Сабақтың тақырыбы: Диктант. «Аса білімді адам»



Дата11.01.2017
өлшемі107,62 Kb.
#7334
түріСабақ
Пән атауы: қазақ тілі

Өткізілетін класы: 5

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Диктант. «Аса білімді адам»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімдерін қадағалау, бақылау

Дамытушылық. Оқушылардың сауатты да, мәнерлеп, көркем жазуын дамыту, жетілдіру

Тәрбиелік. Оқушыларды елін, жерін сүюге, қазақ ақын – жазушыларын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдіс – тәсілі: баяндау, мәнерлеп оқу, әдемі жазғызу

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Оқушылардың қатысымын, тәртібін, дайындығын қадағалау

Жаңа сабақты меңгерту

Мәтінді мәнерлеп оқу

Түсініксіз сөздерге түсінік беру

Аса білімді адам

Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі тарихында А.Байтұрсыновтың да орны сондай.

А.Байтұрсыновтың артында қалдырған бай мұрасына қарағанда, оны жоғары оқу орнын бітірген адам деп ойлауға болады. Шындығында, ол екі – ақ оқу орнында оқыған. Бірі – Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесі. Екіншісі – Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын қазақ мектебі. Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалім болып бастайды. Ол қазақ балаларының өз тілінде сауат ашуына арнап тұңғыш әліппе жазады. Оны 1912 жылы Орынбор қаласында бастырып шығарады. Осыдан кейін қазақ тілін мектепке пән ретінде оқытуды қолға алып, оқулық жазуға кіріседі. 1915 жылы «Тіл құрал» деп аталатын оқулығы жарық көрді.

(97 сөз) Ө. Айтбаев

Сабақты қорыту



  • Мәтін бойынша сұрақ қою

  • Мәтіннен түсінгенін сұрау


Пән атауы:

Өткізілетін класы: 5

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Лексика бойынша білімін тереңдете отырып, жазу мәнерімен қоса, жазу сауаттылығын дамыту

Дамытушылық. Ой ұшқырлығы мен қатар сөйлеу мәдениетін дамыту

Тәрбиелік. Әдемі, түсінікті, анық та, қанық, өз орнымен сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдіс – тәсілі: баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа қатысымын, дайындығын, тәртібін қадағалау.



Үй тапсырмасын тексеру.

Лексика дегеніміз не? Ережелер сұрау

40 – жаттығу жұмысын тексеру.

Жаңа сабақты меңгерту

Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады. Тура мағына әр заттың өзіне ғана тән жеке мағынасы болып табылады. Мысалы: жер деген заттарды атаса, биік, жылы, жақсы дегендер сапаны, ал бару, салу, оқу дегендер қимылды атайды.

Сөздер әрқашан тура мағынада айтыла бермейді. Сөздің тура мағынасы негізінде туып, өрбіген, жалпы көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады.

Тіл сөзінің бастапқы тура мағынасы – адамның баста орналасқан дене мүшесі.Ауыспалы мағынасы – ана тілі, орыс тілі дегендердегі мағынасы.



Оқулықпен жұмыс

41 – жаттығу.

Бет адамның беті ( тура мағ)

кітаптың беті ( ауыспалы мағ)

құлақ, қабырға, дүние, кілт, ақ, өту, келу, терең сөздерінің де ауыспалы мағынасын жазып, тіркес жасаңдар

43 – жаттығу.



  • Мәтінді мәнерлеп оқу

  • Шешеннің сөзін өз сөздеріңмен айтыңдар

  • Мәтіндегі «сөз» қандай мағынаны білдіріп тұр?

Сабақты қорытындылау

1. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір

2. Ұқсастығын атап айтып бер?

3. Айырмашылығы бар ма?



Үй тапсырмасы

42 – жаттығу.

Өлеңді көшіріп жазып, ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздердің астын сызып, мағынасын ашу

Ережені жаттау



Оқушыларды бағалау

Пән атауы:

Өткізілетін класы:

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ана тілінің қызметін ұғындыру

Дамытушылық. Ойлау қабілетін, тіл байлығын, тіл туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорын байыту

Тәрбиелік. Ана тілі туралы мақал – мәтелдер, нақыл сөздер арқылы өз ана тілін қадірлеуге, құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс – тәсілі: баяндау, түсіндіру, мәтін құрастыру

Сабақтың көрнекілігі: Сызба, кесте, оқулық, мақал – мәтелдер жинағы

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

І. Оқушылардың сабаққа қатысымын, тәртібін қадағалау

ІІ. «Жазғы демалыс күндерінде» мәтін құрастыру, әңгіме жазу

ІІІ. Қайталау сұрақтары



Жаңа сабақ

Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қарым – қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айырылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалған.Тіл ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуға тиіс.

Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді?!Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман.Жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі.Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан да артық.Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге, қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне – бірі қисындап, жалғасатын дағдысын білу керек.

Жаңа сабақты игерту:

1 - жаттығу. Оқып, тілдің қасиеті мен қадірін түсіндіруін талап ету.

3 - жаттығу. Рөлге бөліп оқыту.

4 - жаттығу. Тілдің қызметі туралы айтыңдар

Қосымша тапсырма: Мектеп, ұстаз, тәлім, көңілді, табиғат, шырайлы, жер сөздерін пайдалана отырып, сөйлем құрау.



Жаңа сабақты бекіту.

Ауызша сөйлеу тілі мен жазба тілдің өзіндік ерекшеліктері бар ма?

Ана тілінің қызметі қандай?

Күнделікті өмірде қолданып жүрген сөздер қай тіл тобына жатады?

Жазба тілге не жатқызар едіңдер?

Диалог пен монологты қай тіл тобына жатқызар едіңдер?



Үйге тапсырма беру. «Тілі жоғалса, халық та жоғалады» деген тақырыпта мәтін құрау

Бағалау:

Пән атауы:

Өткізілетін класы:

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Әдеби тіл туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Әдеби тіл – сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл екенін ұғындыру

Дамытушылық. Әдеби тіл туралы біліктілігін дамыта отырып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру

Тәрбиелік. Адамгершілік қасиеттерді бойға жиюға, ана тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: баяндау, түсіндіру, жаттығу жұмыстары, жеке тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: Әдеби тіл және оның нормалары сызба, нақыл сөздер жинағы

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

І. Оқушылардың сабаққа қатысымын, тәртібін қадағалап, дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру



Жаңа сабақ

Қазақ тілінде « әдеби » сөзі «әдеп» сөзінің негізінде жасалған. Ол «сөз әдебі» дегенді білдіреді.

Әдеби тіл – сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл.Ол сол халықтың бәріне бірдей ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеді.

Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді: ауызша тіл және жазбаша тіл

Ауызша тіл – сабақты түсіндіру, баяндау, оқушылардың сұраққа жауап беруі, театрдағы актерлардың сөзі мен теледидарда көрсетіліп жатқан актерлардың монологы (диалогы) жатады.

Жазбаша тілге: көркем әдебиет, журналдар мен газеттердегі мақалалар, кітапта берілген мәтіндер жатады.



Жаңа сабақты меңгеру жаттығулары

5 - жаттығу. Оқып, тыныс белгілерін қою.

7 – жаттығу. Мәтінді оқып, оның әдеби тіл нормасына жататын, жатпайтынын анықтау.

Қосымша жаттығу: Тіл туралы мақал – мәтелдерді жазу.

Диалог құрып, оны оқу.

Жаңа сабақты бекіту

1.Әдеби тілдің анықтамасы?

2.Әдеби тіл неше формада келеді?

3.Жазба тіл дегеніміз не?

4.Ауызша тіл қай кезде туады?

5.Жазбаша тілге нені жатқыза алар едіңдер?



Үй тапсырмасы

«Тіл құдіреті» тақырыбында шығарма жазу



Бағалау

Пән атауы:

Өткізілетін класы:

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Мәтін түсінігін қалыптастырумен қатар, сауатты жазу, өз ойын жеткізе білуін қадағалау.

Дамытушылық. Ой ұшқырлығы мен қатар сөйлеу мәдениетін дамыту

Тәрбиелік. Әдемі, түсінікті, анық та, қанық, өз орнымен сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдіс – тәсілі: баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. Амандасып, оқушыларды түгендеу мен қатар дайындықтарын қадағалау.



Үй тапсырмасын сұрау.

1.Әдеби тіл баплық халыққа ортақ па?

2.Әдеби тілдің неше түрі бар?

3.Тіл қандай қызмет атқарады?

4.Жазбаша тілге не жатады?

5.Ауызша тілге мысал келтір?



Жаңа сабақ

Мәтін – байланысу, бірігу деген мағынаны білдіреді.Яғни мәтін бір тұтас ойды білдіреді.Ол сөйлегенде де, жазғанда да пайда болады.Мәтіннің тақырыбы болады, соған байланысты құралады.Сонымен қатар ол сөздерден, сөйлемдерден, жаңа жолдардан құралып, оқиға хабарланады.



Жаңа сабақты игерту

  1. - жаттығу. Мәтінді оқып, әрбір сөйлемнің саны мен абзацтарын анықтау

  2. - жаттығу. Сөздер берілген, сол сөздерді пайдалана отырып, шағын мәтін құрыңдар



  1. – жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініп, мәтінге ат қойыңдар.

Қосымша тапсырмалар:

Әрбір екі оқушыға ортақ бір суреттен таратып, сол суретке шағын әңгіме құрғызу.Бір оқушы жазса, қасындағы парталасы оған ат қоюын, сөйлемдер санын сұрау.



Жаңа сабақты бекіту

1.Мәтін дегеніміз не?

2.Бір мәтінде бірнеше ой бола ма?

3.Бір ғана абзацтан тұратын мәтін бола ма?

4.Әңгімелесу, сөйлесуді мәтінге жатқыза аламызба?

5.Мәтін қандай жағдайда пайда болады?



Үйге тапсырма

Көркем әдебиеттен бір тарауын алып, оның неше абзацтан тұратынын, қанша сөйлем қатысқанын айқындап, әрбір абзацқа ат қою.



Бағалау

Пән атауы:

Өткізілетін класы:

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Лексика.Сөз бен мағына

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларға сөздің мағынадан ерекшелігін ұғындырып, білімділіктерін арттыру

Дамытушылық. Оқуылардың ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік. Білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдіс – тәсілі: баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Амандасып, сабаққа қатысымын қадағалау.



Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ

Лексика – белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.Сөздер заттар мен құбылыстардың аты, саны мен сапасы, қимыл – әрекеті сияқты алуан түрлі мағынаны білдіреді.Дыбыстар тіркесінде мағына болмаса, сөз де болмайды.Сөз мағынамен тығыз байланысты.Дыбысталу – сөздің сыртқы қабығы, мағына – сөздің ішкі мазмұны.Бірақ тілде мағынасын жоғалтқан сөздер де кездеседі.Мысалы; үшін, дейін, таман деген сөздердің нақты мағыналары осы күнде жоғалған, жеке тұрғанда ешбір мағына бермейді.

Жаңа сабақты меңгеру

30 – жаттығу. Мәтіннен толық және толық емес мағыналы сөздерді ажыратып жазыңдар

31 – жаттығу. «Ана тілі» өлеңін мәнерлеп оқыңдар

32 – жаттығу. Берілген сөздердің ішінен лексикалық мағынаға ие сөздерді теріп жазыңдар

33 – жаттығу. Берілген сөздерді қолдана отырып, лексикалық мағынаға ие сөздер тізбегін жазғызу.

Үлгі: саналы – сан, ас, ала, асыл, лас, ана, сана



Жаңа сабақты бекіту

37 – жаттығу. Мағынасы жоқ, яғни лексикалық мағынаға ие бола алмайтын сөздер қатарын тізіңдер



Үйге тапсырма

29 – жаттығу. Мағынасы бар және мағынасы жоқ сөздерді екі бағанға жазып келіңдер.



Бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0e5f
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e5f -> Сабақтың барысы: I. Сәлемдесу Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды күніміз Жарқырайды даламыз


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет