Сабақтың тақырыбы: Әліппенің атасы. (А. Байтұрсынов) Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнымен таныстыру, негізгі идеясын ашу



Дата26.06.2018
өлшемі36 Kb.
#44361
түріСабақ
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы

лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Спатаева Индира Жуматаевна

Сабақтың тақырыбы: Әліппенің атасы. (А.Байтұрсынов)

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтін мазмұнымен таныстыру, негізгі идеясын ашу.

2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін

жеткізуге баулу. Оқуға, білімге деген құштарлықтарын

арттыру.


3. Отансүйгіштікке, ұжымдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой қозғау, 5 жол өлең, венн

диаграммасы.



Көрнекілігі: А.Байтұрсыновтың суреті, «Бәйге» ойыны, кітап

көрмелері, мәтінді талдау алгоритмі.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-психологиялық ахуал туғызу

-сабақ мақсатын айқындау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Бәйге» ойыны арқылы

-Бұл әңгіме кім туралы?

-Шоқан қандай көңілсіз жағдайға тап болды?

-Шеген ауылының жылқышылары қандай өрескілдік көрсетті?

- Егіншілерге кім ара түсті?

-Шеген кім?Оны қандай адам деп ойлайсың?

-Шыңғыс дауды қалай шешті?

Қорытынды: Шоқанға мінездеме беру. (мейірімді, сезімтал, қайырымды)

ІІІ.Жаңа тақырып. Ой қозғау стратегиясы. «Оқу-білім бұлағы, Білім- өмір шырығы» мақал-мәтелді талдау.(оқушылардың пікірін тыңдау)

Кіріспе сөз: -Балалар біз бүгін қазақ балаларына білім беруде көп үлес қосқан ,алғаш әліппе жазған ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов ағамыздың

өмірбаянымен танысамыз.

Сендер оөу жылының басында А.Байтұрсыновтың бір шығармасымен танысқан болатыңсындар. Ол өандай шығарма?


  • «Оқуға шақыру» онда ақын жастарды неге шақырады? Бұл өлең шығарманың қай жанрына жатады? (поэзия)

  • Жамиля мен Жарқын бүгінгі сабаққа ақын туралы баяндама жазып келген екен, соларды тыңдайық.

  • Жамиля мен Жарқынның мәліметтеріне мен қосымша бір кітаппен таныстырғым келіп тұр. «Ақ жол», «Бес арыс».

  • Ал, енді «Әліппенің атасы» мәтінімен алгоритм бойынша танысайық



  1. Мәтінді оқу, талдау (түрту әдісін қолдану.)

  2. Сөздік жұмыс ,мағынасын ашу.

  3. Мәтіннен кілтті сөздерді,бейнелі сөздерді табу.

  4. Қорытынды жасау.

- Мәтінді тізбектей отыра 2-3 оқушыға оқыту, мағынасын айтқызу.

- Сөздік жұмыс: жер аудару- адамды соттап, алыс жерге жіберу.Сөз мұрасы- ел ішінде сақталған жыр, ертегілер,(өмірмен байланыстырып мысалдар келтіру)

- Кілтті сөздер: сөз мұрасы.

- Бейнелі сөздер: әкесі ширақ, батыл (мінездеу, дәлелдеу)

- Қорытынды: не білдік, қандай тәрбиелік мән-мағынаны түсіндік?

- Пайымдау. 5 жол өлең «Әліппе» сөзіне құру.

- венн диаграммасы. Тағы қандай ұлы ақын балаларды оқуға шақырды, мектеп ашты? (Ы.Алтынсарин)

А.Байтұрсынов Ы.Алтынсарин



«Өзімізге»



ІҮ. Бағалау.Мадақтау.

Ү. Үй тапсырма: Мәтінді оқу,мазмұндау. Сөз мұрасы, жер аудару сөздерімен сөйлем құру.
Каталог: uploads -> doc -> 01e6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01e6 -> Миға шабул Қалқиып қос құлағы
01e6 -> Сабақ Sport and games Мектеп: Исатай орта мектебі Күні: 2/05/2017
01e6 -> Оқу жылы 1-сыныпқа «Денешынықтыру» пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспарлау
01e6 -> «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» студенттермен кездесу кеші. Тақырыбы: «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет