Сабақтың тақырыбы: Ә Кекілбаев «Шыңырау»



Дата04.07.2018
өлшемі73,06 Kb.
#46728
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.3.

Ә. Кекілбаев «Шыңырау» повесі

(үзінді)


Мектеп: Шиелі ауданы № 158 орта мектебі


Күні: 19.04.2017 жыл

Кетепова Жаухар Қобыланбекқызы


Сынып : 6

Қатысқандар :


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ә Кекілбаев «Шыңырау» (Повестен үзінді)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.3. Ә Кекілбаев «Шыңырау» шығармасы (повестен үзінді)

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Ұлы жазушы Ә. Кекілбаевтың өмір жолын біледі;

  • «Шыңырау» повесіндегі кейіпкерлерді атайды;

  • Диалект, кәсіби сөздерді түсіндіреді ( кәтеп, қом, ауыт т.б);

  • Шығармадағы Еңсептің еңбекқорлығына мысалдар келтіреді;

  • Шыңырау сөзіне түсіндірме береді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Диалект, кәсіби сөздерді жазып, сызбасын құрастырады

Кейбір оқушылар:

  • Еңсептің еңбекқорлығы туралы ой түйіп, қорытынды жасайды

  • Шыңырау құдықтың қалай қазылатындығы жайлы айтып береді.

Бағалау критерийі

  1. Шығармадағы кәсіби, диалект сөздерге талдау жасайды;

  2. Тас түрлері мен Еңсептің киімдерін атап, іс- әрекетін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Еңсептің шыңыраудың ішіне түскен кездегі халі, көңіл күйі туралы үзінді жазады және түсіндіреді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • кәтеп, қом, ауыт, зауза, шеген, метей т.б

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Біздер.....байқадық

Еңсеп өз ісіне берілген нағыз еңбекқор, себебі құдық қазу оның ата кәсібі

Еңсептің ерен еңбегі елге жақсылық әкелді......

Атакәсібі құдықшылық болған Қараш руы адамдарының ауыр да азапты еңбегінің елге тигізер пайдасы зор, себебі..........

Еңсептің құдық қазуына ......... себепші болды

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Лексика тарауы. Кәсіби сөздер. Диалект сөздер (5.1.)


Алдыңғы оқу


Ә. Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктері бар, шығармасының мазмұнын біледі

Сабақ барысы





Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

8 мин


1мин

2 мин


5 мин


«Зымыран сұрақтар» әдісі

Оқушыларға жазушы Әбіш Кекілбаев туралы, «Шыңырау» повесі жайлы білімдерін жинақтау мақсатында әр топқа 2-3 сұрақтан қойылады, сұраққа ойланбастан жауап беру керек.

І топ: «Әдебиетшілер» тобына

1.Жазушы Ә. Кекілбаев қай жылы қай жерде дүниеге келген?

2 Әбіш ата туралы не білесің?

3.Шыңырау деген сөз қандай мағына береді?



ІІ топ: «Зерттеушілер» тобына

1. Байсал бай Еңсепке қай жерден құдық қазуға өтініш береді?

2.Шыңырау түбінде Еңсеп қандай жағдайға тап болады?

3. Еңсеп не үшін қуанды?



ІІІ топ:«Әбіштанушылар» тобына

1.Қараш руы адамдарының елге тигізер пайдасы қандай?

2.Еңсептің ерен еңбегі елге қандай жақсылық әкелді?

3. Атакәсібі дегенді қалай түсінесің?



ІV топ «Сыншылар» тобына

1Еңсептің шыңыраудың ішіне түскен кездегі халі,көңіл күйі туралы не айтасың?

2 Еңсептің нағыз еңбекқор екендігіне дәлелің бар ма?

3Еңсеп құдық орнын таңдауда ақсақалдар пікірімен неге еліспеді?



V топ «Тілшілер» тобына

1 Еңсептің қазған құдығы туралы не айтасың?

2 Құдыққа сипаттама бер?

3 Құдық неге «Еңсеп өлген» атанып кеткен?




Жұмыс дәптері
Қағаз қиындылары

Сабақтың ортасы

32 мин


5 мин

3мин

2 мин

10 мин



2 мин

2 мин


2 мин

6 мин




«Еркін жауап» әдісі

Оқушылар топтаса отырып, түрлі әдістер арқылы Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» повесін талдайды.

І топ: «РАФТ» стратегиясы
Р- Рөл (Шығармадағы кейіпкерлер)

А- Аудитория (Шығарма кімге арналған және қандай оқиғалар суреттелген?)

Ф- Форма (Шығарма формасы қалай берілген және (өлең түрінде ма?) неше бөлімге бөлер едің ? Қандай бөлімге Атап бер?)

Т- Тақырып ( Шығарма тақырыбы не? Шығармада жазушы кім туралы, не туралы айтқысы келді?)


ІІ топ: Шығарманы құрылысына қарай талдау
Шығарманың аты-----------------

Авторы------------------------------------


Шығарманың басталуы-------------------------

Шығарманың дамуы--------------------------------------

Шығарманың байланысуы----------------------------------------

Шиеленісуі----------------------------------------------------------------

Шарықтау шегі---------------------------------------------------------------

Шешімі-----------------------------------------------------------------------------



ІІІ топ Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы «Тұжырымдамалық» карта (Ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығына тоқталады)

ІV топ «Фишбоун» ( балық қаңқасы) әдісі арқылы шығармадағы негізгі мәселелер мен оны шешудің жолын табады

  1. балықтың бас сүйегі- шығармадағы өзекті болып отырған негізігі мәселе

  2. Қабырға сүйектері- мәселені шешу жолдары

  3. Балықтың аяқ жағы – шығармадағы негізгі түйінді ой



V топ «Жүзімнің алты жемісі» әдісі арқылы берілген тапсырма бойынша шығарманы талдайды .

Мақсаты

Кейіпкерлер іс-әрекеті

Еңсептің көңіл күйі (мысалмен дәлелдеу)






Өмірмен байланысы

Шыңырау құдықтың қалай қазылатындығы

Нәтиже








Рөлдерге бөлініп, Бақылау парағын толтыру
Мадақтау сэндвичі арқылы топтарда өзара бағалау жүреді.

Жеке жұмыс

Тапсырма №1 Кестені толтыру (Жеке жұмыс)


Диалект сөздер

Кәсіби сөздер

Еңсептің киімдері

Тас түрлері














Бағалау критерийлері

Дескриптор

1. Шығармадағы кәсіби, диалект сөздерге талдау жасайды

Шығарма мазмұны бойынша кәсіби сөздер мен диалект сөздерді табады

2. Тас түрлері мен Еңсептің киімдерін атайды.

Шығармадағы кәсіпке байланысты тас түрлерін ажыратып, Еңсептің киімдерін жазады

Дайын үлгі жауап арқылы жұптардың өзара формативті бағалау жүзеге асады


«Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі бойынша балалар өздеріне әсер еткен жолдарды жазады және оны не үшін жазғанын дәлелдеп ойын жинақтайды.
Мадақтау арқылы бағалау



Электрондық оқулық

(оқу жоспарындағы сайт)

Жұмыс дәптері
Бақылау парағы

Стикерлер

Қағаздар

Түрлі – түсті қағаз қиындылары


Жұмыс дәптері



Сабақтың соңы

5 мин



3+2мин


Рефлексия: Шолиер табақшалары

(білу, түсіну, қолдану)

Үйге тапсырма. Шығармадағы суреттеуге сүйене отырып үй жағдайында шегендеулі құдықтың қалай қазылатындығын айтып келу.

Стикерлер, қорапшалар

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау



1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Барлық оқушыларға құбылыстарға мысал келтіру, оларды анықтау себептерін білу тапсырмалары беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігіне құбылыстарға сызба құрастыру ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға қорытынды жасау, өз ойлары бойынша ой толғау жазып, білімдерін кеңейту.



1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара

«Мадақтау сэндвичі» бойынша жетістіктерін айқындау.

3. Кері байланыс (ауызша)

4. Дайын үлгі жауап

5. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану

5. Шолиер табақшалары (жазбаша)



Сергіту жаттығуы

қимылмен көрсету:

-жерден құдық қазу;

-жер аудару;

-өзгеріс жасау;

-жаңа құдықтың пайда болуы.



Қауіпсіздік техникасы ережелері


Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.





Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет