Сабақтың тақырыбы: Әділет таразысы Мақсаты: "Сыбайлас-жемқорлық"



бет2/3
Дата12.03.2018
өлшемі392,92 Kb.
#39222
түріСабақ
1   2   3

«Тіл мәртебесі - ел мәртебесі»


  • автор: Гульжайнар

  • категория: Ұстаздарға / Тәрбие сағат

  • 19-09-2015, 20:23

  • қарау саны: 29

Кеш тақырыбы: «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі» Мәнерлеп оқу сайысы 
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру; Еліміздің паториоты болуға, ана тілге құрметпен қарауға баулу.
Барысы:
Кіріспе сөз. 
Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі өйткені халқымыздың дәрежеге емес, дәстүрге бағынған. Еліміз Қазақстан егеменді ел атанып ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заңы қабылданды. Тіл байлығы – әрбір елдің мақтанышы. Демек, әрбір адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.»Ана тілін сүймеген- халқын сүйіп жарытпас» деп қырғыз ақыны айтса, Ғамзатовтың «Ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге дайынмын!» деген ойлары тілдің қай елде, қай ұлтта болса да қастерлі екенін дәлелдейді.
Ортаға 2-ші сынып оқушыларын шақыру:
1. «Қазақ тілі»
2. «Ана тілі»
3. «Ана тілім»
1. Мақал мәтел білесің бе? «Жалғастыр» ойыны
2. Тіл тас жарады ......тас жармаса бас жарады
3. Ең тәтті де тіл, ең ащы да тіл..... ең қатты да, ең жұмсақ та тіл
4. Шебердің қолы ортақ ..... шешеннің тілі ортақ
5. Бас кеспек болса да, ...... тіл кеспек жоқ
6. Сүйдірген де тіл ..... күйдірген де тіл
7. Икемді тіл .... инеден өткір
Ортаға 3-ші сынып оқушыларын шақыру:
1. «Қазақ тілі» Қ. Мырзалиев
2. «Тіл құдіреті» О. Қиқомов
3. «Тіл туы» Қ. Мырзалиев
2. «Тіл – өнер» Өлеңнің атын, авторын табу және жалғастыру.
1. Ең бірінші бақытым – халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін ...... «Үш бақытым» М. Мақатаев
2. Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам ........
(Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда кім болам?) «Шәкірт ойы» С. Торайғыров
3. Ана тілім – ерлігім, ана тілім – елдігім ...
(Ана тілім болмаса бүтінделмес кемдігім) «Ана тілі» Қ. Мырзалиев
4. Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай ..... Қазыбек би
Ортаға 4-ші сынып оқушыларын шақыру:
1. «Қазақ тілім жасай бер»
2. «Ана тіл»
3. «Қазақ тілі»
3.«Полиглот» Түсіп қалған сөзді 3 тілге аудару
Құлақтан кірген ....., Жүрекке барып мұз болар (сөз, слова,word )
Таза мінсіз асыл .... Су түбінде жатады (тас, камень,stone)
Сөз анасы құлақ, ... анасы – бұлақ (су, вода,water )
Жігіт бір сырлы ..... қырлы болады (сегіз, восемь)
Ілім бұлақ, ... шырақ (білім, знание, )
Қорытындылау Бүгінгі кештің жеңімпазы аудандық сайысқа жолдама алған .... марапатталады.
Тіл басты байлығымыз, сәніміз, ата-бабамыздың мұрасы. Ана тіліміздің мәртебесі биіктей берсін! Ана тілін ардақтайық, ағайын!

Тақырыбы: «Қазағымның тілін біл

  

Мақсаты:елімізде тұратын ұлт өкілдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу,өз ана тілінің қадір-қасиетін,сөз құдіретін түсініп,



Оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

Көрнекілігі:тіл мерекесіне орай шығарылған қабырға газеттері,шарлар,ақын жазушылардың тіл туралы өлең шумақтары.

1-жүргізуші:Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

2-жүргізуші:Елім десе еміреніп арқалы ақын,

              Халқым десе тілінен бал таматын,

              Қош келдіңіз,қадірлі көрермендер,

              Көруге бүгінгі күн салтанатын!

1-жүргізуші:Қазақстан Республикасының «Тілдер күніне» арналған «Қазағымның тілін біл»атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

(Әнұран орындалады).

2-жүргізуші:1989 жылдың 22-қыркүйегінде Қазақ ССР-ында «Тілдер туралы» заң қабылданып, қазақ тілі «Мемлекеттік тілі» мәртебесінеие болды.1993 жылдың 28-қаңтар күні Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.Онда «Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» болып бекітілді.

1-жүргізуші:

Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Қазақстан Республикасының «Тілдер күніне» арналған тілек сөз директордың

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Рүстем ағайға беріледі.

2-жүргізуші:

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы,

Құтты болсын мереке шашулары.

Бар өнер,ән биіміз сіздер үшін,

Сіздер үшін әншінің асыл әні.

(ән орындалады)

1-жүргізуші:Біздің бүкіл тарихымыздың жеткен жетістіктерінің бірі-ата –бабаларымыз ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен қанын төгіп жүріп қорғап қалған қасиетті жеріміз болса,екіншісі –сол ата-бабалардың арқасында бар бояуымен кестедей өрнектелген сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен қазақ тілі.Бұның өзі қазақ тілінің мәртебелі де қасиетті тіл екеніне дәлел бола алады.

2-жүргізуші:

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат,бақ,ардың

Жауыз  тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз-бабам тілі,сен қалдың.

1-жүргізуші:

Ана тілмен өмір жолы жалғанады,

Бақытты күндер күтер алдан әлі

Қазақтың би атасы «Қара жорға»

Мерекеде сіздерге арналады.

2-жүргізуші:Қазақстанда 140 ұлт өкілдері 17конфессияның өкілдері тұрып жатыр.Әрине бұл қазақ халқының ұлылығынан «Кең болсаң кем болмайсың»

деген қазақ халқының  пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің  тұрып жатқан жайы бар.  

 

 

1-жүргізуші:Тіл мәселесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үлкен бағытты белгіледі:мемлекеттік тіл халықты біріктіруші фактор болуы керек. «Тілі бірдің –тілегі бір,тілі бірдің –жүрегі бір».Осы елдің мемлекеттік тілін білу арқылы халық бірін-бірі түсінеді,тағдырлары мен тарихы ортақ екенін сезінеді.Тілін түсінген халықтың мәдениеті мен салт дәстүріне де құрметпен қарайды.



                         Тілім менің –тірегім,дінім менің,

                         Тілсіз қандай болады күнім менің?

                         Өз халқыма жетеді өз мәнінде

                         Өз тілімде оқылса жырым менің.

2-жүргізуші:

Бұл жанды тіл –менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыры қуат сөзі ана уызындай

Жасай бер,Ана тілім,Қазақ тілім!

Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!Ана тілін білу,оның қасиетін түсіну –біздің парызымыз.Өз еліне,ұлтына деген махабаттың, құрметпен ізеттің бастауы ол өз тіліңді құрметтеуден басталады.Ана тіліміз тек биіктерден көрініп өркендей берсін.

«Қазағымның тілін біл» атты әдеби-сазды бағдарламамызды аяқтаймыз.    
Ана тілі – жүрек үні

Жарияланды 17-04-2014, 03:13 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Ана тілі – жүрек үні

Мақсаты: 1. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру.


2. Қазақстанның мемлекеттік тіліне деген қызығушылығын арттыру, елін, жерін, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнектілігі: Мақал - мәтелдер, оқушылардың газеттері, Қазақстан картасы, үнтаспа, кітап көрмесі, нақыл сөздер.

Тілден артық қазына жоқ,


Тілден артық қасиет жоқ. (Н. Ә. Назарбаев)

Барысы:
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар мен қонақтар! Сіздерге арнап “Ана тілі - жүрек үні”атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер!


2 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының Конституциясындағы “Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі”деп жазылған.
1 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде. Қазақ тілін үйреніп жүрген шетел азаматтары да аз емес.
2 - жүргізуші: Қазақ тілі түрлі тектес тілдерге, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады. Түркі тілдес халықтар: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт, әзірбайжан, тува, хақас, алтай жатады.
1 - оқушы: Жер шарының бірсыпыра жерінде көптеген қазақтар тұрды. Басқа шетелдерде тұратын қазақтар да өз тілін ана тілім деп есептейді. Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ол - халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан - ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.
2 - оқушы: Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
3 - оқушы:
Ана тілі - бар білімнің қайнары,
Аталардың өсиеті пайдалы.
Алақаны мейірімді анаңның,
Ұстазыңның жарқын жүзі - жайдары.
Ана тілім - тастамайтын әліппем,
Болғаным жоқ әріптерін танып мен.
Өз тілімді жақсы көру арқылы,
Достасамын басқа барлық халықпен.
4 - оқушы:
Ана тілің - біліп қой,
Еркіндігің теңдігің.
Ана тілің - біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
5 - оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілім - жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
6 - оқушы: Халық өзінің тілін ең ардақтысы деп санайды, оны ерекше сүйеді. Қырғыз ақыны Сарноғаевтың айтқанындай,”Ана тілін сүймеген адам, халқын сүйіп те жарытпайды’’
7 - оқушы: Тілді жасаушы халықтың өзі. Сондықтан халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Қазақ тілі - дамыған, жетілмеген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын, кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын.
8 - оқушы: Қазақ тілінің байлығы - қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен шық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.
9 - оқушы:
Ең бірінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
10 - оқушы:
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
11 - оқушы:
Сол тілімнен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тілімнен әдетті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілімнен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

Оқу, білім, тіл, өнер туралы мақал мәтелдер:


1. Білім кілті - тіл.
2. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
3. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
4. Ақыл - тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.
5. Тіл - көңілдің кілті.
Сынып сағатымыздың соңында ұлы адамдардың ана тілі туралы айтқан нақыл сөздерін айтып қорытындылаймыз.
Мысалы:
Тіл дегеніміз - қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.

Кері қайту

Материал рейтингісі:



ТІЛІМ МЕНІҢ –ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

ADMIN · АВГ 27TH, 2014 · 0 COMMENT

Амантаева Айсұлу

Сабақтың тақырыбы: «Тілім менің –тірлігімнің айғағы»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіріп,ана тілі туралы өлеңдер,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,шешендік сөздер айту арқылы сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту.Ана тілін сүюге,ардақтай білуге тәрбиелеу,өз ойын толық жеткізе алатын білімді,саналы,салауатты,жан-жақты рухани бай жеке тұлға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тіл туралы ақындардың,ҚР Президентінің қанатты сөздері,Тәуелсіздік монументінің суреттері,слайд,мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру
Кіріспе сөз
1-жүргізуші: Армысыздар,осы кештің қонақтары,
Халқымның ашық болсын атар таңы.
«Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты кешімізде
Беделін көтерейік тарихтағы.
2-жүргізуші
Сәлем бердік кешіміздің көрермені,
Қазақтың ол анық қой,өнер кені.
Тілге арналған кешімізге қош келдіңіз,
Алдарыңда болашақтың өрендері.
1-жүргізуші:Еуразияның қақ ортасында орналасып,талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған,тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы,қазақ жері,қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші….
2-жүргізуші:Біз қазақ деген мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.
1-жүргізуші:Тіл-ұлттың белгісі,халықтың мұрасы,дүниетаным құралы.Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. «Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деген сөзді жадымыздан шығармайық.
2-жүргізуші:Тіл халық тарихы,тіл ұлттық қазына,тіл біздің намысымыз,арымыз,байлығымыз,барымыз.
1-жүргізуші:Бүгінгі күні «Ел тағдыры-тіл тағдыры» деген сөздің мәнін терең пайымдасақ,мемлекетімізге тәңір сыйлаған тәуелсіздігіміздің тірегі тіл екендігін жүрегімізбен сезіндік.
2-жүргізуші:Сол еліміздің тірегіне айналған «Тіл туралы заңның» тарихына назар аударайық. (Интерактивті тақта арқылы әр жылға тоқталып,мемлекеттік тіліміздің қалыптасуын оқушылар таныстырып шығады.)
1-оқушы:1989 жыл 22-қыркүйек.Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заң қабылданып,қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді.
2-оқушы:1993 жыл 28-қаңтар. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданып,онда қазақ тілі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі» болып бекітілді.
3-оқушы:1995 жыл 30-тамыз.Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, Конституцияның 7-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі-қазақ тілі»,-делінген.
4-оқушы:1997 жыл 11-шілде. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң Парламентке қайтадан талқыланып,ол Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілді.Бұл Заң бойынша қазақ тілі- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі,қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі,-деген. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң 6 тарау,27 баптан тұрады. (Оқушылар заңның әр тарау,бабын жатқа кезекпен айтады)
3-бап: Тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.
Мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
5-бап: Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару орындарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
6-бап: Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолданылуына,қарым-қатынас,тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар.
7-бап:Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
13-бап: Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі,ал қажет болған жағдайда,сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.
16-бап
Білім беру ұйымдарында мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні болып табылады және білім туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді.
17-бап:Мәдени шаралар мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жүргізіледі.
18-бап :Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің,басқа да тілдердің қолданылуын қамтамасыз етеді.
19-бап:Мемлекеттік ұйымдардың,олардың құрылымдық бөлімшелердің атаулары мемлекеттік тілде және орыс тілінде беріледі.
20-бап:Кісі есімін,әкесінің есімін және тегін ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуге тиіс.
24-бап.Тіл туралы заңды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тартылады.
1-жүргізуші. Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20-қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді.
2-жүргізуші: Б.Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген.Шынында,тілін білмеген адам өз халқының тарихын,дәстүрін,мәдениетін өз тілінде сезініп,терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға,білуге тиіс.Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз.Ана тілімізді құрметтей білейік.
1-оқушы
Қуан, далам!
Қуанатын күн бүгін.
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы
Заңым енді күшіне
Паш еткендей
Кеске жаңа кіндігін.
2-оқушы
Қуан,бабам!
Қуанатын жөнің бар.
Деген едің-
«Тіл бар жерде өмір бар»
Халық жауы
Атандық-ау сол үшін
Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.
3-оқушы
Тілім келді,дінім қайта оралды,
Басқа төнген қара бұлттар жоғалды.
Көк аспанда күндей болып жарқырап,
Қазақ елі егеменді бола алды.
4-оқушы
Тілім менің-тірегім,дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің?!
Өз халқыңа жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің.
5-оқушы
Тілім менің-қуатым,күнім менің,
Күнім кетсе не болар ісім менің?!
«Тілсіз өмір бар» десе түсінбедім,
Тілімменен тірлікті мүсіндедім.
6-оқушы
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
7-оқушы
Төл тіліңді таза біл
Абайдан қалған асыл сөз,
Жамбылдың жауһар жырлары,
Қасымның қайсар ызғары,
Төлегеннің жыр бағы,
Мұқағали сырлары,
Жұмекеңнің жыр нәрі,
Фаризаның мақалы,
Қадырдың шыққан қырлары,
Тұманбайдың тыңдары,
Мұхтардың маңғаз нұрлы әні.
Қалмасын десең тыңдаусыз,
Түсінемін десең ымдаусыз,
Тіліңді білгін бұл даусыз.
8-оқушы
Сүйемін туған тілді-анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін..
9-оқушы
Тілім менің тірлігім мол мұрамсың,
Ата рухын жаныма қондырасын.
Өзіңменен таныдым тарихымды,
Кемелденген өзіңмен толды жасым.
10-оқушы
Тілім менің сарқылмас қазынамсың,
Бір сенімен болыстың назы басым.
Бұл күнде тарихым сөйлейді өзің болып,
Жыр-ғұмыр боп бүгінде жазыласың.
1-жүргізуші
Әннің де естісі бар есері бар,
Тыңдаушының құлағын тесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Әннің тәтті оралған мәні оятар.
Ән: «Ананың тілі-аяулы үні»
2-жүргізуші
Салт-дәстүрдің бойындағы қаны-сол халықтың ана тілі.Қансыз тіршілік жоқ.Демек,ел боламын десең,есіңді жи,әуелі оң-солыңа жіті қарап,өзіңнің де,дініңді де,жер-су байлығыңның да ешкімнен кем емес екенін байқа.Ендеше,ана тілдің мерейін көтерейік,ағайын!
1-жүргізуші
Дауға салса қара қылды қақ жарған,сөз өнерінің дамуына,таралуына,сақталуына ерекше қызмет етіп келген 15-18 ғасырлардың жыршы,жыраулар еңбегі арнайы сөз етуді,үлкен құрметпен атауды керек етеді.Ендеше,билер сөзін қазақ тілінің ең асыл,қазыналы бөлшегі ретінде тани отырып,кезекті қазақтың кемеңгер билерінің тапқыр ойларына береміз.
Көрініс: «Билердің төрелігі»
2-жүргізуші
Келесі кезекті тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болған тіл туралы мақал-мәтелдерге береміз
Тіл туралы мақал-мәтелдер
1.Бас кеспек бар,тіл кеспек жоқ.
2.Сүңгі жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
3.Өнер алды-қызыл тіл.
4.Өз тілің-бірлік үшін,
Өзге тіл-тірлік үшін.
5.Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін,
Тілімнен сүріндірмесін.
6.Тіл- қылыштан да өткір.
7.Тіл – тас жарады,тас жармаса да бас жарады.
8.Тіл сүйексіз болса да,өзі сүйектен өтеді.
9.Шешеннің тілі ортақ,
Шебердің қолы ортақ.
10.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім біл.
11.Қаһарлы сөз қамал бұзар.
12.Айтылған сөз , атылған оқпен тең.
13.Тауды,тасты жел бұзар,адамзатты сөз бұзар.
14.Жақсы сөз жарым ырыс.
15.Ана сүті бой өсіреді,ана тілі ой өсіреді.
16.Көре-көре көсем боларсың,сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
1-жүргізуші
Бұл қызық!
Қай тіл көп тараған?
Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсы дегенде,біреулер ағылшын тілі десе,енді біреулер қытай тілі деп жауап береді.Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс?Бірінші орынды,сөз жоқ,ағылшын тілі болып табылады.Ал егер бір тілде сөйлеушілердің саны бойынша анықтасақ,ағылшын тілі екінші орында тұрады.Сол бір тілде сөйлейтіндердің саны жағынан ең көп тараған тіл қытай тілі екен.Бұл тілде- 844млн адам сөйлейді.Ағылшын тілінде-434 млн,үнді тілінде-338 млн, испан тілінде-331 млн адам сөйлейді.
2-жүргізуші
Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің,тілім менің – тірлігім!
Әрине,тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.Ұлылардан қалған дана сөздерге құлақ салайық.
Даналардан қалған сөз
1-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді» Ғ.Мұстафин
2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді». Ғ.Мүсірепов
3-оқушы: «Әрбір саналы,мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік» М.Әуезов
4-оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызыд ұмыту» Б.Момышұлы
5-оқушы: «Ана тілің — асылың,оны білмеген-масылың.» Қадыр Мырза Әлі
6-оқушы: «Ана тілі-жүректің терең сырларын,басынан кешкен дәуірлерін,қысқасы,жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына.» Ж.Аймауытов
7-оқушы: «Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл-қуатты тіл,қазақ тілі-сондай тіл». Н.Назарбаев
8-оқушы: «Ұлттың сақталуына да,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл.Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады,өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады». А.Құнанбаев
1-жүргізуші
Тіл –халықтың жаны,сәні.Оның өткендегісін байыптап,бүгінгісін біліп қана қоймай,келешегін де күн ілгері көре білетін өздерің.Халық өзінің ғасырлар бойына жасалған асыл мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді.Олай болса,ата өсиетіне құлақ салып,ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал болайық!
2-жүргізуші
Су қараңғы болғанындай жанардың,
Тіл тағдыры-тағдырындай Аралдың.
Гүлін қалай таптамақпын даланың,
Тілін қалай сақтамақпын анамның.
Хор: «Атамекен»
1-жүргізуші
Ұлы тілдің құдіреттілігі мен қасиеттілігін аңғарсақ,сол ұлы тілмен шешілген талай дау,талай өткір сөздер,талай шешендердің шұрайлы ойлары таңдай қақтырады.Енді осындай ұлы есімдер мен халық есінде қалған мына бір көрініске назар аударайық.
Көрініс: «Тілден өткір не?»
2-жүргізуші
Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап,олардың мәнін түсіне бастады.
1- жүргізуші
Ия,бір данышпан:
Сенің әрбір тынысыңмен тілдесем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын
Ана тілім егер сені білмесем.
2-жүргізуші
Олай болса,бүгінгі ұрпақ- ертеңгі күннің иелері тіл туралы ой толғайды.
Бүгінгі ұрпақ ой толғайды
1-оқушы
Ана тілім,дана тілім бақытым,
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.
2-оқушы
Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып қалу үшін түбінде.
3-оқушы
Қазақ тілі-ұлы Абай,Шоқан,Мұхтар,Сәбит аталарымыздың тілі.Менің тілім!Мен осынау ғажайып сырға толы ана тілімде сөйлей алатыныма,ана тілімде ойымды жеткізіп отырғаныма қуанам!
4-оқушы
Ақын атамыз Ә.Тәжібаев: «Болдым,толдым деме,ізден.Іздегендердің бәрі мұрат-мақсатқа қол жеткізген.Ана тіліңді қастерле!Пір тұт.Сонда ғана ел сүйетін,ел қастерлейтін нағыз қазақтың өнерлі азаматы бола аласың»,-деген екен.Ендеше,мен ана тілімді дәріптеп,құрметтеймін!Ана тілімнің болашағы зор болатынына сенемін.
1- жүргізуші
Ана тілде ата-баба срыры бар,
Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.
Өсе келе құстың тілін білсең де,
Ана тілсіз оның қандай құны бар,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай бүгінгі ұрпаққа саналы тәрбие беріп,ана тілімізді оқытып жүрген ұстаздардың да пікірін тыңдағымыз келіп «Қазақстан» телеарнасынан тілші шақырғанбыз.Енді сол тілші сөзіне құлақ түрсек. (бір оқушы тілші болып шығып,амандасып,мұғалімдерге төмендегідей сұрақтар қояды)
1.Қазіргі таңда тіл мәртебесі қай деңгейде деп ойлайсыз?
2.Бүгінгі кешке тіл туралы тағы қандай деректер қосылса екен деген ойдасыз?
3.Қазақ тілі биік дәрежеге көтерілу үшін мемлекетіміз қандай жұмыстар атқару қажет деп ойлайсыз?
Ән: «Қазақ елі»
Қорытынды
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың соңын ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен аяқтаймын
Тілің-халқың,халқың-тілің,қос егіз!
Екеуінің саясында өсеміз,
Халық пен тіл-жасай берер қос емен,
Саясында көгереді көсегең.
Сіз бен біз де бұ дүниеден көшеміз.
Жасай бермек,жасайды сол қос – егіз!

Тақырыбы: « Ата жолы»
Мақсаты:
а) Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;
ә)Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу.
б) Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.
Жүрісі:
1.Ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
3. Оқушыларға кезек берейік.



1 – жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!
2 – жүргізуші: Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Ато жолы» атты сынып сағатымызға қош келіпсіздер!

1 – жүргізуші: Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.


2 – жүргізуші: Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата – аналарымыздың, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» деп айтып отыратын.

Бала:
Ата! Қол бастау қиын ба, 


Жол бастау қиын ба, 
Сөз бастау қиын ба?
Қарт:Е, балам!
Қол бастау қиын емес, 
Көк найзалы ерің болса, 
Жол бастау қиын емес, 
Соныңнан ерген елің болса, 
Бәрінен де сөз бастау қиын.
Тауып айтсаң, мереке қылады.
Таппай айтсаң, келеке қылады.
Бала:Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.
Қарт: Е, балам!
Таза мінсіз асыл сөз, 
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас, 
Су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас, 
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз, 
Шер толқытса шығады.

Қарт: Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көпӘділ төре ел бастар, 


Батыр жігіт жау бастар.
Аға жігіт қол бастар, 
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң, бүркіт жи.
Қыс тоныңды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң, 
Азбас – тозбас мүлік етер.
Бір жаманмен дос болсаң, 
Бүкіл алаңға күлкі етер.
Қарт:Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ
Ақыл – адамды аздырмайтын ем.
Білім – таусылмайтын кен.
Адамның басшысы - ақыл.
Жетекшісі – талап.
Шолғыншысы – ой.
Жолдасы – кәсіп.
Қорғаны – сабыр.
Қорғаушысы – мінез болуы керек.
1 – жүр: .
Аталар мұрасы – халық қазынасының бірі домбыра.
2 – жүр:
Халық әні. «Еркем - ай»
1 – жүр: .
Әй, тәкаппар, дүние!
Маған да бір қарашы!
Танимысың сен мені, 
Мен қазақтың баласы.

2 – жүргізуші:.
Ізетіңді ине етіп
Иманыңды түйме етіп
Инабатты күйме етіп, 
Жүрші балам жамандықты күйретіп, - дегендей біз, яғни еліміздің ертеңі, бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.
1 – жүр: .
Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.
Батаның түрлері көп.
Бала: Ата бата беріңізші!

Қарт: Жақсы айналайын!


Ата сөзі дарып мол, 
Ақ уызға арып бол, 
Абылайдай алып бол, 
Шоқан сынды жарық бол, 
Абайға ұқсап милы бол, 
Құрманғазыдай күйші бол, 
Ақандайын сері бол, 
Қажымұқандай ері бол, 
Сәкен сынды сұңқар бол, 
Бағың жанып әрдайым, 
Жақсыларға жақын бол, 
Осы айтқаным періште, құлағыңа шалынсын.
Бәрінен де құлыным, 
Аман бол, қалқам, аман бол!
Әумин!

Каталог: uploads -> doc -> 0cb8
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cb8 -> Сабақтың тақырыбы: Дала және үй жануарлары. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет