Сабақтың тақырыбы: Еуразияның зерттелу тарихы. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/2
Дата08.09.2017
өлшемі244.69 Kb.
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы: Еуразияның зерттелу тарихы.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ежелгі материктер туралы оқушылардың білімдерін жүйелей отырып,Еуразия материгі,қоныстануы және зерттелу тарихы туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Материктің географиялық орнын ерекшелігін көрсету арқылы білімдерін,картамен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың ұлтжандылық және интернационалдық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Сыни тұрғыда ойлау арқылы оқушылардың білімді іс - тәжірибеде көрсету дағдысын қалыптастыру
2. Өз бетімен тақырыпты меңгеруге үйрету
3. Топтық жұмыста оқушы белсенділігін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
• Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасып, пікірін дәлелдей алады
• Сыни тұрғыдан материктің географиялық орнын көрсете алады:
• Картамен жұмыс істейді, пәнге қызығушылығы артады
• Топтық жұмыста іс - әрекет істей алады
• Оқушылар тақырыпты өз бетімен меңгереді.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
• Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда АКТ - ны пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі:
• Интерактивті тақта, Еуразияның физикалық картасы, кескін карта, Жарты шарлардың физикалық картасы; әртүрлі суреттер; т. б.

Нәтижені бағалау: Оқушылардың еңбегін әрбір кезең бойынша бағалау парағы арқылы көрсету.

Пән аралық байланыс: тарих,дүниетану

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды түгендеу

Сабақ алдындағы көңіл күйлерін тексеру.


2. Сыныпты түгелдеу
3. Топтарға бөлу.
І - топ.Еуропа
ІІ - топ. Азия
Үй тапсырмасын сұрау.
І«Ой қозғау» стратегиясы.
1) Ескі, ежелгі материкті атаңдар.
2) Солтүстік жарты шарға қай материктер кіреді?
ІІ Географиялық диктант. «Ең. Ең......»

1. Дүние жүзіндегі ең биік тау..... (Гималай)


2. Дүниежүзіндегі ең биік шың.... ) Дожомулунгма)
3. Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер....(Өлі теңіз).
4. Жер шарындағы ең терең көл.....(Байкал)
5. Жер шарындағы ең үлкен көл.....(Каспий)
6. Жер шарындағы ең көп жауын - шашын түсетін аудан....(Черапунджа).
7. Жер шарындағы ең үлкен түбек... (Арабия)
8. Солтүстік жарты шардың ең суық полюсі....(Омякон)
9. Альпі.... ең биік тауы. (Еуропаның)
10. Ключи Шоқысы ең биік......(жанартау)
ІІІ Шеткі нүктелері:
Солтүстігі - Челюскин мүйісі (77°43‘с.е. 104°18‘ш.б.)
Оңтүстігі - Пиай мүйісі (1°16‘с.е. 103°30‘ш.б.)
Батысы – Рока мүйісі (38°47‘с.е. 9°34‘б.б.)
Шығысы - Дежнев мүйісі (66°05‘с.е. 169°40‘ш.б.)

Жаңа сабақ


(7- кластың электронды оқулықпен жұмыс)
Интерактивті тақтаға оқушылардың назарын аудару.

Қоныстануы. Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізінен басталған. Осы жағалауда тұңғыш географиялық түсініктер қалптасып, алғашқы географиялық ұғымдар жиналған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеңіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарды Крит аралын мекендеген ежелгі минхай халқы негіз салған. Минайлар Египет және Кипер, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сауда қарым – қатынасын жүргізген. Финикиялықтар батыстағы жерлерді «Әреб», ал шығыстағы бөлікті «асу» деп атады.

Кейін гректер осы ұғым негізінде «Еуропа, Азия» терминдерін қалыптастырды

Біздің заманымыздың І ғасырында үнділер Суматра мен Ява аралын ашып, қазірі Индонезия жеріне қоныстана бастады. Кейіннен олар Мадагаскар аралын алып, кейбіреулері сонда тұрақтап қалды. Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. Олар Каспий теңізінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді.



Еуразия құрлығындағы Ш.Ш.Уалихановтың зерттеулерінен. Орталық Азия жеріне аяқ басу көптеген ғалымдар мен жиһанкездердің арманы болды. Қазақ халқының ағартушы, географ ғалымы Ш.Уалиханов1856 – 59 жылы аралығында Ресей географиялық қоғамының тапсыруы бойынша Орталық Азиянң сол кезеңге дейін жұмбақ қалпында, қалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Тянь – Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған. Қашғарияның алт шаһарына саудагер ретінде жасырынып барған Шоқан көне тарихи кітаптар, энографиялық бағалы бұйымдар, тау жыныстар үлгілерін жинап қайтты.

П.П.Семеновтың Азияға қосқан үлесі Н.М.Пржевальский экспедициясының маңызы.

ХІХ ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орталық Азияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген. Тибет пен гоби шөліндегі бірнеше тау жүйелерін анықтап, Хуанхе, Янцзы өзедерінің бастауын тапты. Құммен бірге көшіп жүрген Лобнор көлінің табиғат жағдайларын сипаттады. Прежевальский саяхат кезінде жүрген жолдарын картаға түсірді, олардың координаты мен биіктігін анықтады. Орталық Азияға жасаған 5-ші саяхатының бас кезінде қайтыс болды. Ол қайтыс болар алдында өзін Тянь – Шань тауындағы Ыстықкөлдің жағасына жерлеуді өсиет етіп қалдырды.

Орталық Азия табиғатын зерттеуде орыс ғалымы П.П.Семеновта зор үлес қосқан. Семенов 1827жылы дүниеге келген.Оның бес жасқа толғанда әкесі қайтыс болып,жаңғыз анасымен қалады.Ғалым 13 жасында француз,неміс,ағылшын тілдерін меңгерген.Үйінде жинақталған кітап қорынан әр елдің авторларының еңбектерін өз бетінше сүйіп оқыды.1841жылы Петербург қаласындағы мектепке барды. Мектепті аяқтаған соң жақындарының әскери жолға түсуімен келіспей,Петербург университетінің физика-математика факультетіне оқуға түсті.1848жылы университеті аяқтағаннан кейін өзінің өмірдегі ең алғашқы саяхатын,бірге оқыған жолдасы Н.Я.Данилевскиймен бірге жаяу Петербург пен Москва арасындағы жолдан табиғат байлықтарының түрлерін жинаудан бастады.1849жылдан бастап Семенов Ресейдің үлкен экспедициясының мүшесі болды. Тянь – Шань тауына 2 рет саяхат жасаған. Ұзақ уақыт осы таудың биік нүктесі деп есептелінген, яғни біздің еліміздің ең биік шыңы Хантәңірі шыңын ашқан. Тянь – Шаньның биіктік белдеулерін ажыратып, қар сызығының Альпіден әлдеқайда биік жатқанын анықтады. Ыстықкөл көлінің ағынсыз тұйық, тектоникалық терең көл екендігін дәлелдеген. Осындай зор жетістіктері үшін ғалымның аты – жөніне таудың аты қосарланып берілген. Орта Азиядағы ірі тау жүйесі, биік шың мен мұздық П.П.Семенов – Тянь – Шанский есімімен аталады.


Каталог: uploads -> doc -> 1350
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1350 -> Қазақ тілі 2 «А» сынып 2 сынып
1350 -> Сабақ жоспары №20 Пәні: Дәнекерлеуші сантехниктің арнайы технологиясы Сабақ тақырыбы: Пісіру жабдықтары
1350 -> Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық және қалау райлары арқылы жасалады
1350 -> Сабақтың тақырыбы: Отбасылық бюджет және қажеттіліктер
1350 -> Сабақтың тақырыбы Негізгі мақсаттары Күтілетін нәтиже Оқытуда қолданатын белсенді әдіс-тәсілдері
1350 -> Павлодар облысы Екібастұз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет