Сабақтың тақырыбы: Еуразияның ішкі сулары



бет2/2
Дата01.06.2017
өлшемі0,87 Mb.
#17393
түріСабақ
1   2

Оңтүстік Қазақстан облысы

Кентау қаласы

Тұрар Рысқұлов атындағы

24 жалпы орта мектеп



География пәні

Сыныбы: 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Табиғат зоналары

Сабақтың мақсаты: Еуразияның табиғат зоналарының орналасуы мен әрбір табиғат зонасының өсімдік-жануарлары туралы мағлұмат беру.

Табыс критерилері:

  • Табиғат зоналары туралы ақпарат алу

  • Әрбір табиғат зонасындағы зоналарды ажырата алу

  • Табиғат зоналарындағы өсімдіктер мен жануарларды қорғай білуге үйрету

Оқыту нәтижелері: Еуразияның табиғат зоналары мен әрбір табиғат зонасындағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекше түрлері туралы біле бастайды.

Дерек көздер: «Материктер мен мұхиттар географиясы» 7 сынып оқулығы, Алматы «Атамұра» 2012 жыл

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру, Топқа бөлу, «Сиқырлы сұрақтар» әдісі, «Кім жылдам» атты сәйкестендіру тесі, «суреттерді сөйлет» аты сергіту сәті, тапсырма бойынша постер жасау. Топта өзара бағалау әдісі, рефлексия, кері байланыс орнату.




Жоспар мазмұны

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

1

Кіріспе

Ұйымдас-тыру сәті

Оқушылармен сәлемдесу, оқушылар-ды түгелдеу.

Өзін -өзі реттеу.



3 мин

Ұйымдастыру сәті

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Табиғат зонасында кездесетін жануарлардың суреттерін қиындылап топқа бөлу.


Оқушылар суреттердің қиындыларын алып, суретті жинақтап, топқа бөлінеді.


Топқа бөліну оқушыларды жылдамдыққа, уақытты үнемдеуге, топқа бөлінуге бейімделуге үйретеді.


2


Үй тапсырма-сын сұрау


7 мин

Топқа бөлінген қағаз қималарына үй тапсырмасына арналған сұрақтар жазылды және топта жауап береді



Берілген сұрақтарға оқушылар дәптерге жаза отырып, топ ішінде ақылдасып өздерінің тың ойларын, дәйекті жауаптарын бере отырып ұпайларын жинақтайды

Үй тапсырмасына берілген тақырыпты шолып, еске түісіреді.


3



Негізгі бөлім


8 мин

«Сиқырлы сұрақтар» ойыны арқылы оқушыларға деңгейлеген, сыни тұрғыда ойландыратын сұрақтар қойлады және де

«Кім жылдам» атты сәйкестендіру жұмысы беріледі



Сиқырлы сұрақтардың жауабын дәптерге жаза отырып,бірінші бітірген оқушы жауабын айтады және де дұрыс немесе дұрыс еместігін слайдтан көреді.Ал «Кім жылдам» атты тапсырманы орындау барысында тірек сызбамен сәйкестендіріп жылдам жауап береді және әрбір дұрыс жауапқа ұпайдан алып отырады

Оқушылардың берілген уақыт ішінде жылдам ойлау қабілеті дамиды, тез жазуға, шапшаң қимылдауға үйренеді

6 мин

«Суреттерді сөйлет» аты сергіту сәтінде ыммн, немесе сол жануардың атын айтпай сипаттап өз тобына түсіндірідуі керек

Оқушылар берілген тапсырмалардағы сұрақтарға жауап береді, өздерінің саббаққа деген қызығушылығын оятады

Оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, өз ойын жинақтап, жеткізе білуге талпынады


4

Қорытын-ды бөлім

Сабақты бекіту.

15 мин

Таңдаған ұяшығы бойынша берілген тапсырмаға постер жасап қорғау

Постерге сурат салу арқылы оқушылардың сурет салуға деген қабілеті айқындалады, қызығушылығы оянады, қорғау арқылы өз ойларын плакатқа түсіреді және сөз байлығы көбейіп, тақырыптың түйінін айтуға үйренеді.

Постер құру, оны қорғау кезінде өз идеяларымен топта бөліседі, топтасып жұмыс жүргізеді.



5



Бағалау

3 мин

Жұптық бағалау парағына сүйне отырып, формативті бағалауды жинақтап суммативті бағаны журналға қою

Таптағы бағалау парағына сүйне отырып оқушылардың суммативті бағасын күнделіктеріне қойып беру.



6


Үйге тапсырма беру

1 мин

Үйге тапсырма

§ 22 Табиғат зоналары.

88 – бет


Оқушылар күнделіктеріне бүгінгі сабақтан алған бағаларын қойдыртып, үй тапсырмасын жазып алады.

7




Рефлекция

2 мин

Бүгінгі сабақта не ұнағанын, келесі сабақта қалай өткілері келетіні туралы стикерге жазып тақтаға жабыстыру

Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақта алған әсерлері туралы жазады, келесі сабақта қандай тәсіл қолданғанымызды қалай

тынын ұсыныс ретінде жазады.




МИРЗАБЕКОВА УЛПАН ОРАЗБЕКОВНА

Оңтүстік Қазақстан облысы

Кентау қаласы

Тұрар Рысқұлов атындағы

24 жалпы орта мектеп


География пәні

Сыныбы: 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Биіктік белдеулер және анропогендік табиғат кешені

Сабақтың мақсаты: Еуразия материгінің биіктік белдеулері мен антропогендік табиғат кешені туралы оқушыларға мағлұмат беру.

Табыс критерилері:

  • Еуразия жеріндегі биіктік белдеулер туралы ақпарат алу

  • Таулардың биік бөлігінде тіршілік ететін жануарларымен, құстарымен танысу

  • Антропогендік табиғат кешенінің пайдасы мен зияны туралы білу

Оқыту нәтижелері: Еуразияның биіктік белдеулері және онда тіршілік ететін құстары мен жануарларын оқушы біле бастайды. Антропогендік табиғат кешенінің адам өміріне, қоршаған ортаға тигізетін көптеген зияны туралы біле бастайды.

Дерек көздер: «Материктер мен мұхиттар географиясы» 7 сынып оқулығы, Алматы «Атамұра» 2012 жыл, www,google.kz сайты «анторопогендік табиғат кешені».

Көрнекіліктер: таратпа материалдар, слайд, бейне көрсетілім, суреттер, стикерлер, маркерлер,флипчарт, дүние жүзінің физикалық картасы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру, Топқа бөлу, тест жұмысы,бейне көрсетілім, «Біреуі –үйде, үшеуі- қонақта» әдісі, «Танграмма» әдісі, «Синквейн» әдісі немесе жұрнақтары ұқсас бір шумақ өлең құрастыру, «Қабырға газеті» және «Галереяға саяхат» әдісі, «Эссе» немесе «Еркін жазу» әдісі .Топта өзара бағалау әдісі, рефлексия, кері байланыс орнату.




Жоспар мазмұны

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Ресурстар, көрнекіліктер

1

І. Кіріспе

Ұйымдасты-ру сәті.

Оқушылар-мен сәлем- десу,оқушы-ларды түгелдеу. Өзін -өзі реттеу.


2 мин

Табиғат кешенінде кездесетін көбелектер мен балықтардың, дельфиндердің мозайкасы бойынша топқа бөлу.

Оқушылар қорапшаның ішіндегі мозайкаларды біртіндеп алып, белгілі бір сурет шыққанша құрастырады да, сол оқушылар бір топқа топтасып отырады.

Топқа бөліну жаңа сабақпен байланысын табады.

Слайдтар, мозайка, бағалау парақшасы.

2

Үй тапсырма-

сын сұрау


5 мин

Үй тапсырмасына арналған тест жұмысы оқушыларға таратылады

Оқушылар белгіленген уақыт ішінде тест сұрақтарына жауап береді.

Үй тапсырмасын пысықтап алу

Тест жұмысы жазылған парақшалар, слайд.

3



Білу


4 мин

Оқушылардың СТО-на байланысты жаңа сабаққа байланысты бейне көрініс көрсетіледі.

Оқушылар бейне көріністі көре отырып, жаңа тақырыппен үйлесімі туралы сыни тұрғыдай ойларын айтады және де жаңа тақырыпты ашады .

Оқушыларды сыни тұрғыда ойлай білуге, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға үйренеді,әрі көзбен көру арқылы бүгінгі сабақты көбірек есте сақтайды.

Бейне көрсетілім, АКТ

4


Негізгі бөлім (жаңа сабақ)

Түсіну


10 мин

«Біреуі –үйде, үшеуі- қонақта» әдісі арқылы оқушыларға жаңа тақырыптың мәтіні бөлініп беріледі.


Оқушылар 1,2,3,4,5 реттік сан бойынша топтарға бөлініп өздерінің меңгерген тақырыбын топта талқылап, қайтадан өз топтарына жинақталады да өздерінің басқа 4 топтан жинақтаған жаңа ақпараттарымен бөліседі.



Еуразияның биіктік белдеулері онда тіршілік ететін жануарлары,антропогендік табиғат кешені, сонымен қатар адам әрекеті әсерінен табиғи ортаның шамадан тыс ластанып, жануарлар мен өсімдіктерге өзінің залалын тигізіп жатқандығы туралы біле бастайды.

Оқулықтар





Қолдану


8 мин

«Танграмма» әдісі арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында тақырыпқа сай кез- келген бір дүние жасауы тапсырылады.

Оқушылар биіктік белдеуге қатысты не болмаса антропогендік табиғат кешеніне байланысты танграмма әдісіндегі берілген фигураларды пайдаланып өз идеяларымен кез- келген бір дүниені жасайды.

Берілген фигураларға қарап оқушы ойлана отырып сын тұрғысынан ойланады, өз идеясын топқа салады, әрі берілген уақытқа байланысты шапшаң қимылдауға, тез ойлануға үйренеді.

«танграмма» сызбасы салынған парақшалар, желімдеуіш, А4 парақ, түрлі – түсті маркерлер, боу қарындаштары.






Талдау


5 мин

«Синквейн» әдісі немесе жұрнақтары ұқсас бір шумақ өлең құрастыру


Тақырыпқа сәйкес бір шумақ өлең жолдарын жазады.

Сабақ барысында оқушының өлең шумақтарын жазу арқылы дарындылығы ашылады,берілген тапсырмаға шығармашылық көзқараспен қарайды.

«сенквейн» әдісіне қажетті тапсырмалараы жазылған парақшалар

2 мин

«Қабырға газеті» және «Галереяға саяхат» әдісі арқылы оқушылардың жасаған жұмыстарына баға беріледі.

Оқушылардың жасаған жұмыстарына баға беру үшін сынып оқушылары таратылған стикерлерге сұрағын немесе өз пікірін жазып өздерінен басқа топтың жұмысына жабыстырады.

Бұндай тәсіл арқылы оқушылар бір-бірін әділ бағалауға, сын пікір айта алуға, айтылған сынға оң көзбен қарауға үйренеді.

Стикерлер, маркерлер

5



Жинақтау
Қорытын-ды бөлім

Сабақты бекіту.

5 мин

«Эссе» немесе «Еркін жазу» әдісі

Жаңа тақырыптан түсінгенін еркін жазу әдісін орындау барысында дәлелдейді әрі жазба жұмысы жүргізіледі.

Еркін орындай отырып, жаңадан алған білімінің қорытындылайды.

Дәптер, А4 парақ, қаламсап

«Автордың орындығы» әдісі

Ұсынылған жұмысты жазып болғаннан кейін, өз жазғанын сынып ішінде бөліседі.

Ұсынылған тапсырма бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан көрсете алады.

Орындық, «автордың орындығы» деп жазылған парақ.

6

Бағалау

2 мин мин

Формативті және суммативті бағалау

Оқушылардың алған бағаларын күнделікке қою.

Бағалау парақшалары

7

Үйге тапсырма беру

1 мин

Биіктік белдеулер және

антропогендік табиғат кешені



Оқушы үй тапсырмасын күнделікке жазып алады

Оқулық, күнделік, дәптер.

8

Рефлексия

1 мин

Стикерге өз пікірін жазу арқылы кері байланыс жүргізіледі

Оқушылар алма стикерге өз пікірлерін жазып себетке салу арқылы өткен сабаққа кері байланыс жүргізеді.

Стикерлер, кері байланыс себеті.

МИРЗАБЕКОВА УЛПАН ОРАЗБЕКОВНА

Оңтүстік Қазақстан облысы

Кентау қаласы

Тұрар Рысқұлов атындағы

24 жалпы орта мектеп


География пәні

Сыныбы: 7 «В»
Сабақтың тақырыбы: Халқы және елдері

Сабақтың тақырыбы: Халқы және елдері

Сабақтың мақсаты: Еуразия материгінің халқы, кең таралған нәсілдері, діндері және елдері, мемлекеттердің басқару жүйесі туралы оқушыларға мағлұмат беру.

Табыс критерилері:

  • Еуразия материгінде орналасқан елдер, кең таралған нәсілдер мен діні туралы ақпарат алу

  • Халқы, дүниежүзі бойынша халық ең тығыз орналасқан елдермен танысу

  • Елдердің мемлекеттік құрылымы мен басқару жүйесі туралы білу

Оқыту нәтижелері

Еуразия материгінде орналасқан елдер, олардың мемлекеттік құрылы мен басқару формасы, кең таралған нәсілдері, халқы, халықтың тығыздығы, діні, тілі туралы біле бастайды.



Дерек көздер: «Материктер мен мұхиттар географиясы» 7 сынып оқулығы

Алматы «Атамұра» 2012 жыл, www,google.kz сайты (діні, басқару формасы, нәсілдері, халқы,елдері туралы) суреттер.



Көрнекіліктер: таратпа материалдар, слайд, суреттер, стикерлер, маркерлер,флипчарт, еуразияның саяси картасы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру, Топқа бөлу, сәйкестендіру тесі, «ашық» және «жабық» сұрақтар әдісі, «Жигсо» әдісі, сергіту сәті, «Кластер» әдісі «Қабырға газеті» және «Галереяға саяхат» әдісі, географиялық диктант .Топта өзара бағалау әдісі, рефлексия, кері байланыс орнату.




Жоспар мазмұны

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

1

Кіріспе

Ұйымдастыру сәті.

Оқушылармен сәлемдесу,оқушы-ларды түгелдеу. Өзін -өзі реттеу.


2 мин

Оқушыларға әр түрлі түстегі, келесі бетіне топтың аты жазылған стикерды таңдап алуы ұсынылады

Әр оқушы өзіне ұнаған түстегі стикерді таңдайды, стикерлердің келесі бетінде топтың аты жазылған, сол топқа барып топтасады

Топқа бөліну жаңа сабақпен байланысын табады.

2


3


Үй тапсырма-

сын сұрау

Негізгі бөлім (жаңа сабақ)


3 мин

Оқушыларға кеспе қағазда сәйкестендіру тесі таратылады

Үй тапсырмасын оқушылар еске түсіріп, тез арада сәйкестендіру тесін орындайды.

Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында

8 мин


Үй тапсырмасы бойынша оқушылар ашық және жабық сұрақтарды стикерге жазып, тақтаға жабыстырады.

Оқушылардың өздері жазған сұрақтарына сыныптастары жауап береді

Үй тапсырмасын пысықтап алу.



8 мин

«Жигсо» әдісі арқылы оқушыларға жаңа тақырыптың мәтіні бөлініп беріледі.



Топтағы оқушыларға оқулықтағы мәтін бөлініп беріледі, әр оқушы өзіне берген мәтінді толық меңгеріп, топ ішінде талқылайды..

Еуразия материгінде орналасқан елдері, халқы,халқының тығыздығы, ұлттық және тілдік құрамы, діні, мемлекеттердің басқару формасы, туралы біле бастайды.


2 мин

Сергіту сәті



Оқушылар интерактивті тақтадан кірпі биін билейді

Оқушылардың көңіл-күйін көтеру, сыныпта өз-өзін ыңғайлы сезіну.

12 мин

«Кластер» әдісі арқылы бүгінгі жаңа тақырыптан түсінгендерін жазады.

Әр топ оқушыларына кластер әдісі бойынша сурет беріледі, оқушылар топтасып өздері бұл сурет туралы не ойлайтындығын, бұл сурет туралы қандай ақпарат білетіндігі туралы тірек сызба ретінде плакатқа жазып, сыныпта қорғайды.

Оқушылар берілген сурат туралы сыни тұрғыда ойланады, топта ынтымақтасып, бір-бірінің идеясын тыңдайды, ақпаратты жан-жақты өздері меңгере отырып, шапшаң іс-әрекетке дағдыланады.

«Қабырға газеті» және «Галереяға саяхат» әдісі арқылы оқушылардың жасаған жұмыстарына баға беріледі.

Оқушылардың жасаған жұмыстарына баға беру үшін сынып оқушылары таратылған стикерлерге сұрағын немесе өз пікірін жазып өздерінен басқа топтың жұмысына жабыстырады.

Бұндай тәсіл арқылы оқушылар бір-бірін әділ бағалауға, сын пікір айта алуға, айтылған сынға оң көзбен қарауға үйренеді.

4


Қорытынды бөлім

Сабақты бекіту.

5 мин

Географиялық диктант беріледі

Оқушылар жаңа тақырыпты меңгергендігін, географиялық диктантты орындай отырып дәлелдейді.

Жаңа тақырыпты қорытындылау мақсатында географиялық диктант алынды

5

Бағалау

2мин

Формативті және суммативті бағалау

Оқушылардың алған бағаларын күнделікке қою.

6

Үйге тапсырма беру

1 мин

Үйге тапсырма

§23 Халқы және елдері



98 –101 беттер

Оқушы үй тапсырмасын күнделікке жазып алады

7

Рефлексия

2 мин

Тақтадағы плакатқа бүгінгі сабақ туралы өз ойларын жаздырту арқылы кері байланыс жүргізіледі

Оқушылар тақтадағы плакатқа бүгінгі сабақ туралы өз пікірін, сабақ қаншалықты қиын болғандығын жаза отырып, сабақтан алған әсерлерін суреттеу арқылы кері байланыс жүргізіледі .

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет