айтай бейілі

Бір тұтас халқымыз бар

Мызғымас халқымыз бар

Әлемге даңқымыз бар


Қайырмасы:

Иә солай, Иә солай Қазақ жері осындай

Иә солай, Иә солай Қазақ елі осындай
3.Көгінде күлген ай, күні

Шалқыған шалқар қылығы

Сарқымаз еліміз бар

Алтылды көліміз бар

Айтылды еліміз бар
Қайырмасы:

Иә солай, Иә солай Қазақ жері осындай

Иә солай, Иә солай Қазақ елі осындай





1. Өзіндік пікір (ой, идея);


2. Дәлел;


3. Өз пікірін айғақтайтын мысал;


4. Өз пікіріне қарсы дәлел;


5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал;


6. Қорытынды.


Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,



Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,



Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,



Тағзым жасамай өтпеңдер!


Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда


Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға,



Тағзым жасаймын қырларға!


Шүкірлік етемін қашан да

Осы бір Отанда тұрғанға!



Жазы бар жалынмен жандырған,

Қысы бар аязға қандырған.



Көктемі — балауса, балдырған,

Ал күзі — алып бір ақ қырман,



Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,

Күрең нан жаңа алған тандырдан.



Көлденең көлбеген көкжиек

Қыранның қанатын талдырған.



Каталог: uploads -> doc -> 130a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
130a -> Сабақтың тақырыбы: : Қазақ билері Төле би, Қазбек би, Әйтеке би Мақсаты
130a -> Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесінің түрлері. Мақсаты: 1 білімділік: сөз тіркесінің түрлерін теориялық тұрғыдан игерту
130a -> Еңбекке баулу 3-сынып Барлығы – 68 сағат, аптасына 2 сағаттан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет