Сабақтың тақырыбы: э дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты : 1 э дыбысы мен әрпін таныту



бет3/3
Дата13.02.2017
өлшемі467,54 Kb.
#9072
түріСабақ
1   2   3

Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа

зейінін аудару.



Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.

-Ё дыбысы қандай дыбыс?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Әріп деген не?

-Дыбыс деген не?

-Ё дыбысына сөздер ойлап табу.

-Шахтёр сөзін тақтаға жазып, дыбыстық талдау жасау.

Жаңа сабақ:

Төмендегі өлең жолдарын оқу



Нан

Нанда еңбек, нанда ән,

Нанда жұмыс, нанда сән.

Нанда үлкен мән

Сондықтан ол нан!
Балалар өлең не туралы?

Нанның дастарқанға келу жолын оқушыларға қысқаша түсіндіру.



Элеватор – мол астық сақтайтын, сұрыптайтын ғимарат.

Жұмбақ

  1. Топырақ жемей жота алмайды,

Тас шайнап та қақалмайды. (Экскаватор)

  1. Өзі тым күшті

Жерді қазып бітті. (Экскаватор)
Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы Э дыбысы. Э дыбысын айтып көрейік.

Э-э-э


Э- дыбысы дауысты дыбыс. Э- дыбысы қазақтың төл сөздерінде кездеспейді.

Орыс тілінен енген сөздерде ғана айтылады.

Э- дыбысынан сөздер айту. Экскаватор сөзін буынға бөлу.

Экс-ка-ва-тор



Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы сөздерді хормен оқу



Суретпен жұмыс.

Электр өлеңін оқушыларға мәнерлеп, тізбектей оқу.



Дәптермен жұмыс.

Ауада жазып көрсету, тақтада жазу.



Ээ Электр Экипаж Элеватор Экскаватор

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымыздан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Біп-биік болып өседі.

Дидактикалық ойын: адасқан буындардан сөз құрау

- К, ш, а, ф (шкаф

- Х, ш, а, т, р, ё (шахтёр)

- Л, к, т, р, э, е (электр)

- к, р, а, э (экран)


«Кім жылдам» дидактикалық ойыны:

Мұғалім сөйлемді бастап айтады, оқушылар кеспе буындар арқылы аяқтайды.

Мен аэропортқа .... (бардым)

Ағам элеваторда .... (жұмыс істейді)

Үйде электр шамы .... (жанып тұр)

Сабақты бекіту.

- Э қандай дыбыс?



-Сөздің қай жерінде жазылады?

Топтастыру стратегиясы


электр экипаж

элеватор экскаватор



Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?

Үйге тапсырма

Оқушыларды бағалау, мадақтау
Каталог: materialy -> bastaysh3
bastaysh3 -> Тақырыбы: “Халыққа жеткіз күйімді” Бастауыш сынып мұғалімі: Сүлейменова Зухра Білімділігі: Ә. Сәрсенбаевтың «Халыққа жеткіз күйімді»
bastaysh3 -> Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Самамбетова Қарлығаш Ашық тәрбие сағаты 2-сынып Тақырыбы
bastaysh3 -> Сабақ Тақырыбы: «Ол ақын болар ма еді?!»
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ. Сабақтың мақсаты
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы:
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік. Мал атасы. Дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
bastaysh3 -> Мақсаты: а білімдік мақсаты
bastaysh3 -> Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
bastaysh3 -> Сабақ жоспары. Әдебиеттік оқу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет