Сабақтың тақырыбы: Есімдік. Жіктеу есімдігі Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата19.07.2017
өлшемі55,06 Kb.
#21298
Сабақтың тақырыбы: Есімдік. Жіктеу есімдігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есімдік туралы түсінік, соның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру, оның ерекшелігін ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, шығармашылық қабілетін дамытуға баулу.

Тәрбиелік: Грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы шапшаңдыққа тәрбиелеу, ұлттық дүниетанымын ояту.

Түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Блум таксономиясы арқылы сабақтың өтілу моделі



I. Қызығушылығын ояту.

1.Есте сақтау. Өрмекші торы стартегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау.



II. Мағынаны тану.

2. Түсіну. Жаңа тақырып Есімдік. Жіктеу есімдігі.

3.Қолдану. Жаттығу жұмыстары.

4.Талдау. Талдау-табыс кілті.



III.Ой толғаныс.

5.Жинақтау. Ақиқат па? Жалған ба?

6.Бағалау.

Ұйымдастыру.

а) Оқушыларды түгендеу.

ә) Оқу – құралдарын тексеру.

б) топқа бөлу Ақыл, Жүрек, Қайрат



Мұғалім сөзі:

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек.

Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

I. Қызығушылығын ояту.

1.Есте сақтау. Өрмекші торы стартегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға оралған жіпті беремін, олар бір-біріне өткен тақырыптардан сұрақ қойып жауап беріп тор құрады және кейін қарай сұрақ қойып жауап қайтарады.

II. Мағынаны тану.

1. Қимыл іс-әрекетті білдіретін сөз табы?

2. Заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік және күй-жайларын және сынның белгісін білдіретін сөз табы

3. -ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің жалғаулары қай септікке тән?

4. Менің білуімше, шынында, меніңше, амал қанша сөздері қай оқшау сөзге тән?

5. Дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз табы?

6. Зат есімнің сұрағы?

7. Соңғы септікті ата?



2. Түсіну. Жаңа сабақ. Тақырыбы: «Есімдік. Жіктеу есімдігі.»

Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы есімдіктер кейде орынбасар сөздер деп аталады.



Есімдіктер есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім) атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, олардың орнына қолданылады.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:

Жіктеу:мен, сен, сендер, сіз, сіздер, ол, олар, біз, біздер

Сілтеу:ол, сол, бұл, осы, анау, сонау, әне, міне, әнеки.

Сұрау:кім? не? қалай? қашан? қандай? т.б.

Өздік:өз, өзім, өздері, өзіміз, өзінен, өзімнің, өздеріңіз.

Жалпылау:бар, барша, барлық, бәрі, күллі, бүтін, түгел.

Белгісіздік:әр, қай, бір, біреу, әлде, кей (әркім, әлдебір)

Болымсыздық:ештеңе, ештеме, дәнеңе, ешкім, ешқашан.



Белгілі бір (затқа, адамға қатысты) жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.

Жіктеу есімдіктері: мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.

Жақ Жекеше түрі Жақ Көпше түрі

І Мен (айтушы, сөйлеуші) І Біз (айтушылар, сөйлеушілер)

ІІ (анайы) Сен (тыңдаушы) ІІ (анайы) Сендер (тыңдаушылар)

ІІ (сыпайы) Сіз (тыңдаушы) ІІ (сыпайы) Сіздер (тыңдаушылар)

ІІІ Ол (бөгде жақ) ІІІ Олар (бөгде жақ)



Жіктеу есімдігінің жеке түрінің септелуі.

А. Мен сен ол

І. Менің сенің оның

Б. Маған саған оған

Т. Мені сені оны

Ж. Менде сенде онда

Ш. Менен сенен одан

К. Менімен сенімен онымен



3.Қолдану.. Тақтамен, оқулықпен жұмыс.

Оқушы сөзін жекеше, көпше түрде жіктеу

Жақ Жекеше түрі Жақ Көпше түрі

І оқушымын І оқушымыз

ІІ (анайы) оқушысың ІІ (анайы) оқушысыңдар

ІІ (сыпайы) оқушысыз ІІ (сыпайы) оқушысыздар

ІІІ оқушы ІІІ оқушылар

Сен, ол есімдіктерін септеу

192-жаттығуды оқу, талдау. Есімдіктер қандай сөздердің орнына жұмсалып тұрғанын айтқызу (ауызша).

194-жаттығу.

Мәтінді оқып шығып, ат қойыңдар. Жіктеу есімдіктерін теріп жазып қай септікте тұрғанын көрсетіңдер.

Тапсырма.

“Тәуелсіз елдің ұланымыз” эссе жазу.

4.Сергіту сәті. Талдау-табыс кілті.

Көзқарас, қоян



1. Неше әріп, неше дыбыс?

2.Сөздегі әр дыбысқа мінездеме ?

3.Буын түрлері.

4.Тасымал



Ауылдарға саяхат.

— Саяхат жасауға дайынбыз ба?

Егер де біз мына сұрақтарға жауап берер болсақ, біз ауылдарға саяхат жасай алады екенбіз.

Петровка ауылы

Жай қақпа

Көп нүктенің орнына есімдікті қойып сөйлемді оқу.

….-белсенді оқушы. ….үлкенге құрмет көрсетеміз. ….домбыра үйірмесіне қатысамын. …бізге қонаққа келді. …күнделікті сабақты “….. Қазақстаным” атты әнұранмен бастаймыз. ….алғашқы ұстазымызды ұмытпаймыз.

Ботақара ауылы

Күміс қақпа

Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерін қатыстырып еңбекке байланысты сөйлем құрап жазыңдар.



Бұқар жырау ауылы

Алтын қақпа

1. Есімдік – қай сөз таптарының орнына жүретін сөз табы ?

2. Сөйлемдердегі есімдіктерді тап .

Оны білмеген соң ол жан адам жаны болмай , хайуан жаны болады . (Абай)

3. Жіктеу есімдіктерін айт және оның түрленуіне мысал жаз .

Ақиқат па? Жалған ба?

1.Мен, сен, ол жіктеу есімдігі.

2.Есімдік Зат есім, сын есім, сан есім сөздерінің орнына жұмсалады.

3.Жіктеу есімдігі септеледі

4.Жіктеу есімдігі тәуелденеді.

5.Есімдіктін тоғыз түрі бар.



ІҮ. Рефлексия. Бес саусақ стратегиясы

Білетінім, ойлағаным, қызыққаным, білгенім, білгім келеді.



Үйге тапсырма:

Күнделікті енді ашайық

Үй тапсырмасын жазайық.

Есімдіктен алған білімді,

Ұмытпай есте сақтап алайық.



195-жаттығу.

Көшіріп жазып, жіктеу есімдіктерінің астын сызып, қай септікте тұрғанын айтыңдар.

Жіктеу есімдігін қатыстырып бес сөйлем құрап жазу. Ережелерді қайталау.



Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет