Сабақтың тақырыбы Гаусс теоремасы. Сфераның, цилиндрдің, жазықтықтың және жазық конденсатордың электр өрісінің кернеулігі



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі242,09 Kb.
#29730
түріСабақ
  1   2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Электростатика


Күні:
Сынып: 10 А,


Алматы қаласы.№26 жалпы білім беретін мектеп
Мұғаліммнің аты-жөні: Нурсадыкова Г.Т
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Гаусс теоремасы. Сфераның, цилиндрдің, жазықтықтың және жазық конденсатордың электр өрісінің кернеулігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Остроградский- Гаусс теоремасының принципін түсіну.

Сабақ мақсаттары

-Остроградский- Гаусс теоремасының принципін түсінуі.

- Сфераның, цилиндрдің, жазықтықтың және жазық конденсатордың электр өрісінің кернеулігін анықтай алуы.

- Сфераның, цилиндрдің, жазықтықтың және жазық конденсатордың электр өрісінің кернеулігін білуі және түсінуі.


Жетістік критерийлері

Оқушылар біледі:

Остроградский- Гаусс теоремасының принципін түсінеді.

- Сфераның, цилиндрдің, жазықтықтың және жазық конденсатордың электр өрісінің кернеулігін анықтай алады.

- Сфераның, цилиндрдің, жазықтықтың және жазық конденсатордың электр өрісінің кернеулігін анықтауға есептер шығара алады



Тілдік мақсаттар


Электр өрісінің күш сызықтары – бұл сызықтардың әр бір нүктесіне жүргізілген жанамалар сол нүктедегі электр өрісінің кернеулігінің бағытымен сәйкес келеді.

Электр өрісінің берілген нүктедегі кернеулігінің бағыты сол нүктеге орналастырылған оң зарядқа әсер ететін күштің бағытымен анықталады.



Арнайы пәндік лексика және терминология:

Заряд- charge

Оң заряд- positive charge

Теріс заряд- negative charge

Электр өрісі - Electric field

Электр өрісініӊ кернеулігі-Tension of electric-field

Электр өрісініӊ күш сызықтары-Lines of tension of electric-field

Электр өрісі кернеулігінің ағыны-

Гаусс теоремасы-

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

электр өрісі кернеулігінің ағыны берілген бет элементінен қанша күш сызықтарының өтетінін көрсететін физикалық шама болып саналады.

Гаусс теоремасы: вакуумде кез келген тұйық беттен өтетін электр өрісі кернеулік векторының ағыны сол бет ішіндегі толық зарядқа пропорционал болады.



Құндылықтарды дарыту



Алынған нәтижені талқылау барысында креативті, сыни тұрғыдан талқылау. Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасауы, мұғаліммен біріге отырып жаңа білім алуға әрекет етуі олардың өзара және мұғаліммен қарым қатынасын нығайту. Оқушылардың өз пікірін айтуға дағдыланадыру.Тілдік дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

математика


АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтада жұмыс жасау және интернеттен оқу ресурстарын таба білу қабылеттерін дамыту

Бастапқы білім


Кулон заңын, электр өрісінің кернеулігін және зарядтардың өзара әрекеттесуін ,суперпозиция принципін еске түсіру


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Электр өрісінің күштік сипаттамасы кернеулік болатынын еске түсіру және нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігін анықтайтын формуланы еске түсіру керек.




Сабақтың ортасы


Электр өрісінің күш сызықтары – бұл сызықтардың әр бір нүктесіне жүргізілген жанамалар сол нүктедегі электр өрісінің кернеулігінің бағытымен сәйкес келеді.


Электр өрісінің берілген нүктедегі кернеулігінің бағыты сол нүктеге орналастырылған оң зарядқа әсер ететін күштің бағытымен анықталады. Электростатикалық өрістіӊ күш сызықтарыныӊ қасиеттері:

  • Күш сызықтары үзіксіз.

  • Күш сызықтары қиылыспайды.

  • Күш сызықтары әрқашанда өткізгіш беттеріне перпендикуляр бағытталған болады.

Өріс кернеулігінің қабаттасу (суперпозиция) принципі:

Зарядтар жүйесініӊ өрістіӊ берілген нүктесіндегі кернеулігі, осы нүктеде әр бір зарядтыӊ пайда еткен кернеуліктерініӊ векторлық қосындысына теӊ.

Қозғалмайтын оқшауланған нүктелік зарядтың электр өрісінің күш сызықтарын қарастырайық.



Олар зарядтан шыққан симметриялы орналасқан радиал сызықтар.Бұлардың санын N деп белгілейік.онда радиусы r сфера бетінің ауданын қиып өтетін сызықтар саны N/4πr2 тең. Осы қатынасты нүктелік заряд өрісінің кернеулігімен салыстырсақ

N=4πkq деген формуланы алуға болады. Осы формуладан нүктелік зарядты қоршайтын кез келген радиусты сфераның бетінен өтетін күш сызықтардың саны бірдей екенін көреміз.Демек күш сызықтары үзіліссіз.Сондықтан да жаңа физикалық шама электр өрісі кернеулігінің ағынын енгізу қажет болады.Бұл шама берілген нүктедегі электр өрісінің кернеулігіне емес , аудан беті бойынша өрістің таралуына тәуелді.

Олай болса ол шаманы N=EnS=EScosα


Формуласымен есептейді, осыдан электр өрісі кернеулігінің ағыны берілген бет элементінен қанша күш сызықтарының өтетінін көрсететін физикалық шама болып саналады.

Өрістің кернеулік веторының ағыны скаляр шама , яғни оң да , теріс те бола алады.Егер беттің ішіндегі заряд оң болса,онда бетке тұрғызылған нормаль сыртқа қарай , ал теріс болса ішке қарай бағытталады.Ал тұйық контур ішінде бірнеше заряд болса,онда суперпозиция принципіне сәйкес өріс кернеуліктерінің ағыны қосылады. Ал егер заряд жоқ болса электр өрісі кернеулігінің ағыны 0-ге тең.



Гаусс теоремасы: вакуумде кез келген тұйық беттен өтетін электр өрісі кернеулік векторының ағыны сол бет ішіндегі толық зарядқа пропорционал болады. N=4πkq = q/Ɛ0


Гасс теоремасын пайдаланып еркін таңдап алынған пішіндегі зарядталған денелердің электр өрісі кернеулігін жеңіл есептей аламыз.



Электростатикада зарядтың беттік тығыздығы деген ұғым енгізіледі, ол беттік бірлік ауданға келетін зарядпен анықталады: ϭ=q/s Кл/м2 ,зарядтың сызықтық тығыздығы: λ=q/l Кл/м, зарядтың көлемдік тығыздығы: ρ=q/V Кл/м3.

Каталог: uploads -> doc -> 0213
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0213 -> Сабақтың әдістері: Топпен жұмыс, Инсерт әдісі, Сабақтың типі
0213 -> Қайнар шағын жинақты жалпы орта мектебі
0213 -> Өткізген:қазақ тілі мұғалімі Сұлтанова Әсел Шамғонқызы 2016-2017 оқу жылы
0213 -> «№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0213 -> Сабақтың тақырыбы Етістікті қайталау Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет