Сабақтың тақырыбы: ХV- хvііі ғасырдағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі187,71 Kb.
#26304
түріСабақ
  1   2
Жақман Гүлсім Қадесқызы, тарих пәнінің мұғалімі

ШҚО. Абай ауданы. Тоқтамыс ауылы

«Ж. Молдағалиев атындағы орта мектебі» КММ
Сабақтың тақырыбы: ХV- ХVІІІ ғасырдағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.

Сабақтың мақсаты: ХV- ХVІІІ ғасырдағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысын тереңдете түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға қазақ хандығының басқару жүйесі, хан сайлау дәстүрі мен қазақ халқының әлеуметтік құрамы, «Жеті жарғы» заңы туралы меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін, теориялық білімді игеру және зерттеу қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Туған халқына, Отанына, тарихи тұлғаларға, елінің тарихи даму кезеңіне құрмет етіп, саяси- тарихи көзқарасын қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.



Сабақтың түрі: Онлайн- сабақ.

Сабақтың әдістері: Тест, ауызша баяндау, сұрақ- жауап, Т- кестесі, зерттеу т.б.

Көрнекіліктер: Кесте, кластер, сызбалар т.б.


Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Топқа бөлу 4 топ.

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.

  1. Қазақ хандығының 1465-1466 жылдары құрылғандығы туралы орта ғасырлық қай тарихшы жазды?

А) Ж.Баласағұни В) М.Қашғари С) Х.Дулати

Д) Қ. Жалайри Е) А.Йассауи

2. Әбілқайыр хан 1468 жылы қай жерге жорыққа аттанған жолда қайтыс болды?

А) Ойраттарға В) Мәуеренахрға С) Қазақ хандығына

Д) Моғолстанға Е) Ноғай ордасына

3. ХVғ. аяғында қазақ хандығының ұзаққа созылған күресі нәтижесінде, қандай қалалар хандықтың құрамына кірді?

А) Отырар, Йасы В) Үзгент, Аркөк С) Созақ, Сауран

Д) Ташкент, Сайрам Е) Тараз, Хорезм

4.Қасым хан Қ.Жалайридың дерегі бойынша қай жерде қайтыс болған?

А) Түркістанда В) Сығанақта С) Хорасанда

Д) Сауранда Е) Сарайшықта

5. Қазақ хандығын 1523-1532 ж.ж кім басқарды?

А) Бұрындық хан В) Қасым хан С) Мамаш хан

Д) Хақназар хан Е) Таһир хан

6. Тәуекел хан Мәскеуге Құл-Мұхамед бастаған елшілікті қашан жіберді?

А) 1594 В) 1586ж С) 1595ж

Д) 1577ж Е) 1543ж

7. «Мұсылман дініндегілердің ішіндегі ең көбі және күштісі қазақтар Ташкентке шабуыл жасаған. Оған баратын керуендердің еркін жүруіне кедергі жасаған.» -деп жазған кім?

А) В.Степанов В) А.Джениксон С) С) Х.Дулати

Д) Қ. Жалайри Е) А.Йассауи

8. Өзін ханмын деп жариялап, Ташкентті билеген ханды атаңыз:

А) Тәуке хан В) Имамкули хан С) Тұрсын хан

Д) Есім хан Е) Жәңгір хан

9. Орбұлақ шайқасы қай жылы болды?

А) 1643ж В) 1650ж С) 1645ж

Д) 1661ж Е) 1640ж

10. Тәуке ханның кезіндегі қазақ хандығының астанасы:

А) Мерке В) Түркістан С) Сығанақ

Д) Тараз Е) Ташкент

11. Тәуке ханның алдына қойған мақсаты:

А) Қазақ жерін кеңейту

В) Жоңғарлармен келісімге келу

С) Қытаймен одақ құру

Д) Хан билігін нығайту

Е) Бұқарамен қатынас орнату

12. Оңтүстік Қазақстандағы Ордабасы деген жерде қай жылы жиын болып, жоңғарларға қарсы соққы беру үшін әскер құрылды?

А) 1723ж В) 1732ж С) 1720ж

Д) 1726ж Е) 1724ж

13. 1643ж Орбұлақ шайқасында Жәңгір ханның қанша сарбазы болған?

А) 100 мың сарбаз В) 50 мың сарбаз С) 600 сарбаз

Д) 973 сарбаз Е) 1 мың сарбаз

14. Тәуке хан қай жылдары Сібірге бес рет елшілік жіберді?

А) 1686-1693ж.ж В) 1670-1697ж.ж С) 1680-1684ж.ж

Д) 1686-1690 ж.ж Е) 1644-1632ж.ж

15. Тәуекел хан Өзбек заны ІІ Абдаллахпен шартын бұзып, 1586 жылы қай қаланы басып алды?

А) Түркістанды В) Меркені С) Сарайшықты

Д) Сайрамды Е) Отырарды

ІІІ. Жаңа сабақ.


  1. Хандық үкіметтің басқару жүйесі.

  2. Хан және хан сайлау.

  3. Ұлыстың құрамы, әлеуметтік құрам.

  4. «Жеті жарғы» және билер кеңесі, меншік мәселесі.

  5. Салықтар мен міндеткерліктер.

  6. Қорытындылау.


І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа әзірлігі, өткізу барысымен таныстыру.



ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушыларға жаңа тақырыпты таныстыру. Үйге берілген тапсырмалар бойынша оқушылардың түсіндіруі, мұғалімнің баяндауы. 1-сұрақ бойынша мұғалім баяндайды.

Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 тармақтан тұрды.

Ауыл

Ата аймақ


Хандық


Жүз

Ұлыс

Арыс

Ру






Хандық

Ұлыс

Арыс

Ру

Жүз

Ата аймақ

Ауыл

ХV- ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының басқару жүйесі




Саты-

лары


Басқа ру

дың ұлттық жүйесі



Бірігудің түрлері

Басшы-

сы


Басшының міндеттері

Басшының негізгі қасиеттері

1

Ауыл

Туыстас, қандас жақын адамдар-

дан немесе бірнеше отбасы-нан



Ауыл-

Басы


Ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу, адам, көлік күшін дұрыс пайдалану, салықтың уақытында төленуін қадағалау

Білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие, ауқатты

2

Ата аймақ

Жеті атадан

қосылатын бірнеше ауылдан



Ақсақал

Шаруашылықты, алым-салықты қадағалау, ақсақалдық шешімін екі айтқызбай орындап отыруы / ақсақалы бар ауыл азбайды/.

Жоғары мәртебеге ие, жасы келген

3

Ру

10 немесе 15 аймақтан

Рубасы

Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты

Көпті көрген, мол тәжірибелі, білікті, білгір

4

Арыс

Бірнеше рудан

Би

Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті, би әділетті болуы керек /тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ/.

Әділ, шешен, ақыл- кеңес бере алатын

5

Ұлыс

Бірнеше арыстан

Сұлтан

Ұлыс ішіндегі жер, барымта, алым-салық, әскер, көші-қон мәселелерімен айналысты. Халықтың жағдайы сұлтанның қабілетті басқарумен байланысты

Ақсүйектер әулетінен

6

Жүз

Бірнеше ұлыстан

Хан

Жер мәселесі, әскер, ішкі, сыртқы тұрақтылық, сот мәселесінің барлығы ханның тікелей араласуымен жүзеге асырылып отырды

Тек қана хандар әулетінен

7

Хандық

Үш жүзден

Қаған /ұлы хан, хандар-

дың ханы/.



Үш жүздің жер, даудамай мәселелерін шешті. Хандықтың сыртқы саяси жағдайын қадағалады. Алайда үш жүз арасындағы алауыздық, сыртқы саяси жағдай қағандардың билігіне нұсқау келтірді.

Ақсүйек, шонжарлар

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет