Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабековтің «Әпке» пьесасы, «Ата үміті» хикаяты



Дата29.06.2017
өлшемі90,7 Kb.
#20609
түріСабақ
«Приурал мектеп-балабақша кешені» КММ

Ашық сабақтың тақырыбы:

Дулат Исабековтің « Әпке» пьесасы , «Ата үміті» хикаяты

(«Дермене» повесінен үзінді)

/Біріктірілген сабақ/

Сынып: 6 «А» сынып, 8 «А» сынып

Күні: 21.04.2015 ж

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Ижекенова Мирамгүл Мұқанбетқалиқызы

2014-2015 оқу жылы

Күні: 21.04.2015 ж . 6 «А»,8 «А» сынып Әдебиет. 2 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабековтің « Әпке» пьесасы , «Ата үміті» хикаяты («Дермене» повесінен үзінді.)

Сабақтың мақсаты
1.Білімділік:  Д. Исабековтің  шығармашылығы  мен өмірі жайлы түсініктерін толықтыру.
2.Дамытушылық: Шығарма жайлы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру, драманы сахналау.
 3.Тәрбиелік: Халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу.Үлкендерді сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.
 Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, топшамалар,стикерлер. т.б.
Сабақтың түрі: біріктірілген сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап,сахналау.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу .Түгелдеу.  Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. 10 минут.
6а сыныпқа топшамалар

1.Жазушы, драматург  Д.Исабековтың өмірі туралы және «Ата үміті» хикаятының кейіпкерлері жайлы айту.

2.Дулат Исабековтің «Ата үміті» хикаятының мазмұнын әңгімелеу.

3.Торғай ұясын бұзған, жұмыртқасын жеп, балапанын отқа тастаған Омаштан не
күтуге болады?

Шығарма неліктен «Ата үміті» деп аталды?

4. Дермене /Жусан/ одан не алынады.

5. Салыстыру. Арам-адал,жаман-жақсы,ақ-қара,таза-лас,қуаныш-өкініш,бай-кедей. Мейірімділік-қатыгез.



Қосымша :

-Жусан қандай өсімдік?

Жусан-күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық,кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер,шала бұта.Қазақстанның барлық жерінде –шөл-шөлейтті далада,таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар.Жусанның биіктігі 10-60 см,кейде 1,5-2 м-дей болады.

Жусан –құнарлы мал азығы,дәрілік,бояуыш,тағамдық,витаминді,эфир майлы өсімдік.



Үй тапсырмасын пысықтау: 8 «А» сыныпқа тапсырма




1 топ




2 топ

1.


«Әпке» пьесасының тақырыбы,идеясы Қай жылы жазылған,неше бөлімнен тұрады.

1.

Кейіпкерлер галереясы (топтастыру).




Тақырыбы: «Әпке» пьесасы адамгершілік,жан жылуы тақырыбына арналған.Драма Бұл туынды драма болғандықтан кейіпкерлердің сөйлеген сөздері мен іс-қимылдары интонация мен сезімге толы болып табылады. Әпке (драма) - екі бөлімнен тұрады. Дулат Исабеков 1977 жылы жазған.

Сахналық қойылымға арналған шығарма.







Шығарма кейіпкерлері

Қамажай - басты кейіпкер. Омардың, Темірбек пен Ермектің әпкесі. Мінезі жағынан қамқор, қарапайым, бауырмал, әрі мейірімді кейіпкер.

Омар - Қамажайдың інісі. Мамандығы жағынан ғалым, философ, көбіне ғылыми тілде сөйлейді, бірақ жаны ізгі жандардың бірі, сыпайы, адамгершілігі мол, көзілдірік тағады, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді, жаны ғылымды сүйеді, лақап аты - Ом.

Темірбек (Тимур) - Қамажайдың інісі. КамАЗ-да бригадир болып жұмыс істейді. Тікмінезді,бұрама тілді,бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналадағыларына қамқор.

Ермек - Қамажайдың інісі. Өте сүйкімді кейіпкер, үйінің кенжесі болып табылады.

Нәзила - Қамажайдың сіңлісі. Мұғалім болып жұмыс істейді. Мінезі - ерке, тікмінезді, тура сөзді.

Гауһар - Нәзиланың құрбысы. Омарға ғашық. Ойын көтеретін ақкөніл,адамгершілігі мол жан.

Кәмила (Кама) - Темірбектің сүйген қызы, кейіннен әйелі, темекі тартады, тілінің уы бар қыз. Өте өжет жан, жүрген жерінде ұрыс-керіске ұшырап жағымсыз кейіпкер ретінде көрінеді.

Сұлтан - Темірбектің (Тимур) досы. Білімді, зерек, сыпайы, сөзі құлаққа жағымды.

Сұлухан (Светлана) - Сұлтанның жанындағы қыз.

Қабен - өте ақылды адам. Бақытқа ұмтылған жан.

Көрші әйел - Адам жанын түсіне білетін,жаны ашып көмектесуге дайын тұратын жағымды кейіпкер




III. Мағынаны тану6 «А» сынып.

1. «Ата үміті» хикаятындағы Омаштың қылығы үшін қандай мақал-мәтел келтіруге болады.

"Ұрлық түбі - қорлық", "Ар қайда болса, ұят сонда",

2.Қорғансыз қарт пен немересін кім жәбірледі, қорқытты, бұл да - қылмыс.



/мақалдың мағынасын ашу/

8 «А» сыныпқа

1. Қамажай өзінің інілері мен сіңлісінің болашағы үшін басын бейнетке тігіп,бар қиындыққа төзеді.Мұның сыры неде?

2.Жекелеген туындылары бойынша қандай фильмдер түсірілді.

«Гауһар тас», «Дермене», «Тауқымет» көркем фильмдері түсірілді.



3.Адамның бақыты дегеніміз не? Әрқайсымыз жауап береміз?

-Бақыт ол?

-Бақыт ол?

-Бақыт ол?



IY. Жаңа сабақ. Дулат Исабеков « Әпке» пьесасы , «Ата үміті» хикаяты («Дермене» повесінен үзінді.) 2 сағат

Дулат Исабеков — жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері. 20.12.1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында дүниеге келген. «Дермене» повесі желісі бойынша «Дермене» көркем фильмі 1986жылы түсірілді.

Д.Исабековтңң «Ата үміті» хикаятындағы дүниеқоңыздық пен қатыгездікті, адамгершілік пен адалдықтың жеңетіні жайлы жазған.



«Әпке » драмасы. Бұл шығарма 1977 жылы жазылды. Пьеса да театр сахнасынан түспей келеді.«Әпке» телехикаясының режиссері Нұргелді Сәдіғұлов: «Бұл телехикаяны біз 45 күннің ішінде түсіріп шыққан екн. Басты рөлдерді Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері сомдады.


Y.Ой толғаныс

(5 мин)

 


««Менің атам» шағын өлең жазу. 6 а сыныпқа
.

Y. «Мені таң қалдырған нәрсе» 8 «А» сыныпқа . 5 минут. Өз ойларн жазу.

Осы бөлімінде драмадағы оқиғалар бойынша өздеріне әсер еткен оқиғалар туралы өз ойларыңыз, Мысалы: ____________өзіне қазақ қыздарының жат қылықтары қатты әсер еткенін айтса, _______________тілдің шұбарлануын айтты,ал ________________Қамажайдың бауырларының анасын еске алу күніне келмегеніне ренішін білдірді.



YI. Сахналау: Екінші акт бойынша Қамажайдың «60 жас» туған күнің сахналау.

Мұғалім сөзі: Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Дулат Исабековтің «Әпке» екі сағаттық пьесасын, біз сабағымызды соңғы бөлімімен қорытындылаймыз.

YII. Үйге тапсырма: 6 «А» сынып: «Кейіпкерге хат» Омашқа, Тоқсанбай қартқа.

Үйге тапсырма: 8 «А» сыныпқа тапсырма.

  1. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында Дулат Исабековтің «Әпке» атты шығармасы фильм болып түсірілген,фильмнің тағдырын жазып келу.

  2. «Жылдар сөйлейді» хронологиялық кестені сызып толтырып келесіңдер.

1942 жылы 20 желтоқсанда

Дулат Исабеков, Оңтүстік Қазақстан облысының , Арыс ауданында дүниеге келген.

(1966).

Жазушы, драматург. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген

(1967-1968)

Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор

(1968-1970)

Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор

(1971-1976)

«Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі

(1976-1980)

«Жалын» баспасында редакция меңгерушісі

(1980-1988)

Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы

(1988-1992)

Қазақ теледидарының бас директоры, «Жазушы» баспасының директоры,

1992-1995)


(Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып істеген.

2

Әпке (драма) - екі бөлімнен тұрады

1977 жылы жазған.

Дулат Исабеков Сахналық қойылымға арналған шығарма.


30 жылдан бері аталған туынды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасынан түспей келеді

YIII. Сұрақ-жауап.

1.Не себепті Омаш,Тимур,Нәзила туған күнге келмеді?

2.Қамажай ренжіді ме?

3.Өз ойларыңыз.



4. Қартқа, Қамажайға айтар тілектеріңіз?

IX. Бағалау.Марапаттау.


Каталог: uploads -> doc -> 09e5
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09e5 -> Сабақтың тақырыбы: Саптағы жаттығулар. Гимнастика. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сапта келе жатып орындалатын жаттығуларды үйрету
09e5 -> «Бекітемін» кмм байет жоббм мектеп директорының м а Екібастұз қаласы
09e5 -> Білім беру ұйымдарының үздік моделі 2015-2016 оқу жылы, I тоқсан Таллис Оқушы Мұғалім
09e5 -> Сабақ: №14 Пәні: информатика Мектеп: №19 Оқытушының аты-жөні: Махаева А. К
09e5 -> Сабақ жоспары Тақырыбы : «Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер»
09e5 -> Сабақ №1 Коучинг тақырыбы
09e5 -> Пәні: Әдебиеттік оқу. «Батылдық» Сәбит Мұқанов Күні: 13. 04. 17 Сынып : 2 Тақырыбы: Батырлық білекте емес,жүректе. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет