Сабақтың тақырыбы: Есімдік, түрлері туралы түсінік.



бет1/4
Дата29.03.2017
өлшемі0,5 Mb.
#12698
түріСабақ
  1   2   3   4
Пән: Қазақ тілі

Сынып: 9-сынып 4.12.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Есімдік , түрлері туралы түсінік. (ОЖСБ-ға дайындық)

Мақсаттары: Морфология тарауы бойынша өтілген материалдарға шолу жасау, оқушылардың жеке, топтық жұмыстары арқылы бұрынғы білімдерін кеңейту, өзіндік баға беруін қалыптастыру

Күтілетін нәтиже: Өткен тақырыппен байланыстырады;-Оқушының жеке ой- пікірінің құндылығы артады;

Ақпараттарды қабылдайды, талқылайды, сабақта қолдана алады;



Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Деректер: тақта, стикерлер, маркерлер, бағалау парақтары

Әдіс тәсілдер: Өрмекшінің торы, Жигсо, Қарлы кесек, Көгалдандыру,Тест


Сабақ кезеңдері

Уақыт


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ресурстары

Қызығушылық

тарын ояту



2мин



І топ : Зат есім

ІІ топ: Сан есім

ІІІ топ : Сын есім



Стикер таратады, өз тобын анықтау керек


Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.

АКТ



8 мин


Үй тапсырмасын сұрау

«Өрмекші торы» әдісі.

«Қайталау–оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі




Мұғалім қолына бір бума (дөңгелекше) тоқыма жібін алады. Жіптің ұшын қолына ұстап, үй тапсырмасынан бір анықтамалық немесе ереже айтқан оқушының қолына жіпті бір рет орайды. 


Оқушылардың тақырыпты қай деңгейде меңгергендігі не болмаса үйге берілген тапсырманы сұрау үшін сыныптағы оқушылар түгелдей шеңбер болып тұрады. Келесі жауап берген оқушы да жіптен ұстайды. Осылайша әр жауап берген оқушы қолына жіпті бір рет орай береді. Мұғалімнің қолындағы жіп азайған сайын, шеңбер болып тұрған оқушылардың қолындағы жіп те өрмекші торы секілді шиеленісе береді. Белгіленген мерзімнен кейін әр оқушының қолындағы жіп орауын санау арқылы ол оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білеміз


Тоқыма жіп



2 мин

Сергіту сәті

«Жұмбақ сұрақтар»

«Есімдік,оның түрлері»



Жұмбақ жасырады

Оқушылар жұмбақтың шешімін тауып, жаңа сабақ тақырыбын анықтайды


АКТ

«Мағынаны тану».


6 мин

Жаңа тақырып

«Жигсо әдісі» арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп оқиды, талдайды, түсінеді

Топтағы бір нөмірлі оқушылар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді

Мұғалім оқушыларға тапсырмалар береді Бұл әдісте шағын топтарға бөлінеді. Бірақ тапсырма әр топ мүшесіне жеке-жеке беріледі.



Сыныптағы оқушылар басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады.Өзгелерді тыңдай отырып , өз білімін толықтырады. Ізденеді.

І топ :–Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктер

ІІ топ: -Өздік,Жалпылау есімдіктер

ІІІ топ :–Белгісіздік, болымсыздық есімдіктері



Ережені оқып түсініп алады


Оқулық

12 мин



«Кесек қар» әдісі жаңа тақырыпты меңгеру

Барлық қатысушылар өз кезегімен есімдерін айтып шығады. Келесі әрбір адам өз есімін айтардан бұрын алдыңғы қатысушылардың аттарын қайталайды


- Жаңа сабақты түсінеді және жаттап алады

-Ережені оқып, қағазға жазады.



Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:
1. Жіктеу: мен, сен, сендер, сіз, сіздер, ол, олар, біз, біздер.
2. Сілтеу: ол, сол, бұл, осы, анау, сонау, әне, міне, әнеки.
3. Сұрау: кім? не? қалай? қашан? қандай? т. б.
4. Өздік: өз, өзім, өздері, өзіміз, өзінен, өзімнің, өздеріңіз.
5. Жалпылау: бар, барша, барлық, бәрі, күллі, бүтін, тегіс, түгел.
6. Белгісіздік: әр, қай, бір, біреу, әлде, кей (әркім, әлдебір).
7. Болымсыздық: ештеңе, ештеме, дәнеңе, ешкім, ешқашан, түк, дым.


6 мин

«Көгалдандыру» әдісі

Үш топқа түрлі есімдіктер қатысқан мәтін таратады

Оқушылар мәтін ішінен есімдіктерді тауып, сөйлемдегі қызметін анықтап, стикерге жазып, қураған ағашты көгалдандырады. Келесі топ қатесін анықтайды

Плакат,

стикер



«Ой толғаныс»

5 мин

«Жабық тест» Әр топқа деңгейлік тапсырмаларды тест түрінде беріледі.


Тест таратады, тексеруге кілтін ұсынады

Оқушылар тест шешіп, кілтімен тексереді.


Тест

2 мин

Критерийлер арқылы бағалау


Топ көшбасшыға топ мүшелерін бағалау үшін критерийлер беріледі. Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын бағалайды. Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.

Өзін –өзі бағалау, топтық, жұптық бағалау критерий арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшісін топ мүшелерінің бірі бағалайды.

Бағалау парағы

2 мин

Рефлексия «Сәттілік баспалдағы» әдісі

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Тақырыпты меңгергергендігін, ізгі ниеттерін, сабақтың ұнағанын жазып іледі

стикер

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет