Сабақтың тақырыбы: Гүл, жеміс және тұқым Сабақтың мақсаты: Білімділігі



бет2/2
Дата26.08.2017
өлшемі0,74 Mb.
#29445
түріСабақ
1   2

Сергіту сәті: Алма баққа барайық

Алма теріп алайық

Ең үлкен дәмдісін

Әжемізге сыйлайық



4.Қызығушылықты ояту.

- Біз қандай тарауды оқып жатырмыз? (өсімдік-тірі ағза)

- Өсімдіктің өсімді мүшелерін атаңыз? (тамыр,сабақ,жапырақ)

- Өсімдіктің қандай көбею мүшесін білесіңдер? (гүл,жеміс,тұқым)




Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Өсімдік тірі ағза.

Өседі,өнеді,тіршілігін тоқтатады.Өсімдік тыныс алады.Ауаны тазартады.Азық.



Тұқым −?

Жеміс −?




Гүл түйінінен жеміс жетіледі.Жеміс ішінде тұқым болады.Жемістер шырынды,құрғақ болады,тұқымның қалай таралатынын үйрендім.



5.Мағынаны тану. Оқулық мәтінімен жұмыстану

Жеміс-өсімдіктердің бізге тарататын сыйы.Сендердің ата-аналарың оны жақсылап күтіп,баптап өсіреді.Олар неше түрлі жемісін береді.Ал осы жемістер қайдан шығады?

Мұғалімнің сөзі.

Сурет бойынша түсіндіріледі.





Гүлдің құрылысы

  1. Аталық

  2. Күлте

  3. Аналық

  4. Тостағанша

  5. Гүл табаны

  6. Гүл сағағы


Гүл сабақта жетіледі,өсімдік жетіліп өсе келе гүлдің түбі түйінделеді.Бұл «Гүл түйіні» деп аталады.Гүл түйіні үлкейіп өскен сайын гүлдің күлтелері солып,түсіп қалады.Сол түйіннен жеміс жетіледі.Жемістің ішінде тұқым пайда болады. Же-містерді құрғақ және шырынды жемістер деп бөледі.



Зертханалық жұмыс.Жемістердің түрлерімен танысу

Мақсаты: жемістердің қандай топқа жататына көз жеткізу.

Құрал-жабдықтары: жемістердің табиғи түрлері (алма,апельсин,алмұрт,құрма, өрік,лимон,шие,бидай,арпа,күріш,жүгері,грек жаңғағы,жер жаңғағы,тұздалған қияр,қызанақ,жүзім) қоләйнек,қандауырша,петри тостағаншасы

Жемістерді кесіп,жарып қарау арқылы қандай жеміске жататынын анықтау.

Оқушылардың сараптауы бойынша тиісті орнына жазу.
3-топ: алма,апельсин,құрма,өрік,лимон.

Шырынды,сүйекті 2-топ:бидай,арпа,күріш,жүгері

Құрғақ,дәнек


алма құрма апельсин лимон бидай арпа күріш жүгері

1-топ 4- -топ



Құрғақ,жаңғақ Жидек тәріздес

Грек жаңғағы жер жаңғағы қызанақ қияр жүзім қауын-қарбыз


Қорытындысын оқушылардың айтуы бойынша тірек-сызба құрастыру.
Шырынды
Жидек тәрізді сүйекті

қызанақ мандарин өрік

қарақат лимон шие

қияр апельсин шабдалы

алма құрма

Құрғақ


дәнек

бидай жаңғақ

арпа грек ж тұқымша қанатты

күріш жер ж бақбақ қайың

жүгері емен ж қоға тал

(үлпілдек жөке

түкті)

Өсімдіктер көбіне тұқымдары арқылы таралады.Жемістер мен тұқымдар адам және жануарлар тіршілігіне өте қажет.Оларды тағам ретінде пайдаланады.Жеміс пен тұқымнан дәрі-дәрмек те жасалады.Піскен жемістер мен тұқымдар жер бетіне әртүрлі жолмен тарайды.Қайың,жөке,тал ағаштарының тұқымдарында ұшатын «қанатшалар» бар.Бақбақ,қоға өсімдіктерінің тұқымдары үлпілдек,түкті болады.Шамалы жел соқса,ұша жөнеледі.Кейбір тұқымдарды жел айдап,талай жерге апарып тастайды.Жануарларға жабысып өсімдік тұқымдары бір жерден екінші жерге тарайды.Селеу,қарасұлы сияқты өсімдіктердің тұқымы желмен ұшады да,үшкір ұштарымен топыраққа қадалады.



ОЙ ТОЛҒАНЫС: Кубизм.ББҮ әдісінің үйрендім бөлімін толтыру.
І топ. Салыстыр: Шырынды, сүйекті жемісті.

ІІ топ.Сипаттау: Құрғақ,дәнек,жемісті

ІІІ топ.Дәлелдеу: Құрғақ,жаңғақ,жемісті

ІҮ топ.Зерттеу: Жидек тәріздес жемісті


Семантикалық карта




Жидек тәріздес

сүйекті

құрғақ

дәнек

шырынды

бидай
















жаңғақ
















қызанақ
















лимон
















алма
















өрік
















Тест:

Дұрыс жауап таңдау

1.Ағаштың бұтағы,тамыры,жапырағы,гүлі,жемісі бар.Қай бөлігі жетіспейді?

2.Құрғақ жемістер:қайсысы артық? ( астын сыз)

Күнбағыс,жаңғақ,бидай,күріш,қызанақ,алмұрт



Тізбекті дұрыстау:

Жеміс-жапырақ-гүл-сабақ-тамыр



Қорытынды: қоршаған ортаны қорғау әрбір оқушының міндеті.Салауатты өмір сүру үшін жеміс-жидектерді көп қолдану керек.

Бағалау:

Үйге тапсырма: 1.Мәтінді оқу

2.Шырынды жемістердің суретін салу.




Каталог: uploads -> doc -> 0588
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0588 -> А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектеп Баяндама Тақырыбы: Сындарлы оқыту теориясы технология пәнінде
0588 -> Сабақ тақырыбы: Квадрат теңсіздіктерді квадраттық функцияның графигі арқылы шешу. Сабақ мақсаты
0588 -> Сабақ тақырыбы Кинематиканың негізгі түсініктері мен теңдеулері. Кинематика формулалары. Еркін түсу. Есептер шығару
0588 -> «алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» ПӘнінен глоссарий абстрактілі әдістер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет