Сабақтың тақырыбы: «Дара, дана тұлға»



Дата31.12.2019
өлшемі22,8 Kb.
#54141
түріСабақ
Сабақтың  тақырыбы:          «Дара, дана тұлға».

Сабақтың  мақсаты:   Қонаевтың  қайраткерлік  өмірінен    


мағлұмат  беру.  Өмірде  ұлы  тұлға          
                              болып       қалыптасқан  атамызбен             
балаларды жақын таныстыру.
        
Сабақтың міндеттері : 1.Қонаев  туралы  ой-пікірлерін  арттыру.

2.Ойларын  еркін  жеткізе  білуге  дағдыландыру.

3.«Ұлы  тұлға»  туралы  әңгімелей       
отырып,  балаларды  адамгершілікке,               отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі:       Нақыл  сөздер, суреттер, слайд

Жоспары:
1.  «Қонаев – ұлы  тұлға» (бейнекөрініс).
2.   Өмірбаяны жылдар сөйлейді. 
3.    Көзкөрген замандастарының естеліктері. (көрініс)
4.   Ақындардың арнаған өлеңдері.
5.   Нақыл сөздер . 6. Ойын-сұрақ. «Д.А.Қонаев атамызды білеміз бе»?  Қорытынды.

       Мұғалім: Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол- Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Бабалар әруағына шынайы берілген, халқына сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шыныдай мөлдір, аса білікті адам. Егемендікті алғанда халқының алдында балаша қуанып шығып, адал ойын білдірген «Ту жығылмасын, Туды ұстаған ұл жығылмасын»-деп тәңіріне сыйынып халықпен бірге қуанып, келешекке сенген. «Болашақ жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды»-деген ойын ашып айтты. «Таулар алыстаған сайын асқақтай береді »- деген сөз бар. Ел мен жұртына қадір-қасиетімен танылған адамдар да сондай Айлар алмасып, жылдар көшіп жылжыған сайын олардың даналығы мен даралығы ерекшелене түседі. Елі сағынады, халқы қадір-қасиетін, адамгершілі мен асыл бейнесін асқақтатады. Димаш ата аман блса-115 жасқа толар еді. Бұл күн бәріміздің биік парасат, асыл адамгершілік, азаматтың асқақтық пен халқына деген қамқорлықтың үлгісін таныта білген ұлы адамды сағына еске алатын күніміз

   

І. Жүргізуші: 
Таудың ұлы өссе егер тауға қарап, 
Қазақ жасы Димашқа қарап өскен. 
Күллі әлемде елу жыл ел ағасы, 
Болған бар ма Димаштай ер данасы дей отырып бейнекөрініске назар аударайық

Мұғалім: Осы дара да дана тұлғаның өмірі мен қызметі жайлы жылдар сөйлейді



  • 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген

  • 1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін,

  • 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.

  • 1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болдыі.

  • 1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.

  • 1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.

  • 1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.

  • 1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

  • 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

  • 1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.

  • 1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателік үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды. Мақалалары мен кітаптары

  • 1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары»

  • 1992 жылы – «О моём времени»

  • 1994 жылы - «От Сталина до Горбачёва»

  • 1994 жылы - «Ақиқаттан аттауға болмайды»

Мұғалім: 
Жер жүзіне әйгілі болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тарихтың төрінен орын алатыны даусыз. «Қазағым», «елім» деп өмір сүрген тұлға Димекеңді халық қызмет етіп жүрген кезде де, дүниеден озғаннан кейін де сүйеді. 
Көлден үлкен теңіз бар, 
Елден үлкен неміз бар. 
Халық айтса, қалып айтпайды. Елдің еңсесін тіктеп, етек- жеңін жинауға еңбегі сіңген ұлын халық сүймегенде кім сүйсін?!  Сол халықтың арасында қалған көзкөргендердің естеліктерінен бір үзінді көрініс.

Жүргізуші: Д.А.Қонаев жайлы айтылған ой-пікірлер.

1)  Д. А. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық,ақиқат..Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам.           Н . Назарбаев.
2)Д. А. Қонаев Қазақстан тарихында ірі тұлға болып қалары даусыз.
                                                                          Н.Назарбаев.

3)Д.А.Қонаев өз халқының көрнекті,адал перзенті бола білген адам..Ондай адамдар тарихта көп болғанымен,әрқайсысы қайталанбас жеке тұлға.


                                                                           А. Асқаров.

4)   Өтен кеткен бұл фәниден сан алып,


     Тарих үшін емес олда жаңалық.
     Дінмұхамед – Қонаевтың жай аты,
    Шын аты оның Мейірім мен Даналық.
                                                             Н.Қашағанұлы.  
Мұғалім: 
Қаламымды малып ап жыр жазамын, 
Димаш деген бұлақтың тұнбасына. 
Димаш десем, жанарым нұрға толған, 
Сауыт кеудем патша өлең, жырға толған. Дінмұхамед Қонаевқа арнаған ақындарымыздың өлеңдеріне тоқталып өтсек.

4).1-оқушы Ф. Оңғарсынова

Жүргізуші:


5).Д.Қонаевтың қалдырған нақыл сөздері

•    Адамның жақсы атынан гөрі,жаман атына қаңқу сөз үйір келеді.

 *    Орынсыз жазғырудан жаның күйгенде,
       Жан таппайды екенсің.

•    Әр заманың  өз әні, өз сәні бар.

•    «Биікке шықтым,бірақ халқымнан аласа екенімді ұмытпадым».

     6. Ойын-сұрақ.

  Мұғалім:  

 Біз Қонаевты білеміз бе.?

1.    Д.А.Қонаевтың туған жылы ,айы ?
  Жауап:   1912 жыл 12 қаңтар.

2.Д.А.Қонаев қай қалада дүниеге келген?


  Жауап:  Алматы қаласы.

2.    Д.А.Қонаевтың зайыбының есімі кім?


  Жауап:  Зухра Шәріпқызы.

4. Д.А.Қонаевтың қызыққан ісі? Жауап: қару мен оттық жинау

5.Д.А.Қонаев қанша жасында қайтыс болды?
   Жауап 82 жасқа қараған шағында.

6. Қонаевтың алғашқы бітірген оқу орны?


   Жауап:  1936 жылы Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтын бітірген.

8.Қорытынды:   



Жүргізуші: Оның асқақ рухына мың тағзым... 
Ардақтылар қалар мәңгі Ел есінде, 
Ғасырлар мұхитының белесінде. 
Мәңгілік Димекең де бізбен бірге, 
Мәңгілік «Қазақстан» кемесінде. 
Егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Мұғалім:  Өткендерін ескерген,
Өскендіктің белгісі.
 Өткендерін ұмытқан,
 Өшкендіктің белгісі»,-демекші,өмірден өткен ұлы тұлғаларды ескеріп,еске алу кейінгі ұрпақтардың парызы. Ендеше, балалар,қоғам қайраткері аталарың – Дінмұхамед Қонаевтың ұлыларымызды ұмытпайық!
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет