Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі Сабақтың мақсаттары



Дата02.07.2018
өлшемі18,27 Kb.
#45955
түріСабақ
Класы: 5
Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: «Толағай»әдеби ертегісінің жазылуына назар аударту, Әдеби ертегінің мазмұны мен идеясын ұғыну. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері туралы баяндау.
Тәрбиелік: туған жерді қадірлеу, халқына қызмет ету, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу. Толағай бейнесі арқылы Отанды сүюге, адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: логикалық ойларын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, Шығармашылыққа баулу. Сөздік қорларын молайту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: әдеби ертегіні талдау, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, іздену, салыстыру, баяндау, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Көрнекіліктер: Ә. Тәжібаев портреті, буклеттер, тақырыпқа байланысты суреттер
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру
І. Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау» стратегиясы.
Ертегілердің бір саласы - әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегі деп атаймыз. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме аңыздардың негізінде туады. Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла береді.
Әбділда Тәжібаев - туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Атақты ақын Нартай келіп, Әблділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. «Сыр елі - жыр елі» атанған сырда туып - өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек.
Ә. Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.
Ә. Тәжібаев талғампаз тарих төрінен ойып тұрып орын алған тұлға. Осыдан тура бір ғасыр бұрын Сыр өңірінде дүние есігін ашқан Әбділда әкесінен ерте айрылса да, анасының аяла алақаны арқасында жатқа жалтақтамай өсті. Бала кезінен әдебиетке құмарлығын оятқан да анасы.
Айманкүл шеше таңды таңға қосып, қисса оқитын. Ақынның әдебиетке жақындығы осыдан басталса керек. Әбділда ақын халқын «Толағаймен» табыстырды. Толағай еліне жаңбырлы тауды қалай көтеріп әкелсе, ақын поэзияға өзінің арқалы жырларын арқалап келді.
2. « Толағай» ертегі дастанын мазмұндау.
1. Ерекше өскен Толағай
2. Толағайдың жолбарыспен айқасы
3. Елі үшін құрбан болған Толағай.
Әр топ өзіне берілген бөлімді мазмұндап болған соң, ерлік, батырлық, Отан туралы мақал - мәтел айтқызу.
Мысалы: Отан үшін отқа түс күймейсің. Ер ел үшін туады, елі үшін өледі.
ІІ. Мағынаны тану. Кубизм әдісі
І. Мінездеу. ( Толағайға мінездеме беру)
ІІ. Салыстыру (Толағай бейнесін басқа ертегідегі кейіпкермен салыстыру)
ІІІ. Зерделеу (Ертегіден тұрақты сөз тіркестерін, мақал - мәтелдерді, көркем бейнелі ойларды теріп жазу)
ІV. Бейнелеу (Ертегіден ұнаған тұсының суретін салу )
Мінездеу
Мінезі Қай оқиға тұсында
Батыл, өжет Тауды көтеріп әкелуі
Салыстыру. Венн диаграммасы
Ортақ қасиеттері

ІІІ. Толғаныс. Автор орындығы
Мұғалім сөзі: Оқушылар, ортадағы мына отырғыш автор орындығы деп аталады. Бұнда Толағай бейнесіне еніп, оқырмандар қойған сұраққа Толағай болып жауап беруіміз керек. Қане, кім Толағай болғысы келеді.
(Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады. )
1. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме?
2. Алда - жалда жұрт күйзелсе сен не істер едің?
3. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?
4. «Толағай» әдеби ертегісін құрылысына талдау жасау.
Басталуы. Саржан атты мерген болуы
Дамуы. Толағайдың дүниеге келуі
Байланысы. Әкесімен аң аулауға шығуы
Шиеленісуі. Жолбарыспен айқасуы
Шарықтау шегі. Еліне жауын жаумауы
Шешімі. Еліне жауын жаудыруы
Қорытынды. Отан үшін отқа түс күймейсің.
Рольдік ойындар
Кім? Қашан? Қайда?
Шығармалардан үзінді оқимын. Оқушылар қай кейіпкерлердің қашан, қай жерде айтқанын табады.
1 – топқа. «Ұйықта қозым»
(Саржаннның Толағайды ұйықтатуы )
2) Өлдім, балам, Толағайжан!
3) Көзімді іліп алайын.
4) Күшті болсаң келе қал
5. Жауын қайда көп жауады, білсең апа айтшы.
Сабақты бекіту.
1. Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған?
2. Ақын суреттеп отырған оқиға қай заманға сай келеді?
3. Ә. Тәжібаев кім болған?
4. Қандай шығармалары бар?
Қорытынды. «Ерлік аспаннан түспейді, Ол Отанды сүюден басталады. Ал Отанды сүю үй ішіңнен, отбасынан басталады. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе» деп Б. Момышұлының қанатты сөзін естен шығармайық.
Бағалау. Белсенділік танытқан оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма. «Отан үшін отқа түс күймейсің» (ойтолғау жазу)

Рефлексия: Сабақты бағалау
Каталог: uploads -> konspekt -> istoriya
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов Сан есімді қайталау. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың атауы Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау. Тесттік тапсырмалар. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин Сабақтың мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
konspekt -> А. С. Есалина Тақырыбы: М. Шаханов "Отырар" дастаны. Мақсаты: Жазушының шығармашылығына қысқаша тоқталу;Отырар қаласы туралы түсінігін молайту;поэма
istoriya -> Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы реформа
istoriya -> Сабақтың тақырыбы: Мыс-тас ғасыры энеолит
istoriya -> Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік
istoriya -> Сабақ жоспары Пән : Дүние жүзі тарихы Сынып : 8 Күні : 14. 01. 2016 Сабақтың тақырыбы : Ұлыбритания
istoriya -> «Лидер XXI века»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет