Сабақтың тақырыбы: Ән айтамыз, ойнаймыз және оқимыз. «Менің Отаным». Ө. Байділдаев үйрену. Сабақтың мақсаты



бет1/5
Дата27.12.2016
өлшемі1,19 Mb.
#5698
түріСабақ
  1   2   3   4   5
МУЗЫКА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ән айтамыз, ойнаймыз және оқимыз.

«Менің Отаным». Ө. Байділдаев - үйрену.



Сабақтың мақсаты: Баланы қүдіретті музыка әлеміне жетелеп, му­зыка тыңдауға, ән айтуға баулу. Сабаққа деген қызығушылығын тудыру. Музыкалық іс-әрекет арқылы сезімін (эмоциясын) ояту.

Сабақтың міндеті:

  1. Музыка тыңдау, ән айту ережелерін үйрету.

  2. Өз ойын еркін жеткізе сөйлей білуге үйрету. Есту, есте сақтау кабілеттерін дамыту.

  3. Отанды сүюге, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ Қүрманғазы Сағырбаев күйінің әуенімен басталады. Мұгалім алғашқы музыка сабағын күй атасы Құрманғазының асқақ, шабытты, шат көңілді күйімен бастап, жақсы тілектер айтып, балалармен жақсы байла- ныс орнатып, психологиялык дайындық жасағаны жөн.



Музыка тыңдау: Ән сабағы. Музыкасын жазған К. Қуатбаев.

Мектептің әдемі ғой әр сабағы,

Қызық-ау әсіресе ән сабағы.

Шәрипа Шара болып би билесе,

Күлипа Күләш болып ән салады.

Бәріміз бұл сабакта тамашамыз,

Үкілі бөрік киіп жарасамыз.

Апайға ән үйреткен ырза болып,

Үйді-үйге өлең айтып тарасамыз.

- Біз бүгінгі музыка сабағында таңғажайып музыка әлеміне саяхатымызды бастаймыз, - деп, оқулықтағы шартты белгілермен таныстыру, олардың міндетін түсіндіру.

Окулықтың алғашқы беттеріндегі ән айтып, би билеп, домбыра тартып түрған, музыка сабағында отырған балалар сурегтерінің өзі-ак оқушылар- ды музыка әлеміне жетелейді. Сондықтан әдемі әстетикалық талғаммен жасалған көрнекі күралдарды, мүмкіндік болса, аспаптың өзін көрсетсе үтымды болар еді және сол аспап орындауында музыкалық шығарма гыңдатылса, баланың музыка тындауға қызығушылығы оянады. Алғашқы сабақтан бастап-ақ музыканы зейін қойып тыңдай білуге үйреткен жөн.

Музыка тыңдағанды, ән айтқанды ұнатасың ба?

Музыка деген не? - деген ой қозғау, ізденіс тудыратын әдіспен, орыидалған күй мен оқулыктағы түрлі түсті суреттерге сүйене отырып, балалардың пікірлері тыңдалады.

Оқулықпен жұмыс:

Сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастырылады:



  1. Біздің Отанымыз қалай аталады?

  2. Қазақстанның табиғаты қандай?

  3. Саған туған жеріңнің табиғаты несімен ұнайды?

  4. Суреттен кімді көріп тұрсың, оның қолында қандай аспап бар?

«Оқы немесе оқып бер» бөліміндегі мәтін оқылады.
Сергіту сәті:

Биле-биле, балакан,

Домбыраның күйіне.

Қане, биле, балақан,

Қосылайық биіңе,

Шапалақтап алақан.

Биле талдай бүралып,

Қанатың қақ қаз болып.

Өнеріңе қуанып,

Қол соқсын ел мәз болып.

Өлең мазмүнына карай қимыл-қозғалыстар жасау.

«Ақыл калта» бөлімі оқылып, мазмүны ашылады.

Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, гыпысын тереңдетуіне, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі. v )іі айту кезінде баланың негізгі музыкалык қабілеттері - әмоциялық лсерленгіштігі, есту, есте сақтау қабілеті, ырғакты сезінуі дамиды.

Алғашкы сабақтан бастап, оқушыларға ән айту ережелері түсіндіріледі. Әнді мәнерлі, әуенді, жеңіл дауыспен айта білуге, ән айтудың алдында және музыкалық сөздердің аралығында иықты көтермей, демді ішке ала білу және оны сөздерді айтып болғанша үстауға, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс, сөздерді анык айтуға дағдыландыру керек.



Дауыс жаттыгуын әннің «Отан - менің ата-анам, Отан - досым, бауырым» дейтін 1-фразасына жасату арқылы, әннің сөзін жаттату коса жүргізіледі. Секірмелі дыбыстарды таза орындауға, дикцияның анық ай- тылуы мен дауысты дыбыстарды дөңгелете айтуға жаттықтыру.

Ән үйрену: Ө. Байділдаевтың «Менің Отаным» әні - көңілді, шат сезіммен, асқақтата, орташа екпінде орындалады.

  • Әннің мазмұны не туралы?

  • Әуені саған ұнады ма?

Шығармашылық жұмыс:

  • «Отан» сөзінің мағынасын әңгімеле.

  • Өзіңнің ауылың, ата-анаң, достарың сен үшін не болып саналады? «Менің Отаным» такырыбына сурет салу.

Қорыту: «Әнші болғым келеді» ойыны үйымдастырылады. Сыныптағы ән айта алатын балалар өз өнерлерін ортаға салады.

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мектеп - алтын бесік.

«Қоңырау». К. Қуатбаев - үйрену.

«Домбыра». Ә. Еспаев - тыңдау.

Музыка сауаты: ән, әуен, ырғақ. Музыка тыңдау, ән айту ережелері.



Сабақтың мақсаты: Музыка, ән, әуен, ырғақ туралы сауатын ашу.

Сабақтың міндеті:

  1. Ән айтуға, музыка тыңдауға үйрету. Хормен ән айтуға дағдыландыру. Музыка тыңдау, ән айту дағдыларын дамыту.

  2. Білімге, оқуға қызығушылығын арттыру, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ мектеп туралы әдемі ән тыңдаудан басталады (мұғалімнің қалауы бойынша).



  • Ән қалай орындалды?

  • Әннің әуені қандай?

-Ән әуенінен қандай әсер алдың?-деген сияқты ой қозғаушы сүрақтар қойылып, әннің сипаты ашылады.
Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтағы түрлі түсті сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастыры- лып, берілген мәтін оқылады.



  1. Мектепке оқушы неге келеді?

  2. Қандай көңіл күймен келдіңдер?

  3. Қандай оқу қүралдарың бар?

  4. Мектепте сендерді кім карсы алды?Жаздай жақсы тынықтық,

Күнге күйдік, шынықтык.

Талай жерді аралап,

Табиғаттан сыр үқтық.

Сабақ енді басталды,

Мектебіміз қарсы алды,

Қоңыраудың дауысы Күмбірлетті аспанды.

Жүмбақ

Сағат сайын соғылады,

Тек мектептен табылады.

(Қоңырау)

Ән үйрену: К. Қуатбаевтың «Қоңырау» әні барша баланың өмірінде (юлатын ец маңызды шағы туралы жырлайды. Ән көңілді, сергек, жылдам окпіпдс орындалады.

Дауыс жаттыгуын әннің алғашқы фразасына жасатып, дыбыс Оиіктігін қол қимылымен көрсетіп, таза орындалуына назар аударылады. Сыңғыр-сыңғыр коңырау,

Сыңғырлаған көңіл-ау.

Музыка деген не?

Тыңдаған ән, күй, орындаған әндерден біз әуен, музыка естиміз. Әр музыкалық шығарманың тақырыбы мен мазмүнына байланысты әуені, ырғағы болады. Домбыра, рояль, кобыз, асатаяқты, т.б. ойнағанда әуен естиміз. Әр аспаптың өзіне тән, бір-біріне ұқсамайтын дыбыс бояуы, үні, луепібар.

Сергіту сәті.

Тыныс тайық терең

Жүгірдің де қарғыдың,

Жарадыңдар барлығың.

Шаршадыңдар дегенмен,

Тыныстаңдар тереңнен.



Қане, «Ү-п!»-деп айтайық,

Демді ішке тартайық,

Енді «Ү-п!» - деп айтайық,

Демді шығар қайтарып.

Босаңсытып денеңді,

Бейжай күйге ен енді,

Басты көтер, тік ұста,

Емін-еркін тыныста.



Музыка тыңдау.

Ә. Еспаевтың «Домбыра» әні жайдары, көңілді, сергек орындалады. Домбыра - әр казак отбасында табылатын музыкалық аспап. Домбы- раны білмейтін казак баласы жок. Өткен сабақта тыңдалған Құрманғазы күйлерін еске түсіріп, үзінді тыңдату аркылы баланың есте сақтау қабілеті арттырылады.



Қорыту:

  1. Қандай ән үйрендік?

  2. Қандай аспаптармен таныстық?

  3. Әуен деген не?


3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар елінде. Шулы дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: Шулы дыбыстар жөніндегі түсініктерін кеңейту. Ән айтуға кызығушылығын арттыру.

Сабақтың міндеті:

  1. Музыкалық және шулы дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

  2. Есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Әншілік тынысты жетілдіру.

  3. Әсемдікке, сүлулыққа, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің калауы бойынша әдемі күй тыңдалады. Өткен сабакта үйренген әндер қайталанады.

- Енді бір сәт тынышталып, қүлақ түрелікші, коршаған ортада тағы да қандай дыбыстар естіледі екен? (Балалар пікірлері тыңдалады.)

Машинаның даусы, кітап парағын ашқанда, балға ұрғанда, жаңбыр жауғанда, күн күркірегенде, құстар сайрағанда шығатын дыбыс, желдің уілі, жапырақтың сыбдыры, судың сылдыры, малдың мөңірегені, ма- ңырағаны, т.б.

Шулы дыбыстарға табиғатта, коршаған ортада болып жатқан дыбыстар тобын жатқызамыз. Шулы дыбыстарда әуен болмайды.

Оқулықпен жұмыс: Шулы дыбыстар туралы мәтін оқылады.Түрлі сурегтер бойынша әңгіме ұйымдастырылып, шулы дыбыстар туралы түсінктері кеңейтіледі.

Жұмбақ шешу арқылы баланың ойлау қабілеті дамытылып, шулы дыбыстар туралы түсініктері қалыптастырылады.

Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады. (Қарлыгаиі)

Орманда жоғары Ағашка қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ-ток соғады. (Тоқылдақ)

Қайталап атымды,

Ән салып аламын.

Кез келген ұяға Жүмыртқа саламын. (Көкек)

Қанаты жок, үшады,

Аяғы жоқ, қашады. (Жел)

Еш тесікте түрмайды,

Ол жокта жер құрғайды. (Су)

Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді.

Бусанып жон-алап,

Терледі, керілді. (Жаңбыр)

Сергіту сәті: «Нөсер».


  1. Қолды барынша жоғары көтеріп, «У-у-у-», - деп желдің дыбысын шығару.

  2. Жел бірте-бірте күшейіп, дауыс қаттырақ шығады, денені козғалысқа келтіру.

  3. Қолды төмен түсіріп, тырнақпен партаны тықылдатып, жаңбырдың дыбысын шығару.

  4. Аяқпен еденді тарсылдатып соғу аркылы нөсерді келтіру.

Ойын түрінде шулы дыбыстар туралы білімдері пысықталады. «Қайсысы қалай дауыстайды?» ойыны.

Әтеш шақырады - ку-ка-ре-ку.

Бақа бақылдайды - бақ-бақ-бақ.

Шыбын ызылдайды - ыззз, ызз.

Қой маңырайды - мә-ә - мә-ә.

Сиыр мөңірейді - мө-ө - мө-ө.

Мысық мияулайды - мияу-мияу.

Арыстан ырылдайды - ыррр.



  • Мұның бәрі кандай дыбыстар?

Шығармашылық жұмыс:

  • Шулы дыбысты неден естідің? Музыкалық дыбысты неден естідің? Түрлі түсті бояумен бейнелеп беріңдер.

Қорыту:

Балалардың салған суреттерін тақтаның алдында түрған екі қорапшаға салуын сүраймыз. Оның біреуінде домбыра суреті салынған - музыкалық дыбыс, екіншісінде кошақан суреті салынған - шулы дыбыс. Қателескен окушының катесі түзетіліп, тақырып корытылады.

Мысалы:

Домбыра - музыкалық дыбыс.



Машина - шулы дыбыс.

Иттің суреті - шулы дыбыс.

Қүстың суреті - шулы дыбыс.

4-сабақ

Сабақтың такырыбы: Музыкалық дыбыстар.

Л. Дымова. «Жаңгырық» - үйрену.

Музыка сауаты: Ән. Композитор. Ақын.

Сабақтың мақсаты: Музыка сауатын ашу. Орындаушы, композитор, ақын туралы түсінігін кеңейту.

Сабақтың міндеті:


  1. Музыка жөнінде ұғымын дамыту.

  2. Музыкалық талғамын жетілдіру.

1 On айтуға қызығушылығын арттыру, музыканы сүюге, өнерге і лрһислеу.

Сабақтың барысы:

Балалар, қазір кандай сабақта отырсыңдар?

Музыка сабағында қандай іс-әрекет жасайсыңдар?

оқулықта берілген сурет бойынша әңгіме ұйымдастыру.

Музыка кабинетіндегі музыкалык аспаптар, стендтер, композиторлар портреттерімен таныстыру.

Музыка сабагында біз ән айтамыз, музыка тыңдаймыз, музыкалық аспатармен танысамыз. Музыкалық дыбыстарды естиміз.

Әдемі ән тыңдау (мұғалімнің қалауы бойынша.)



Ән саған ұнады ма?

Ән сенің көңіл күйінді көтерді ме?

Осындай көңілді әндер қай кезде орындалады?

Егер ән, күй, музыка болмаса, біздің өміріміз қандай болар еді?

ОСЫ сияқты ой қозғау сұрақтар қою аркылы, балалардың пікірлері тыңдалып, «Музыкалық дыбыстар» тақырыбы ашылады.

Қалай ойлайсың, музыканы кім жазады?



Оқулықпен жұмыс: Музыка әлеміндегі басты мамандық иесі – композитор, Композитор түрлі такырыпқа арнап музыка жазады.

Әннің сөзін ақын жазады. Акын мен композитор бірігіп әдемі ән шығарады.

Оқулықтағы сурет бойынша тапсырма орындалады:

Композитор - күйсандық



Ақын калам, қағаз.

Орындаушы - микрофон.



Дауыс жаттыгуы: 7 жастағы балага дыбысты кұрылымға келтіре орындау қиынға соғады. Сондықтан балаларды таза дыбысқа үйрету бір ғана биіктіктегі дыбыстан тұратын әуендерді айтқызудан басталады.7 жастағыбаланың ән айтудағы тағы бір кемшілігі - тақпақтап орын- іау. Оидегі дауысты дыбыстарды созып, дауыссыз дыбыстарды қысқа • 'Iіі.ііі іауга үйрету барысында бұл кемшілікті жоюға болады.

Ба-ры-жо-ғын-ай-та-мыз,

Біз-мек-теп-ке-ба-ра-мыз.

Ән-үй-ре-ніп-би-би-лей-міз,

Біз-та-лап-ты-ба-ла-мыз.

Екінші рет кайталағанда осы жаттығуды әртүрлі қимыл жасатып орын, бала сергіп, ән айтуға қүштарлыгы артады.

Жұмбақ:

Дауысыңды кайталап жыракта,

Айнытпай жетюзер кулакка.

(Жаңғырық)

Айтқаныңды айнытпай

Кайталайды өзңе.

Тіл қатканмен қаймықпай,

Көрінбейді көзіңе.

(Жаңғырық)

Ән үйрену: Л. Дымованьң «Жаңғырық» әні асыкпай, орташа екпінде орындалады. Ән айта бастаудың алдында «ку-ку» кіші терция, «ле-ле» прима сияқты жеке дыбыстарға кұрылған жаттығуларды орындатқан тиімді. Оларды үздіксіз кайталап отыру таза интонация дағдысын кақалыптастырады.

Ән баланы сергітетіен, көңілін көтеретін, дыбыс биіктігін сезіне орындауа уйрететін шығарма.

Оқулықта берілген тапсырмалар баланың ойлау, есте сақтау, дыбыс биіктігін сезіну, қимыл жасау қасиеттерін шыңдайды.

Корыту: Турлі Tycтi суреттер көрсетіп, сұрақтар койылады.


  1. Композитор кім?

  2. Акын кім?

  3. Орындаушы кім?


5-сабак

Сабақтын тақырыбы: Ән - көңілдің ажары.

«әнші балапан». М. Омаров - уйрену.

Музыка сауаты: Орындаушы. Тыңдаушы.

Сабақтың мақсаты: Орындаушы, тыңдаушы туралы тусінігін кеңейту. Музыкаға суйiспеншілігін арттыру, кызығушылыгын ояту.

Сабактың міндеттері

1. Әнді мәнерлі, әсем орындауға баулу. Ән айту дағдыларын шыңдау, дамыту.

2. Адамгершілікке, әсемджке, өнерге баулу.

3. Өз ойын еркін жекіазе білуге тәрбиелеу.

Сабактың барысы:

Сабақтың барысы:

Композитор мен ақын бірігіп әдемі ән шығарады. Сол әнді тыңдаушы қауымға әнші жеткізеді. Ән музыка мен сөздің бірлігі ғана емес, осылар арқылы әншінің сезімін, ән мазмұнын, әуеніп, сазын асқан шеберлікпен тыңдаушыға жеткізуі. Сонда ғана ән тыңдаушыиың сезіміне әсер етіп, мазмүнын түсінуге жол ашылады. Әнші – орындашымы. Ал біз де әнді орындаймыз және тыңдаймыз. Сондықтан біз - орындаушымыз және тыңдаушымыз.

7 жасар балаға өзінің орындауында ән айтқызу арқылы оның музыкалық шығарманы, әнді толық түсіну, ынталану, талаптану, қызығу, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білу сияқты касиеттері қалыптастырылады.

Орындаушылар - әнші, күйшілер өз өнерін халык алдында, сахна төрінде көрсетеді. Халық олардың өнерін тыңдап, тамашалайды, қол соғып, қошамет көрсетеді. Халық — тыңдаушы.



  1. Қандай әншілерді білесің?

  2. Олардың қандай әндері саған ұнайды?

Балалар өздері білетін әншілерін, әндерін айтып, өз ойларын ортаға сллады.

Оқулықпен жұмыс: Берілген суреттер және атақты қазақ әншілерінің суреттері көрсетіліп, орындаушы, тыңдаушы ұғымы пысықталады.

Дауыс жаттығуы:

Мен оқушы баламын,

Шырқап әнге саламын.

Гамма тектес жаттығудың баланың дауыс ырғағын ретке келтіруге әсері зор.



Ән үйрену: М. Омаровтың «Әнші балапан» әні орташа екпінде, жұмсақ тембрлі, мейірімділік сезіммен орындалады.

Әннің қайырмасындағы «Әнші, биші, әнші балапан» сөз тіркесінің бірнеше рет қайталануындағы дыбыс биіктігін, квинта интервалын қол қимылымен көрсету арқылы әуен жүрісін, дыбыс биіктігін дәлірек сезінуге бағыттаған жөн. «Балапан» сөзіндегі бірнеше қайталанатын «а» дауысты дыбысын ән айту әдісі бойынша «дөңгелете» орындауға жаттыкгыру.

«Ақыл қалта» айдарымен берілген мақал-мәтелдер оқылып, балалардың өнерге, әнге, музыкаға деген қызығушылығы, кұштарлығын оятуға.


6-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.

«Етікші». Д. Ботбаев - үйрену.



Сабақтың мақсаты: Шулы дыбыс пен музыкалық дыбысты ажырата білуге үйрету.

Сабақтың міндеті:

  1. Әнді мәнерлі орындауға дағдыландыру.

  2. Әннің тәрбиелік мағынасын ашу. Оқушының таным деңгейін дамыту.

  3. Еңбекқорлықка, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қалауы бойынша ата, апа, әке, ана, аға туралы бір ән тыңдалады.

Жұмбақ:

Маған да, саған да Жақын туыс - бес адам. Үш әріптен тұратын, Оңға оқы, солға оқы, Өзгермейді еш одан, Бәрі де өз жұратың, Айтады кәне кім атын?



(Ата, ana, апа, ага, іні.)

«Отбасы» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?» деген ойқозғау сұрақ қойылып, балалардың пікірі тыңдалады. Оқулықта берілген түрлі түсті сурет бойынша әңгіме ұйымдастырылады.

  1. Суретте кімдер бейнеленген?

  2. Үлкен отбасындағы адамдардың көңіл күйлері қандай?

  3. Отбасында неше адам бар екен?

  4. Сенің отбасыңда кімдер бар?

Анаң - күнің, жүрегің, Әкең - өмір тірегің.

Әжең - асыл ардағың, Атаң - дана қорғаның. Ағаң - қамқор аскарың, Інің - мөлдір аспаның. Қарындасың - қанатың, Ел-Отаның - жәннатың.< Ікулықпен жріыс: «Менің отбасым» мәтіні оқылады.

Атадан бала туар,

Атасының жолын қуар.



Ойлан, man:

Айтары мол ғүлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің,

Білер оны сұраған. Ол кім? (Ата)

Ән үйрену: Д. Ботбаевтың «Етікші» әні орташа екпінде, сергек сезімде, көңілді айтылады. Қайырмасындағы «тук-тук» дыбыстары етікші ата балғасының тықылдаған дыбысын, еңбекқор атаның музыкалық бейнесін әннің мазмұнын аша түседі.

ән қайырмасындағы балға соққан етікші ата қимылын әннің ырғағымен сәйкестендіріп, би қимылымен көрсетуге болады. Бұл әдіс әнді ойын ретінде тез үйреніп, қабылдауға ықпал етеді. Бұл жерде «тук-тук» шулы дыбысы қысқа, үзіп үзіп орындалатынын балалар ажыратады.

Шығармашылыұ жұмыс: Окулықта берілген жұмбақтарды шешу.Тағы қандай қүрал-саймандарды білесіңдер?

Үшкір қазық,

Дөңгелек қалпақты,

Біріктірер бөлекті. (Шеге)

Мойны жар бермей,

Желкеден қыса бастайды.

Жөнге жүрместі

Сереңдетіп жұлып тастайды. (Кемпірауыз)

Есіктегі қүлыпқа ұя жасау өнерім.

Шаңырақтан уыққа

Үңгір қазып беремін. (Қашау)

Қос таяқ,

Бастары дөңгелек.

Тұтасты


Кеседі бөлек-бөлек. (Қайшы)

Қорыту: «Бір үйде біз нешеуміз?» әнімен сабақ қорытылады.

7-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Менің достарым.

«Ақбота». Ж. Тұрсынбаев - үйрену.

«Ағайынбыз бәріміз». М. Әубәкіров - тыңдау.

Сабақтың мақсаты: «Дос» деген сөздің мағынасын түсіндіру. Басқа ұлт өкілдері, олардың тілі, дәстүрі туралы әңгімелеу.

Сабақтың міндеті:


  1. Достықты жырлайтын әндерді тыңдап, мағынасын, мәнін түсінуге баулу.

  2. Ән айту шеберліктерін, әуендік есту қабілеттерін дамыту.

  3. Сыйластыққа, достыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

А. Островскийдің «Әрқашан күн сөнбесін» әні тыңдалады. (Ән қазақ, орыс, ағылшын тілінде орындалса, өте орынды болар еді.)



  • Ән қалай орындалды?

  • Ән әуенінен қандай әсер алдың?

  • Ән кай тілдерде орындалды? - деген сұрақтар қою аркылы балалардың ой-пікірлері тыңдалады.

Әннің әуені, дыбыс ырғағы баланың көңіл күйін шаттық сезімге бөлейді. Достыққа, адалдыққа, мейірімділікке шақырады.

  • «Дос», «достық» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

  • Сенің қандай досың бар?

Балалардың пікірлерін еркін жеткізуге, ойларын қысылмай, ашық айтуға мүмкіншілік жасаймыз.

Оқулықпен жүмые: Оқулыкта берілген түрлі түсті сурет бойынша әңгіме ұйымдастырылады.

Ортада қазақ ұлтының баласы. Оның жанында орыс, өзбек, украин, грузин достары бар. Олардың көңілдері көтеріңкі. Аспандағы күн де шуағын мол төгіп тұр. Қалықтап ұшқан ақ көгершін. Олар қол ұстасып, болашақка нық қадам басып келеді.

Жер жүзінде әртүрлі ұлт өкілдері өмір сүреді. Қазақстан Республикасында 120-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Адамдар дос болса, бейбітшілік болады. Бейбітшіліктің, достықтың символы - ак көершін, күлімдеген күн, күлкі, куаныш.

Достық

Достығымыз жарасқан,

Ақпыз, қоңыр, сарымыз.

Қара жер мен көк аспан,

Ортақ дала, тауымыз.

Ортақ жұтар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық - туған анамыз,

Жердің ұлы-қызымыз.


Каталог: uploads -> doc -> 0084
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0084 -> Әшірбаев Ғабит Әшірбайұлы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Математика пәні мұғалімі
0084 -> Күні: 12. 2016 Сыныбы: 8а, геометрия Тақырыбы
0084 -> Денешынықтыру сабағында оқушылар денсаулығын нығайту, ҚОЗҒалыс белсенділігін арттыру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет