Сабақтың тақырыбы: Химия -заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы



Дата25.08.2017
өлшемі138,27 Kb.
#27439
түріСабақ
Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------



Мұғалімнің аты-жөні




--------- орта  мектебі

Сыныбы

8

1 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Химия –заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы


Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012 жыл.


Жалпы мақсаты

Химия - заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы екенін біледі.

Химия ғылымының пайда болуы туралы түсінік қалыптастыру



Күтілетін нәтиже

Оқушылар Химия ғылымы туралы, оның қолдану аясын біледі. Химия пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін ұғынады.

Негізгі идеялар

Химия пәні –заттарды, олардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып түрлендіруін қарастырады.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, маркер, қарындаш, плакаттар, слайдтар. 8-сынып электронды оқулық.


Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, ББү кестесі


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды топқа бөлу.

Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

- сабақтың өткізу жоспарын көрсету.
Кіріспе бөлім

Оқушыларға ББү кестесі беріледі



Білемін

Білгім келеді?

Білдім










Негізгі бөлім

-Тақтаға сабақтың тақырыбы жазылады.

-Сабақтың мақсаты таныстырылады

-Мәтінмен жұмыс жасау тапсырылады

-Әр топқа суреттер беріледі. Суретті пайдалана отырып химия ғылымы туралы ақпарат береді

І-топ: Химия ғылымы

ІІ-топ: Химия ғылымының пайда болуы

ІІІ-топ:Химия ғылымының басқа ғылымдармен байланысы


Қорытынды бөлім

1.ББҮ кестесін береді

2.Химия пәні нені зерттейді?

3. «Химия біздің өмірімізде» тақырыбында эссе жазу



Сабақ рефлексиясы

Үйге тапсырма беру: Химия –заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы. Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысу

Оқушылардың іс-әрекеті

Оқушылар топқа бөлінеді.

Тақтадан күн ретін жазып алады.

сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады

Оқушылар ББҮ кестесін толтырады.

Толтырылған кестені топ ішінде оқып, барлық ақпаратты түсіріп, топ атынан баяндамашы оқиды.


Химия пәні туралы өз ойларын ортаға салып бөліседі. Суреттерді біріктіріп, химия ғылымы туралы өз ойларын ортаға салады.

Топ атынан баяндамашы қорғайды. Қорғалған жұмысты «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды


Оқушылар жеке жұмысты орындап, бүгінгі сабақтан не түсінгенінне анализ жасайды. Оқушылар «Химия біздің өмірімізде» тақырыбында эссе жазады. ББҮ кестесін толтырады

Сабақ соңында сабақ реф жазады

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------




Мұғалімнің аты-жөні




--------- орта  мектебі

Сыныбы

8

2 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

№1 сарамандық жұмыс. Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері. Зертханалық құрал-жабдықтармен танысу

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін, зертханалық құралдардың атауын, жұмыс жасау ережелеріне түсінік қалыптастыру



Күтілетін нәтиже

Зертханалық құралдармен жұмыс істеу жолдарын біле отырып, қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауға дағдыланады

Негізгі идеялар

Химиялық зертхана мен кабинеттің ішіндегі құрал жабдықтардың, заттардың орналасуымен, тарпа шкафтардың қызметімен, қауіпсіздік техникасының ережесімен танысып, оқып үйренген соң мұғалімнің не лаборанттың көмегімен зертханалық немесе практикалық жұмыстарды орындауға кірісуге болады.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, плакаттар № 1-5, зертханалық штатив, спиртшам, сынауықтар, химиялық стакан, түрлі колбалар, шыны таяқшалар, шұқырақтар, кәрлен табақша, тамшуыр, құйғы т.б.

Сабақтың түрі

Сарамандық жұмыс

Әдіс-тәсілдер

Жеке жұмыс


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу

- Сынып құрамын түгелдеу

-Бір-біріне жағымды сөздер айтып, сәттілік тілеу

-Оқушыларға сарамандық жұмыс дәптер таратылып беріледі

-Тақтаға күн ретін жазады.

Негізгі бөлім

Оқушылар қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысу тапсырылады.

Оқушыларға зертханалық құрал-жабдықтармен таныстырады.

Зертханалық құрал жабдықтармен жұмыс істеп үйрену.

Оқытушы лабораторияда немесе кабинеттегі лабораториялық құрал- жабдықтармен таныстырып, оларды қайда не үшін қолданылатынын айтып береді.

Оқытушының көмегімен химия сабағында қолданылатын газжанарғы және спиртшаммен басқа да қыздырғыш құралдармен таныстырып, олардың жұмыс кезінде қолдануын үйретеді немесе плакаттан көрсетеді.

Қорытынды бөлім




Тәжірибенің атауы, әрекеті

Бақылау нәтижелері

Қорытынды

схемасын толтыруға нұсқау береді.

Мына зертханалық ыдыстарды ата



Оқушылар амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Дәптерге күн ретін жазып алады.

Оқушылар қауіпсіздік техникасы ережесімен зертханалық құрал –жабдықтармен танысады

Қорытынды схемасын оқушылар жеке толтырады.



Толытырлған кестені әр оқушы жеке бағалап, бүгінгі сабаққа анализ жасайды.



Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------




Мұғалімнің аты-жөні




--------- орта  мектебі

Сыныбы

8

3 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Заттар және олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар. Заттарды бөлу әдістері


Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Зат туралы ұғымды қалыптастыру арқылы оның дене ұғымынан айырмашылығы туралы түсінік алады. Заттарды бөлу әдістерімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже

Заттардың физикалық қасиеттері туралы, таза заттар және қоспалардың анықтамасын біледі. Біртекті және әртекті қоспаларды бөлудің әдістерін түсінеді.

Біртекті және әртекті қоспалардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырады.



Негізгі идеялар

Таза заттар бір ғана заттың бөлшектерінен ал қоспалар екі не оданда көп заттардан тұрады. Суда ерімейтін әртекті қоспалар тұндыру арқылы бөлінеді, ал суда еритін заттардан тұратын біртекті қоспалар қайта кристалдану немесе айдау арқылы бөлінеді.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, 8 сынып электронды оқулық.



Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

«Химиялық диктант» , жас ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар мен тапсырмалар

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары



Мұғалімнің іс-әрекеті

а)Оқушылармен амандасып,сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлу.

ә)Сынып құрамын түгелдеп, тақтаға күн ретін жазады.

Кіріспе бөлім

а)Оқушылардан «химиялық диктантты» орындауға нұсқау беріледі.

1.Физика пәні денелерді қарастырса, химия сол денелерді құрайтын заттарды .... (зерттейді)

2.Заттар дегеніміз- .... құраушылар (денелерді)

3.Таныс емес заттың .... білмей тұрып .... татып көруге, ... иіскеуге, .... ұстауға болмайды. (қасиетін, дәмін, иісін, қолмен)

4...... заттарды, олардың қасиеттерін, бір заттан екінші затқа айналуын және айналу кезінде жүретін құбылыстарды зерттейді.

(химия пәні)

5.Химия ғылым ретінде ғасырларда қалыптасып, өзінің басты ұғымдарын ұсынып, заңдарын ашты. (ХІХ-ХХ)

ә)Құмшекер, шақпақ қант, құм мен ағаш үгінділерін көрсетіп, оқушыларға ой тастау.
Негізгі бөлім

а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.

ә)Тақырып бойынша берілген термин сөздермен жұмыс жасалады.

б)Оқушылар жеке дара мәтінмен танысып шығу тапсырылады.

в)Әр топқа мәтін бөлініп беріледі. (Көрсетілім№1 (1.1))

І-топ: Заттар және олардың қасиеттері

ІІ-топ:Таза заттар және қоспалар

ІІІ-топ: Заттарды бөлу әдістері

г)Эксперименттік бөлім

Топтарға Қоспаларды бөлу әдістеріне тәжірибе көрсету.



Қорытынды бөлім

Өтілген тақырып бойынша оқушылар жұптық жұмыс жасайды. 1.Мыналардың:ауа,оттек,теңіз суы,өзен құмы,мыс қайсысы таза зат,қайсысы заттың қоспа екенін көрсетіңдер .

2.Қоспалар мен химиялық заттар арасында берілген бір артық сөзді көрсет.

а)ауа,түтін,оттек,тұман

ә)Мұнай,спирт,су,ацетон

б)Өзен құмы,қант,темір кені, цемент

3.Сүзу тәсілімен ас тұзын ерітіндіден бөліп алуға бола ма?

4.Қайта кристалдану тәсілі деп неге аталғанын мысалмен түсіндір.

5.Айдау тәсілі неге негізделген?

Сабақ рефлексиясын жасайды.

Сабақтан кейінгі көңіл күйім.

Кейінгі тапсырма: Тақырып бойынша тест тапсырмаларын құрастыру (5 тест)

Үйге тапсырма беру: Заттар және олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар. Заттарды бөлу әдістері


Оқушылардың іс-әрекеті

а)Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

ә)Тақтадан күн ретін көшіріп алады.

Оқушылар берілген тапсырманы жеке орындап шығады. Орындалған жұмысты дайын жауап арқылы тексеріп, өзін-өзі бағалайды. Толық орындаған оқушы жұмысын шапалақ ұру арқылы мадақтау.

ә)Оқушылар көрсетілген заттарға қарап өз ойларын айтады. Таза зат және қоспа ұғымары қалыптасады.

Оқушылар тақырыппен танысып шығады. Тақырып мазмұнын топтық талқылауға салады.

Топ атынан баяндамашы қорғайды, топ жұмысын екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Көрсетілген тәжірибе бойынша оқушылар өз ойларын білдіреді.


Оқушылар жұптық жұмысты орындап, бүгінгі сабақтан не түсінгеніне анализ жасайды.



Жұптық жұмысты бір-біріне ауыстыра отырып бағалайды.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет