Сабақтың тақырыбы Графикалық редактордағы фигуралар



Дата01.02.2020
өлшемі60,29 Kb.
#56912
түріСабақ
Байланысты:
ашық сабак Арай (1) (1)

Сабақ жоспары


Ұзақмерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.2В: Компьютерлік суреттер

Мектеп: 28 мектеп-гимназия


Мұғалімнің аты-жөні:Балғабай Арайлым Болатқызы




Күні:16 қаңтар 2019 жылы

Қатысқан оқушылар саны:




СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Графикалық редактордағы фигуралар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатыңоқу мақсаттары

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану;




Сабақтың мақсаттары

Оқушылар...

  • Барлық оқушылар: күнделікті өмірде әр түрлі мамандықтар графикалық редактор қолданатынына мысал келтіреді;

  • Кейбір оқушылар: графикалық редактордың құралдарын қолдана отырып компьютерлік сурет салады;




Бағалау критерийлері

  • геометриялық пішіндер салу үшін «Фигуралар» тобының саймандарын түсіндіре алады;

  • қарапайым графикалық редактор құралдарынсуретті бояу үшін қолдана алды;




Тілдік мақсаттар

Оқушылар...

  • Графикалық редактордың құралдарын атап, қандай міндет атқаратының түсіндіре алады;

  • Дайын сөреттерді сақтау (ашу) алгоритімін қалыптастырады.

Пәндік лексика және терминалогия:

Графикалық редактор, құрал, фигуралар, жуандығы, бояу, жиек,өшіргіш.



Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Paint редакторын іске қосу үшін ....

  • Суретті салып болған соң оны сақтау керек. Ол үшін....

  • Сақталған суретті қарап шығу немесе өзгерту қажет болса.....

Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдық, оқушылар сабақтын мақсатымен қойылатын талаптарын болжап атайды–ашықтық.

Пәнаралық байланыс

Математика. Геометриялық фигуралар


АКТ қолдану дағдылары

Вilimland интерактивті сабақтар пайдалана отырып, оқу үдерісін визуалдау.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар мәзір командаларын қолдана отырып файлдарды ашатын және сақтайтын практикалық дағдыларына ие.

Оқушылардың «Музыкалық редактор» және «Мәтіндік редактор» қосымшалары мен жұмыс жасайтын тәжірибелері бар.



Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
0-6



  1. Ұйымдастыру кезені

Оқушылармен амандасып олардыңназарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық қалыптастыру. Шаттық шеңберін құру.

  1. Топқа бөлу

Балалар бізге «Тосын сый қорабы» келді.Тосын сый қорабының ішінен бірдей қиынды суреттерді тауып, сол арқылы топқа бөлінеді.

3.Үй тапсырмасын сұрау

«Өрмекшінің торы»әдіс арқылы өткен сабақ бойынша оқушылар жіпті бір – біріне лақтыру арқылы сұрақ қойып , жауап алады.



Жаңа сабақ

Мұғалімнің іс –әрекеті,сөйлеуі, көрсетілімі.

Тақырып ашу: Интерактивті тақтада сурет беріледі. Осы суретке қарап оқушылар өз ойларын және қандай құралдар, фигуралар қолдалынатының айтып түсіндіреді.

Мұғалім әр топтың жауаптарын тыңдайды,топтар бір-бірін «Қол шапалақтау»әдісімен бағалайды.



Қосымша 1



Сабақтың ортасы
7-15 минут
Жеке жұмыс

16-18 минут

Топтық жұмыс

19-34 минут

35-38 минут
Топтық жұмыс және жеке жұмыс


  1. Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.

- «Қарапайым графикалық редактор» сабағын қарап шығады.

- Интерактивті тақтада жаттығуды орындайды.

1-тапсырма: Paint графикалық редакторындағы фигураларды атауларымен сәйкестендір.

2- тапсырма: Графикалық редакторда келесі суретті салу үшін қолданылатын құралдарды атаңыз.





Сергіту сәті

«Көңілді күн» бейне ролигі көрсетіледі .

3- тапсырма: Жұмбақтың шешуін тап, суретін сал.



  1. Қақаған қыста,

Өседі тыста.

Өзгертпей өңін

Сақтауға ұста. (Шырша)


  1. Күндіз кірер інге,

Жұрт қалады білмей.

Шығам дейді тек түнде,

Болам дейді күнде.(Ай)

Топтық жұмыс

Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезінде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі.


Дескрипторлар:

  1. геомериялық фигураларды салу үшін «Фигуралар» тобының құралдары қолданылады;

  2. суретті бояу кезінде «Кұю» құралы қолданылды;

  3. «Жиек» және «Сызықтың жуандығы» құралдарының параметрлерін қолданылды»;

  4. суреттің белгілі бір бөлігін өшіруге «Өшіргіш» құралы қолданылды.

Ұсынылған тізімді тағы да қандай дескрипторлармен толықтыруға болатының оқушылармен талқылаңыз. Мысалы, «ұқыпты орындау» және т.б.
Оқушылар практикалық жұмысты орындауға кіріседі. Саралау мақсатында тапсырмалар күрделенеді өсу тәртібімен реттеледі.

Дескрипторлар арқылы өзара бағалау.

Алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

Жеке жұмыс

«Маған көрсет» әдісі арқылы жұмыс дәптермен жүргізіледі.




https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/eng-qarapajym-grafikalyq-redaktor - «Қарапайым графикалық редактор» интерактивті сабақ

Қосымша 2

Қосымша 3


Сабақтың соңы

39-40 минут



Рефлексия

Балақайлар сіздердің үстелдерінде 2 түсте бейнеленген кеспе қағаздар жатыр.(қызылт және жасыл) Қызылт түс қуанышты, жетістікті, ләззат алуды, қызығушылыкты бейнелейтін (көрсетіңіз) түс. Ал екіншісі қиындықты, кедергіні бейнелейтін жасыл(көрсетіңіз) түсті. Егерде сіздерге сабақта қызықты, тапсырмалар оңай, барлығы түсінікті болса қолдарына қызғыл түсті алыңыз. Ал егерде түсінбей қалған жайттар болса онда жасыл алыңыз. Жоғарыға көтеріп көрсетіңізде, өздеріңізге алып қалыңыздар.

Барлықтарыңызға рахмет!!!

Пайдаланылатын ресурстар: екі түске боялған (қызғыл және жасыл ) шеңберлер.


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Практикалық тапсырма орындау кезінде саралау шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады: тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасының қадамыбойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді.

Барлық оқушылар:

• графикалық редактордын тағайындалуын түсіндіреді; өмірде оның қолдануына мысал келтіреді;

• геометриялық фигураларды және әр түрлі құралдарды қолданып компьютерде сурет салады;

• 1 Тапсырма бойынша бірнеше геомериялық фигура құрады.



Оқушылардың көбісі:

• құрған суреттерін сақтайды;

• «Жиек» және «Сызықтың жуандығы» құралдарының баптауларын қолданады

• қүйю құралын қолданып әр түрлі геометриялық фигуралардың суретің салады.



Кейбір оқушылар:

• «Саяжайдағы үй» тақырыбына сурет салады.



Бағалау сабақтың әр кезеніңде жүзеге асырылады:

- қиындықтарды анықтап қолдау мақсатында оқушылардың жауптарын қадағалау (жұптық жұмыс)

- теориалық материалды түсінуін бағалау кезенінде интерактивті тапсырмалар қолданылады;

- практикалық жұмысты орындау кезінде бағалау дескрипторлар арқылы жұптасып орындалады..

- өзін-өзі реттеу мақсатыңда, кері байланыс ретінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды.


Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында топтық жұмыс, физминутка қарастырылған.

Компьютермен жұмыс жасап отырған кезінде оқушылар дене мүсінінің дұрыс болуына, көзбен монитор экранының ара қашықтығына көніл аударып, жағымсыз ситуациялар пайда болған жағдайда мұғалімге хабарлайды.

Практикалық жұмыс орындаған кезде «Математика» пәнімен байланысады. Оқушылар геометриялық фигуралардың түрлерін еске түсіреді.

Интерактивті тақтада жаттығуды орындайды.

1-тапсырма: Paint графикалық редакторындағы фигураларды атауларымен сәйкестендір.
2 Тапсырма.

Графикалық редакторда келесі суретті салу үшін қолданылатын құралдарды атаңыз.




Дескрипторлар:

- геометриялық фигуралардың суретің салуға «Фигуралар» тобының құралдары қолданылды;

- суретті бояу үшін «Құю» құралы қолданылды;

- «Жиек» және «Сызықтын қалындығы» құралдарының баптаулары қолданылды;

- өшіру үшін «Өшіргіш» құралы қолданылды.

3- тапсырма: Жұмбақтыңшешуін тап, суретін сал.

1.Қақаған қыста,

Өседітыста.

Өзгертпейөңін

Сақтауғаұста. (Шырша)



2.Күндізкірерінге,

Жұртқаладыбілмей.

Шығамдейді тек түнде,



Боламдейдікүнде. (Ай)





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет