Сабақтың тақырыбы: Дауысы дәуірмен ұласқан Күні: 30. 09. 2019ж Мұғалімнің аты-жөні: Булекпасова Б. Ш



Дата04.10.2019
өлшемі177,38 Kb.
түріСабақ

63 Мектеп-гимназия

Сабақтың тақырыбы: Дауысы дәуірмен ұласқан


Күні: 30.09.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Булекпасова Б.Ш


Сынып: 10 «В»

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:


Сабаққа қатыспаған оқушы саны:

Оқу сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.3.2.1- ғылыми- көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (интервью) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау;

10.3.1.1- мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді, сөйлем құрастыра алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады :

Сөйлем құрайды, оқиды, мағынасын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Берілген мәтіннен керек мәліметтер таба алады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Орталық Қазақстан жайлы айта алады



Пәнге қатысты сөздік қормен терминдер:

Өлкелік, темір жонушы, сұрғылт жүз, ауыр мінез

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:




Талқылауға арналған сұрақтар:

Сендер «Ғ.Мұстафин жайлы не білесіңдер?

Қандай еңбегін оқыдыңдар?



Не себепті ........ деп ойлайсыз?

Қазақ баласын үлкенді сыйлауға кішкентайынан үйретеді.

ишара:




Алдыңғы оқу

Қарағанды қаласы жайлы айта алады.

Жоспар




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

«Көңіл күйді анықтау» тренингі.

Сабақтың басы.



Сәлемдесу, құрамын түгендеу.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Өткен тақырыптарды еске түсіреді, сұрақтар қояды, қайталатады


Интерактивті тақта, слайдтар,


Сабақтың ортасы

Т6.1.1 Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді



Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын



«Суретті анықта» тәсілін пайдаланып, тақтада сурет беріледі, өзара

байланысын сұрайды:

Сендер «Ғ.Мұстафин жайлы не білесіңдер?

Қандай еңбегін оқыдыңдар?



1. Сөздікпен жұмыс.

Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен, терминдермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушылар қайталайды.



2. Мәтінмен жұмыс.

А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 1-2тапсырманы орындайды. Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, сурет бойынша мәтін құрастырады.



«Қарағанды» романы – 1952 жылы  жарық көрген. Қазақстанда совет өкіметі тұсында  өркендеп дамыған өндірісті, онда жұмысшы  табының туып, қалыптасуын көрсетуге арналған. Автордың өзінің балалық, жастық шағы сол ортада, Қарағаншы жұмысшыларының ішінде өтті. Не білімі, не өндірістік мамандығы жоқ жас жұмысшы Ғабиден өз әріптестерімен бірге үлкен өмір көрді. Онда ол жер қазды, темірдің тотын қырды, токарь , машинист болып істеді. Ағылшындардан қирап, тозып қалған, жабылған Қарағандыны жақсы білді. Оның совет өкіметі тұсында қайта ашылуының куәсі болды. Ескі жұмысшылардың қайта тууы мен жаңа  қосылған ұрпақтың жұмысшылыққа тәрбиеленуін өз көзімен көрді. Сөйтіп оны  жазушының көзімен қайта қарап, үлкен романға арқау етті.

Қарағанды өндірісін игеру ісіне қатысқан орыс, украин жұмысшыларының достық көмегі, индустрияландыру саясатын жүзеге асырып,  республиканың жаңа бейнесін жасаудағы партияның басшылық ролі романның негізгі тақырыптарының бірі.

(Мейрам – партия басшысы,  Шербаков – шахтер, трест бастығы, Ермек, Жанәбіл, Жұманияз, Ардақ, оның әкесі -Әлібек- қазақ жұмысшылары)

Роман оқиғасы 20 –ншы жылдар ішіндегі қазақ жеріндегі таптық тартыстар негізінде өрістейді. Осы тартыс негізінде жазушы ескішіл күштердің мезгілі өтіп күйреуін, жаңа, жас  күштердің жеңісін бейнелейді.



ГрамматикаТәуелдік жалғаудың тәуелденуін қайталау.

Мәтінмен жұмыс. Жазылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-5-6- тапсырмаларды орындайды. Тыңдалым.Жазылым.

Топтық жұмыс.

1-топ «Сары кәмпиттер» Мәтін мазмұны бойынша хронологиялық таблица құрастырады

2-топ «Көк кәмпиттер» Диаграмма жсайды.

3-топ «Қызыл кәмпиттер» Қарамен берілген сөздердің мағынасын ашады.

Мәтінсоңы жұмыс.

!Қарағнды; кеше және бүгін» тақырыбында ой бөліседі, постер қорғайды.


Бекіту: Оқулықтағы 16-тапсырма. «Шығу парағы» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.


Интерактивті тақтада «Қарағанды» жайлы

тақырыпқа қатысты суреттер,


 Ғабиден Мұстафин- өз заманының шындығын жазған жазушы. Оның тілінің  басты ерекшелігі – афоризм сөздерін көп қолданылуы.

Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысының  Тельман ауданында  осы күнгі Теміртау қаласына жақын Жауыр тау – Нұра өзенінің бойындағы Сартөбе деген жерде туған. Спасск қаласындағы орысша-қазақша мектепті 1918 жылы  аяқтайды.

Көптеген  очерк, фельетондар, әңгімелер жазады.

1927 жылы – алғашқы әңгімесі  - «Сәрсен мен Мұқаш» жарық көреді.

1929 жыл – «Ер Шойын» және басқа әңгімелер»  деген  тұңғыш әңгімелер жинағы шығады.

1930 жылы – Қарағандыға келіп, қара жұмысшы болып  жұмыс істейді.

1933 жылы- «Қарағанды пролетариаты» газетінде 1 жыл еңбек етеді.

1934-38 жылдар – Новосибирьде қазақ тілінде «Қызыл ту» газетінде  жұмыс істейді.

1938 жыл – Алматыға келеді

1940 жыл- «Өмір мен өлім» романы шығады. ( Қарағанды кеншілері өмірі туралы)

1945 жыл –«Шығанақ» (Шығанақ Берсиев туралы)  романы шығады.

1948 жыл – «Миллионер» романы жарық көреді ( колхоз құрылысындағы өзгерістер туралы).

1952 жылы - «Қарағанды» романы жеке кітап болып шығады.

1960 жылы – «Дауылдан кейін» романы дүниеге келеді.

Соңғы туындысы - өмірбаяндық  романы – «Көз көргендер».



 



Сабақтың соңы.


Үйге тапсырма: Оқулықтағы 12-тапсырма 53 бет орындау.


.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет