Сабақтың тақырыбы: Функцияны зерттеу және оның графигін салу



бет1/26
Дата22.08.2017
өлшемі2,65 Mb.
#23911
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Сабақ 18 Күні: 10 сынып алгебра және анализ бастамалары

Сабақтың тақырыбы: Функцияны зерттеу және оның графигін салу

Сабақтың мақсаты:
1. Функция, оның қасиеттері мен функцияны зерттеу және графигін салу тақырыптары бойынша оқушылардың білімін бекіту, бағалау;
2. Өтілген материалдарды практикалық сабақта тиімді қолдану арқылы оқушыларға функцияны зерттеу және оның графигін салу біліктері мен дағдыларын қалыптас тыру;
3. Оқушылардың функцияны зерттеу алгоритмінің әдіс - тәсілін жете меңгеруіне көмектесу.
Сабақтың типі: Бекіту және бағалау сабағы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

Амандасу, түгендеу, сабақтың мақсатын айтып өту
2. Үй тапсырмасын тексеру (дұрыс жауабы көрсетіледі) (2мин)

№40 (ә, б)


3. Математикалық диктант (5 мин)

1) жұп функцияның графигі (ордината) осіне симметриялы болады.

2) бүтін рационал функцияның анықталу облысы (барлық нақты сандар жиынына тең)

3) Анықталу облысынан алынған әрбір тәуелсіз айнымалыға сәйкес табылған функцияның мәндерін оның (мәндері жиыны) деп атайды.

4) Функция белгілі бір мән қабылдайтын тәуелсіз айнымалының нақты мәндер жиынын (функцияның анықталу облысы) деп атайды.

5) егер график координаталар бас нүктесіне қарағанда симметриялы болса, онда ол (тақ) функция болады



4. Ауызша график аркылы функцияны зерттеу («Еске түсіру» стратегиясы). (5 мин)

Слайд 4-13 «функцияны зерттеу»

5. Оқулықпен жұмыс («Миға шабуыл» стратегиясы). (10 мин)

«Қасиеттер» тобы № 42 (ә)

«Зерттеу» тобы №43 (б)

«Функция» тобы №44 (ә)



6. Алгебралық тренажер («Ой шақыру» стратегиясы ).

«Қасиеттер тобы»

Суретте y=f(x) функциясының графиктері берілген.



1. Жұп функцияның графигі қай суретте бейнеленген?
2. Тақ функцияның графигін тап.
3. Квадраттық функцияның графигін қай суреттен көріп тұрсың? 4. Тақ та, жұп та емес функцияның графигі қай суретте бейнеленген.

1-сурет 2-сурет 3-сурет 4-сурет



«Зерттеу тобы»

Суретте y=f(x) функциясының графигі берілген.

1. функцияның өсу, кему аралықтарын анықтаңдар.

2. функцияның максимум, минимум нүктелерін анықтаңдар.





«Функция» тобы

Суретте y=f(x) функциясының графиктері берілген



Берілген функцияның анықталу облысы неге тең?



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет