Сабақтың тақырыбы: «Динамика негіздері»



Дата13.08.2017
өлшемі270,2 Kb.
түріСабақ

9-сынып

Физика

«Дәмді орта мектебі» ММ

Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Дәмді а.

Байгенжина Динара Егеубайқызы



Физика пәнінің мұғалімі




Сабақтың тақырыбы:

«Динамика негіздері» тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушылардың тарау бойнша алған білімдерін жинақтау, білімді игеру деңгейлерін бағалау;

Дамытушылық: оқушылардың осы тарауда нені білді,алған білімдерін есте сақтау мақсатында ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: шапшандыққа, жинақылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Сабақтың типі:

Қайталау сабағы

Сабақтың түрі:

сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, тапсырма парақтар

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сайыс кезеңдері

  1. «Қарлы кесек?» ойыны

  2. «Кім жүйрік?» деңгейлік тапсырма

  3. «Кім жылдам?» (формуланы толықтыр)

  4. Ойлан-тап (постермен жұмыс)

  5. Рольдік ойын (мұғалім, дәрігер,инженер)

  6. Тест




  1. Қорытынды

  2. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен қарым-қатынас орнату. Интерактивті тақта арқылы слайдтар көрсету /сабақтың кезеңдерімен таныстыру/.

Шаттық шеңбер құрып, гүлдер таңдайды жылы лебіздерін білдіреді.

  1. Сынып суреттер (зымыран, ұшақ, автомобиль) арқылы топқа бөлінеді.

  2. Сайыс кезеңдерін атап өту.

Сайыстың кезеңдері:

  1. «Қарлы кесек?» ойыны

  2. «Кім жүйрік?» деңгейлік тапсырма

  3. «Кім жылдам?» (формуланы толықтыр)

  4. Ойлан-тап (постермен жұмыс)

  5. Рольдік ойын (мұғалім, дәрігер,инженер)

  6. Тест

  7. Қорытындылау, бағалау

1-тапсырма: «Қарлы кесек?» ойынында әр топ берілген тапсырма бойынша сұрақ қойып, келесі топқа беріледі, ауызша жауап тыңдалады.

1-топ: «Күш»

2-топ: «Масса»

3-топ: «Дененің салмағы»


Әр топ өзара бағалайды
2-тапсырма: «Кім жүйрік?» / есептер шығару/


1-топ

  1. Массасы 2т автомобиль орнынан қозғалып, 10 ішінде 100 м жол жүрді. Тарту күшін табыңдар. /4 кН/

  1. 50мН күш әсер еткенде дене 0,2 м/с2 үдеу алады. Егер дене тыныштық қалпынан 30 түзусызықты қозғалса, онда оның орын ауыстыру қандай болады? /90м/

2-топ

  1. Массасы 0,5 кг доп 0,02с уақытқа созылған соққыдан 10м/c жылдамдық алады. Соққының орташа күшін табыңдар. /250 Н/

  1. Қатаңдығы 105 Н/м болатын тіркеу тросымен массасы 2т автомобильді 0,5 м/с2 үдеумен сүйресе, трос қаншаға ұзарады? Үйкеліс ескерілмейді. /0,01м/

3-топ

  1. Массасы 2т автомобильтас жолмен бірқалыпты қозғалып барады.Егер дөңгелектерге әрекет ететінкедергі коэффициенті 0,02 тең болса, автомобильдің тарту күші қандай? /0,4 кН/

  1. Массасы 2 кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен горизонталь ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты үйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,3 тең болса, серіппенің ұзаруын табыңдар. /0,06м/

Әр топ өзара бағалайды







3-тапсырма: «Кім жылдам?» (формуланы толықтыр)
1-топ: а) Fa= m … ә) …= µN
2-топ: а) а =  ә) …= ma
3-топ: а) Fa= m … ә) … = 
Әр топ өзара бағалайды





4-тапсырма: Ойлан-тап (постермен жұмыс)
1-топ: Ньтонның 1-ші заңы

2-топ: Ньтонның 2-ші заңы

3-топ: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
Әр топ өзара бағалайды (бағдаршам арқылы)





5-тапсырма: Рольдік ойын (денелердің Жерге тартылу күші туралы)
1-топ: Мұғалім /балалар «мұғалім» болып сөйлейді/

2-топ: Дәрігер

3-топ: Ғалым
Әр топ өзара бағалайды (бармақпен)





6-тапсырма: Тест жұмысы
1-топ:

  1. Денеге әсер етуші барлық күштердің тең әсерлі күш нөльге тең болғанда дене қалай қозғалады?

А/дененің жылдамдығы артады;

В/дененің жылдамдығы кемиді;

С/ дененің жылдамдығы нөльге тең;

Д/ денеге әсер етуші барлық күштердің тең әсерлі күші нөльге тең болғанда дене тұрақты жылдамдықпен қозғалады;

Е/ дененің жылдамдығы нөльге тең емес, уақыт аралығында өзгеріп отырады.


  1. Күш моменті физикалық шама, ол неге тең?

А/ дененің массасы мен оның жылдамдығының көбейтіндісіне;

В/күш пен иінің көбейтіндісіне тең;

С/күш пен бұл күштің әсер ететін уақытының көбейтіндісіне тең;

Д/ күш пен жылдамдығының көбейтіндісіне тең ;

Е/күш пен дененің үдеуінің көбейтіндісіне тең.


  1. Жоғары қарай 1 м/с2 үдеумен қозғалып бара жатқан лифтіде массасы 70 кг адам тұр. Адамға әсер етуші тең әcерлі күштің мәні және бағыты?

А/ 770 Н; В/ 700 Н; С/ 630 Н; Д/ 675 Н; Е/ 725 Н.

  1. Дененің жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші

А/ дененің массасы;

В/ дененің үдеуі;

С/дененің жылдамдығы;

Д/дененің салмағы;

Е/ дененің импульсі


  1. Ньютонның екінші заңы:

А/ денелердің бір-біріне әрекет ету күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары бойынша қарама-қарсы;

В/басқа денелермен өзара әрекеттеспейтін барлық денелер тыныштық күйін сақтайтындай немесе бірқалыпты және түзусызықты қозғалатындай инерциялық санақ жүйелері болады.

С/ денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал және оның массасына кері пропорционал.

Д/екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.

Е/бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық.

2-топ:


  1. Қандай жағдайда қозғалыстағы дененің салмағы тыныштық күйіндегі салмағынан аз болады?

А/дене бірқалыпты жоғары қозғалғанда;

В/ дене бірқалыпты үдеумен жоғары қозғалғанда;

С/ дене жоғары қарай үдеумен қозғалғанда;

Д/ дене бірқалыпты төмен қозғалғанда;

Е/ дене бірқалыпты үдеумен төмен қозғалғанда.


  1. Серпімділік күші дегеніміз не?

А/Жердің центріне бағытталған жерге тарту күші;

В/бағыты денелерді қосатын сызықтар бойымен бағытталған, денелердің өзара тартылыс күші;

С/дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш;

Д/денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күш;

Е/тіректің денеге әрекет ететін күш.


  1. Массасы 1кг денені Жер бетінен 3м/с2 үдеумен жоғар көтеру үшін жұмсалатын күш?

А/ 13 Н; В/ 33 Н; С/ 10 Н; Д/ 30 Н; Е/ 7 Н.

  1. Дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын физикалық шама...

А/ дененің массасы;

В/ дененің үдеуі;

С/дененің жылдамдығы;

Д/дененің күші;

Е/ дененің импульсі


  1. Ньютонның бірінші заңы:

А/ денелердің бір-біріне әрекет ету күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары бойынша қарама-қарсы;

В/басқа денелермен өзара әрекеттеспейтін барлық денелер тыныштық күйін сақтайтындай немесе бірқалыпты және түзусызықты қозғалатындай инерциялық санақ жүйелері болады.

С/ денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал және оның массасына кері пропорционал.

Д/екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.

Е/бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық.

3-топ:


  1. Лифтімен байланысқан санақ жүйесін инерциал деп санауға болад, егер

А/лифт еркінтүссе;

В/лифт бірқалыпсыз жоғары қозғалса;

С/ лифт үдеумен төмен қозғалса;

Д/ лифт бірқалыпты төмен қозғалса;

Е/ лифт баяу жоғары қозғалса.


  1. Үйкеліс күші дегеніміз не?

А/Жердің центріне бағытталған жерге тарту күші;

В/бағыты денелерді қосатын сызықтар бойымен бағытталған, денелердің өзара тартылыс күші;

С/дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш;

Д/денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күш;

Е/тіректің денеге әрекет ететін күш.


  1. Рычагке әсер етуші күш 5Н. Күш иіні 0,4 м болса, күш моменті неге тең?

А/ 5 Нм; В/ 2 Нм; С/ 0,4 Нм; Д/ 20 Нм; Е/ 0,16 Нм.

  1. Дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті ..

А/ дененің уақыты;

В/ дененің үдеуі;

С/дененің жылдамдығы;

Д/дененің инерттілігі;

Е/ дененің импульсі


  1. Ньютонның үшінші заңы:

А/ денелердің бір-біріне әрекет ету күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары бойынша қарама-қарсы;

В/басқа денелермен өзара әрекеттеспейтін барлық денелер тыныштық күйін сақтайтындай немесе бірқалыпты және түзусызықты қозғалатындай инерциялық санақ жүйелері болады.

С/ денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал және оның массасына кері пропорционал.

Д/екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.



Е/бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық.

Бағалау критерийлері

Бағалау парағы

Үй тапсырмасы

2-тарау қайталау, Исаак Ньютонның жұмыстары (эссе жазу)

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет