Сабақтың тақырыбы: фосфор және оның Қасиеттері сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата25.08.2017
өлшемі244,44 Kb.
#26307
түріСабақ
9 сынып

Сабақтың тақырыбы: ФОСФОР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Фосфордың табиғатта таралуы,фосфордың физикалық,химиялық қасиеттері,маңызды оттекті қосылыстары,фосфор қышқылдары,тұздары туралы білімді қалыптастыру;

Дамытушылық: электрондық формула құрастыру ,атом құрылысының химиялық элементтің қасиетіне әсерін түсіндіре білу,фосфор оксиді мен қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыра білу білім-білік дағдыларын жетілдру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сатылай кешенді талдау технологиясы

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, коллекциялар, онлайн-тест.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үйге берілген онлайн-тесттің қорытындысымен таныстыру. «testmoz.com/101289 » cілтемесін пайдаланып, оқушылар үйден 25 сұрақтан тұратын тапсырманы орындайды.



«Азот және оның қосылыстары» тақырыбына тест тапсырмалары

1. Азот қышқылына сәйкес емес қорытынды:

A) Күшті қышқыл.

B) Ұшқыш қышқыл.

C) Тотықтырғыш болады.

D) Тотықсыздандырғыш болады.

E) Иісі бар.

2. Мүсәтір спирті дегеніміз:

A) Құрғақ аммоний хлориді.

B) Аммоний хлоридінің судағы ерітіндісі.

C) Аммиактың судағы ерітіндісі.

D) Аммоний сульфатының судағы ерітіндісі.

E) Аммоний нитратының судағы ерітіндісі.

3. Азоттың молекуласында:

A) Жай байланыс бар.

B) Бір байланыс бар.

C) Ковалентті полярлы байланыстар бар.

D) Үш байланыс бар.

E) Қос байланыс бар.

4. Аммиактың қышқылдармен әрекеттесуіндегі реакция типін көрсетіңіз:

A) Тотығу-тотықсыздану.

B) Орын басу.

C) Қосылу.

D) Айырылу.

E) Алмасу.

5. Азот молекуласындағы химиялық байланыстың түрі және кристалдық тор типі:

A) ковалентті полюссіз және молекулалық

B) ковалентті полюсті және иондық

C) ковалентті полюсті және молекулалық

D) ковалентті полюссіз және атомдық

E) ковалентті полюссіз және иондық

6. Аммиак молекуласының пішіні:

A) кубті.

B) тетраэдрлі.

C) пирамидальді.

D) жалпақ.

E) октаэдрлі.

7. Аммиакпен реакцияға түсетін зат:

A) натрий гидрооксиді.

B) сутек.

C) калий сульфаты.

D) су.

E) көміртек.



8. Аммоний хлориді және калий хлориді ерітіндісін қалай бөлуге болады:

A) барий хлоридімен.

B) қыздыру арқылы.

C) күміс нитратымен.

D) мыспен.

E) тұз қышқылымен.

9. Азот қолданылмайтын сала:

A) аммиак синтезі.

B) азот қышқылы өндірісі.

C) тереңдіктегі акваланг жұмысы.

D) химиялық құбылыстағы инертті орта түрінде.

E) суытқыш қондырғылар.

10. Аммиакқа тән емес физикалық қасиет:

A) өзіне тән иісі бар.

B) сұйықтық.

C) ауадан жеңіл.

D) суда жақсы ериді.

E) түссіз газ.

11. Аммиактың судағы ерітіндісіндегі универсалды индикатор қағаздың түсін ... өзгертеді.

A) көкке.

B) қызғылт сарыға.

C) ал қызылға.

D) қызылға.

E) сарыға.

12. Газ күйіндегі аммиакты анықтау әдісі:

A) известь суының түсінің лайлануы.

B) лакмус қағазының күлгін түске боялуы.

C) иісі бойынша.

D) перманганат калийдің өзгеруі.

E) универсалды индикатордың түсінің қызаруы.

13. Аммоний нитратына тән физикалық қасиет:

A) өзіне тән иісі бар.

B) балқу температурасы жоғары.

C) cуда нашар ериді.

D) cарғыш түсті.

E) қатты кристалды зат.

14. Аммиакты өнеркәсіпте синтездеу үшін қолданылатын катализатор:

A) платина.

B) марганец оксиді.

C) темір ұнтағы калий оксиді араласқан.

D) никель.

E) ванадий оксиді.

15. Концентрациялы азот қышқылына тән емес физикалық қасиет:

A) түтіндемейтін сұйықтық.

B) өткір иісті.

C) күйдіргіш.

D) тығыздығы 1 г/см3-тан көп.

E) сары түсті сұйықтық.

16. Азот қышқылымен реакцияға түсетін зат:

A) азот (V) оксиді.

B) күкірт (VI) оксиді.

C) кальций оксиді.

D) көміртегі (IV) оксиді.

E) калий сульфаты.

17. Концентрациялы азот қышқылымен әрекеттеспейтін металл:

A) натрий.

B) мыс.

C) күміс.



D) магний.

E) алюминий.

18. Бейтарап орта көрсететін тұз ерітіндісі:

A) натрий нитраты.

B) аммоний нитраты.

C) мыс (II) нитраты.

D) алюминий нитраты.

E) күміс нитраты.

19. Қыздырған кезде екі тұз бірдей газ түзетін жағдай:

A) барий нитраты және күміс нитраты.

B) калий нитраты және натрий нитраты.

C) сынап нитраты және натрий нитраты.

D) калий нитраты және аммоний нитраты.

E) мыс нитраты және барий нитраты.

20. Концентрлі азот қышқылымен пассивтенбей әрекеттесе алатың металл:

A) Мыс.


B) Хром.

C) Алтын.

D) Темір.

E) Алюминий

21. Аммиак селитрасы өндірісінің шикізаты:

A) Ауа, су, кокс.

B) Су, табиғи газ, известняк.

C) Ауа, су, табиғи газ.

D) Су, известняк, ауа.

E) Ауа, су, тас көмір

22. Мыс (ІІ) нитратын термиялық айырғанда түзілетін өнімдер:

A) Мыс (ІІ) оксиді, қоңыр газ және оттек.

B) Мыс гидроксиді, азот (ІV) оксиді.

C) Мыс (ІІ) нитраты және оттек.

D) Мыс гидроксиді, оттек және азот.

E) Азот (ІV) оксиді және оттек.

23. Азоттың ең төменгі тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстың аталуы:

A) Оксидтер.

B) Нитраттар.

C) Нитридтер.

D) Фосфоридтер.

E) Нитриттер.

24. Химиялық тепе-теңдікке әсер етпейтін фактор:

A) әрекеттесуші заттар концентрациясының көбейуі.

B) температураның көтерілуі.

C) қысымның көтерілуі.

D) температураның төмендеуі.

E) катализатор.

25. Химиялық тепе-теңдікті өзгерпейтін фактор: 3H2+N2  2NH3+Q:

A) аммиак концентрациясының азаюы.

B) азот концентрациясының жоғарылуы.

C) катализатор қолданылуы.

D) температураның көтерілуі.

E) қысымның төмендеуі.



«Азот және оның қосылыстары» тақырыбына тест тапсырмаларының жауаптары:

1 - Д

2 - С

3 - Д

4 - С

5 - А

6 - С

7 - Д

8 - В

9 - С

10 - В

11 - А

12 -С

13 - Е

14 - С

15 - А

16 - С

17 - Е

18 - А

19 - В

20 - А

21 - С

22 -А

23 - С

24 - Е

25 - С

Ауызша талдау

  1. Азоттың физикалық қасиеттері қандай?

  2. Азоттың қандай оксидтерін білесің?

  3. Тұз түзбейтін оксидтері қайсысы?

  4. Азотты қышқылдың тұздары не деп аталады?

  5. Селитралар дегеніміз не?

  6. Мүсәтір спирті дегеніміз не?

  7. Азоттың реакцияға түсу қабілеті қандай?

  8. Нитраттардың ыдырауы туралы не айтасың?

  9. Нитрат-ионды қалай анықтайды?

  10. Азот қышқылы металдармен әрекеттескенде концентрациясына байланысты қандай заттар түзеді?

Жазбаша талдау

N2 → NO → NO2 → HNO3→ Cu(NO3)2



NH3 → NH4Cl → NH3



Диалог арқылы талдау

  1. Әскери істе қолданылатын фосфордың түрі?

  2. Сіріңек өндірісінде фосфор қалай қолданылады?

  3. Фосфордың қандай тыңайтқыштарын білесің?

  4. Фосфат-ионға сапалық реакция қандай?

  5. Фосфор деп аталу себебі неде?

Жат жазу

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар.



Фосфор ....... периодта, ...... топтың ....... топшасында орналасқан бейметалл. Фосфордың ........ аллотропиялық түр өзгерісі бар. ........ – өте белсенді, ........ сіріңке жасау үшін қолданылады. ....... – түсі графитке ұқсас, қолға май тәрізді сезіледі. Фосфор металдармен әрекеттесіп, ........түзеді.

есептер шығару

Төрт оқушыға тақтада орындауға тапсырмалар беріледі:

І. Фосфор қышқылының көлемі 200 мл молярлық концентрациясы

0,25 моль/л ерітіндісін даярлау үшін массалық үлесі 40%, тығыздығы 1,25г/мл ерітіндісінің қанша көлемі қажет болатындығын есепте. (9,8г)

ІІ. Фосфор қышқылының екі түрлі ерітіндісі араластырылды. 1-ші ерітіндінің массасы 50г, ондағы қышқылдың массалық үлесі 10%, 2-ші ерітіндінің массасы 150г, қышқылдың массалық үлесі 5%. Алынған ерітіндідегі фосфор қышқылының массалық үлесін есепте. (6,25%)

ІІІ. Теория жүзінде құрамында кальций фосфатының 65 массалық үлесі болатын массасы 120 кг фосфоритке қышқылымен әсер әсер ету арқылы 80%-тік фосфор қышқылының қанша массасы алынады?

IV. Массасы 0,8г натрий гидроксидімен фосфор қышқылы әрекеттескенде нәтижесінде гидрофосфат түзілу үшін массалық үлесі 40%, тығыздығы 1,25 г/мл фосфор қышқылы ерітіндісінің қандай көлемі қажет болатындығын есепте. (1,96мл)

V. Сабақты қорытындылау

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма: § 18, 68 беттегі 1-7 жаттығулар

. «testmoz.com/101842 » сілтемесі арқылы онлайн-тестті орындау


«Фосфор және оның қосылыстары» тақырыбына тест тапсырмалары

1. Аммиак пен фосфиннің ұқсастығы

A) жай заттар

B) ұшпайтын заттар

C) акцепторлық заттар

D) органикалық заттар

E) донорлық қасиеті болуы

2. Фосфордың болмаған аллотропиялық түр өзгерісі:

A) ақ фосфор.

B) қызыл фосфор.

C) жасыл фосфор.

D) қара фосфор.

E) күлгін түсті фосфор.

3. Қызыл фосфордың физикалық қасиетіне жатпайды:

A) сарымсақ иісі бар.

B) суда ерімейді.

C) улы емес.

D) ұнтақ зат.

E) қара-қызыл.

4. Химиялық реакцияларда фосфордың көрсететін қасиеті:

A) тек тотықсыздандырғыш.

B) тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш.

C) тек тотықтырғыш.

D) инертті зат.

E) тотықтырғыш және инертті.

5. Фосфор металдармен әрекеттескенде түзілетін зат:

A) ортофосфаттар.

B) дифосфаттар.

C) фосфидтер.

D) метафосфаттар.

E) гидрофосфаттар.

6. Сіріңке жаққанда жүретін реакция:

A) натрий нитраты+көмір+күкірт=

B) калий перманганаты+графит=

C) калий хлораты+қызыл фосфор=

D) калий хлориді+ақ фосфор=

E) калий нитраты+графит+күкірт=

7. Фосфор (V) оксиді:

A) амфотерлі.

B) негіздік оксид.

C) тұз түзбейтін оксид.

D) инертті.

E) қышқылдық оксид.

8. Фосфор (V) оксидінің физикалық қасиеттеріне сай емес:

A) борпылдақ ұнтақ.

B) ақ ұнтақ.

C) балық иісі бар.

D) су тартқыш ұнтақ.

E) суда жақсы ериді.

9. Ортофосфор қышқылының физикалық қасиеті:

A) сұйықтық.

B) газ, суда жақсы ериді.

C) бөлме температурасында балқиды.

D) сары зат.

E) қатты кристалл зат.

10. Ортофосфор қышқылымен әрекеттеспейтін зат:

A) негіздік оксид.

B) аммиак.

C) күшті қышқылдардың тұздары.

D) активті металл.

E) негіздер.

11. Ортофосфат-ионның сапалық реактиві:

A) натрий ионы.

B) сутек ионы.

C) алюминий ионы.

D) күміс ионы.

E) калий ионы.

12. Суда ерігенде сілтілік орта түзетін зат:

A) аммоний дигидроортофосфаты.

B) натрий ортофосфаты.

C) аммоний гидроортофосфаты.

D) аммоний ортофосфаты.

E) алюминий ортофосфаты

13. Берілген қосылыстардағы фосфордың массалық үлесі ең көп зат:

A) ортофосфор қышқылы.

B) кальций дигидрофосфаты.

C) фосфор (ІІІ) оксиді.

D) калий дигидрофосфаты.

E) метафосфор қышқылы.

14. Құрамында 98 г ортофосфоры бар ерітіндіден 44,8 л аммиак жібергенде пайда болған тұз:

A) аммоний дигидрофосфаты.

B) аммоний гидрофосфаты.

C) аммоний пирофосфаты.

D) аммоний ортофосфаты.

E) аммоний метафосфаты

15. Мына қосылысында фосфор ең жоғары тотығу дәрежесін көрсетеді:

A) Фосфиттерде.

B) Жай затында.

C) Метафосфиттерде.

D) Ортофосфаттарда.

E) Фосфидтерде.

16. Егер мына затпен әрекеттессе, фосфор тотықтырғыш болады:

A) Хлормен.

B) Броммен.

C) Фтормен.

D) Оттекпен.

E) Магниймен.

17. Атауы — «жарқырауық» деген мағына беретін элемент

A) бром

B) селен


C) азот

D) мышьяк

E) фосфор

18. Фосфордың қосылысы—

A) пирит

B) апатит

C) кварцит

D) магнетит

E) лимонит

19. Фосфор металдармен әрекеттескенде түзілетін тұз

А) фосфат

В) фосфит

С) фосфид

Д) гипофосфит

Е) ортофосфат

20) Құрамында фосфор бар минерал

А) галит

В) апатит

С) мирабилит

Д) карналлит



Е) сильвинит

Жауаптары:

1-Е

2-С

3-А

4-В

5-С

6-С

7-Е

8-С

9-Е

10-С

11-Д

12-В

13-С

14-В

15-Д

16-Е

17-Е

18-В

19-С

20-В

Каталог: uploads -> doc -> 0c2a
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c2a -> Сабақтың тақырыбы : [Ә] дыбысы Сабақтың мақсаты : Білімділік
0c2a -> С. Сатыбалдин атындағы орта мектеп шағын орталығы Тәрбиеші: Магмурова А. Б


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет