Сабақтың тақырыбы: Дыбыстарды қайталау Сабақтың мақсаты



Дата25.06.2017
өлшемі58,47 Kb.
#19933
түріСабақ
Гимназиы сыныптары бар

Жоспар

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстарды қайталау

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Фонетика саласы негізінде алған білімдерін еске түсіріп,

пысықтау,тиянақтау, дұрыс сөйлей білуге, сауатты жаза

білуге үйрету;



  1. Тәрбиелігі: Ана тілінің қадір-қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге,

тапқырлыққа баулу, оқушыны шапшаңдыққа,

жауапкершілікке тәрбиелеу;



  1. Дамытушылығы: Дыбыстардың жіктелуін математикалық тәсілмен

талдау арқылы сауаттылығын, тілі байлықтарын

дамыту, жылдам ойлау, уақытты тиімді пайдалануға

дағдыландыру.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Қайталау,сатылай кешені талдау.Венн диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі:Сызба

Пәнаралық байланыс: математика пәні

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу.

ІІ.Кіріспе бөлім: Мұғалімнің кіріспе сөзі.

а) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау

ә) Сынып екі топқа бөлінеді.

Оқушы зейінін мына өлең жолдары арқылы сабаққа аудару.

Қазақ тілі!

Ол менің ана тілім.

Ләззат –қуат

Сөйлесем табатыным

Тізілтіп сөз маржанын

жазғанымда,

Білем анық бағымның

Жанатынын , - дегендей , балалар, бүгінгі сабағымызда қазақ тілі пәнінен дыбыстардан алған білімді пысықтаймыз .Өздерің оқып жатқан қандай пән болмасын тілден бастау алады.Тілдің көрінісі – сөз болатын болса,сөздің өзі кішкене бөлшектерден, яғни дыбыстар мен әріптерден тұрады.

Оқушылар – Дыбыс нешеге бөлінеді?


  • Екі топқа

  • Қандай?

  • Дауысты, дауыссыз.

  • Дұрыс,олай болса бізде екі топқа бөлініп, «Дауысты, дауыссыз» болып сұрақтарға жауап береміз.

Сұрақтар: «Дауысты» тобына:

1.Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады. (Фонетика )

2.Тілдегі дыбыстар таңбасы не? (әріп )

3.Рет-ретімен берілген әріптер тізбегі не? (Әліпби)

4.Айтылатын және естілетін не? (Дыбыс )

5.Өкпеден шыққан ауаның қуысында кедергіге ұшырамай айтылуынан пайда болған дыбыс қай дыбыс? (Дауысты)



«Дауыссыздар» тобына сұрақтар:

1.Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? Ашық, қысаң.

2.Ерін мен езудің қатысына қарай қалай бөлінеді?

3.Тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?

4.Дауысты дыбыс дегеніміз не?

5.Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?



ІІІ. Фонетикалық сатылай кешенді талдау

Ал, енді дыбыстарға сатылай кешенді талдау бойынша дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме бере аламыз ба?

Олай болса «Дыбыс» сөзіне математикалық тәсілмен мінездеме беруді үйретемін.

Берілгені: «Дыбыс» 0=/∆

Шешуі: Дыбыс 5 о = 2(ы)/ 3∆ (д,б,с)

- дауысты дыбыс

1) Тілдің қатысына қарай:

2=2(ы) жуан /  Ø

2) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай:

2= 2(ы)  жуан /  Ø

3) Ерін мен езу дәрежесіне қарай:

2 =  Ø / 2(ы) езулік;

∆-дауыссыз дыбыс.

3∆ = 1∆ (с)қатаң + 2∆ (б,д) ∆ ұяң / ∆ Ø;



IV. Жаттығу жұмысын жүргізу.

Жақсы ,балалар, олай болса, дыбыстарға математиалық тәсілмен мінездеме беру түсінікті болса, оқулығымыздың 99-бетіндегі 235-жаттығудағы метаграммаларды шешіп, жасырын сөздерді тауып, екі сөзіне математикалық тәсілмен мінездеме берейікші.

Егер Т-дан бастасаң,

Биіктердің биігі.

Егер Д-дан бастасаң,

Қиындардың қиыны.

Екеуін де алып тастасаң,

Балықшының бұйымы. (Тау, Дау,Ау)

Оқушыларға «Дау, Тау» сөздеріне математикалық тәсілмен мінезлдеме беру тапсырылады. Тақтаға 2 оқушы бір оқушы дауысты дыбыстарға, екінші оқушы дауыссыз дыбыстарға талдау жасайды.

V. Сабақты бекіту.

Сабақ Венн диаграммасы арқылы бекітіледі.



Дауысты дыбыстар Ортақ қасиеті Дауыссыз дыбыстар



VІ. Үйге тапсырма беру.

Оқушыларға өз есімдеріндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру тапсырылады.



VІІ. Оқушыларды бағалау.

С.Мұқашев атындағы №16 орта мектеп



Тақырыбы: Дыбыстарды қайталау

Өткізген: Баймансова Индира Асылбекқызы,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Ақтау қаласы – 2013 жыл
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет