Сабақтың тақырыбы: Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергия. Сабақтың алатын орны: жаңа тараудағы 2-ші жаңа сабақ



Дата20.03.2020
өлшемі144.89 Kb.
түріСабақ
Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданы

Қайырбек Оразов атындағы

Аралағаш орта мектебінің

І (ілгері) деңгейлі сертификатталған

физика және математика пәні мұғалімі

Мейрманова Ғалия Маратқызы

7-сынып


Физикадан ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергия.

Сабақтың алатын орны: жаңа тараудағы 2-ші жаңа сабақ.

Сабақ мақсаты:



  1. Диалогтік оқыту арқылы сабақ тақырыбына сәйкес негізгі білім алу: денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары, математикада алған білім , білік, дағдыларын есептер шығаруда пайдалана білу.

  2. Әр түрлі жағдайларда алған білімдерді пайдалануда дербестік көрсете білу, коммуникативті дағдыларын дамыта алады: диалог жүргізе білу, өз пікірін дәлелдей білу. Өз пікірлерін, нанымдарын батыл айтып шешім қабылдау.

  3. Диалогтіқ қарым-қатынас арқылы оқыту үдерісіне белсенді қатысуды үйрену.

Күтілетін нәтижелер:

  • Энергия, денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары анықтамаларын , формулаларын біледі, түсінеді. Энергия түрлерін ажырата алады, олардың қандай шамаларға тәуелді екенін біледі.

  • Энергия көріністерін өмірден байқау мысалдарын келтіре алады.

  • Жуан және жіңішке сұрақтар қоя алады, дәйекті жауап бере алады.

  • Теориялық білімдерін пайдаланып, есептер шығара алады.


Сабақ кезеңдерінің сипаттамасы:

Сабақ кезеңі

Уақы

ты


Мақсаты

Оқу материалының мазмұны

Әдіс-тәсілдер

ОӘҰТ

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Оқушылардың жұмысқа дайындығын тексеру, жағымды ахуал орнату

Эпиграф



Дөңгелек үстел:

а) көңіл-күйлерін сұрау

б) эпиграф оқу, қалай жұмыс істеу керектігін анықтау

в) Вассер-ман әдісі : «Жылдамдық №2», «Жылдамдық №5»



фронтальды

Оқушылармен амандасады, дөңгелек үстел басында көңіл-күйлерін сұрайды

«Жылдамдық №2», «Жылдамдық №5» стратегияларын өткізеді



Мұғаліммен амадасады, көңіл-күйлерін айтады, сабақта қалай жұмыс істеу керектігін айтады, ауызша жылдам есептейді

2 топқа бөліну «Суреттерді біріктір»
І топ: ұшақ ІІ топ: пойыз


Үй тапсырмасын тексеру

5 мин

Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау, коммуникативті дағдыларын дамыту, диалог жүргізе білу, өз пікірін дәлелдей білу

І топқа: «Жұмыс» тірек-сызбасы

ІІ топ: «Қуат» тірек-сызбасы



Тірек-сызбала арқылы баяндау

Топпен жұмыс

Топтарға тапсымаларды таратады

Тірек-сызбаларын толтырып, әңгіме құрастырады

5 мин

Алған білімдерді пайдалануда дербестік көрсете білу, жақсы оқуға мотивация тудыру

3-деңгейлі есептері бар Үлестірмелі карточкалар


Вассерман әдісі «2+30»

Жеке жұмыс



Жеке тапсырмалар таратады, уақыт белгілейді

Есептер шыға-рады, үлігімен салыстыра отырып өзара тексереді

Сабақ тақырыбы мен мақсатын қою

5 мин

Сабақ тақырыбымен танысу, мақсатын анықтау, сабақ жоспарымен танысу

Суреттері бар карточкалар:

1.Қозғалыста-ғы дене

2Жоғарыдан төмен түсетін дене



Проблемалық сұрақ


Фронтальды

Карточкалар арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады, сабақ жоспарымен таныстырады

Өз пікірлерін айтады, болжам жасайды, мақсаттар қояды.

Жаңа сабақты оқып-үйрену

8мин

Диалогтік оқыту арқылы сабақ тақырыбына сәйкес негізгі білім алу: денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары.

Диалогтіқ қарым-қатынас арқылы оқыту үдерісіне белсенді қатысуды үйрену.




Мини проект

І топқа: арбаша, ағаш білеушелер

ІІ топқа: арбаша, жүктер, ағаш білеуше


Мини-проект


Топтық

Тапсырмаларды топтарға береді, шартын түсіндіреді

Топта мини проект орындайды, зерттейді, қорытынды жасайды.


Екіжартышарлы әдісі арқылы сергіту сәті

«Сат.Кар.Тар»

«Шексіздік» 1 мин


Жаңа сабақты алғашқы бекіту

6 мин

Жаңа білімдерін, математикада алған білім , білік, дағдыла рын есептер шыға руда пайдалана білу Жаңа сабақты бекіту

Сұрақтар жазылған парақ қағаздары

«Ия» «Жоқ»

Жекелей

Тест таратады, жауаптарын тексереді

Тест орындайды, өз-өздерін бағалайды

Есептер шығару

6 мин

3 есеп жазылған

парақтар


Есептер шығару

Фронтальды

Есептер шығаруын қадағалайды, түзетеді

Есептер шығарады, критерийлер бойынша бағалайды


Үй жұмысы

1 мин

Потенциалдық энергияны анықтау үшін мини проект құру (оқулық пайдалану)




Шығармашылық жұмыс

Жекелей







Өз-өздерін бағалау

2 мин

Оқу үшін мотивациясын арттыру , өз әрекетіне жауапкершілікпен қарау


Бағалау парағымен жұмыс

Қалытастырушы бағалау

Жекелей

Тыңдайды толықтырады

Өз-өздерін бағалайды

Рефлек-сия

2 мин

Сабақ басында қойылған мақсаттарға жетуі туралы қортыныды жасау




Ауызша жалпылау, қорытындылау

Фронтальды

Тыңдайды, толықтырады

Өздерінің сабақ мақсатына жетуі туралы қорытынды жасайды



  1. Тірек-сызбаны толтырыңдар:


Жұмыс






  1. Жұмыс қандай шамаларға қалай тәуелді?

  2. Жұмыстың еселік шамаларына мысал келтіріңдер.

  3. Адам жүкті көтеріп орнына қойды. Осы жағдайда адам жұмыс атқарды ма? Неліктен?



  1. Тірек-сызбаны толтырыңдар:


Қуат






  1. Қуат қандай шамаларға қалай тәуелді?

  2. Қуаттың үлестік шамаларына мысал келтіріңдер

  3. Неліктен белгілі бір жұмысты әртүрлі қозғалтыштар әр түрлі уақытта орындайды?

Мини проект №1

Тақырыбы: Кинетикалық энергия дененің жылдамдығына тәуелдігін зерттеу

Құрал жабдықтар: арбаша, ағаш білеуше, сызғыш

Жұмысты орындау :

  1. Арбашаны үстел үстіне орналатырып, орнын белгілеңдер.

  2. Арбашаның алдына ағаш білеушені орналастырыңдар. Білеушенің тұрған орнын белгілеңдер.

  3. Арбашаны қозғалтып білеушемен соқтығыстырыңдар.

  4. Білеушенің жылжыған қашықтығын өлшеңдер. Кестеге нәтижесін жазыңдар.

  5. Арбашамен білеушені орнына қойыңдар.

  6. Арбашаның жылдамдығын арттырып, экспериментті қайталаңдар.

  7. Кестеде білеушенің жылжыған қашықтығын көрсетіңдер.

  8. Жылдамдықпен қашықтығы арасындағы тәуелдігін анықтап, дененің кинетикалық энергиясының оның жылдамдығына тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.



Тәжірибе реті

Қашықтығы





















  1. Эксперименттің дәлділігін арттыру үшін не істеуге болады?


Мини проект №2

Тақырыбы: Кинетикалық энергия дененің массасына тәуелдігін зерттеу

Құрал жабдықтар: арбаша, жүктер, ағаш білеуше, сызғыш

Жұмысты орындау :

  1. Арбашаны үстел үстіне орналатырып, орнын белгілеңдер.

  2. Арбашаның алдына ағаш білеушені орналастырыңдар. Білеушенің тұрған орнын белгілеңдер.

  3. Арбашаны қозғалтып білеушемен соқтығыстырыңдар.

  4. Білеушенің жылжыған қашықтығын өлшеңдер. Кестеге нәтижесін жазыңдар.

  5. Арбашамен білеушені орнына қойыңдар.

  6. Арбашаның үстіне жүкті қойып , жылдамдығын мүмкіндігінше өзгертпей, экспериментті қайталаңдар.

  7. Кестеде білеушенің жылжыған қашықтығын көрсетіңдер.

  8. Дененің массасы мен қашықтығы арасындағы тәуелдігін анықтап, дененің кинетикалық энергиясының оның массасы арасындағы тәуелділік туралы қорытынды жасаңдар.



Тәжірибе реті

Қашықтығы





















  1. Эксперименттің дәлділігін арттыру үшін не істеуге болады?



  1. Дене 10 Н күш жұмсап, нәрсені 2 м-ге жылжытса, ол қандай жұмыс атқарады?




  1. Қозғалтқыш 20 секундта 1200 Дж жұмыс атқарды. Қозғалтқыштың қуаты қандай?




  1. Дене 10 Н күш жұмсап, нәрсені 2 м-ге жылжытса, ол қандай жұмыс атқарады?




  1. Қозғалтқыш 20 секундта 1200 Дж жұмыс атқарды. Қозғалтқыштың қуаты қандай?



  1. Дене 10 Н күш жұмсап, нәрсені 2 м-ге жылжытса, ол қандай жұмыс атқарады?




  1. Қозғалтқыш 20 секундта 1200 Дж жұмыс атқарды. Қозғалтқыштың қуаты қандай?




  1. Бала 0,4 кН күшпен шананы сүйреп келеді. Егер баланың орындаған жұмысы 60 Дж болса, ол шананы қандай қашықтыққа сүйреді?




  1. Қуаты 7,2 кВт машина 10 минутта қандай жұмыс атқара алады?




  1. Массасы 55 кг бала 15 кг жүкті көтеріп , биіктігі 4 м үйдің төбесіне көтерілді. Баланың атқарған жұмысын табыңдар.




  1. Жүк көлігі 4 тонна жүкті артып алып, 6 км қашықтықта орналасқан көрші ауылға 20 минутта жеткізеді. Жүк көлігінің қуатын табыңдар.




  1. Бала 0,4 кН күшпен шананы сүйреп келеді. Егер баланың орындаған жұмысы 60 Дж болса, ол шананы қандай қашықтыққа сүйреді?




  1. Қуаты 7,2 кВт машина 10 минутта қандай жұмыс атқара алады?




  1. Массасы 55 кг бала 15 кг жүкті көтеріп , биіктігі 4 м үйдің төбесіне көтерілді. Баланың атқарған жұмысын табыңдар.




  1. Жүк көлігі 4 тонна жүкті артып алып, 6 км қашықтықта орналасқан көрші ауылға 20 минутта жеткізеді. Жүк көлігінің қуатын табыңдар.

Өз-өздерін бағалау парағы ___________________(аты)

Бағалау

критерийлері


Сабақ кезеңдері



Өзім

орындадым, біреулерге көмектестім


3- бал

Біреудің көмегімен орындадым

2-бал


Орындау қиын болды


  1. бал

«Жылдамдықтар»










Класстер толтыру










Есептер шығару










Ауызша жұмыс










Мини проект










Сәйкестік тест










Есептер шығару










Жалпы балы



Бағалау шкаласы: 18-21 бал «5»

13-17 бал «4»

8-12 бал «3»

0-7 бал келесі сабаққа дайындалу қажет

«Иә» немесе «Жоқ» жауабын қойыңдар




  1. Дененің жылдамдығы артса, онда оның кинетикалық энергиясы азаяды




  1. Қозғалыстағы дене кинетикалық энергияға ие болады.




  1. Дененің жылдамдығы артса, онда оның кинетикалық энергиясы көбейеді




  1. Энергияның 1 түрі ғана болады.




  1. Кинетикалық энергия қозғалатаны дененің массасына тәуелді



Есеп №1


Массасы 5 кг ұшақ моделі 2 м/с жылдамдықпен ұшып келеді. Модельдің кинетикалық энергиясы қандай?

Есеп №2


Спортшынының массасы 70 кг. Жарыс кезінде оның жылдамдығы 12 м/с дейін жетеді. Спортшының ең үлкен кинетикалық энергиясы қандай?

Есеп №3


Көктемде мұздың , қардың еруіне байланысты өзендер, көлдер суға толып, айналаға төгіледі. Сондай судың көлемі 100000 м3, ал жылдамдығы 36 км/сағ болса, оның энергиясы қандай болар еді? Бұл адам үшін қауіпті ме?

Есеп №1


Массасы 5 кг ұшақ моделі 2 м/с жылдамдықпен ұшып келеді. Модельдің кинетикалық энергиясы қандай?

Есеп №2


Спортшынының массасы 70 кг. Жарыс кезінде оның жылдамдығы 12 м/с дейін жетеді. Спортшының ең үлкен кинетикалық энергиясы қандай?

Есеп №3


Көктемде мұздың , қардың еруіне байланысты өзендер, көлдер суға толып, айналаға төгіледі. Сондай судың көлемі 100000 м3, ал жылдамдығы 36 км/сағ болса, оның энергиясы қандай болар еді? Бұл адам үшін қауіпті ме?

Есептерді шығарып кестенің бос орындарын толтырыңдар:



Физи

калық шама



№1

№2

№3

№4

№5

№6

№7

Массасы

Кг


2

3

5

6

4

1

7

Жылдамдығы

Км/сағ


108

72

36

54

18

90

36

Кинетикалық

энергиясы

























Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет