Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік толқындар. Электромагниттік толқындардың қасиеттері. Электромагниттік толқындардың шкалалары



Дата08.09.2017
өлшемі177,58 Kb.
#31374
түріСабақ
Өткізілген күні: 18.02.2016ж

Физика пәнінің мұғалімі: Батыр Жәнібек

9 - сынып № 43 – 44 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік толқындар. Электромагниттік толқындардың қасиеттері. Электромагниттік толқындардың шкалалары.

Сабақтың мақсаты: Электромагниттік толқындардың қасиеттерімен, Максвелдің электромагниттік өріс теориясымен, электромагниттік өріс және толқын деген ұғымдарымен таныстыру.

  1. Білім: Терең де тиянақты білім беру.

  2. Білік: Алынған теориялық білімдерін бір жүйеге келтіріп, практикалық біліктерін қалыптастыру.

  3. Дағды: Техникалық шеберлік пен ұқыптылыққа баулу. Оқушының көркемдік талғамын арттырып, өз ойларын сауатты қорытындылай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Кескін суреттер, формулалар, слайд және тагы басқалар.
Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу және сабаққа даярлығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Механикалық толқын дегеніміз не? Неше түрге бөлінеді?

  2. Период және жиілік тербелістер қалай анықталады?

  3. Томсон формуласы қалай анықталады?

  4. Акустикалық резанонс дегеніміз не?

  5. Эхолокацияға мысал келтіріңдер.

III. Жаңа материалды түсіндіру:

Электромагниттік толқын - электр және магнит өрістерінің энергияларының кеңістіктегі таралу құбылысы.

Электромагниттік толқындардың пайда болуы туралы 1864 жылы ағылшын физигі Дж. Максвелл теориямен дәлелдеген. Ол электромагниттік толқындар теориясын айнымалы магнит өрісін қоздырады, ол өз кезегінде құйындық электр өрісін тудырады деп болжады.



Электромагниттік толқын көлденең толқын болып табылады. Е кернеулігінің және В магнит индукциясының тербелістері толқынның таралуына перпендикуляр бағытта болады.



Максвелл өзінің теориясында электромагниттік толкын жылдамдығының мәнін тапты:

IV. Бекіту кезеңі: Есеп шығару.

  1. Радиолокатордан шыққан сигнал нысанадан шағылып, 200 мкс кейін қайта оралатын болса, нысана родиолокатордың антеннасында қандай қашықтықта орналасқан?

  2. 1400 кГц жиілікте жұмыс істейтін тарату радиостанциясының толқын ұзындығы қандай?

  3. Егер тербемелі контурдағы сыйымдылығы 200-ден 1800 пФ-ға дейін біртіндеп өзгеретін болса, ал катушканың индуктивтілігі тұрақты және 60 мкГн-ге тең болса, радиоқабылдағыш толқындар ұзындығының қандай диапазонында жұмыс істейді?

  4. Қабылдағыштың тербемелі контурдағы сыйымдылығы 50-ден 500 пФ-ға дейін баяу өзгеретін болса, ал катушканың индуктивтілігі тұрақты және 20 мкГн-ге тең болса, радиоқабылдағыш толқындар ұзындығының қандай диапазонында жұмыс істей алар еді?

V. Қорытынды: Тест сұрақтарын қою.

VI. Бағалау: Белсене қатысып, есепті дұрыс шығарған оқушыларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма:

1. 29 - үй жаттығуы №1 және №2 есептерді шығару.



2. Шығармашылық тапсырма: «Ұялы байланыстың дамуы» және «Алғашқы ұялы телефон» тақырыптарына слайд немесе реферат түрінде дайындап келу.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет