Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі есім. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата27.12.2016
өлшемі54,47 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дара сан есім туралы оқушылардың ұғымын кеңейту, есептік, реттік, дара, күрделі түрлерін ажырату.

Дамытушылық: Сан есім тақырыбы бойынша есте сақтау қабілетін күшейту, сан есімнің жазылу емлесін практикалық жолмен меңгерту, ой-өрісін кеңейту, танымын арттыра отырып жылдам ойлауға пікірін жеткізе білуге, дұрыс шешім қабылдау білуге мүмкіндік туғызу.

Тәрбиелік: Сандарға қатысты халықтық ұғымдарға мән беру.Оқушыларды әдемі жазуға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап,түсіндіру, талдау.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, дүниетану, информатика.

Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмалары, оқулық, слайд, ҚР карта.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.

.


2. Үй тапсырмасын тексеру.

6-жаттығу. Оқушылардың ребусты шешіп шешуіндегі сөзге қандай әңгіме құрағанына назар аударайық.



3. Жаңа сабақ.

Балалар бүгінгі жаңа сабағымыз саяхат сабағы. Өзіміздің туған жеріміз Аягөз қаласына саяхат жасау барысында «Дара және күрделі сан есім» тақырыбымен танысамыз. Бүгінгі күнді дәптерге жазып алайық. Саяхатта қасиетті өңіріміз Аягөз қаламыздың көрікті жерлерге, тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштеріне саяхаттайық.



  1. Сан есім дегеніміз не? Сан есімнің қандай түрлерін білесіңдер? Сан есімнің сұрақтарын атаңдар?

Құрамына қарай


Дара сан есім Күрделі сан есім

Бір, үш, екеу, алтыншы Алпыс алтыншы, екі мың

он екі, қырық-елу,онға жуық

Тұлғасына қарай


Негізгі сан есім Туынды сан есім

Төрт, бір, қырық Бірінші, алтыншы,

елудей, біреу

Саяхатымыздағы І аялдама «Аягөз қаласы жайында қысқаша мәліметке тоқталайық».



Аягөз ауданы 1928 жылы құрылған. Ауданда 1 кент, 22 ауылдық округ бар.

Халық саны – 74000.



Мәліметтерге сүйеніп кездескен сан есімдерді атайық.


ІІ аялдамағада келіп жеттік. Экранға назар аударындар. Аягөз тарихи тұлғаларының бірі Қасабай батырына арналған кесене. Балалар тәрбие сағатында Қасабай батыр туралы мәліметтермен танысқан болатынбыз.

Қасабай батыр жайлы не білеміз?

Қасабай батыр 1713 жылы Алматы облысында туған. 15 жасынан қазақ-жоңғар соғысына қатысқан.Қасабай батыр Мамырсу өзенінің бойында өткен ірі шайқаста қаза тапқан. Қасабай -халық батыры.

ІІ аялдаманың тапсырмасы: Оқулықтағы 7 жаттығуды орындайық.

ІІІ аялдама. Өлкеміздің махаббат мұрасына қойылған ескерткіш «Қозы көрпеш –Баян сұлу». Ескерткіштін шығу тарихына тоқтала кетейік.

ІІІ аялдаманың тапсырмасы: оқулықтағы 8 жаттығуды орындайық. Дәптермен жұмыс.



4. Сергіту сәті.

Аптаның бірінші күні –

Қыс мезгілінің екінші айы –

Бір жылда қанша ай –

1 метрде неше сантиметр –

Тәуелсіздік күні -


Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.

ІҮ аялдама «Бәйтерек манументі». Мемлекетіміздің рәміздеріне 20 жыл толуына байланысты және Шығыс Қазақстан облысына 80 жылдығына ардагерлер саябағында 2012 жылы биіктігі 13 метр «Бәйтерек» орналасқан.

ІҮ аялдаманың тапсырмасы: оқулықтағы 13-жаттығу орындайық.

Y аялдама «Поровоз». Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай Аягөз станциясының басына «Поровоз» ескерткіші қойылды.

Ү аялдамасының тапсырмасы: оқулықтағы 11-жаттығуды орындау. «Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбына әңгіме құра.

ҮІ аялдама «Абай атындағы саябақ».

ҮІ аялдаманың тапсырмасы: 12-жаттығуды орындайық.

Ойын. Сандар сырын ашайық. 1, 4, 7, 90, 40, 9, 6 берілген сандарды байланыстырып уақытқа мақал-мәтелдер, ұлағатты ұғымдарды тауып жазайық.

5. Сабақты бекіту.

Семантикалық картамен жұмыс.

Сан

Дара

Күрделі

Негізгі

Туынды

Мың сегіз жүз он жеті













бес













Он үш













Елу













Жетеу













Алпыс алты














Тестпен жұмыс.

1. Бір жылда неше ай бар?

А) 7 ә) 12 б) 10

2. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне неше жыл?

А) 22 ә) 20 б) 18

3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

А) 28 ә) 36 б) 42

4. Сан есімнің сұрағын тап.

А) қандай? ә) қанша? Б) кім?

5. Сан есім нені білдіреді?

А) заттың атын ә) заттың сынын б) заттың санын

6. «Мен отбасымда екінші баламын.» Сан есімді тап, сан есімнің қай түріне жатады?

А) есептік ә) реттік б) болжалдық

7. Реттік сан есімнің жұрнағын тап.

А) – ыншы,- інші ә) – ау - еу б) – дан - ден

8. Берілген сөздерден сан есімді тап?

А) Ешкі ә) алпыс тоғыз б) Картоп

9. Болжаулық сан есімді тап?

А) Жүздеген ә) екі-үш б) он бес

10. Адамда неше мүше бар?

А) 10 ә) 15 б) 12

6. Үйге тапсырма. 9-жаттығу және сан есімдерді қатыстырып өзің туралы жазып келу. Бағалау.

ШҚО Аягөз ауданы Бозай аулы



Абаева Гүлжазира Төлеуғазықызы
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет