Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлының өмір жолы мен шығармашылығы



Дата06.11.2016
өлшемі46,83 Kb.
#1128
түріСабақ
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10 б Пән мұғалімі: Нұғманова В.М.
Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлының өмір жолы мен шығармашылығы 
Сабақтың мақсаты: Білімділік: ХІХ ғасырдағы тарихи жағдай, зар заман ақындары жайлы алған білімдерін тереңдету, Д.Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру, өлең мазмұнымен таныстыру Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ата-баба мұраларын қадірлеп, сақтай білуге, елін, жерін қорғай білетін отанының птриот азаматы болып өсуге тәрбиелеу Дамытушылық: Оқушы ойын, дүниетанымын, сөздік қорын, рухани ішкі жан дүниесін дамыту
Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері:Баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ХIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау Берілген тақырыптар бойынша сұралады.
1. ХIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиеттің ерекшеліктері жайында.
2. Қазақ елінің саяси жағдайын сипаттап айт.
3. Романтизм деген не?
ІV. Жаңа сабақ 1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр орыс патшасы Анна Ионовнаға ант беріп, бағынған болатын. Орта жүз ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында, Ұлы жүз ХІХ ғасырдың 60-жылдарында бағынды.
- әскери бекіністер салынды
- шаруаларды көшіріп әкелді
- қазақтың шұрайлы жердері тартып алынды
1822 жылы хандық аға сұлтандар
Дулат, Шортанбай, Мұрат Дулат шығармаларының негізгі сарыны – заман жайы. Ол қазақ жерінің патша үкіметіне бағынып, отаршылдық қамытып киіп, тәуелді болуына наразы.
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріңде туып, 1871 жылы дүние салған. Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды. Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.
Бұл—ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт — ақынның өзі.
Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам", — деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан. Бұған жыраудың басқа өлең, толғауларынан да дәлел боларлық мысалдар табылады.
Дулаттың өлең-толғауларының мазмұны мен тақырыптың ауқымы өте кең және алуан түрлі. Бір өлең немесе толғауда айтылатын ойлар мен идеялар көп жағдайда баска өлең-толғаулардағы ой-сезімдермен үндесіп жатады.«Тегімді менің сұрасаң» - ескі заманды аңсайды. Абылай заманында елдің бірлігі бар еді, бүгін бәрі өзгерді. «Ешенге» - қожа-молдаларды сынайды.
Дулаттың бар сенімі жастарда. Ол жас батыр баяғыдай «тәуелсіз елдікті» орнатуға тиіс дегенді айтады.
«Ақтан жас» «Барақ төреге» «Сары шымшық» Дулат нәр алған арналар:
• Халықтық шығармалар
• Ұлттық поэзия үлгілері
• Көне түркі поэзиясы
• Бұқар, Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан.
Дулат:
• өлеңді ауызша да, жазбаша да шығарған;
қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып жағынан байытқан;
• сол уақыттың ахуалын қаз-қалпында білдірген күрескер ақын;
• ойшыл
Дулат поэзиясының жанры:
• Арнау өлеңдер;
• Дидактикалық жырлар;
• Ертегі-аңыз сюжетіне жазылған толғаулар;
• Мысал сөздер
• Лирикалық монолог
• Сатира т.б.
Өлең, толғауларының тақырыбы:
• Ақындық туралы: «Тегімді менің сұрасаң»
• Арнау өлеңдер: «Бараққа», «Сүлейменге», «Ешенге», «Ақтанға», «Баласына айтқаны»
• Туған жер туралы: «Ақжайлау мен Сандықтас», «О,Сарыарқа, Сарыарқа», «Тауды екіге жарасың»
• Тарих көші туралы: «Ата қоныс Арқадан», «Әуелгі қазақ деген жұрт»
Адамның іс-әрекеті, мінезі туралы: «Тырнақтай меңі болған соң», «Асқар таудың сәні жоқ», «Сөзім бар да, көзім жоқ», «Атаны бала алдады», «Май, май десе, май дейсің»
• Кәсіп туралы: «Ұста соққан темірдей»
• Жас кезеңі: «Он бес деген жас қайда»
Дастандары:
• «Еспембет»
• «Шаштараз»
Дулат шығармалары қазақ халқының екі жақты езгіге түскен ауыр халін суреттеуге құрылған. 
«Тегімді менің сұрасаң», «Сүлейменге» деген өлеңдерінде билік басындағылардың орыстың ұлығын көрсе қыздай қылықты бола қалатынын, ал ол кетсе, халыққа қорқау қасқырдай ақырып шыға келетінін ашып көрсетеді. Елін сатқан атқамінерлер бейнесінің тұңғыш галереясын жасайды.
«Бараққа», «Тырнақтай меңі болған соң», «Әуелгі қазақ деген жұрт»
«Бірінші сөз» - өзін туған өлкесін қорғаған қызғыш құсқа теңейді.
«Бесінші сөз» немесе «Ата қоныс Арқадан» - елін қалмақтардан қорғап қалған қазақ тағдыры
«Хан – сарқыты Кененің»- Ақсақ Темірдей ханды тілейді. 
«Ақтанға» - ақынның жастардан күтер үміті мен арманының көрінісі.
Шығарманы талдау
1. Өміріне шолу жасап, шығармаларына талдау жасау
2. «Аягөз, қайда барасың» өлеңін мәнерлеп оқу
3. Өлең мазмұнына , тақырыбына, идеясына талдау жасау
4. Сұрақ-тапсырмалар бойынша жұмыс
Ү. Қорытынды:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Д. Бабатайұлы өмір сүрген уақыттағы қазақ елінің жай-күйі,тарихи жағдай қандай болатын?
2. Дулаттың шыққан ортасы,тегі туралы қандай ой пікір білдіресіңдер?
3. Д.Бабатайұлы нені айтып күйінді?
4. Ақынның өз ортасына деген көзқарасы қандай болды?

ҮІ. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: Өлеңдерін оқу, түсіну, талдау
Каталог: uploads -> doc -> 0ec1
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ec1 -> Сабақтың тақырыбы Өсімдік -өмір тірегі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет