Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен тапқан нан тәтті. Сабақтаң мақсаты: а Оқушыларға нанды қадірлей білулері туралы



бет1/2
Дата27.12.2016
өлшемі181,27 Kb.
#5373
түріСабақ
  1   2


Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы,

Қ.Бәйменов атындағы жалпы орта мектеп МКМ


Тәрбие сағаты:

«Еңбекпен тапқан - нан тәтті»

Орындаған: Игілікова Гүлмира Абдіғаппарқызы

Екпінді ауылы



ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен тапқан нан тәтті.
Сабақтаң мақсаты: а) Оқушыларға нанды қадірлей білулері туралы

түсініктер қалыптастыру.

ә) Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған

көптеген адамдар еңбек ететіндігін түсіндіру.

б) Еңбек адамдарын сыйлай білуге, әр адам нанды

қадірлей білу керек екендігі туралы тәрбие беру.

Көрнекілігі: Тірек - сызба, нанның түрлері, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Ән ұранды орындау

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Психалогиялық дайындық

Бір, екі, үш,

Жинап алып күш

Жалқаулықты тастайық

Тәрбие сагатын бастайық.


  1. Үй тапсырмасын сұрап тексеріп шығу.

Балалар өткен сабақта «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» - деген тақырып өткен болатынбыз.

Олай болса Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған туыстарымен жақындарымен бірге тұратын атамекені. Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы екенін білеміз.
Сұрақ-жауап:

  1. Сенің Отаның қай ел? ( Қазақстан )

  2. Қазақстанның астанасы қай ел? ( Астана)

  3. Қазақстан Республикасының президентің кім? ( Н. Ә. Назарбаев )

  4. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата? (Ту, Елтаңа, Әнұран.) жарайсыңдар балалар барлығын дұрыс атап бердіңдер.

Ендеше одан әрі қарай Отан туралы өлеңдерді немесе мақал - мәтелдерді жатқа айтып берейік.

1.Отан деген - туған жер.

Отан - Ана

Отан - Үлкен

Қазақстан туған ел!
2.«Отан - атам,

Отан - әкем!»

Осы сөзім қате мекен?!

Қате болса,

Неге біздер

Дейміз оны; « Атамекен »?!
3.« Отан - әжем,

Отан - анам! »

« Туған ел » деп,

« Туған жер » деп,

Ол бекерге аталмаған!
4.Атам,

Әжем,

Әкем,

Анам, -

Төртеуі де «Отан» маған!
5.Төртеуі де «Ботам» дейді,

« Ер азамат атаң » дейді!

Мақтанамын Отаныммен

Отаныма «Ботамын» мен!


  1. Отан - елдің анасы,

Ел - ердің анасы.


  1. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.


  1. Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес.


  1. Сағынған елін аңсайды,

Сарала қаз көлін аңсайды.


  1. Отанды сүю отбасынан басталады.




  1. Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық.


- Жарайсыңдар балалар өте дұрыс, ендігі кезекте біз мынау сөзжұмбақты шешіп көрейік.






  1. Балаларға ең жақын адам кім?

  2. Ағаш кесетін құрал не?

  3. Көктемнің ең бірінші айын ата?

Мінекей ортадан бізге НАН деген сөз шықты, олай болса бүгінгі біздің өткелі отырған жаңа сабағымыздың тақырыбы нан туралы болмақ.


  1. Жаңа сабақ. « Еңбекпен тапқан - нан тәтті»

- Балалар нан болмаса тіршілік, өмір болуы мүмкін бе?

Балалар нан дастарханға қалай келеді екен, біздер сол туралы айтып өтейік.

Нан дастарханға келу үшін, көптеген адамдардың еңбегінің арқасында келеді, жер ананың құшағындағы бидай өсіп, диқанның еңбегімен ғана нан болады екен. Ал, балалар осы нан дастарханға қалай келетіндігін мынау тірек

  • сызба арқылы толтырамыз.




- Балалар міне нан қандай еңбекпен келетіндігін білдік. Нанды дастарханға әкелу үшін көп адамның еңбегі керек екенін және еңбекпен тапқан нанда тәтті болады екен.

Енді осы нан туралы қандай өлендер біледі екенбіз.
1. Нандай жоқ қой асыл дәм

Жеп үйренген жасыңнан

Дастарханнан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

2.Ей, балалар, балалар,

Болмаңдар, сірә нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы,

Бар қасиет нанда бар.
3.Нанға үлкен жүрекпен қараңдар,

Нанды өмір деп қараңдар,

Нан болмаса,

Қызығың, бақытың,

Құр әуре, далбаса.
4.Нан анасы - бидаймын

Ырзықты елге сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын.
5.Егін шығып болады,

Қауыздары толады.

Орақ кезі басталып,

Диқан бидай орады.
6.Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы.
7.Нан ардақты, адал ас,

Кәрі жас одан аттамас.

Ақ дастархан үстінде

Қол жумай оны ұстамас.
8.Тіршілік арнасын сақтаңдар

Диқанның еңбегін

Тер төгіп ақтаңдар

Әр дәнді жоғалтпай,

Өмірдей сақтаңдар.
9.Нанды баспаңдар!

Онда қол жетпейтін аспан бар,

Әлі ешкім жазбаған дастан бар.

Ана бол, дана бол, бала бол.

Нанды баспаңдар.

10.Даланың арынынан,

Даланың таңынан,

Даланың жанынан,

Даланың қанынан,

Өседі алтын дән.
- Балалар, енді мынау «Жалғасын тап» ойынын да тақтаға жазудың қалып кеткен сөзін тауып жалғастырып жазып шығамыз.
1. Қоныс көркі – там,

ДАСТАРХАН көркі – нан.
2. НАН – тамақтың атасы.
3. Ексең егін,

Ішерсің тегін.
4. Берсең аларсың,

ЕКСЕҢ – орарсың.
5. Егін ексең тыңға,

Шықты дей бер – ШЫҢҒА.
6. Қырман басы береке,

Көп жүрген жер – МЕРЕКЕ.
- Балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

- Еңбекпен тапқан нан тәтті.

- Олай болса балалар, сендер «Бидай мен Қаңбақ» мысалы біздің тақырыбымызға сай келе ме? Келетін болса сол көріністі құрамыз.
Көрініс: Бидай мен Қаңбақ.
Автор: Бір күні Бидай Қаңбаққа былай деді:

Өзі қаңбақ болсын,

Онда қандай салмақ болсын!

Тұрақтай алмай тегістікке,

Тірелді бір күн егістікке,

Дауыстап былай тіл қатты:
Қаңбақ: Сен осы бидаймысың?

Бидай: Бидаймын!

Қаңбақ: Ақыл айтсам тыңдаймысың?!

Бидай: Тыңдаймын!

Қаңбақ: Осы қай тұрысың?

Ешуақытта жүрмейсің, ештеңені көрмейсің, ешнәрсе сезбейсің. Не бар, не жоқты да білмейсің. Көктемде шығасың, күз болса бұғып жатасың.

Бидай:Ей, қаңбақ!

Ашып айтсам дұрысын,

Осы қай жүрісің?

Белгілі тұрағың жоқ,

Бас түгіл құлағың жоқ.

«Уф» - десе ұшасың,

«Суф» - десе қонасың.

Қаңғырып жүрген қаңбақсың!

Күн мен түні, ұшарыңды жел біліп,

Қонарыңды сай біліп,

Өмірі сайран салып жүргенің.

Ал менің жинағаным дән,

Айналамдағының барлығы ән.

Абырой да, даңқ та, ерлікте, жеңісте,

Барлығы осы егісте.

Автор:

Бидайдың сөзі осымен бітті,

Қаңбақ жөніне зытты.

Дұрысын айтқан

Бидай ма, Қаңбақ па?

Оны өздерің салмақта.
- Ал, балалар, осымен салмақтап көрсек, қайсысы дұрыс болады. Бидай ма, әлде Қаңбақ па? Кәнекей, кім дұрыс жауабн тауып айтады екен?
- Балалар, үйде дастархан басына отырған кезде ата-әжелерің, ата-аналарың айтқан ырым-тыйымдары естеріңде бар ма? Ата-бабамыз айтып кеткен ырым-тыйымдары өте көп. Біз бүгін сабағымызға байланысты нанға арналған ырым-тиымдарды айтып көрсек:

1) Дастарханға бірінші нанды алып келеді.

2) нанды бір қолмен үзуге болмайды.

Ол кесір болады.

3) Нанды жерге лақтыруға болмайды.

Лақтырсаң обал болады.

4) Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

- Жарайсыңдар балалар, сендер нан туралы ырымдарды біледі екенсіңдер. Ендеше біз сабағымызды ары қарай жалғастырайық. Балалар пісірілетін нанның түрлері де көп. Канекей кім маған нанның түрлерін атап береді екен?

Каталог: materialy -> bastaych
bastaych -> Сабақтың тақырыбы
bastaych -> Сабақ Сыныбы 2 «В» сынып Пән мұғалімі Саурбаева К. Ж. Пәні ана тілі Тақырыбы : Сүт қалай ұйықтады? Мерзімі: 11. 02. 2013ж
bastaych -> Сабақтың тақырыбы : Сыр сүлейі Нұртуған Сабақтың мақсаты: Сыр сүлейі Нұртуғанның шығармаларымен таныстыру
bastaych -> Сабақтың түрі: жаңа материалдарды меңгерту Әдісі: түсіндірмелі, талдау,флипчарт арқылы
bastaych -> Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қ. Әбдәлиев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Көбеева Райхан 4- сынып. Ана тілі
bastaych -> Сабақ Тақырып: Қазақ батырлары. Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Әлімқұл Мақпал
bastaych -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Мұртаза. Бала Тұрар. Сабақтың мақсаты
bastaych -> Сабақтың мақсаты: «Ағаштар неге ашуланды»
bastaych -> Сабақтың тақырыбы: Әдепті болам десең, арлы бол! Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет