Сабақтың тақырыбы: Ә.Қастеев «Киіз үй жанында»



Дата26.06.2018
өлшемі40,5 Kb.
#44995
түріСабақ
Павлодар қаласы № 25 жалпы білім беру мектебі

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Есен Бибинур Рымбековна

Бейнелеу өнері. 3 сынып.
Сабақтың тақырыбы:Ә.Қастеев «Киіз үй жанында» шығармасы.
Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға қазақ халқының қадірлі ұлдарының бірі – Әбілхан Қастеев жайлы мағлұмат беру. Оның өмірімен шығармаларымен таныстыру.

Қиялдау қабілеттерін ,танымдық қызығушылықтарын арттыру. Сұлулықтан

ләззат алуға, әсемдікті сезе білуге баулу.Үйлесімдік пен ізгілік қасиеттерін

тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ –жауап, топтық жұмыс

Көрнекілік- құрал жабдықтар: Күй «Сарыарқа». интерактивті тақтадағы слайдтар, альбом, сурет салудың бірізділігі көрсетілген кесте.

Сабақ барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

«Сиқырлы гүл» достық шеңберіне тұрып тілектер тілейді. Конфет түрлеріне байланысты топқа бөлу



2. Ребустар шешу:

Әр топқа ребустар беріледі.

- Осылардың барлығы бізге не үшін қажет?

- Әсем үйлесімді суреттер сала білу үшін



3.Жаңа тақырыпты ашу.

ә) Слайд көрсету. Жоғары төменгі деңгейлі сұрақтар

Киіз үйлердің бір –бірінен айырмашылығы неде?

Сегіз,он екі қанатты үйлерде бай,ақ сүйектер тұрған.

IV.Ой толғаныс : Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдау арқылы ертедегі қазақ даласын көз алдымызға елестетіп көрейікші.

Кім нені қалай елестеткенін сұрап білу.



V. Жаңа сабақ; Ал біз бүгін қазақтың дарынды суретшісі Әбілхан Қастеевтің

«Киіз үй жанында» шығармасымен танысамыз.

«Киіз үй жанында » суретін тақтаға іліп көрсету.

«Кластер» әдісі киіз үй туралы білімдерін оқушылар топтастырып жазады.Тақтаға шығып қорғайды.

Ә.Қастеев киіз үйді қалай үйлестіріп салғанын көрейікші.

(оқушы ойын таңдап білу)

Ә.Қастеев жайында не білеміз?

Ә.Қастеев професионалды,живописьші,асыл аға, дарынды суретші, ұлағатты ұстаз сурет өнерін үйреткен. Ол адам өте еңбексүйгіш,білімді болған.

Шығармалары слайдтан көрсету: қазақ қыздарының,жігіттерінің портреттері,шөп шабу,мақта жинау, «Амангелді сарбаздары», «Амангелдінің жорығы» т.б.көптеген шығармалары бар.

VI. Сергіту сәті:

VII. Сурет салу : Құрманғазының « Сарыарқа» күйі ойнап тұрады. бүгін киіз үй көрінісін бейнелеуді үйренейік. Қане, олай болса мына кезеңдерге мән беріп қарайық. Әр кезең өзінің сипатына қарай бейнеленген екен.

1-кезең, 2-кезең, 3-кезең, 4-кезең. Енді бәріміз парағымызды алып, бейнелеуге кірісейік. Ол үшін, ең алдымен көмекші сызықтар арқылы белгілеп, ағаштарымызды бейнелейміз. Көмекші сызықтар бізге суретіміздің дәл әрі нақты етіп көрсетуге керек болады.



Қағаз бетіне бейнені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау үйлесімділіктің бастапқы негізі болып табылады. Нұсқаның жеке бөліктері бір-бірімен байланысты болғанда ғана үйлесімділік шешім дұрыс болады. Композициядағы басты нәрсеге назар аударайық. Есіңде сақта ережесі: Композициядағы басты нәрсе:

  1. Пішіні

  2. Өлшемі

  3. Түсі

  4. Орналастыру көмегі айқын болу керек.

Бейнелеу өнерінің барлық жанрында да композиция басты роль атқарады. Себебі, біз суретті әдемі етіп бейнелеп, әдемі бояу түстерін бергенімізбен, картинадағы үйлестіру орталығы дұрыс болмаған жағдайда суретіміз дұрыс болмайды. Себебі, суреттің үйлестіру орталығы,компоновка дұрыс болу керек.
VIII. Қорытынды : кері байланыс .Мен нені білдім? Нені білгім келеді? Нені үйрендім?

IX. Бағалау : Оқушылар өзін өздері бағалайды.

X. Үйге тапсырма: Ә.Қастеев жайында қосымша материал,басқа жұмыстарымен танысу.



Каталог: files -> caf
caf -> Сабақтың тақырыбы: Қазақфильм киностудиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: а кино өнері туралы мәлімет беру
caf -> Сабақтың тақырыбы:
caf -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері «Әке мен бала», «Жаман жолдас» Сабақтың мақсаты
caf -> Сабақтың тақырыбы С. Торайғыров «Шілде» өлеңі Сілтеме
caf -> Мақсаты: Балаларды шығарманы мазмұндауға үйрету. Міндеттері
caf -> «Көңілді қыс» Возрастная группа дайындық топ Білім беру бөлімінің №1 сәбилер бақшасы Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын Ашық сабақ Тақырыбы: «Көңілді қыс» Дайындық
caf -> Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
caf -> Сабақтың барысы. Тәрбиешінің алдында үстел үстінде телефон тұр, біреу қоңырау шалады. Балалар тәрбиешінің қарама- қарсы отырады
caf -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыстайтын құстар» Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет