Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,98 Mb.
#33623
  1   2   3   4   5   6
Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың ,жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.

Ақпарат материялымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.

Ақпарат түрлері:



Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалық,ғылыми-техникалық,химия-биологиялық, физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:

  1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);

  2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;

  3. басқарушы және мәлімет беруші;

  4. объективті және субъективті болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.

Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.

Ақпараттық процестер деп адамдардың арасындағы қарым-қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процестерін айтады.

Ақпаратты беру. Ақпарат, негізінен, пайдаланушыға сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты беру деп аталады.

Ақпаратты сақтау. Ақпаратты сақтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Мысалы, ежелгі заманда ақпаратты үңгірлердің қабырғасында, папируста сақтаса, типографиялық қондырғыны ойлап тапқаннан кейін кітаптарда сақталатын болды. Қазіргі кезде ақпаратты әр түрлі электрондық тасымалдаушыларда сақтауға болады.

Информатикада ақпаратты өңдеу деп ақпараттарды бір түрден екінші түрге қатаң ережелер арқылы кез келген түрлендіруді айтады.

Нақты бір техникалық құралдарды қолдану арқылы ақпараттарды жинақтау, өңдеу және беру технологиясы ақпараттық технологиялар деп аталады.

Қоғамның дамуында информатиканың алатын орны орасан зор.

Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:

Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.

Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?

5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?



Үйге тапсырма: Әлемнің ақпараттық бейнесі

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат қасиеті, ақпаратты қорғау.

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға ақпат қасиеті, ақпаратты қорғау туралы түсіндіру

Тәрбиелік:Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген

тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа,

әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Түрі:Практикалық элементтері бар  түсіндірмелі сабақ

Көрнекілігі:ДК, оқулық,

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру кезеңі:амандасу, оқушыларды түгелдеу және халаттарымен отырғызу

ІІ.Үйге тапсырма: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.Әлемнің ақпараттық бейнесі.Ақпаратқасиеті

ІІІ Жаңа сабақ

Ақпараттың қасиеттері.Кез келген ақиқат өмірдегі объектілерге тән ішкі және сыртқы қасиеттерін анықтауға болады. Сыртқы қасиеттер объектінің басқа объектілермен әсерлесу барысында анықталатын қасиеттер болғандықтан, ақпарат үшін маңыздысыртқы қасиеттероны тұтынушы (қабылдағыш) көзқарасынан анықтайтын қасиеттер. Ақпараттың аталған қасиеттері:

Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың  жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет

Толықтық қасиеті.Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды.

Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті.Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.

Ақиқаттық қасиеті.Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті.  Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде «ақпараттық шуыл» болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.

Қатынау мүмкіндігі қасиеті.Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.

Адекваттық қасиеті.Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.

Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ықғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.

Ақпараттың ішкі қасиеттерініңмаңыздылары оның ішкі құрылымы және көлемі (мөлшері) болып табылады.

Ішкі құрылымына байланысты:

- мәліметтер немесе қарапайым логикалық реттелмеген мағлұматтар жиынтығы;

- логикалық реттелген, ұйымдастырылған мәліметтер жиынтығы.

Информатикада ақпарат ұғымымен бір қатарда «мәліметтер»және«білім»ұғымдары орналасады.



Мәліметтер – мүмкін өңдеу үрдістеріне адекватты белгілі бір пішімде берілген ақпарат (немесе формальданған, ықғайлы түрге келтірілген және техникалық құралдардың (ЭЕМ-де) көмегімен өңдеуге берілген ақпараттар.). Мәліметтер – тіркелген сигналдар. Мәліметтердің реттелуі оларға белгілі бір құрылымдарды орнатумен жүзеге асырылады, яғни мәліметтер құрылымдары анықталады.

Білім– берілген типті объектідегі барлық қарастырылып отырған жағдайлардың жиыны және бір объектіден екінші объектіге өту сипаттамасын беретін ақпарат.

Білім ақпараттың ерекше логикалық реттелген, ұйымдастырылған құрылымын анықтайды.Білім– логикалық талқылаудың негізінде белгілі бір шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін ақпараттар.

Ақпарат көлемі (мөлшері). Жоғарыда айтылғандай ақпараттың ішкі қасиеттерінің бірі – оның көлемі (мөлшері).«Ақпарат көлемі (мөлшері)»ұғымын анықтауда екі негізгі көзқарас бар:

энтропиялық(ықтималдық) тұрғыдан;

көлемдіктұрғыдан;

К.Шеннон дамытқан ақпарат мөлшерін өлшеудің энтропиялық тәсілі ақпараттар теориясында кеңінен қолданылады, ал ЭЕМ-ң шығуы көлемдік тәсілді кеңінен қолдануға әкелді. Сондықтан біз көлемдік тұрғыдан ақпарат мөлшерін өлшеуді қарастырамыз.

Көлемдік тұрғыдан анықталған ақпараттың сандық өлшемі ақпарат көлемі деп аталады. Хабардағы ақпарат көлемі – ондағы таңбалардың санымен анықталады. Хабар бір мазмұнды әртүрлі тәсілдермен (әртүрлі алфавиттерді қолдана отырып) беруі мүмкін, мысалы:«он үш» 13 XIII

Мысалдан бұл тәсілдің хабарды беру пішіміне тәуелді екендігін көруге болады. Есептеу техникасында өңделетін және сақталатын ақпарат (оның шығу тегіне байланыссыз)  екілік жүйеде көрсетілетіндіктен (0 және 1-ден (бит) тұратын алфавиттің көмегімен) сәйкес өлшем бірліктері енгізілген, олар битжәнебайт. Бит – ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі болса,байт– негізгі өлшем бірлігі.Байт– 8 биттен тұратын топ.

Файлдың көлемін кішірейту үшін, көлемі үлкен файлдарды дискіде сақтау, сонымен қатар  оларды компьютерлік желі арқылы жіберу үшін файлдарды архивтеу- файлдарды  немесе файлдар тобын қысу (сығу) процесі қолданылады.

Компьютерлік вирустар «таза»  компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.



Бағалау

Үйге тапсырма: Ақпарат қасиеті, ақпаратты қорғау.

Сабақтың тақырыбы:  Вирусқа қарсы программалар Ақпаратты қорғау.

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға ақпаратты сығуды, ақпаратты қорғауды және вирусқа

қарсы программалар туралы түсіндіру



Тәрбиелік:Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген

тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа,

әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Түрі:Практикалық элементтері бар  түсіндірмелі сабақ

Көрнекілігі:ДК, оқулық,

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру кезеңі:амандасу, оқушыларды түгелдеу және халаттарымен отырғызу

ІІ.Үйге тапсырма: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.Әлемнің ақпараттық бейнесі.Ақпаратқасиеті

ІІІ Жаңа сабақ

Файлдың көлемін кішірейту үшін, көлемі үлкен файлдарды дискіде сақтау, сонымен қатар  оларды компьютерлік желі арқылы жіберу үшін файлдарды архивтеу- файлдарды  немесе файлдар тобын қысу (сығу) процесі қолданылады.

Компьютерлік вирустар «таза»  компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.

Вирус– бұл арнайы жазылған шағын программа, ол компьютердегі оған қатынасы бар ақпаратты бұрмалауы немесе жоюы; өзін басқа программаларға «тіпкеуі» (яғни оларды зақымдауы) сондай-ақ  жағымсыз әрекеттер жасауы мүмкін. Ішінде виусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

Вирустардың таралу жолдары:

-         Дискеттер;

-         Лазерлік

-         Компьютерлік желілер

Вирустар екі түрге бөлінеді:

-         Резиденттік

-         Резиденттік  емес;

  Резиденттік вирустар зақымданған программаны орындауға қосу кезінде активтенеді, өзін жедел жадқа көшіреді де, біраз уақыт бойы білінбейді.

  Резиденттік емес вирус өзін жедел жадқа жазбайды, бірақ зақымдалған прграмманы орындауға қосқанда активтенеді.Ол өзін файлға қосып жазады да, оның орындалу барысын былай, файлды іске қосқанда алдымен вирус – программа, содан кейін программаның өзі орындалатындай өзгертеді.

Вирустан қорғау үшін:

-         Профилактикалық (алдын алу) шаралары

 

-         Вирустардан қорғауға арналған аранйы бағытты програмаларды қолдануға болады.



Профилактикалық шараларға төмендегілерді жатқызуға болады:

-         Қосалқы көшірме жасау- ақпаратты архивтеу;

-         Зақымдануы ықтимал кездейсоқ «пираттық»(ұрлық) программаларды қолданбау;

-         Дискеттерді  вирустан тексеру;

-          Антивирустық деректер базасын ұдайы жаңарту:

Антивирустық программаларды үш негізгі таптарға бөлуге болады:

1.Жұмысы файлдағы деректерге арналған әр түрлі бақылаулық қосындыларды есте сақтауға негізделген программалар;

2.Резиденттік программалар, олар вирусты программаны немесе операциялық жүйені (ОЖ) зақымдау кезінде табады;

3. файлдарда вирустардың  барын олар зақымданғаннан кейін анықтайтын прогаммалар.

Вирустармен куресуге арналған  көп антивирустық программалар белгілі. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары Aidstest, Doctor Web, Касперскийдің AVP-i. Бұл прграммалардың антивирустық базаларын жаңарту Internet  желісінің көмегімен жүзеге асырылады.



Бекіту сұрақтары:

1.     Вирустардың таралу жолдары қандай?

2.     Вирустар неше түрге бөлінеді?

3.     Вирус- дегеніміз не?

4.     Антивирустық программаларды неше негізгі топтарға бөлуге болады?

     Бағалау



Үйге тапсырма:Ақпаратты қорғау.Вирусқа қарсы программалар

Тақырыбы: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары.

Мақсаты:

1. Білімділік: Деректерді мұрағаттау жайлы түсінік беру.

2. Дамытушылық: Файлдарды мұрағатқа әзірлеу және мұрағаттан алып шығуға үйрету.

3. Тәрбиелік: оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру.



Сабақ жабдықтары: карточкалар, электрондық оқулық.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: демонстрация, компьютерлік практикум.
Сабақтың барысы:

І. Үйымдастыру:

1. Компьютерлердің сабаққа дайын болуы.

2. Оқушылардың сабаққа дайын болуы.

3. Сабақтың мақсаты мен барысын хабарлау



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру



  1. Компьютерлік вирус деген не?

  2. Вирустар компьютерге қалай түседі?

  3. Зиянды бойынша вирус түрлерін атаңдар

  4. Вирустардың негізгі топтарын атап шығыңдар

  5. Антивирустық программа дегеніміз не?

  6. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар

ІІІ. Жаңа білім беру

Ақпаратты қорғау құралдарының бірі – резервтік көшірмелерді магниттік тасушыларда сақтау болып табылады, яғни файлдарды дискеттерге көшірудің дұрыс болатыны алдыңғы тақырыпта айтылған. Егер файл жадтың көп көлемін алып, дискетке сыймайтын болса не істеу керек? Мұндай жағдайларда ақпаратты бұлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады.

Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.

Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді архивтеу терминімен аталады. Архивтеу мәні әдеттегі файлдарды немесе қапшықтарды арнайы архивтік файлға ретпен қаттаудан және орналастырудан тұрады.

Архивтік файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық, сондай-ақ файлдардың аты, оларды жасау немесе өзгерту күні мен уақыты, өлшемі т.б. туралы қызметтік ақпараттар болуы мүмкін.

Көлемі бойынша үлкен архивтік файлдар бірнеше дискілерде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай архивтер көптомды деп аталады. Том – бұл көптомды архивтің құраушы бөлігі. Архивті бірнеше бөліктерден құрастыра отырып, оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады. Егер қаттау процесі болса, онда кері архивтік файлдарды шешу (архивтен алу) процесі де болуы керек.



Архивтен алу – бұл файлдарды архивке орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процесі.

Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар архивтеуші программалар деп аталады. Кең тараған программалардың ішінен ARJ, RAR, PKZIP, PKPAK, PAK, LHA, ICE, HYPER, WINZIP, ZOO, EXPAND дегендерін атауға болады.

Бұл архивтеушілердің бәрі архивтеудің негізгі функцияларын орындайды:


  1. жаңа архив жасау

  2. архивтен файлдарды шығару

  3. бар архивке файлдарды қосу

  4. өзі шешілетін архив жасау

  5. көптомды архив жасау

  6. зақымдалған архивті толық немесе жартылай қалпына келтіру

  7. архивтерді бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен қоғау.




  1. Өзіндік жұмыс:

Электрондық оқулықпен жұмыс: Модуль №4 бойынша «Деректерді мұрағаттау» тақырыбы бойынша сараптау жасау.

Ол үшін оқушылар модульде берілген тақырыптарға шолу жасайды. Негізгі ұғымдар мен түсініксіз терміндерді дәптерге жазып алады. Жаңа ұғымдарға сараптау жасалады.



  1. Демонстрация.

  1. Мұрағатты әзірлеу бөлігі бойынша

  2. Өзінен -өзі шешілетін архив (SFX ) мұрағатын жасау. Ол не үшін керек.

  3. Мұрағаттан шығарып алу бөлігі бойынша

IV Жаңа білімді бекіту

Компьютерлік практикум:

Тапсырмалар жеке беріледі. Мысалы тапсырма №1:


  1. Өзіңіздің қалтаңызға оң жақ батырмамен шертіңіз, шыққан мәзірден WINRAR – добавить в архив командасын орындаңыз

  2. архивті әзірлеу терезесінде – обзор батырмасын басып – Жұмыс үстелін таңдаңыз. Және метод сжатия мәзірінен – максимальный деп таңдаңыз.

  3. ОК –батырмасын басыңыз.

  4. Әзірленген мұрағат пен өзініңдің қалтаңыздың көлемін салыстырыңыз. Ол үшін қалтаға немесе мұрағатқа оң жақ батырмамен басып – жанама мәзірден –Свойства командасын таңдаймыз.

  5. Үлкен қапшықты том арқылы сыгып көрсетіңіздер

V. Сабақты қорытындылау:

  1. Архив дегеніміз не?

  2. Архивтеуші программаларды атаңдар

  3. Қандай файл өзі шешілетін деп аталады?


VI. Үйге тапсырма беру:

Деректерді мұрағаттау тақырыбы бойынша қайталау. Қосымша іздену: Мұрағаттау бағдарламалары.


 

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму тарихы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ЕТ-ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі

принциптерімен таныстыру,ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру;



Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын

дамыту.


Тәрбиелілік: Оқушылардың тәрбилілікке ұқыптылықа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интер.тақта, элект.оқулық, Сабақтың өту мақсаты:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма беру.



Өткен материалды қайталау сұрақтары:

1.Компьютер дегеніміз не?

2.Ақпараттық құралдар неден тұрады?

3.Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?

4.ОЖ-нің негізгі функцияларын атандар.

5.Интерфейс деген не?Қандай интерфейстерді білесіңдер?

6.Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?

7.Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

8.Дрейвердің рөлі қандай?

Жаңа түсініктер:

Есептеуіш техниканың даму тарихы

Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды.

Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында балған.

Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған

17 ғасырдың аяғында шотландиялық Джон Непер логорифм түсінігін енгізді.логорифм кестесін құрды.

1761 ж.Ағылшын Д.Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Исаак Ньютон ұсынған.

1642 жылы француз математиці Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.

1694 ж неміс математиці Лейбниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрі құрды.Есептеуіш техниканың XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.

1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады.Он казіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.

Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машанасына бағдарлыма жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.

XIX ғасырдың соңында американдық Герман Халлериат есепші перфарциялық машинасын құрды.Холлериат 7 жыл бойы пайдаланылды. Холлериат есепші-перфорациялық машинаны жасайтын фирманың негізін қалады. 1944 американ математигі Говард айкен Горвард Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.Бірінші электронды машиналар 1946 жылы Пенсильван университетінде ENIAC деп аталды, 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды.
ЭЕМ буындары:

Бірінші буында – бірінші электрондық машиналар 1940-1955 жылдар

Екінші буынға 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер, транзисторлар пайда бола бастады.

Үшінші буынға – интегралдық негізінде құрылған ЭЕМ-дер. Қазіргі кездегі компьютерлер төртінші буынға жатады.

Төртінші буынға - ЭЕМ –лар қолданылуда.

Бесінші буындағы компьютерлер әлі шыққан жоқ. ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда.

Сабақты бекіту сұрақтары:


  1. бірінші электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?

  2. Марк-1 машинасы қандай элементтерде жатады?

  3. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?

  4. ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-біірнен йырмашылығы неде?

  5. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?


Үйге тапсырма: Компьютерлік техниканың даму тарихы

Сабақтын тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және

мүмкіндіктері



Сабақтын мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың

міндетімен таныстыру.ЭЕМ-нің мүмкіндіктерінкөрсету.Компьтердің негізгі

құрылғылары – процессормен, ЖЖҚ-мен таныстыру;

Тәрбиелік: Оқышылардың тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын

дамыту.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар:компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды

оқулықтар.

. Сабақ жүрісі I. Ұйымдастыру

II.Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақ

IV. Қорытындылау

V. Үй тапсырмасын беру

VI. Бағалау

Компьютер сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы.компьютер- деректерді бағдарламалап өңлдеуге арналған электрондар құрылғы .Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер,дыбыстар,графика және т.б.) ақпратты өндейді, әр түрлі технологиялық процесттерді ,деректер базасын және басқаларды басқарады.Бұл типті компьтерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады.Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-сі. Бірақ. ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу  және адаммен қарым-қатынас жасауының негізгі принціптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельбдермен байланыстырылған бірнеше блоклардан тұрады. Блоктардың номенклатуруасы әр түрлі болуы мүмкін,бірақ кез келген компьютержұмыс істеуі үщіе, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады.Оларға принтер, ыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының  басты элементі-жүйелік блок. ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры  мен  жедел жады  және т.б.  аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру  блогы, иілгіш  және қатқыл  дискідегі жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған. ДҚ (дербес компьютер деп аталуының – бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады. Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем,  маус. Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта. Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен  жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады.Олар: монитор, пернетақта,принтер, маус,  модем.Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп   түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.







Каталог: uploads -> doc -> 026b
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
026b -> 8 1 А. Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі мен мысал жанрындағы шығармалары
026b -> Презентациялық көрініс «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай. «Өнер білім бәрі де оқуменен табылған»
026b -> Досанова Балжан Жұмағұлқызы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет