Сабақтың тақырыбы: Әдептілік- әдемілік. Сабақтың мақсаты



Дата14.12.2016
өлшемі38,16 Kb.
#3842
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік- әдемілік.

Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа,кішіпейілділікке, әдептілікке,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, сабаққа қызығушылықтарын ояту, белсенділігін арттыру.

- Әдептілікке,сыпайылыққа тәрбиелеу.Оқушылардың есте сақтау қабілетін байқау, ой-өрісін жетілдіру.



Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, ой толғау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: адамгершілікке байланысты суреттер, нақыл сөздер, қала атаулары жазылған үлестірмелер, көрініс.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Сабақтың барысы:

Мұғалімнің сөзі:

Адам қоғамда: адамдар арасында өмір сүреді.Басқалар сенімен қарым-қатынас жасауы үшін олар сенің бар қасиетіңді танып білуі тиіс.Сыртқы келбет пен жүріс-тұрыс оның барлық әдептілігін көрсете бермейді.Адамның ішкі әлемі мен оның пайда болуын қосатын көпір-әдептілік деп аталады.

Әдептілік-адамның қоғамдық ортаға сай қалыптасқан тәрбиесі.Қоршаған ортаны сыйлау –әдептіліктің болмысы, әдептіліктің әр түрлері:

-қызметтес (іскерлік)

-әскери

-педагогикалық



-дәрігерлік

-әр түрлі ортадағы әдептілік

Сыйластық ережелері әдептілікпен тығыз байланысты.

Егер сен сыпайы адам болсаң:

-өзгелерді ренжітпей тұрып өз қасиетіңді ұстай білуді үйренсең;

-өзге сөзге араласпауды;

-шуламауды;

-мұрныңды тыржитпауды;

-іштей күбірлемеуді;

-шалбарыңның балағымен аяқ киімді сүртпеуді;

-жабайы адамнан өнегелі адамды ажырата алуды үйренсең болғаны.

Саяхатқа шығу ойыны арқылы ережелерді қайталау.Магниттік тақтада қала аттары жазылған қима қағаздарда тапсырмалар жазылған.

-.Елімізде қандай үлкен қалалар бар?

-Көкшетау, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Жезқазған, Өскемен т.б.

Еліміздің осы қала аты жазылған сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:


  • Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

  • Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.

  • Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда сен не істеуің керек?

  • Үлкендердің әңгімесін бөліп сөзге араласуға болмайды.Егер тығыз шаруам болса «кешіріңіздер»деп айтар едім.

  • Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?

  • Асықпай түсіндіріп беремін.

  • Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?

  • Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

  • Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

  • Үлкен кісімен «Сіз»деп сөйлесу керек.

  • Әдептілік деген не?

  • Адамдардың жүріс-тұрысы мен өз ара қарым қатынасының ережелері

Егер ,сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың.

Ата-ананың тілегі ,

Адам болып өскенің.

Адалдықтың белгісі,

Адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің,

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре,сарсаң әлегің.

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үдкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.

Өлең мазмұнын түсіндіру.

«Сын тұрғысынан ойлау»технологиясын қолдану: әр оқушы өз бетімен хеке тапсырмаға бірер минут ойланып ауызша жауап береді.Жауап берген кезде оқушылардың сөз сөйлеу мәдениетіне назар аударамын.



1.Жанұяны кімдер құрайды?

2. «Біздің жанұя»тақырыбындағы әңгіме –толғау.

Мақал-мәтелдер айту:

1.Әдепті бала-арлы бала

Әдепсіз бала- сорлы бала.

2. «Сіз» деген әдеп,

«Біз» деген көмек.

3.Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені.



Көрініс: «Сәлемдесу». «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді»деген өнегелі өсиет бар.Сәлем беру – имандылық, әдептілік, көрегенділік болады.

Үлкенге сәлем беру кіші адамның міндеті. Кіші адам үлкен адамға сәлем бермей кетсе ол әдепсіздік болады.



Көршілерді көргенде,

Сыйлап сәлем беремін.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

Қорытынды: сабақты қорытындылап,оқушыларға әдептілік ережелерін қайталап келуді тапсыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет