Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата04.08.2017
өлшемі74,29 Kb.
#22944
түріСабақ
142 орта мектеп

Тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы

Сыныбы: 7

Пәні: Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Алтынбаева Жанар

2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Орта ғасырлар кезеңінде өмір сүрген түрік ғұламалары мен олардың еңбектерін, өмірі мен өнегелерін оқушыларға баяндау.

Дамытушылық: оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: оқушылардың ғылымға, білімге деген сүйіспеншіліктерін арттыру ғылым қайраткерлерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: СКТТ, сұрақ-жауап, баяндау.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар, карта.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география

Сабақтың негізгі ұғымдары: Әбу Наср әл-Фараби шығармалары, Әбу Райхан әл-Бируни еңбектері, Махмут Қашғаридың кітаптары, Жүсіп Баласағұнидің еңбектері, Ахмет Иүгнеки шығармасы, Қожа Ахмет Йасауидің «Даналық» кітабы, Сүлеймен Бақырғани шығармалары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу;

- Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

Дін және мәдениет. Исламның таралуы

«Керуен көшінің» тапсырмалары(сұрақ-жауап әдісі)

  1. Оғыздар мен түркімендер неге табынған? (қойға)

  2. Фарн сөзінің мағынасы ? (береке, байлық, бақыт, денсаулық беруші күш)

  3. Белгілі бір діни нанымдардың шығу тегін аңмен байланыстыратын табыну белгісі (тотем)

  4. Ортағасырлық қала тұрғындары неге табыну әдеті кеңінен тараған? (отқа)

  5. Отқа табыну қасиетті Ұмай анамен байланыстыру қандай халықта бар? (қырғыз)

  6. Ортағасырлық Қазақстанда буддизм таралған аймақ? (Оңтүстік Қазақстан, Жетісу)

  7. Орта Азия мен Қазақстанға ислам діні кімдердің келуімен кеңінен тарай бастады? (араб)

  8. Ислам дініне дейін қандай діни нанымдар болды? (буддизм, неостриандық, зооастризм)

  9. Ислам діні қай жерде, қашан пайда болды және негізін салушы кім? (VII ғасырдың ортасы Араб елі, Мұхаммед пайғамбар)

  10. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғ. Қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазған кім? (Әл-Макдиси)


ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
Семантикалық карта




714 ж.

633 ж.

709 ж.

751 ж.

960 ж.

737-748ж.

Арабтар «Дін үшін соғыс» ұранымен көрші елдерді жаулап ала бастады.




+













Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим Бұхараны соғыссыз алды.







+










Насыр ибн Сейяр Қазақстанның оңтүстігіне басып кіре бастады
















+

Мұса хан исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп жариялады













+




Атлах қаласы түбінде болған ұрыста қарлұқтар арабтармен бірігіп, Қытай әскерін жеңеді.










+







Кутейба ибн Муслим Шашты басып алып, Испиджабқа жорық жасайды

+


















IV. Жаңа сабаққа кіріспе:

Ой шақыру.




Жоспары:

Сатылай комплексті талдау

Керуен көшінің бағыты


  1. Ғылымның дамуы.

- Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж.)

- Әбу Райхан әл-Бируни (973-1050ж.ж.)

  1. Тіл білімінің дамуы

  • Махмұд Қашғари (1030-1090 жж.)

  • Жүсіп Баласағұни (1021-1075 жж.)

  1. Әдебиет

  • Ахмет Игүнеки

  • Қожа Ахмет Йассауи (1103-1167 жж)


І аялдама./ Отырар қаласы/ Ғылымның дамуы.

Әбу Насыр әл-Фараби – Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл, энциклопедист ғалым. Еңбектері: ғылымның әр түрлі салаларынан 160-қа жуық трактаттар жазған.

Әбу Райхан әл-Бируни – энциклопедист ғалым, Әбу Насыр әл-Фараби дәстүрін жалғастырушы. Еңбектері: әр түрлі ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазған.

ІІ аялдама. Тіл білімінің дамуы

/Қашқар қаласы/ Махмуд Қашғари - араб тілін жетік білген ғұлама ғалым, саналы ғұмырын өзінің туған халқының тілін зерттеуге арнаған. Еңбегі: «Түрік тілдерінің сөздігі» (Диуани луғат ат-түрк)

/Баласағұн/ Жүсіп Баласағұни – Қарахан мемлекетінің әйгілі ғұламасы. Еңбегі: «Құт негізі – Білік» (Құтадғу білік).

ІІІ аялдама. Әдебиет

/Түркістан қаласы/ Ахмет Иүгнеки - ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы. Еңбегі: «Ақиқат сыйы» дастаны

/Сайрам қаласы/ Қожа Ахмет Йасауи - атақты ғұлама ақын, ислам дінінің сопылық ілімін насихаттаушысы. Еңбегі – «Даналық кітабы» (Диуани- и хикмет)

V. Бекіту кезеңі

Дискуссиялық әдіс: дұрыс(+), бұрыс (-)



  1. Әл- Фараби “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы” туралы философиялық туынды жазған.

  2. Әл- Фараби “Шұбар айғыр” күйін шығарған.

3. Әбу Райхан әл-Беруни “Бақытқа жету” туралы философиялық туынды жазған.

4. Әбу Райхан әл-Беруни 150 астам еңбектер жазып қалдырған.

5. Махмуд Қашқари өзінің саналы ғұмырын туған халқының тілін зерттеуге арнаған.

6.  Махмуд Қашқариға “Ұлы хас- хажип”деген лауазым берген.

7. Жүсіп Баласағұни Баласағұн қаласында туған

8. Жүсіп Баласағұни “Құдатғу білік” еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан.

 9. Қарахан мемлекеті кезінде аты шыққан ақын Ахмет Иүгенеки

10. Ахмет Иүгенекидің  бізге жеткен шығармасы “Ақиқат сыйы”

11. Қожа Ахмет Йасауи Түркістан қаласында туған

12. Қожа Ахмет Йасауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғани


VI. Сабақты қорыту

Рефлексия



Мен үшін қызықты

Жаңа ақпарат алдым

Өз бетімше толықтырамын











VI. Оқушыларды бағалау

VІI. Үйге тапсырма: §21 оқу; сәйкестендіру тестін құру.
.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет