Сабақтың тақырыбы Дененің салмағы. Салмақсыздық. Сілтеме



Дата26.08.2017
өлшемі109,13 Kb.
#28058
түріСабақ
Шілдебаева Айгүл Амангелдіқызы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы

201 орта мектеп-лицейінің



физика пәнінің мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар №16



Сабақтың тақырыбы

Дененің салмағы. Салмақсыздық.



Сілтеме

Жоспар, ғаламтор, Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей.


Жалпы мақсаты


1.Танымдық: Оқушыларға дененің салмағы, салмақсыздық , асқын салмақ туралы білімді өз беттерімен іздену мүмкіндіктері арқылы қалыптастыру, масса мен дененің салмағы шамаларын ажырату, дененің салмағының физикалық мағынасын түсіндіру,

2.Эмоциялық: Сыныптағы ынтымақтастық, ықпалдастық негізінде психологиялық жағымды орта қалыптастыру.

3. Әлеуметтік: Әлеуметтік өзара әрекеттесетін жұмыс түрлерін ұсыну, жұппен жұмыс жасауға , бірлесіп жұмыс жасауға баулу.


Ресурстар

Интерактивті тақта, маркерлер, стикерлер, постерлер, оқулық, бағалау парағы, электрондық оқулық (9 сынып), бейнематериал, АКТ, тапсырмалары бар парақшалар, таныстырылым , смайликтер.




Күтілетін нәтиже

Оқушылар дененің салмағы , асқын салмақ, салмақсыздық туралы толық мәліметті біледі, формулаларды қорытады, есеп шығарады .





Негізгі идеялар

Дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады.Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын асқын салмақ деп атайды.




Дереккөз

1.Б.М. Дүйсембаев, Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова, Н.Бекбасар «Физика және астрономия 9сынып» Алматы «Мектеп» 2009ж

2. А.П.Рымкеевич. Физика есептерінің жинағы, Алматы «Мектеп» баспасы, 2012

3. Б.А. Кронгарт,С.М. Тезекеев Физика және астрономия. Есептер жинағы. 9сынып

Алматы, «Мектеп» 2009


Әдістер

Сергіту.


«Миға шабуыл»

«Ойлан, жұптас, бөліс»




Бағалау.



Топтық жұмыс. Екі жұлдыз, бір тілек.

Жұптық жұмыс. Ауызша мадақтау.

Жеке жұмыс. Өзін-өзі бағалау парағы.

Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді (1-кесте).





Тапсырмалар


1.Миға шабуыл ( Бейнематериалдар арқылы)
2.Топтық жұмыс ( Мәтінмен танысу)
3.Жұптық жұмыс ( Физикалық диктант)
4.Жеке тапсырма (Деңгейлік тапсырмалар)


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады) :





Сабақ кезеңдері


Әдістер


Мұғалімнің іс- әрекеті


Оқушының іс- әрекеті


1


Ұйымдастыру кезеңі

(3 минут)


Сергіту «Көңілді жаттығулар» биі.

«Топқа бөліну».

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, зейінін сабаққа аудару.


«Салмақ», «салмақсыздық», «асқын салмақ» сөздері жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлу.

Оқушылар сергіту жаттығуын орындайды.

Оқушылар парақшаны таңдау арқылы үш топқа бөлінеді.




2


Үй тапсырмасын сұрау

(4 минут)


Ашық және жабық сұрақтар
Күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы.

Өткен материалды ойға салу мақсатында ашық және жабық сұрақтар арқылы толығырақ жауап беруге итермелеу.




Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.





3


Қызығушылығын ояту. (4 минут)


«Миға шабуыл». Электрондық оқулықтан бейнематериал көрсетіледі.

Бейнематериалды зейін салып көре отырып , төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

1 . Бейнематериалдан не туралы көрсетілді?

2. Негізгі мәні , айтар ойы неде?

3. Бұл бейнематериал неліктен көрсетілді деп ойлайсыз?

Оқушылар бейнематериалды көре отырып, қойылған сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашады.




4




Мағынаны тану.

(18 минут)



Топтық жұмыс.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Жұптық жұмыс.

«Физикалық диктант»



Топ мүшелеріне мәтінмен танысуға тапсырма беріледі.


Сіздің тобыңызда 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:Топ мүшелері өз қызметтерін орындайды.

Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді.



Топ спикерлер қорғайды.

Тапсырмалары бар парақшалар таратып беру.



Топтағы оқушылар алдымен өздері оқып шығады, жұппен талдайды, топта талқылайды. Мәтіннің мазмұнын ашады.

Мәтінмен танысып, постерге өз ойларын жазып, қорғайды.

Оқушылар жұппен физикалық диктантты орындайды.





5


Ой толғаныс.

(9 минут).


Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

Тапсырмалары бар парақшаны тарату.


Жұмысты тексеру,

критерийлер бойынша бағалау .


Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды.





6


Қорытынды

(4 минут)

Кері байланыс

(3 минут)




«Маған не қиын болды, не оңай болды?»

«Дененің салмағы. Салмақсыздық» тақырыбындағы таныстырылым арқылы қортындылаймын.





Оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойларын стикерге жазып , кестеге жапсырады.



7




Үй тапсырмасы.
Кейінгі тапсырмалар.

Дененің салмағы. Салмақсыздық. 15 - жаттығу (1-4)





Кейінгі оқу.

1. Ғаламтордан дененің салмағы, салмақсыздық күйіне байланысты аннимациялар, бейнематериалдар іздеу.

2. Реферат. Дененің салмағы. Салмақсыздық

РРРРРр




  1. Үй тапсырмасын тексеруге қойылатын ашық және жабық сұрақтар:

1.Бір дененің екінші денеге әсері қалай байқалады?

2.Серпімділік күші қандай жағдайда пайда болады? Ол қалай қарай бағытталған?

3.Ньютонның І, ІІ, ІІІ заңын тұжырымдаңдар.

4.Серпімділік күшінің пайда болу себебін түсіндіріңдер.

5.Үйкеліс не себептен пайда болады?

6.Үйкелісті қалай арттыруға, қалай азайтуға болады?

7.Күнделікті өмірде өздеріңе үйкелістің қандай түрлері жиі кездеседі? Айналаларыңа қараңдар, үйкелістің пайдалы әсерін байқай алдыңдар ма?

8. Автомашиналардың доңғалақтарын не себепті бедерлі етіп жасайды?

9. Неліктен жүргізуші жауын-шашын күндері , көк тайғақта , қоңыр күзде көлікті жүргізу кезінде аса абай болуы керек?


  1. Физикалық диктант.

Салмақ және ауырлық күші – бұл екі түрлі күш, олар әр түрлі денелерге түсірілген және бірдей болмауы мүмкін. Дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тіреуге немесе аспаға әсер ететін күші дененің салмағы деп аталады. Дене вертикаль бойымен жоғары үдемелі қозғалғанда оның салмағы ma- ға артады. Яғни дененің вертикаль бойымен жоғары үдемелі қозғалысы нәтижесінде оның салмағының артуын асқын салмақ деп атайды. Зымыран қозғалысының қарқынды бөлігінде ғарышкерлер асқын салмаққа ұшырайды. Лифт үдеумен қозғалғанда , оның бастапқы көтерілу кезінде жолаушылар асқын салмақты сезінеді. Алайда бұл асқын салмақтың шамасы және біліну уақыты өте аз болады. Ұшақты тік шүйілуден алып шығарда ұшқыш та асқын салмаққа тап болады.

Дене вертикаль төмен қарай үдемелі қозғалғанда оның салмағы ma- ға азаяды . Мысалы ғарыш кемемен орбиталық ұшу кезінде ғарышкерлер және оны қоршаған заттар салмақсыздық күйге түседі. Дененің тіреумен өзара әсерлесуі болмайтын күйін салмақсыздық күй деп атайды, яғни дененің салмағы нөлге тең болғандағы күй. Р =0

Мысалы,тұғырдан суға секіргенде, лифтімен төмен түсе бастаған мезетте, жоғары қарай секірген кезде бір сәт салмақсыздық күйде болады.

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей.

1. Асқын салмақ қай уақытта пайда болады? Өздерің асқын салмақты сезінген кездерің болды ма ? Қашан? (1 ұпай)

2. Салмақсыздық деген не және ол қай уақытта пайда болады? Өздерің салмақсыздық күйге түсіп көрдіңдер ме? (1 ұпай)

3.Жүгіріп бара жатқан адам асқын салмақ және салмақсыздық күйлерін сезіне ме? (1 ұпай)

ІІ деңгей

1. Салмақсыздық күйінде адам ағзасының қандай қызметтері өзгереді деп ойлайсыңдар? (2 ұпай)

(Салмақсыздық күйінде адам кеңістікте жол таба алмайды, ол тепе - теңдік, көру, сезу, бұлшық ет сезімталдығының бұзылуының себебінен болады. Адам құлап баратқандай немесе жоғарыдан төменге ұшып баратқандай сезінеді. Сонымен бірге, адамның қаны да салмақсыздық күйінде болады. Салдарынан қан айналымы бұзылып, қан астыңғы бөліктен үстіне ұмтылады. Реттеу механизмдері іске қосылып, қан айналымына қатысатын қан мөлшері азаяды. Бүйрек суды жоғары көлемде шығара бастайды. Шөлдеу сезімі азаяды. Сүйек пен бұлшық еттің салмағы азайғандықтан ғарышта адам жүрмейді, жүзіп жүрген секілді болады. Сондықтан, ғарышкерлерді ұшпастан бұрын арнайы дайындықтан өткізеді.)

2.Жер бетінен тік жоғары 20 м/с2 үдеумен көтерілген ғарыш зымыранының ішіндегі массасы 80 кг ғарышкердің салмағы неге тең ?() (2 ұпай)



ІІІ деңгей
1. Останкино телемұнарасының лифті 15с ішінде 7 м/с жылдамдыққа үдетіледі. Қозғалыстың соңындағы массасы 80 кг адам салмағының өзгерісі () (3 ұпай)

2. Қисықтық радиусы 100 м дөңес көпірдің үстімен 72 км/сағ жылдамдықпен өткен, массасы 2 т автомобиль салмағының өзгерісі неге тең? (3 ұпай)



Критерийлер бойынша бағалау.
4-5 ұпай – «3»

8-10 ұпай – «4»

11-13 ұпай – «5»

Рефлексия.
Сабақта мақсатыма жете алдым ба _______________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Сабақтың тиімді жақтары ________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Тиімсіз болған жақтары ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Келесі сабақта нені ескеру қажет ______________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет