Сабақтың тақырыбы Электронды кітап қағаз кітапты алмастыра алады ма?



бет6/18
Дата09.05.2020
өлшемі221,26 Kb.
#66786
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
сандық технология 5-6
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жылдық есебі 2019-2020 жыл, Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жылдық есебі 2019-2020 жыл
Бағалау «Бес жұлдыз»



https://www.youtube.com/watch?v=7mtCjX3Kd9c


ІІ сабақ

Сабақтың басы

10 минут

10 минут


15 минут

Оқылым мәтіні

Электронды кітап тиімді ме?

Заман өзгерген сайын, құралдар да түрліше күйге еніп келеді. Қазіргі заманды компьютер, планшет, смартфонсыз елестету мүмкін емес. Компьютер технологиясының дамығаны сондай, бүкіл әлем интернетке байланып қалды.

Қазір керектінің бәрін интернеттен табасың. Бұрын қалың-қалың кітаптарды қолға алып, парақтап тұрып оқысақ, қазір электронды кітаптан (e-book reader) оқудың мүмкіндігі бар. Яғни қалаған кітабыңды интернет арқылы сатып (тегіндері де бар) алып, смартфон (түрлі гаджеттер) арқылы оқисың. Электронды кітап шыққалы, баспа өндірісі кенжелеп қалды. Бұрынғыдай мыңдаған таралыммен шығатын кітаптың саны азайды. Кітап саудасының аяғы тұсалды. Осылайша, қағаз кітаптың орнын қазір электронды кітап басып келеді. Оның тиімділігі де мол болып тұр. Электронды кітап қағаз кітапқа қарағанда анағұрлым жеңіл, көлемі де шағын. Смартфонға жүздеген кітапты сыйғызуға болады. Сөйтіп, қалаған кітабыңызды смартфоннан әп-сәтте тауып аласыз. Ал смартфонды демалыс кезінде де, көлікте отырған кезде де оқи беруге болады. Тоқтаған жерден әрі қарай жалғастыру да оңай. Көзге зарарын тигізбейді. Соңғы кездері электронды кітаптар E-link немесе SiPix секілді технологиялар арқылы шығарылуда. Осы арқылы кітабыңызды қалаған фонға, шрифтке ауыстыруға болады. 

Электронды кітаптардың бағасы да анағұрлым арзан. Кітап бағасының арзан болғаны оқырмандар үшін тиімді. Электронды кітаптарды компютерлерден ғана емес, телефондар арқылы да оқуға болады. Оны сатып алудың жолы жеңіл. Экологияға пай­дасы көп. Қағаз шығындамайсың. Баспагер­лер үшін электронды кітаптың табысы қағаз кітап сатқанмен бірдей. Әрине, электронды кітап қағаз кітапқа қарағанда бес есе арзан тұрады, оған қағаз шығындамайсың, тасымал жасамайсың, сақтандыруға бер­мейсің. Егер біз сол шығындарды есептейтін болсақ, электронды кітаптың пайдасы қағаз кітаптан түсетін пайдамен бірдей болады. Лондонда толық­тай сатылатынына сенімді болмаса, үлкен көлемдегі кітаптар шығарылмайды екен. Өйткені бизнестен бұрын экологияны сақ­тауға мән берілген. Қағаз ысырап етпеуге көңіл бөлінген. Оның үстіне Еуропада кітапты сақтайтын қоймалар қымбат тұрады. Мысалы, бір қоймаға 8 мың кітапты сақтайтын болса, оған ай сайын 3-4 мың доллар төлеу қажет. Міне, шығыны шаш-етектен болған соң, еуропалық баспагерлер электронды кітапты жөн көреді.


Ал біздің елде ше? Бізде де электрондық кітаптарға деген сұраныс артып келеді. Әсіресе, мұның тиімділігін жас оқырмандар көріп отыр. Жастар кәдімгі кітапқа қарағанда электронды кітапты тез оқиды. Алыс жолға шыққанда да екі-үш кітапты арқалап жүрмейсің. Титтей құрылғының ішінен әр жанрдағы жүздеген кітапты табуға болады .

Қазіргі уақытта epub.kz сайтында қазір көптеген қазақ қаламгерлерінің электронды кітаптары жинақталған. Жүктеп ал да, оқи бер. Одан бөлек WikiBilim Қоғамдық қорының kitap.kz жобасы іске қосылды. Мұнда да қазақтың біраз қаламгерінің кітаптары самсап тұр. Ал жақында Activ компаниясы Bookmate жобасын іске қосты. Жастар жағы осындай жобаларды  жақсы біледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет