Сабақтың тақырыбы: "Гидраның құрылысы"


Балалар, жаңа тақырыпты бастамас бұрын сергіту сәтін орындайық!



бет3/6
Дата24.05.2017
өлшемі1,34 Mb.
#16860
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Балалар, жаңа тақырыпты бастамас бұрын сергіту сәтін орындайық!

Жаңа сабақ

Жоспары:

1 Сыртқы құрылысы

2 Жасушалары

2.1 Эктодерма қабатында

2.2 Энтодерма қабатында

3 Гидраның тамақтануы

4 Көбеюі


5 Өкілдері
Жалпы түр саны 9000 жететін ішекқуыстылардың көпшілігі теңіздер мен мұхиттарда мекендейді. Еркін немесе бекініп өмір сүреді . Ішекқуыстылардың барлығының денесі екі қабаттан тұрады, дене ішінде қуыс болады.

Гидралар (Hydrozoa) – ішекқуыстылар типінің омыртқасыз жануарлар отрядына жататын жыртқыштар. Қазір гидралардың 10-нан астам түрі белгілі. Соның ішінде Қазақстанда кәдімгі гидралар (Hydra vulgarіs), жасыл гидралар (Chlorohudra vіrіdіssіma), сабақтәрізді гидралар (Pelmatohudra olіgactіs) кездеседі. Гидралар – дене тұрқы 1 см-ге дейін жететін цилиндр пішінді, тұщы суда мекендейтін полип. Ол табанымен су астындағы өсімдіктерге, тасқа, т.б. заттарға жабысып, баяу қозғалып, тіршілік етеді. Гидралардың денесі эктодерма және энтодерма қабаттарынан тұрады. Аузының айналасында 6 – 12 қармалауыштары бар. Қармалауыштарының және атпа клеткаларының көмегімен ұсақ жәндіктерді, әсіресе, шаянтәрізділерді ұстап алып жұтады. Энтодерма қабатына түскен қорегін жасуша ішінде қорыту үшін олардың безді жасушалары ас қорыту сөлдерін бөледі. Қорытылмаған қалдықтары ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Гидралар жынысты және жыныссыз (бүршіктену арқылы) жолмен көбейеді, дара жынысты да, гермафродит түрлері де кездеседі.

Ішекқуыстылар типі үш класқа жіктеледі :

1)Гидратәріздестер(гидроидтар)

2)Табақшатәріздестер(сцифоидтар)

3)Көпқармалауышты (полиптер)

Сыртқы құрылысы:



  • үстіңгі бөлім – ауыз тесігі және қармалауыштар;

  • қарын бөлімі – гастральды қуыс және табаны; Гидра табаны арқылы жерге (субстрат) бекінеді.

Жасушалары. Эктодерма қабаты

  • Эпителиальды-бұлшықетті (эпителиально-мускульные) жасушалар – гидра осы жасушалар арқылы қысқара алады;

  • Стрекательді жасушалар – бұл жасушалар гидраның бүкіл денеінде кезедеседі, көбінесе шупальцаларында. Әр стрекательді жасушада капсула болады – книда немесе нематоциста деп аталады. Стрекательді жасушалардың үш түрі бар: пенетранттар (28 қармалауыш), глютинанттар (7) және вольвенттер(65); Ең үлкені – пенетранттар. Олар азықтың жамылғысын тесіп өту үшін қолданылады. Глютинанттар екіге бөлінеді: кішкене глютинанттар (стереолиндер) – тікеншесіз (без шипиков) жабысқақ жәпше лақтырады және үлкен глютинантар (стрептолин) – жіпшелерінде қорғаныштық қызмет атқаратын тікеншелер болады.

  • Жүйке жасушалары – эктодермада дифузды түрде, яғни шашыранды орналасқан, көбінесе ауыз шеттерінде және табанда көбірек болады. Бұл жасушалар шартты рефлекстер түзе алады.

  • Аралық жасушалар – эпителиальды жасушалардың арасында кездеседі, діннің қызметін атқарады. Барлық басқа да жасушаларға бастау береді.

Энтодерма қабаты

Екі негізгі типтері бар: эпителиальды-бұлшықетті асқорыту және безді жасушалардан тұрады. Жасушалары бұлшық етті талшықардан тұрады, бір-біріне перпендикуляр орналасады. Олар асқорыту қуысына литикалық ферменттер бөледі.

Гидраның тамақтануы

Гидра жыртқыш жануар болып табылады, ол көбінесе дафниялармен, циклоптармен және қарапайымдылармен қоректенеді. Зоолог Герданың айтуы бойынша гидра ұсақ балықтады да жеуі мүмкін.

Гидра қоректтік заттарды екі түрлі жолмен сіңіреді:


  1. Фагацитоз арқылы

  2. Асқорыту қуысында гидроликалық ферменттер арқылы

Көбеюі


Жынысты Жыныссыз

Жыныссыз көбею – жаз кезінде бүршіктену арқылы жүреді. Бүршіктену кезінде дененің ортаңғы бөлімінде бүршік пайда болады. Олардан жас гидралар дамиды. Біраз уақыт жас гидралар орнынан қозғалмай сол жерінде қала береді.

Жынысты көбею – күз айында өтеді. Барлық гидратірізділерде гамета аралық жасушалардан түзіледі. Еркек гидрада олар көп бөліне береді де, сперматазоидттар жиынтығы пайда болады. Ал ұрғашы гидрада әр аралық жасуша бір жұмыртқа-жасушаға бастау береді. Ұрықтану ана денесінде жүреді. Жынысты көбею кезінде судағы температура төмендейді.

Бекіту тапсырмалары

"Ойлан.Жұптас.Бөліс" стратегиясы бойынша 1 тапсырма

Ішекқуыстыларға тән негізгі ерекшеліктерді белгіле:

Көпжасушалы жәндіктер


Денелері екіжақты симметриялы
Денесіүш қабаттан тұрады

Жасушалары белгілі бір міндеттерді атқаратын


бірнеше жасушалық типтерге сараланады
Жүйке жасушалары жүйке жүйесін түзеді
Денесі екі қабаттан тұрады
Мезодерма пайда болады
Денелері сәулелі симметриялы
Орталық және шеткі бөлімдерден тұратын жүйке
жүйесі бар
Қорек қалдығын шығаратын тесігі болмайды

"Ыстық кортошка"

(тез тез ойланып, сұрақтарға жауап беру)

1. Гидраның атпа жасушаларының шоғырланған жері; ауыз, қармалауышында

2. Гидра денесін қаптайтын жасуша; жүйке

3. Гидра денесіндегі сөл бөлінетін талшықсыз жасуша-безді жасуша

4. Гидра жазда қалай көбеді?бүршіктену арқылы

5. Гидра құрылысының басқа қарапайымдылардың құрылысынан қандай айырмашылығы бар?денесі 2 қабаттан тұрады, жасушалардың сыртқы және ішкі қабатты

6. Гидра тыныс алады; бүкіл денесімен

7. Гидраның аралық жасушалары; денесінің зақымданған жерін қайта қалпына келтіреді.

8. Гидраның асқорытуы; қуыстық, жасушаішілік

9. Гидра дене қуысының саны; 1

10. гидраның жыныс жасушалары неден түзіледі?эктодермадан

11. Гидраның жыныссыз көбеюі; бүршіктенуі

12. Гидраның жынысты көбеюі; күзде

13. Гидраның қорегі; майда су омыртқасыздармен

14. Гидраның сыртқы ортамен байланысы тек:сыртқы қабатындағы клеткалар арқылы

15. Гидраның тіршілік ететін мекені; тұщы суда

16. Гидраның шекаралық және қозғалыс қызметін атқаратын жасуша?тері бұлшықет жасушалары

17. Гидраның эктодермасында бар жасушалар; асқорыту, бұлшықет

18. Ішекқуыстардың жалпы саны; 9000 астам

19. Гилраның орын ауыстырып қозғалуы; адымдап қозғалуы

20. Гидраның ішкі қабаты; эндодерма
"Суреттер де сөйлейді"

(тақтадан көрсетілетін сурет арқылы оқушы түсіндіру)



Суреттегі жәндікті атап, бағдаршамен белгіленген дене мүшелерін жазып көрсетіңіздер.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет